- •Философия
- •Жауаптары
- •1.Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз.
- •2.Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз.
- •3.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •4.Конфуцийдің әлеуметтік - адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.
- •5.Орта ғасырлық христиан философиясының "болмыс" ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз (а. Аврелий, Фома Аквинский).
- •6.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •7.Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз.
- •8.Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының "антропоцентризм" және "пантеизм" ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз (л. Д. Винчи, н. Кузанский, г. Галилей т.Б.).
- •9.Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндірініз (Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар).
- •10.Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін айқындаңыз.
- •11.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз.
- •12.Философияда қарастырылатын негізгі мәселелер қандай.
- •13.Ежелгі Үнді философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептерінің дүниеге көзқарастарын салыстырыңыз.
- •14.Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •15.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз.
- •17.Аристотельдің қоғамдық-саяси көзқарастарының ерекшеліктерін атаңыз.
- •18.Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктерін саластырма түрінде беріңіз.
- •20.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны қандай.
- •21.Субстанциялар туралы ілім (Декарт, Спиноза, Лейбниц): ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •22.Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарының айырмашылығы (Бэкон, Декарт).
- •23.Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •24.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.
- •25.Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме беріңіз.
- •26.Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •27.Жаңа Заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •28.Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
- •29.Р.Декарт пен б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.
- •30.Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.
- •31.Абай философиясындағы негізгі идеяларының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •32.Қазақ зиялыларының (а. Байтұрсынов, м. Дулатов, с. Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы ролін атаңыз.
- •33.Шәкәрімнін философиялық – діни көзқарастарының мәнін ашыңыз.
- •34.Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •35.Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.
- •36.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •37.В.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •38.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
- •39.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (о.Конт, э. Мах, к. Поппер).
- •40.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (ч. Пирс, у. Джемс, Леви-Стросс).
- •41.Хх ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (м. Хайдеггер, ж.П. Сартр, а.Камю, г.Г. Гадамер).
- •42.Қоғамға мәдениеттанушылық қатынастағы " өркениет" ұғымына анықтама беріңіз (н.Данилевский, о.Шпенглер, а.Тойнби).
- •43.Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын сипаттаңыз.
- •44.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •45.Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сиппатама берініз.
- •46.Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігін ашып берініз.
- •47.Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы,оның рухани- адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •48.Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.
- •49.Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талдаңыз.
- •50.Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
23.Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
Неміс философиясы дүниежүзілік философия ойдың дамуына зор әсер етті. Рухани өмірге терең талдау жасау, тиянақты философиялық жүйе құруға бейімділік – неміс ойшылдарының көбіне тән ерекшелік. Неміс философиясы – 18 ғасырдың орта шені мен 19 ғасырдың басын қамтитын неміс пен батыс еуропалық аймаққа таралған: Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель, Фейербах сынды ой алыптарының туындыларымен байланысты философиялық білімдер жүйесі. Энгельс бойынша марксизм идеологиясына сүйенілген тұғырнамада «немістің классикалық философиясы» деп аталған болатын. Неміс философиясы — батыс еуропалық мәдениет пен философияның даму тарихындағы әйгілі кезең бола отырып, айқын нәтижелер мен интеллектуалдық ізденістерде маңызды болып саналған. Бұл өзінің тегі жөнінен философиялық канон немесе канондық философиялық дәуір. Онда Платон идеяларынан бастап, 18 ғасырға дейінгі метафизиканың түйінделуі көрініс беріп, ол әрқашанда әлемдік философиялық ойдың классикалық ареалы түрінде бағаланды. Неміс топырағында философия кеңінен дамыған ерекше кезеңді Ф. Энгельс класикалық неміс философиясы деп атады. Германия Англия мен Францияға қарағанда мешеу ел болды. Осындай жағдайдағы Германияға француз буржуазиялық революциясы найзағайдың жалтындай әсер етті. Бірақ немістер Европаның басқа халықтарының іс – жүзінде жүзеге асырып жатқанын, тек ой жүзінде ғана іске асыруды армандады . Бұл дәуірдегі неміс философиясы осы тұрғыдан алғанда неміс тарихының ой жүзіндегі жалғасы болып есептелінеді. Сөйтіп, осы кезеңде өмір сүрген неміс халқының ұрпақтарының үлесіне тиген іс философиялық төңкеріс жасау еді. Сондықтанда ол кейін класикалық деген атқа ие болды.
24.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін атаңыз.
Кант(Kant) Иммануил (1724-1804 жж.) — неміс философы және жаратылыстанушы. Оның шығармашылығын дәстүрлі түсінікте екіге бөліп қарастыру қолға алынған: сыншылдыққа дейінгі және сыншылдық кезең. Алғашқы кезеңде ойшыл күн жүйесінің жаратылуы мен дамуы, жер тарихы мәселелерімен айналысты. Оның нәтижесі: «Жалпы жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» атты еңбегінің тууы. Ал екінші кезеңінде ол: гносеология, этика, эстетика мәселелерімен шұғылданып, «Таза ақылға сын», «Практикалық ақылға сын», «Ойтолғам қабілетіне сын» еңбектерін тудырды. Сондықтан ол «философия сынаудан басталуы керек» деп пайымдады.
Кейбір мәліметтерде оның философиясын төрт кезеңге бөліп қарастырады: 1) жаратылыстанулық кезең; 2) метафизикалық кезең; 3) сыншылдық кезең: 4) сыншылдықтан кейінгі кезең. Трансцендентальді идеалист ретінде танылған Канттың философиясы таным теориясында көпқырлы терең дүниетанымды басшылыққа алды. Оның осындай трансцендентальді философиясы – барлық пайымдаулар мен ойталқылардың заттардың мәнімен қаншалықты байланысты екендігінен туындайтын, олардың сезімдік көрсеткіштерінің тәжірибе арқылы бекітіле түсетіндігін негіздейді.
И.Канттың ойынша, кеңiстiк пен уақыт - белгiлi бiр сапасыз, бiртектi және шексiз созылымдар. Сезiмдiк аңлаудың таза формалары (трансценденталилер) ретiнде олар идеалды, ал материалдық тәжiрибемен қосылған кезде,- шынайы болып келедi. Егер кеңiстiк аңлаудың априорлық сыртқы формасы болса, уақыт - априорлық iшкi формасына жатады, өйткенi, уақыт адамға сырттай берiлмеген, бiз оны тек iштей санау арқылы ғана сезiне аламыз.И.Канттың ойынша, кеңiстiк пен уақытты аңлау математика ғылымының қайнар көзiн құрайды. Егер геометрияның негiзiнде кеңiстiк жатса, арифметика мен алгебраның негiзiнде уақыт жатыр, өйткенi сандарды есептеу, бiрiнiң соңынан екiншiсiн келтiру уақыт шеңберiнде оларды санауды қажет етедi.
