Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_UMKD__1256_Zh_do.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.03 Mб
Скачать

2. Пайдаланудағы желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар

Пайдаланудағы желдету жүйелердi сынау және баптау жұмыс аумағындағы ауа күйiнiң санитарлық нормалар сәйкестiгiне жету және желдету қондырғылардың жұмыс iстеуi мақсатында технологиялық жабдық дұрыс салынған кезде ұйымның құрамымен жүргiзiледi.

Сынау және баптау.

1) технологиялық жабдықты құрастыру және пайдалануға енгiзу аяқталғаннан кейiн, оның жұмыс iстеуi кезiнде бөлмеге өндiрiс залалдары бөлiнгенде;

2) қайта құрудан кейiн (ауа арналарының сұлбасы өзгергеннен кейiн);

3) жұмыс аумағындағы ауада өндiрiстiк залалдары құрамның санитарлық нормаларға сәйкес келмеуi табылған кезде желдету жүйелердi пайдалану үдерiсiнде жүргiзiледi.

Сынау мен баптаудың алдында желдету жүйесiн алдын ала тексерулер болады:

1) жылыту мен желдету қондырғыларын әбден талдап тексеру және оларды жобамен салыстыру;

2) технологиялық үдерiспен және өндiрiстiк залалдарды бөлетiн жабдықтың күйiмен танысу;

3) желдету қондырғылар жұмысының пайдалану режимдерiмен танысу және олардың жұмыс тиiмдiлiгiн бағалау.

Алдын ала тексеру нәтижелерi бойынша пайдаланудағы желдету жүйелердi сынау және баптау бойынша ақаулар ведмостiнде белгiленген жүйенiң ақауларын жою бойынша жұмыстардың бағдарламасы дайындалып көлемi анықталады.

Сынау және баптау мыналарды:

1) жұмыс аумағындағы бөлмелердiң ауа ортасының күйiн тексерудi (ауаның температурасын, салыстырмалы ылғалдылығын және қозғалғыштығын, желдету жабдығымен туғызылатын жылулық сәулеленудiң қарқындылығын, зиянды газдардың құрамын, булар мен шаңдарды, шудың деңгейiн анықтауды);

2) iстеп тұрған желдету қондырғыны сынауды;

3) технологиялық жабдықтың жергiлiктi сорғылар мен желдету жабындылары жұмыстарының тиiмдiлiгiн анықтау және сынау мен баптауды;

4) жергiлiктi желдету қондырғыларды баптауды;

5) бөлмелерде ауа ауыстырылуын анықтауды, жалпы ауыстырмалы кiргiзу және сору желдету қондырғыларын баптауды;

6) желдету жүйесiнiң жекелеген элементтердiң (тозаңұстағыш құрылғылары, калориферлер, сусепкiш камералар) жұмыстарының тиiмдiлiгiн анықтауды және сынауды, баптауды;

7) желдету жұмысының тиiмдiлiгiн, оның бапталуын қайталап ауа параметрлерiн өлшеу жолымен тексерудi қарастырады.

Желдету жабдығының сынау және баптау нәтижелерiнде жеткен негiзгi жұмыс көрсеткiштерi желдету қондыру паспортына кiргiзiледi.

Сынау кезiнде:

1) желдеткiштiң тораптағы жұмысының нақты режимi (өнiмдiлiгi, дөңгелектiң айналу жиiлiгi және толық қысымы);

2) тораптың барлық тармақтарының негiздерiнде және барлық желдету саңылауларында калориферлiк қондырғылардан, тозаңұстағыш құрылғылардан және ылғалдағыш камералардан кiрген және шыққан кезде ауаның нақты шығындары;

3) калориферлiк қондырғыларда, тозаңұстағыш құрылғыларда және ылғалдағыш камераларда ауаның өтуiне кедергiсi анықталады.

Бөлмелердегi ауа алмасуы желдету жүйелердi тексеру және сынау нәтижелерi негiзiнде анықталады.

Технологиялық жабдықтың мөлшер түрлерi әртүрлi жергiлiктi сорғылары бар болғанда бiртүрлес және бiр мөлшерлес сорғылардың әрбiр тобынан тек бiр ғана сорғы тиiмдiлiкке сыналады. Сынау нәтижелерiн бiрдей өндiрiс жағдайларында жұмыс iстейтiн барлық сорғыларға таратуға рұқсат берiледi және бүкiл желдету жүйесiн баптау негiзiне салынады.

Бiр технологиялық аппараттан немесе бөлiнбейтiн қымталған жабындылар жүйесiмен өзара байланысты (мысалы, элеватор-шанап-қоректендiргiш және сол сияқты) бiрнеше аппараттардан тұратын технологиялық тiзбектен ауа шығаратын бiрнеше жергiлiктi сорғыларды қолданған кезде сынаумен олардың жиынтық тиiмдiлiгi белгiленедi.

Желдету жүйесiн сынау және баптау нәтижелерi қондыру паспортына кiргiзiледi.

Бөлмелердiң жұмыс аумағындағы ауа ортасының жағдайын зерттеу пайдаланудағы желдету жүйелердi сынау басында өткiзiледi.

Зерттеу өндiрiстiк қондырғылардың дұрыс жұмыс бастылығы және желдетудiң қаралған жобалы режимiнде жұмыс iстеуi кезiнде жүргiзiледi.

Зерттеу жүргiзу барысында өндiрiстiк зиянды заттардың шығу жағдайына қарай анықталады:

1) бөлмелер ауасындағы газдың, будың және шаңның салмақтық құрамы;

2) бөлмедегi метеорологиялық жағдайлар (температура, бiршама ылғалдылық және ауа жылжымалылығы, жылу сәулелерiнiң қарқындылығы);

3) ағынды ауадағы өндiрiстiк залалдардың құрамы және оның параметрлерi (температура, салыстырмалы ылғалдылық);

4) бөлмеден шығатын және келетiн ауаның жалпы мөлшерi;

5) бөлмеге жiберiлетiн және одан жойылатын ауа температурасының орташа өлшенген мәндерi;

6) жұмыс аумағындағы ауаның нақты орташа температурасы.

Жұмыс iстеп тұрған технологиялық жабдықтан шу деңгейi белгiленген нормадан артық болған кезде желдеткiш қондырғыларынан пайда болатын шуды төмендету шаралары қарастырылады.