
- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Техникалық пәндер кафедрасы
- •Оқытушы туралы мәлімет
- •Бағалау саясаты
- •Сөж тапсырмаларының мазмұны мен әдістемелік нұсқаулары
- •Тесттер
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған материалдар
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
- •Дәрістік кешені
- •1 Дәріс. Тақырыбы: «Өнеркәсіптік желдету» пәніне кіріспе
- •Желдету туралы түсінік
- •Желдетудің түрлері
- •1 Сурет. Ағынды желдету
- •2 Сурет. Тартқыш желдету
- •3 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн жобалау, дайындау және орнату (құрастыру) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
- •1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
- •2.Шаңсыздандыру жабдығына қойылатын талаптар
- •4.Электр жабдықтарына, электрмен жабдықтауға, байланыс пен автоматтандыруға қойылатын талаптар
- •4 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн сынау және баптау кезiнде қойылатын талаптар
- •1. Қайта жөнделген желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •2. Пайдаланудағы желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •5 Дәріс. Тақырыбы: Қара металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Қара металлургияның жалпы сипаттамасы
- •6 Дәріс. Тақырыбы: Түсті металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Түсті металлургияның жалпы сипаттамасы
- •2. Түсті металлургияда ауаға шығындыларды өндеу жолдары
- •7 Дәріс. Тақырыбы: Машина жасау кешеніндегі желдету
- •1. Машина жасау кешенінің экологиялық сипаттамасы
- •2. Машина жасау кәсіпорындарының санитарлық-қорғау белдемдері
- •8 Дәріс. Тақырыбы: Өндірістік ауаны тазарту әдістері
- •1. Әдістерінің топтастырылуы
- •2. Энергетика өндірістерінің әртүрлі шығындыларын өндеу жолдары
- •9 Дәріс. Тақырыбы: Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің жалпы сипаттамасы
- •2. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің санитарлық-қорғау белдемдері.
- •10 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн пайдалану, жөндеу, жою
- •Желдету жүйелерiн пайдалану және жөндеу кезiндегi талаптар
- •2. Желдету жүйелерiн жою кезiндегi талаптар
- •11 Дәріс. Тақырыбы: Қоршаған ортаға тиетін әсер-ықпалды бағалау
- •1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
- •2. Өнеркәсіптік желдетудың еңбек гигиенасының ережелері
- •Дәріс. Тақырыбы: «Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi
- •Өнеркәсіптік желдетудің маңызы
- •2. Өнеркәсіптік желдетуде пайдаланатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
- •2 Дәріс. Тақырыбы: "Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi
- •Техникалық регламентi қолданылу саласы
- •2 Сурет. Калориферлерді қондырудың схемасы
- •2 Құрылғы және калориферлік қондырғыны есептеу.
- •2.2 Калорифердің технико-экономикалық көрсеткіштері.
- •2.3 Жылубергіштік коэффициенті
- •2.4 Калориферлерді таңдау
- •2.5 Пневматикалық көліктің системасын есептеу
Сөж тапсырмаларының мазмұны мен әдістемелік нұсқаулары
Студенттердің өздік жұмыстарды орындаудың жалпы мақсаттары:
Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ) – бұл студенттердің нақты білім мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастыруға арналған үздіксіз ғылыми қызметі.
Студенттер берілген пән бойынша аудиториялық сабақтарының жоспарына кірмеген тақырыптарынан қосымша білімді жинақтайды.
Студенттер әдебиеттің жаңа ошақтарын меңгереді, бұл оларға НИРС (СҒЗЖ – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары) жүргізуге көмектеседі.
Оқу-тәрбиелеу үрдісі курс бойынша студенттердің өздік жұмыстарын белсендету жолдарымен құралады. Студенттердің өзіндік білімді меңгеруге дәріс жолдама береді. Дәрістерде оқытушы студенттерді өзіндік жұмыстарының тиімді тәсілдерімен, яғни материалды таңдау мен басылымдарды өңдеп үйренумен таныстырады. Оқытушы дәріс материалдарына қызығушылықтының мазмұны мен жаңалығы арқылы қалыптастырады. Дәрісте проблемалық жағдайлар тәжірибеленеді, онда бөлек сұрақтар арнайы ашылмай қалады немесе толық жіктелмейді, ал студенттер өзіндік ойлауға ұмталады.
