- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Техникалық пәндер кафедрасы
- •Оқытушы туралы мәлімет
- •Бағалау саясаты
- •Сөж тапсырмаларының мазмұны мен әдістемелік нұсқаулары
- •Тесттер
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған материалдар
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
- •Дәрістік кешені
- •1 Дәріс. Тақырыбы: «Өнеркәсіптік желдету» пәніне кіріспе
- •Желдету туралы түсінік
- •Желдетудің түрлері
- •1 Сурет. Ағынды желдету
- •2 Сурет. Тартқыш желдету
- •3 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн жобалау, дайындау және орнату (құрастыру) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
- •1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
- •2.Шаңсыздандыру жабдығына қойылатын талаптар
- •4.Электр жабдықтарына, электрмен жабдықтауға, байланыс пен автоматтандыруға қойылатын талаптар
- •4 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн сынау және баптау кезiнде қойылатын талаптар
- •1. Қайта жөнделген желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •2. Пайдаланудағы желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •5 Дәріс. Тақырыбы: Қара металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Қара металлургияның жалпы сипаттамасы
- •6 Дәріс. Тақырыбы: Түсті металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Түсті металлургияның жалпы сипаттамасы
- •2. Түсті металлургияда ауаға шығындыларды өндеу жолдары
- •7 Дәріс. Тақырыбы: Машина жасау кешеніндегі желдету
- •1. Машина жасау кешенінің экологиялық сипаттамасы
- •2. Машина жасау кәсіпорындарының санитарлық-қорғау белдемдері
- •8 Дәріс. Тақырыбы: Өндірістік ауаны тазарту әдістері
- •1. Әдістерінің топтастырылуы
- •2. Энергетика өндірістерінің әртүрлі шығындыларын өндеу жолдары
- •9 Дәріс. Тақырыбы: Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің жалпы сипаттамасы
- •2. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің санитарлық-қорғау белдемдері.
- •10 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн пайдалану, жөндеу, жою
- •Желдету жүйелерiн пайдалану және жөндеу кезiндегi талаптар
- •2. Желдету жүйелерiн жою кезiндегi талаптар
- •11 Дәріс. Тақырыбы: Қоршаған ортаға тиетін әсер-ықпалды бағалау
- •1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
- •2. Өнеркәсіптік желдетудың еңбек гигиенасының ережелері
- •Дәріс. Тақырыбы: «Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi
- •Өнеркәсіптік желдетудің маңызы
- •2. Өнеркәсіптік желдетуде пайдаланатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
- •2 Дәріс. Тақырыбы: "Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi
- •Техникалық регламентi қолданылу саласы
- •2 Сурет. Калориферлерді қондырудың схемасы
- •2 Құрылғы және калориферлік қондырғыны есептеу.
- •2.2 Калорифердің технико-экономикалық көрсеткіштері.
- •2.3 Жылубергіштік коэффициенті
- •2.4 Калориферлерді таңдау
- •2.5 Пневматикалық көліктің системасын есептеу
2. Энергетика өндірістерінің әртүрлі шығындыларын өндеу жолдары
Экологиялық жағдайға зияндық әсері жоқ деп тағы бір энергия түрін айтуға болады, бұл жер қабатында (5 км терендікке дейінгі) болатын геотермалдық энергия. Дүние жүзінде осы энергия түрі негізінде бірнеше геотермалдық жылу электрстанциялары (ГеоЖЭС) жұмыс істейді. Ең қуаттылығы жоғары ГеоЖЭС (50 мВт) АҚШ-та.
Жалпы геотермалдық энергия қоры 200 гВт шамасында, негізінде ол Тынық мұхиттың төңірегінде шоғырланған.
Ресейде геотермалдық энергия қоры Камчатка, Сахалин және Курил аралдарында, жалпы қоры 2000 мВт. Қазіргі кезде қуаттылығы 11 мВт-ка және 50 мВт-қа тең екі ГеоЖЭС Камчаткада іске қосылған. Курил аралдарында және Камчаткада 300-500 м тереңдікте судың температурасы 200 0С-ге дейін жетеді.
Геотермалдық энергетиканың дамуының негізгі бағыты - термалдық сулардың жылуын пайдалану немесе су сіңіретін тау жыныстарының қабатына қолданған суды жіберіп, осы терендіктегі жылуды электр энергиясына айналдыру. Тереңдіктегі жылуды пайдалану технологиясы экологиялық тұрғыдан зиянсыз.
9 Дәріс. Тақырыбы: Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптеріндегі желдету
Жоспар:
1. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің жалпы сипаттамасы
2. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің санитарлық-қорғау белдемдері.
1. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің жалпы сипаттамасы
Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары өте көп мөлшерде ауылшаруашылығының, өзен мен теңіз промыслдерінің өнімдерін өндейді.
Қазақстанда иамақ өнеркәсібі 1000 жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді.
Ең дамыған сала ет өнеркәсібі, республикада бүкіл тағам өнімдерінің отыз екі % еттен жасалады.
Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауттың бірі отызыншы жылдары салынған Семей ет консерві зауыты.
Ет өнеркәсібіне жататын ірі кәсіпорындар Алматы, Тараз, Петропавл, Орал, Жезқазған, т.б. қалаларда бар.
Барлық ірі қалаларда май, ірімшік (сыр) жасайтын, басқада сұт өнімдерін шығаратынкәсіпорындар жеткілікті.
Қант, шарап, арақ, сусын, өсімдік майын жасайтын орталықтар негізінде Онтүстік аймақтарда орналасқан.
Балық консервлерін шығаратын, балық пен оның уылдырығын өндейтін ең ірі комбинат Атырауда, бұл кәсіпорынның негізінде пайдаланатыны Каспий теңізінен ауланған балықтар.
Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қатты, сұйық және газды түрде заттарды қоршаған ортаға тастауына байланысты ластаушы көздің бірі болып саналады.
Атмосфераға зиянды заттар шығаратын көздерге технологиялық пештер, буып-түйетін аппараттар, сепараторлар, нейтрализаторлар, қабық тазалағыштар, темекі кесетін машиналар, ет өңдейтін өндірістер, еритін кофе мен цикорий дайындайтын зауыттар, сүйек ұны мен желім дайындайтын кәсіпорындар, дән жарғыш машиналар мен астық тазалайтын орындар жатады.
Пісіру, қуыру, балық пен етті сүрлеу, томат қайнату, дәмдеуіштер мен кондитер өнімдерін дайындау барысында организмге жағымсыз әсер тигізетін иістер бөлінетініне байланысты бұл процестердің бәрі зияндылығы бар деп есептелінеді.
Жыл сайын бұл өнеркәсіп миллиондаған текше метр суды қолданып, оның 70-80 % көлемін ластанған түрде қоршаған ортаға қайта жіберіп отырады. Бұлардың құрамындағы зиянды заттардың мөлшері бірнеше мыңдаған тонна деңгейінде.
Лас сулардың құрамында көбіне кездесетін заттар ас тұзы, жууға, дезинфекциялауға қолданылған қосылыстар, нитриттер, фосфаттар,сілтілер, шикізат пен жем қалдықтары т.б.
Консерві шығаратын зауыттардан шикізат ретінде пайдаланылған жеміс-жідектің, көкөністердің, т.б. өсімдіктердің 20-25 % қалдыққа айналып, табиғи ортаға тасталынады. Сонымен қатар, ақ қаңылтырды лақтағанда қолданылған лак ерітінділері мен органикалық еріткіштер ауаға ұшып оғы ластап отырады. Кейбір ірі консерві зауыттарында, әсіресе жаз айларында, шикізатты уақытылы өңдеп үлгере алмағандықтарының салдарынан олардың біраз мөлшері бұзылып, қалдыққа айналады. Бұны да қоршаған ортаны ластайтын жағдайлардың бірі деп есептеуге болады.
Қалдыққа айналған бөлікке бастапқы шикізаттың көптеген пайдалы қасиеттері сақталатын болғандықтан, оларды жем, әртұрлі техникалық өнімдер шығару үшін қолданған жөн. Бірақ өкінішке орай, бұл мәселе әлі толық шешімін таба алмай келеді.
Жанама өнімдер мен қалдықтардф қосымша өңдеп, пайдалы қолдану мәселелері шешілмей зауыттардың маңайындағы экологиялық қалыптасқан жағдайдың жөндеуі мүмкін емес.
Тамақ өнеркәсібінің атмосфералық ауаны ластауға қосатын үлесі көп болмағанымен, ерітінді қалдықтарының біраз мөлшерде қоршаған ортаға тигізетін зияндылығы бар екені анық. Осыған байланысты бұл салада ластанған суларды тазалап, қайта қолдануға қайтару, яғни ағымсыз технологияны жүзеге асыру қажеттілігі бар екені сөзсіз.
Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттардың 31,9 проценті иісті газ, 27 процентті күкіртті газ, 1,1 проценті азотты тотығы, 28,3 проценті қалқып жүретін қатты түйіршіктер.
