Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_UMKD__1256_Zh_do.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.03 Mб
Скачать

6 Дәріс. Тақырыбы: Түсті металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету

Жоспар:

1. Түсті металлургияның жалпы сипаттамасы

2. Түсті металлургияда ауаға шығындыларды өндеу жолдары

1. Түсті металлургияның жалпы сипаттамасы

Ұқсатушы өнеркәсіп салаларына металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ағаш өндеу, цемент, жеңіл, тамақ өнеркәсібі және тағы басқа да көптеген салалар жатады.

Металлургия адамзатты конструкциялық материалдармен – қара және түсті металдармен қамтамасыз етеді.

Дүние жүзінің түсті металлургиясы жылына 40 млн. тоннаға жуық әр түрлі металдар өндіреді. Бұл ең алдымен алюминий (17 млн.т), ол қазіргі заманда алуан түрлі салаларда: авиация мен ракета техникасында, автомобиль жасауда, жеңіл конструкциялық материалдар өндіруде және басқа да көптеген шаруашылық салаларында көп қолданылады.

Алюминий өнеркәсібі аумақтық жағынан бір-бірінен бөлінген өндірістік буындардан құралады. Бұлардың біріншісі – глинозем (алюминий тотығы) алу, мұның географиясы ішінара боксит өндіретін елдерге қарай ойысады. Энергия көп жұмсалатын екінші буын – алюминий өндіру – көбіне дамушы елдердегі арзан электр энергиясы көздеріне жақындауға бейім.

Боксит өндіретін негізгі елдер – Австралия, Гвинея, Ямайка, Ресей, Бразилия, глинозем өндіру жөнінен – Австралия, Ресей, АҚШ, Ямайка. Ал алюминий қорыту жөнінен алда келе жатқандар реті мүлдем басқаша: АҚШ, Жапония, Ресей, Канада, ГФР. Бұл елдердің бәрінде өндіріс ірі ГЭС-тер аудандарында немесе қуатты жылу электр станциялары шоғырланған жерде жүргізіледі.

Ауыр түсті металдардың рудаларында металл өте аз болады. Мысалы, өндірілетін рудадағы мыстың мөлшері 0,5-тен 3,5 пайызға дейін, осының өзінде барған сайын жұтаң рудалар ұқсатылатын болды. Рудаларды байыту және қара мыс өндіру іс жүзінде руда өндіретін елдердің бәрінде ұйымдастырылады. Мыс рудалары қорының дені Чилиде, АҚШ-та, Замбияда, Қазақстанда шоғырланған. Мысты тазартып қорытуға электр энергиясы көп кетеді, сондықтан қара мыстың біразы дамушы елдерге жіберіледі. Тазартылған мысты көп өндіретін елдер – АҚШ, Ресей, Жапония, ГФР, Қазақстан.

2. Түсті металлургияда ауаға шығындыларды өндеу жолдары

Металды өндіруші елдер мен қорытушы елдер арасындағы айырым қорғасын қорытып шығаруда да көрінеді. Руда өндіру жөнінен Австралия, АҚШ, Канада, Ресей, Қазақстан.

Түсті металлургия Қазақстанда жақсы дамыған.Түсті металдарды ерте замандардан қорытылған, ондай металл қорытқан кен орындары Орталық Қазақстаннан, Алтай өлкесінен табылып отыр. Мыс, қорғасын-мырыш, алюминий мен титан-магний өндірістері – Қазақстан металлургиясының басты салалары.

Республикада түсті металлургия саласына кіретін 7 саланың құрамында 28 ірі кәсіпорын жұмыс істейді.

Түсті металлургия өндірістерінің бәрі зиянды заттармен биосфераны ластап отыратын негізгі ластаушы көздер. Жыл сайын атмосфераға тасталатын заттардың көлемі бірнеше миллиондаған тонна. Көп мөлшерде атмосфера күкірт, көміртек, азот тотықтарымен, ауыр металдармен ластанады.

Қалдық суларда өте улы заттар - цианидтер, мұнай өнімдері, мышьяк, фтор, сынап, сурьма, сульфаттар, хлоридтер, нитраттар кездеседі.

Түсті металлургияның ірі комбинаттары топырақты алуан түрлі зиянды қосылыстардың көп мөлшерімен ластайтыны соншалықты, олардың маңындағы топырақтар қабатында табылған ауыр металдардың концентрациясы ШРЕМ-нен бірнеше есе асып түседі. Мысалы, Шымкент топырағында қорғасынның мөлшері 200 ШРЕМ, Жезқазғанда мышьяктікі 2-3 ШРЕМ дейін жететін жерлер кездеседі.

Түсті металлургияда қалдықтарды пайдалану және утилдеу проблемалары әлі толық шешімдерін тапқан емес.

Санитарлық норманы анықтайтын СН-245-01 құжатына сәйкес барлық металлургиялық кәсіпорындарға олардың қоршаған ортаны ластайтын компоненттерінің зияндық класына байланысты санитарлық-қорғау аймағы белгіленіп, тұрғын кешеннен қандай алшақтықта орналастыруға болатыны көрсетіледі. Осы құжатқа сәйкес металлургия саласының кәсіпорындары 5 класқа бөлінеді.