Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_okonchatelnye_otvety.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

15.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

Сократ (469-399 б.ғ.д.) Афина қаласының қарапайым адамдарының жанұясында дүниеге келеді. Өз заманының халық силайтын, сонымен қатар, байлары мен билері үрейлене қарайтын ірі тұлғасы болса керек.

Сократ жөнінде тарихта әр түрлі пікірлер қалған Аристофанның “Бұлттар² деген комедиясында Сократ “өтірікпен шындықты жеңетін² софистердің біреуі деп қөрсетілсе, Ксенофон оны заңды сүйгіш, әдет-ғұрыпты силаған адам ретінде, ал оның оқушысы, шәкірті Платон ең ақылды кемеліне келген дана ретінді сүреттейді.

Сократ жазба еңбектерді қалдырмаған адам. Байлық қумаған. Сондықтан, өз заманының софистерін олардың ақиқатты тым салыстырмалы қылғаны үшін жек көрген.

Сократ софистердің “Адам-өлшем² деген тұжырымдарымен келіседі, бірақ ол нақтылы, өз заманының пайда іздеген адамы емес, ол адам- тек ретінде алынғандағы адам.

Сонымен оны негізінен толғандыратын мәселелер : олар - адам табиғаты, оның терең мәні.Оның айтуынша, адамның терең мәні – оның жан-дүниесінде. Ал адамның жаны – ол оның ойлауға деген қабілеті, оның парасаты, адамгаршілікке негізделген жүрыс-тұрысы мен іс-әрекеті.

Адамды дене ретінде емес, сана ретінде түсіну керек. Ол өз-өзін санасы арқылы сынай алатын, ар-ұжданы бар тұлға. Олай болса, адамның жан-дүниесін тәрбиелеу қажет, оны өсіп-өндіруіміз керек. Өз қаласының адамдарына арнап ол былай дейді: сендер өз денелеріңді я болмаса байлықты, басқа керек заттарды бірінші ретте ойламаңдар, ең алдымен өз жан-дүниелеріңді тәрбиелеп өсіріп, тазалаңдар, өйткені ізгілік байлықтан емес, байлық пен басқаның бәрі ізгіліктен шығады,- дейді.

Сократың ойынша, ізгілік (даналық, әділеттілік, тұрақтылық, қанағаттылық т.с.с.) әрқашанда білім, ал залымдық - надандық.

Сократтың ойынша, адамның ең тамаша қасиетінің бірі - өз-өзін ұстауы. қандай көңіл-күйде болсаң да – шаттық, қайғы-қамығуда да, неше түрлі құштарлықта да адам өзін-өзі билеп ұстауы қажет.

Сократ грек ойшылдарының бақыт жөніндегі түсініктерін тереңдете түсті. “Менің ойымша тек ізгі адам бақытты; шындығы жоқ, арам пиғылды - әрқашанда бақытсыз².

Сократ адамның жан-дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, сонымен бірге оны жетілдірудің жолын көрсетті. Оның жолы – ирония мен маевтика. Ирония дегеніміз сұхбат барысында білмеген сияқты болып талқыланып жатқан мәселе жөніндегі қарсыда отырған адамның тұжырымдарының неше түрлі сұрақтар арқылы ішкі қайшылығын ашып, ең ақырында оны “Менің білетінім тек қана ештеңе білмейтінім²,- деген ойға әкелу. Бірақ мұнымен сұхбат бітпейді. Егер осы сатыда әңгіме бітсе, адам толығынан күмәнға батып, дүниеде не істерін, қалай өзін ұстайтынын білмес еді.

Сократтың қандай мәселе талқыланбаса да әңгіме ақырында адам өмірінің мән-мағнасына келіп тіреліп, осы мен қалай өмір сүріп жатырмын, не істеп – не қойдым, менің ар-ұжданым таза ма т.с.с. деген сұрақтарға әкеледі. Міне, негізгі мақсат енді ғана орындалды, осы уақытқа дейін өзінің жан-дұниесі жөнінде ойланбай келген адам іштей тазарып, өмірге басқа көзбен қарай бастайды.

Олай болса, адамның өз-өзін танып-білуі – оның ең биік мұратына айналуы керек. Сонда ғана адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар шешіледі. Ол үшін адам күнделікті өмірдегі “ұсақ мәселелердің² жолын табуы емес, ол бүкіладамзаттық ақиқат деңгейіне көтеріліп, өзінің жан-дүниесін толтыруы керек. Бұл пікірді қолдайтын бір аңыз бар. Сократтан “Сіздің туған жеріңіз қайда? – деп сұрағанда, ол “Мен ғарыштанмын² – деп жауап берсе керек. Сократтың ұлы тұлғалығы, міне, осында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]