Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_UMKD__1256_Zh_do.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.03 Mб
Скачать

Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі

Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі

Саны

Ауданы

(кв.м)

1

Химия зертханалары

3

80

2

Экология, ӨТҚ кабинеттері

2

60

Дәрістік кешені

1 Дәріс. Тақырыбы: «Өнеркәсіптік желдету» пәніне кіріспе

Жоспары:

  1. Желдету туралы түсінік

  2. Желдетудің түрлері

Тірек сөздер: ағынды, тартқыш, жергілікті, аэрация

  1. Желдету туралы түсінік

Желдету (латынша ventilatio, орысша - вентиляция) ғимараттағы ауа алмасуды қадағалайды, ауаның оңтайлы параметрлерін қамтамасыз етеді. Ауа ортасының параметрлеріне ауаның құрамы, температурасы, ылғалдылығы және т.б. жатады. Адам қоршаған ортадағы оттегіні жұтады және көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Демалу үшін таза ауадағы мөлшері 21 % болуы қажет, оттегінің концентрациясы төмен болса ауамен демалу қиындайды, адамның басы ауырады. Оттегінің үнемі жетіспеуінен жұмыс істеу қабілеті төмендейді, қартаю процесін жылдамдатады, адам денсаулығына кері әсер тигізеді.

Жабық ғимараттарда ауаны ластаушы көздері болып құрамында асбесті бар құрылыс материалдар, ағаш-жаңқа тақталардан (ДСП) жасалынған жиhаз, тұрмыстық химия, газ плиталар т.б. табылады.

Ауадағы зиянды заттардың концентрациясы жоғары болмау және оттегінің мөлшері жеткілікті болу үшін ғимараттың ауасы бір сағатта бір рет тазалануы қажет.

Қазіргі заманғы желдету жүйелері ғимараттағы ауаны жаңартады, тазалайды, ылғалдандырады, белгілі температураға дейін қыздыртады немесе суытады, адамдар үшін жайлы жағдай жасайды.

Желдету жүйелерінің тиімділігі инженерлік есептеулердің дұрыс жүргізуіне, жаңа жабдықтарға, амортизациялық құралдарына, пайдалану шарттарына тәуелді.

Екіншіден желдету – бұл бөлмелердегі ұйымдастырылған ауа алмасуы.

  1. Желдетудің түрлері

Ауаның аусуы тәсілімен байланысты желдету табиғи және механикалық болып бөлінеді. Олардың үйлесуі аралас желдету деп аталады. Табиғи желдету аэрация мен ауаны тазартуға бөлінеді. Механикалық желдету ауа ағымдарының бағытына байланысты тартқыш (вытяжная), ағынды (приточная), ағынды-айдағыш (приточно-нагнетательная) және ағынды-тартқыш болып бөлінеді. Бөлмені қамту сипаты бойынша жалпы-алмасу және жергілікті (оқшауландырылған, локальды) желдету айырылады, сонымен қатар осы екі түрдің үйлесуі мүмкін. Қолданылу уақыты бойынша желдету қимылдаушы және авариялық (апатты) болады.

Желдету жүйесі өнеркәсіптік бөлмелерде ауаның қалыпты құрамың қамтамасыз етеді. Желдетуды құрастыруы мен пайдалануына аз шығынды, ұтымды болу қажет. Дұрыс таңдалған желдету жүйесі бөлмені өндірістік процестерде бөлінетін шаңнан, бу мен газдардан тазартады.

Сондықтан зиянды заттардың бөліну нүктелерін анықтап, жергілікті сорғыштармен жабдықтайды. Бірақ тек жергілікті тартқыш желдетуді пайдалануға болмайды, жалпы-алмастыратын желдетуді орналату міндетті. 1 және 2 сурете желдеткіш құрылғылардың көріністері көрсетілген.

1 Сурет. Ағынды желдету

2 Сурет. Тартқыш желдету

Табиғи желдету өнеркәсіптік бөлмелердегі температуралар мен ауа салмағының айырмашылығы әсерінен, желдің қозғаумен жүзеге асырылады.

Табиғи желдетуды пайдалануы ауа ағындарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін ұзына бойы қабаттарына перпендикулярлы жабдықтардың орналасуын талап етеді. Жабдықтардың арасындағы өтетін жерлері 2 метрден кем болмау қажет. Өтетін жерлерге қарама-қарсы ұзына бойы қабаттарда ағынды саңылаулар жабдықталады. Саңылаулар ашылатын жармалар (фрамуга) түрінде жасалынады. Фрамуга бөлменің ішіне таза ауаның еркін түсуін қамтамасыз етеді. Осы кезде таза ауа араластырылады және бөлмедегі ластанған ауаны ығыстырып шығарады.

Бөлмедегі ауаны терезелердің фрамугаларын ашып тазартады. Бұл кезен бойы қимылдаушы табиғи желдету.

