Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_UMKD__1256_Zh_do.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.03 Mб
Скачать
  1. Дәріс. Тақырыбы: «Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi

Жоспары:

  1. Өнеркәсіптік желдетудің маңызы

  2. Техникалық регламенттің талаптары

Тірек сөздер: гигиена, ауа арнасы, аспирация

  1. Өнеркәсіптік желдетудің маңызы

«Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 2 наурыздағы №234 қаулысымен бекiтiлген.

Өнеркәсіптік желдету – өнеркәсіпте ауаны алмастыруға арналған санитарлы-техникалық құрылғылардың және ғимараттардың жүйесі. Бұл жүйе өндірістік ұлы заттарды жою үшін және жұмыс аймағында гигиеналық талаптарға сәйкес ауа ортасын құрастыруға арналған. Желдету сәулелі және конвекциялық жылумен, ылғалмен, газдармен, шаңмен күресу үшін қолданылады.

Таза ауа өнеркәсіпке қажет, әсіресе вакцина (жұқпалы ауруларға қарсы егілетін әлсіз микробтар), антиобиотиктер (пеницилин, стрептомицин т.б. дәрігерлер), шала өткізгіштер (полупроводниктер), дәл өлшейтін аспаптар т.б. шығару үшін керек.

Өндірістік цехтарда желдетудің міндеті тек жұмыс аймақтарды гигиеналық талаптарға сәйкес ауамен қамтамасыздандыру ғана емес, сонымен қатар жұмыскерлердің денсаулығын, жұмыс қабілетін төмендететін факторларды жоюға міндеттелген.

Кейбір жағдайларда желдету техникалық міндеттіріне сәйкес жасалынады, технологиялық процестерді дұрыс жүргізу үшін қажетті ауа ортасының шарттары құрастырылады (тігін өндірісінде, шалаөткізгіштер [полупроводники], таза металдар шығарғанда).

Желдету өндірістегі сауықтыру шараларының жүйесінде маңызды орын алады. Бірақ желдету өндірістік ортадағы сауықтырудың радикалды шаралардың орнын ала алмайды. Радикалды шараларға технологиялық процестердің герметизациясы және рационалдау жатады. Герметизацияны, рационалдауды пайдаланған кезде зиянды әсерлер азаяды немесе жойылады.

Өндірістік залалдармен тек желдету арқылы күресу экономика жағынан ұтымды емес, себебі зиянды заттардың концентрациясын шектеулі рұқсат етілген мөлшерге (ШРЕМ) дейін төмендету үшін ауаны бөлмеге (цехке) үлкен көлемде қосу қажет.

2. Өнеркәсіптік желдетуде пайдаланатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

1) ауа арнасы - таза немесе ластанған ауаны тасымалдауға арналған құбыр;

2) дефлектор - бөлмедегi ауаны жоюға арналған ауа арнасы бiтетiн шетiндегi басы;

3) жалпы алмасу желдеткiшi - бүкiл бөлме көлемiндегi ауаның алмасуын қамтамасыз ететiн желдету ;

4) желдету қондырғысы - жетек, желдеткiш және басқару мен бақылау аппараттарының жиынтығы;

5) желдету жүйесi - өнеркәсiптiк кәсiпорындардың өндiрiс бөлiмдерiнде және жұмыс орындарында қалыпты атмосфералық ортаны қамтамасыз ету мақсатымен бiр-бiрiмен бiр жиынтыққа байланысқан құрылғылар, жабдықтар (жетек, желдеткiш, ауа арналары, бақылау және басқару аппараттары) жиынтығы;

6) жергiлiктi желдету (аспирация) - залалдарды тiкелей пайда болған жерлерден жоюды қамтамасыз ететiн желдету.

