- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Техникалық пәндер кафедрасы
- •Оқытушы туралы мәлімет
- •Бағалау саясаты
- •Сөж тапсырмаларының мазмұны мен әдістемелік нұсқаулары
- •Тесттер
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған материалдар
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
- •Дәрістік кешені
- •1 Дәріс. Тақырыбы: «Өнеркәсіптік желдету» пәніне кіріспе
- •Желдету туралы түсінік
- •Желдетудің түрлері
- •1 Сурет. Ағынды желдету
- •2 Сурет. Тартқыш желдету
- •3 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн жобалау, дайындау және орнату (құрастыру) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
- •1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
- •2.Шаңсыздандыру жабдығына қойылатын талаптар
- •4.Электр жабдықтарына, электрмен жабдықтауға, байланыс пен автоматтандыруға қойылатын талаптар
- •4 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн сынау және баптау кезiнде қойылатын талаптар
- •1. Қайта жөнделген желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •2. Пайдаланудағы желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •5 Дәріс. Тақырыбы: Қара металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Қара металлургияның жалпы сипаттамасы
- •6 Дәріс. Тақырыбы: Түсті металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Түсті металлургияның жалпы сипаттамасы
- •2. Түсті металлургияда ауаға шығындыларды өндеу жолдары
- •7 Дәріс. Тақырыбы: Машина жасау кешеніндегі желдету
- •1. Машина жасау кешенінің экологиялық сипаттамасы
- •2. Машина жасау кәсіпорындарының санитарлық-қорғау белдемдері
- •8 Дәріс. Тақырыбы: Өндірістік ауаны тазарту әдістері
- •1. Әдістерінің топтастырылуы
- •2. Энергетика өндірістерінің әртүрлі шығындыларын өндеу жолдары
- •9 Дәріс. Тақырыбы: Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің жалпы сипаттамасы
- •2. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің санитарлық-қорғау белдемдері.
- •10 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн пайдалану, жөндеу, жою
- •Желдету жүйелерiн пайдалану және жөндеу кезiндегi талаптар
- •2. Желдету жүйелерiн жою кезiндегi талаптар
- •11 Дәріс. Тақырыбы: Қоршаған ортаға тиетін әсер-ықпалды бағалау
- •1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
- •2. Өнеркәсіптік желдетудың еңбек гигиенасының ережелері
- •Дәріс. Тақырыбы: «Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi
- •Өнеркәсіптік желдетудің маңызы
- •2. Өнеркәсіптік желдетуде пайдаланатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
- •2 Дәріс. Тақырыбы: "Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi
- •Техникалық регламентi қолданылу саласы
- •2 Сурет. Калориферлерді қондырудың схемасы
- •2 Құрылғы және калориферлік қондырғыны есептеу.
- •2.2 Калорифердің технико-экономикалық көрсеткіштері.
- •2.3 Жылубергіштік коэффициенті
- •2.4 Калориферлерді таңдау
- •2.5 Пневматикалық көліктің системасын есептеу
7 Дәріс. Тақырыбы: Машина жасау кешеніндегі желдету
Жоспар:
1. Машина жасау кешенінің экологиялық сипаттамасы
2. Машина жасау кәсіпорындарының санитарлық-қорғау белдемдері
1. Машина жасау кешенінің экологиялық сипаттамасы
Машина жасау кешеніне мына салалар кіреді: ауыр, энергетикалық және көліктік машина жасау, станок пен сайман өнеркәсібі, автокөлік, трактор және ауылшаруашылық машиналарын жасау, электртехникалық өнеркәсіп, аспап жасау құрылысы және мұнай қажетіне машина жасау, құрылыс, жол және коммуналдық машина жасау өндірістері.
Қазақстанда машина жасау саласы металл өңдеу және машина жасау деген екі бағытта жұмыс істейді, осындай бөлінудің республиканың экономикасына позитивтік ықпалы бар. Себебі негізгі жабдықтар Ресейдің машина жасау зауыттарынан келіп отырған, ал оларды қолданған кезде кішігірім жөндеуден өткізуге, кейбір бөлшектерді өзгертіп, жаңалау қажетгігін өтеуге арнайы цехтар, шеберханалар, кейде кішігірім зауыттар ұйымдастырылған. Бұлар негізінде темірден жасалатын бұйымдар, ыдыстар және басқа да халықшаруашылығына қажетті жеңіл-желпі тауарлар жасау болған.