Аэрация - бұл белгілі параметрлердегі өнеркәсіптік бөлмелерде жалпы-алмастыру желдетудің ролін орындайтын ұйымдастырылған табиғи желдету. Үймеретті тиісті орналастырғанда аэрацияның қалыпты және тиімді қолданылуына мүмкін жетуге болады. Үймеретті үстемдік желдердің бағытына перпендикулярлы немесе 45˚ кем емес бұрышта орналастыру қажет. Қабаттардағы терезелермен үйдің төбесіндегі шамдардың жармалары олардың еденнен ашылуын қамтамасыз ететін механизмдермен жабдықталады. Желдің бағыты мен күшімен байланысты жармалардың (фрамугалардың) ашылуын реттеп, қажетті көлемдегі ауа алмасуына жағдай жасайды.

Желдету жүйесінің классификациясы. Желдету жүйелер әр түрлі болады. Желдету жүйелер келесідей бөлінеді: арналуына байланысты - ағынды және тартқыш, қолданылу аймағына байланысты - жергілікті және жалпы-алмасу, ауаны алмастыру әдісіне байланысты – табиғи және механикалық, конструктивті ерекшеліктеріне байланысты - каналды және каналсыз.

Арналуына байланысты желдету жүйелері. Ағынды жүйе желдетілетін бөлмеге таза ауа беру үшін қолданылады. Осы жүйе арқылы қажет болған кезде ауа арнайы қайта өндеуге (тазалауға, жылытуға, ылғалдандыруға т.с.с.) жіберіледі. Тартқыш жүйе бөлмедегі ластанған ауаны жою үшін қолданылады. Жалпы жағдайда бөлмеде ағынды жүйемен қоса тартқыш жүйеде қарастырылады. Олардың жұмысы сәйкестендірілген болуы қажет. Кейбір жағдайда бөлмеде тек тартқыш немесе ағынды жүйе орнатылады. Сол бөлмеге ауа сырттан немесе арнайы қарастырылған ойықтар арқылы шектес бөлмелерден кіргізіледі немесе бөлмеден сыртқа немесе шектес бөлмелерге шығарылады.

Қолданылу аймағына байланысты желдету жүйелері. Жергілікті жүйе өндірістің шектеулі бөлігін ғана желдетеді. Жергілікті тартқыш жүйе зиянды заттарды шығаратын көздерден немесе технологиялық құрылғылардан ластанған ауаны жояды. Жергілікті ағынды жүйе бөлменің жеке нүктелеріне ауаны жеткізеді. Жергілікті жүйе өте тиімді, бірақ ол желдету жүйесіндегі барлық мәселелерді шешуге арналмайды. Осы мәселелерді шешу үшін жалпы ауыспалы жүйе, яғни нақты және тартқыш желдеткіштер пайдаланады.

Ауаны алмастыру әдісіне байланысты желдету жүйелері. Бұл жүйелер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болып бөлінеді. Ұйымдастырылмаған табиғи желдету – бұл терезе, есік, құрылыстағы дұрыс қапталмаған қабырғалар арқылы ауаның инфильтрациясы. Осы ауа алмасудың мөлшері есептелініп анықталмайды. Ауа алмасу басқарылмайды, ішкі және сыртқы температураның әртүрлілігіне, желдің жылдамдығына, жарық материалдарына, ашылатын терезе мен есіктердің ауданына тәуелді.

Табиғи желдеткішті ұйымдастырған кезде бөлмедегі ауа алмасу фрамуга, каналдар, тартқыш құбырлар арқылы жасалынады. Ұйымдастырылған желдету кезінде ауа бөлмеге түрлі биіктікте болған жел үстінен және жел астынан орнатылған арнайы саңылаулар түседі және жойылады. Жылы уақытта төменгі саңылауларды еденнен 0,3-1,2 м, ал суық уақытта жоғарғы саңылауларды еденнен 4 м кем емес биіктікте ашады. Суық ауа жұмыс орынға жеткенше жылынуы қажет. Аэрация кезінде бөлмедегі ауа алмасуды есептеуге және қалпына келтіруге болады.

2. Техникалық регламентте пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңымен бекiтiлген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай анықтамалар мен терминдер қолданылады:

1) ауа арнасы - таза немесе ластанған ауаны тасымалдауға арналған құбыр;

2) дефлектор - бөлмедегi ауаны жоюға арналған ауа арнасы бiтетiн шетiндегi басы;

3) жалпы алмасу желдеткiшi - бүкiл бөлме көлемiндегi ауаның алмасуын қамтамасыз ететiн желдету ;

4) желдету қондырғысы - жетек, желдеткiш және басқару мен бақылау аппараттарының жиынтығы;

5) желдету жүйесi - өнеркәсiптiк кәсiпорындардың өндiрiс бөлiмдерiнде және жұмыс орындарында қалыпты атмосфералық ортаны қамтамасыз ету мақсатымен бiр-бiрiмен бiр жиынтыққа байланысқан құрылғылар, жабдықтар (жетек, желдеткiш, ауа арналары, бақылау және басқару аппараттары) жиынтығы;

6) жергiлiктi желдету (аспирация) - залалдарды тiкелей пайда болған жерлерден жоюды қамтамасыз ететiн желдету .