Өзіндік жұмыстың маңызды формасы ғылыми оқытушының басшылығымен жасалатын жеке жұмыс курстық, бітіру және дипломдық жұмыстарға дайындық, ғылыми мақалаларды жариялау, ғылыми конференцияларда баяндама оқу болып табылады. Өзіндік жұмыс керекті бақылау болмаса тиімсіз болады. Сондықтан барлық академиялық сабақтарда бұл жұмыс оқытушылармен бақыланады, бакылау түрі әр түрлі болуы мүмкін: әнгімелесу, есеп беру, коллоквиум тапсыру, дәрістердің және басқа сабақтардың конспектілерін тексеру, бақылау жұмыстары мен тесттік тапсырмаларды орындау.
1. СӨЖ орындау барысында дәрістерді көрсетілген және студенттер меңгеруге тиісті теориялық материалдар бекітіледі.
2. Студенттер оқу материалдарын өзіндік талдауды және ұсынылған әдебиеттерді конспектілеп үйренуге тиіс.
3. СӨЖ теориялық білімді тәжірибелікке айналдырудың негізі болуға тиіс. СӨЖ мынандай біліктіліктер, яғни меңгерген материалды өзіндік және шығармашылық өңдеу, өзіндік көзқарасын қорғау, пікірталасып үйрену қалыптасады.
Студенттердің өздік жұмыстары кезінде оқытушы теорияны практикамен байланыстырып, студенттердің өздігінен жұмыс істеуіне жағдай туғызады, яғни студенттер жолдастарының жауаптарын тыңдап, сұрақтар қойып, өздері толықтырып отырады.
Іс-тәжірибелік жұмыстар жасау арқылы теорияны толық практика жүзінде көріп, өздігінен талдайды.
Белгілі бір уақыт аралығында студенттер өздерінің білімдерін салыстырып, теорияны тәжірибімен салыстырып қорытындылар жасайды.
СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ |
Тапсырмалардың мазмұны |
Сағат саны |
Тапсыру мезгілі |
Бақылау түрі |
1. |
Өнеркәсіптік желдету негізгі заңдары, принциптері |
30 |
4 апта |
Реферат |
|
Тапсырма 1 Желдетудің гигиеналық және физикалық негіздері |
10 |
|
Кесте |
|
Тапсырма 2 Өнеркәсіпте ауа ластағыштардың құрамын есептеу |
10 |
|
Есеп |
|
Тапсырма 3 ШРЕШ және ШРЕК есептеу |
10 |
|
Баяндама |
2. |
Ауаны негізгі өндірістік ластаушылары |
30 |
7 апта |
Реферат |
|
Тапсырма 1 Өндірісте ластанған ауаның зиянды әсері |
10 |
|
Карта |
|
Тапсырма 2 Өндірісте ауаны сақтаудың ұйымдық шаралары және құқықтық қорғау |
10 |
|
Реферат, кесте |
|
Тапсырма 3 Өндірістік санитарлық-сақтау белдемдері |
10 |
|
Есеп |
3. |
Өнеркәсіптік және тұрғын ғимараттардың аэрациясы. |
30 |
11 апта |
Реферат |
|
Тапсырма 1 Аэрацияны есептеу және басқару әдістері |
10 |
|
Есеп |
|
Тапсырма 2 Табиғи аэрация |
10 |
|
Схемалар |
|
Тапсырма 3 Жасанды аэрация |
10 |
|
Схемалар |
4. |
Желдетудің технологиялық схемалары |
29 |
14 апта |
Реферат |
|
Тапсырма 1 Ауаны тазалартудың механикалық әдісі |
10 |
|
Баяндама |
|
Тапсырма 2 Атмосфералық ауаны физика-химиялық тазарту әдісі |
10 |
|
Схемалар |
|
Тапсырма 3 Ауаны тазалартудың химиялық тазарту әдісі |
9 |
|
Схемалар |
Барлығы: |
119 |
|
|
СӨЖ-ге арналған материалдар
Тақырып бойынша өзіндік бақылау материалдары
«Ластаушы және зиянды газдарды электр сүзгімен тазарту әдістерінің сипаттамасы» тақырып бойынша конспекті, жаттығуларды құрастыру.