Өнеркәсіптік өндірісті еңбек гигиенасына қатысты дамытудың қазіргі заманғы кезеңінде өндірістік желдеткіштер елеулі рөл атқарады. Оның маңыздылығы өндірістік үй-жайлардың ауасына қоршаған орта факторлары мен еңбек процесінің адам организміне әсер етуін азайтатын немесе болдырмайтын өлшемдерді тән ететін неғұрлым тиімді іс-шаралардың бірі болып табылатындығымен айқындалады. Шамалары елеулі дәрежеде желдеткіштің тиімділігі және ұтымдылығымен айқындалатын факторлар: зиянды химиялық заттар, өндірістік шаң, ауаның температурасы, ылғалдылығы мен қозғалысының жылдамдығы. Сондай-ақ кәсіпорындардың еңбекті қорғауға бөлетін қаражатының негізгі бөлігі желдеткіш жабдықтарды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатынын атап айтқан жөн.

Сонымен бірге, еңбекті қорғау саласындағы практика көрсеткендей, жекелеген жағдайларда желдеткіш жабдықтар дұрыс орнатылмағандықтан немесе дұрыс пайдаланылмағандықтан, оларды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатын қаражат өзін өзі ақтамайды.

Кәсіпорын аумағында таза ауаны сақтау - жабдықтарды цехтарды желдету үшін қолдану және жұмыс орындарында қолайлы жағдай жасау үшін пайдаланудың негізгі шарты.

Шығарылатын ауаны қоспалардан тазарту дәрежесінің коэффициентін айқындау (зиянды заттар концентрациясы мен тазартқанға дейінгі, тазартқаннан кейінгі зиянды заттар концентрациясының процентпен көрсетілген арақатынасы) ауаны тазарту қондырғыларының жұмыс істеуінің негізгі техникалық сипаттамалары болып табылады.

Өнеркәсіптік өндірісті еңбек гигиенасына қатысты дамытудың қазіргі заманғы кезеңінде өндірістік желдеткіштер елеулі рөл атқарады. Оның маңыздылығы өндірістік үй-жайлардың ауасына қоршаған орта факторлары мен еңбек процесінің адам организміне әсер етуін азайтатын немесе болдырмайтын өлшемдерді тән ететін неғұрлым тиімді іс-шаралардың бірі болып табылатындығымен айқындалады.

Шамалары елеулі дәрежеде желдеткіштің тиімділігі және ұтымдылығымен айқындалатын факторлар: зиянды химиялық заттар, өндірістік шаң, ауаның температурасы, ылғалдылығы мен қозғалысының жылдамдығы. Сондай-ақ кәсіпорындардың еңбекті қорғауға бөлетін қаражатының негізгі бөлігі желдеткіш жабдықтарды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатынын атап айтқан жөн.

Сонымен бірге, еңбекті қорғау саласындағы практика көрсеткендей, жекелеген жағдайларда желдеткіш жабдықтар дұрыс орнатылмағандықтан немесе дұрыс пайдаланылмағандықтан, оларды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатын қаражат өзін өзі ақтамайды.

Кәсіпорын аумағында таза ауаны сақтау - жабдықтарды цехтарды желдету үшін қолдану және жұмыс орындарында қолайлы жағдай жасау үшін пайдаланудың негізгі шарты.

Шығарылатын ауаны қоспалардан тазарту дәрежесінің коэффициентін айқындау (зиянды заттар концентрациясы мен тазартқанға дейінгі, тазартқаннан кейінгі зиянды заттар концентрациясының процентпен көрсетілген арақатынасы) ауаны тазарту қондырғыларының жұмыс істеуінің негізгі техникалық сипаттамалары болып табылады.

Павлодар облыстық филиалы желдеткіш қондырғылардың өнімділігін және үй-жайлардан шығарылатын ауаны тазарту қондырғыларының тазалау тиімділігін айқындауға байланысты барлық жұмыс түрлерін жүргізеді. Филиал мамандарының осы бағыттар бойынша көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері белгіленген нысандарда ресімделеді. Сәйкессіздіктер анықталғанда жұмыстағы және оларды дұрыс пайдаланбаудағы кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар беріледі.