60-шы жылдардан бастап Қарағандыдағы металлургия зауыты шойын, болат, прокат шығара бастауына байланысты машина жасау саласы жолға қойылып, бұл өнеркәсіп кеңінен өріс алды.
Республика халық шаруашылығының мұқтажын өтеу үшін жан-жақты дамыған машина жасау кешенін құрған жөн, себебі қазір негізгі қажетті машиналарды, жабдықтарды, механизмдер мен қосалқы бөлшектерді сырт елдерден тасымалдап халықтың талап-мүдделерін қамтамасыз етеміз.
Алдағы уақытта өзімізде автокөлік жасайтын кәсіпорындар салу мемлекеттік бағдарламаға еңгізілген, бұл істі жүзеге асыру үшін мамандардың болжамы бойышла 5 млрд-тай доллар қаражат қажеттігі және ол 3-4 жылда қайтарылатынына күмән жоқ екені тірекке алынып отыр.
Бұл саланың кәсіпорындары ірі қалаларда орналасатын болғандықтан, олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін де естен шығармаған жөн, себебі бұдан мыңдаған адамдардың денсаулығы нашарлауда.
Негізгі атмосфераны ластайтын көздерге металл құю өндірісі, механикалық өндеу цехтары, балқытып біріктіру және бояу цехтары мен участкілері жатады. Тасталатын улы заттар көміртек, күкірт, азот оксидтері, ксилол, толуол, ацетон, бензин, бутилацетат, этилацетат, аммиак, марганец, хром, қорғасын, күкірт қышқылы және т. б. заттар.
Гальваникалық және металдарды өңдеу цехтарынан шыққан ақаба сулармен су бассейні ластанады. Бұл ластанған тастанды суларда біраз мөлшерде мұнай өнімдері, сульфаттар, хлоридтер, қалқыған заттар, цианидтер, азот қосылыстары, темір, мыс, мырыш, никель, хром, молибден, кадмий тұздары, фосфор қосылыстары, беттік активті заттар кездеседі.
Металдан жасалған бұйымдардың беттерін майлы заттардан тазартуға қолданылған еріткіштер — сілтілер, хлорорганикалық қосылыстар мен фреондар, бояу цехтарында пайдалапатын лактың, бояудың құрамындағы материалдар - жасанды шайыр, органикалық еріткіштер, пластификаторлар, катализаторлар, қөбік процесінің инициаторлары, анорганикалық пигменттер биоресурстарға, соның ішінде әсіресе адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді.
Құю цехтарынан бөлінетін экологиялық тұрғыдан өте қауіпті ластаушы заттарға күкірттің, азоттың оксидтері, құятын үлгінің құрамында болатын қатты заттар жатады.
Машина жасау өнеркәсібінің қатты қалдықтары амортизациялық металл кесінділерінен, жоңкасы мен үгіндісінен, ағаш, пластмасса, қож, күл, шлам, ауаны тазалайтын жүйеде пайда болған тұнба мен шаңнан тұрады. Машина жасау кәсіпорындарында амортизациялық металл сынықтарының 55 % технология жабдықтары мен қару саймандарды айырбастағаннан пайда болады. Коррозия мен үйкелу нәтижесінде қайтымсыз жоғалатын металдың мөлшері амортизациялық сынықтарының жалпы салмағының 25 %-тін құрайды.
Жалпы машина жасау өндірісінде 1 тонна металдан 260 кг қалдық шығып отырады, кейде бұдан да көбірек шығуы мүмкін.
Машина жасау өнеркәсібінде әр 1 млн. тонна қара металды қолданған сайын сыдыру, тегістеу, кесу және тағы басқа осыларға ұқсас операциялар кезінде 5,4 мың тоннадай, соққанда, ыстық штамповка жасағанда және жоғары температурада өңдегенде 2 мың тоннадай (қақ түрінде), агрессивтік ерітінділердің көмегімен өңдегенде - 14 мың тонна, қалдықтарды толығымен жинап алмағандықтан — 15 мың тонна қайтымсыз металл шығыны болады. Әріқарай өңдеп қайтадан қолдануға тиімсіз материалдарды қалдыққа жатқызады.