«Ластаушы және зиянды газдарды химиялық және термиялық тазалау әдістері» тақырыптан рефератты таңдау мен дайындау.
«Ластаушы және зиянды газдарды абсорбция әдісімен тазалау» тақырып бойынша рефератты жазу және қорғау.
«Ластаушы және зиянды газдарды хемосорбция әдісімен тазалау» тақырып бойынша жазбаша түрінде жауап беру.
«Ластаушы және зиянды газдарды адсорбция әдісімен тазалау» тақырыптан рефератты таңдау мен дайындау.
Атмосфералық ауаның құрамын көрсетіңіз.
Жұмыс аймағының ауа дегеніміз не?
Адам ағзасының терморегуляциясы нені білдіреді?
Өнеркәсіптік кәсіпорынның атмосферасындағы азот нормаланады ма?
Неге ыстық цехтарда ауыз суына аздап тұз салады?
Адам сезетін ауа қозғалысының минималды жылдамдығы қандай?
Ыстық цехтарда ауа ағындарын үрлеуде максималды шекті жылдамдығын көрсетіңіз.
Ашық жұмыс орындарында микроклимат параметрлері нормаланады ма?
Қандай әуе ортасының параметрлері өндірістегі адам сезімін анықтайды?
Зиянды заттар дегеніміз не?
Барлық зиянды заттардың адамға әсер ету дәрежесі бойынша қандай кластарға бөлінеді?
Қалыпты микроклиматтық жағдайлар деп нені айтуға болады?
Шекті микроклиматтық жағдайлардың қалыптыдан айырмашылығы неде?
Кеніштік ауа деп нені атауға болады?
Жер асты қазбаларындағы көміртегі оксидінің шекті құрамын көрсетіңіз.
Азот оксидінің адам ағзасына қауіптілігі неде?
Акролеин дегеніміз не? Оның адам ағзасына әсері қандай?
Метан газына қысқаша сипаттама беріңіз.
Метанның тұтану температурасы қандай?
Бейорганикалық кеіңстіктегі жарылуға әкелетін метанның жануның жер асты қазбаларында соған ұқасас жанудан айырмашылығы қандай?
Метан жарылғыштығының диапазоны қандай?
Жарылуға әкелетін метанның жану температурасы қандай?
Жер асты қазбаларында метанның бөліну түрлерін атаңыз.
Суфляр дегеніміз не және метанның кәдімгідей бөлінуінен айырмашылығы қандай?
Кенеттен лақтырыстың ерекшелігінеде және олар қай жерлерде болады?
Абсолютті метандылық дегеніміз не және ол қалай анықталады?
Салыстырмалы метандылық нені сипаттайды және ол қалай анықталады?
Метан бойынша қауіпті шахта категориясы қандай көрсеткішпен орнатылады?
Шахта учаскесінен, қанатынан немесе тұтас шахтадан шығатын ағымдардағы метаннның шекті құрамы.
Көмір шахталарының жер асты қазбаларындағы метанның шекті жергілікті құрамы қандай?
Шахталарда метанның жарылыс қауіпті концентрациясының жиналуын және тұтануын ескертетін қандай шаралар қарастырылады?
Шаң дегеніміз не және аэзоль мен аэрогель арасында қандай айырмашылық бар?
Шаңның қандай класы броундық қозғалыс күйінде болады және ауада тұнбайды?
Қандайй көрсеткіштер бойынша атмосферадағы шаңның шекті құрамы нормаланады?
Көмір шаңының тұтануының температуралық диапазонын көрсетіңіз?
Көмір шаңының дисперстілігі дегеніміз не және ол оның жарылғыш қасиеттеріне қалай әсер етеді?
Өлшенген көмір шаңының төменгі шекті жарылғыштығы деп нені айтуға болады?
Көмір шаңының жарылғыш қасиеттеріне кеніштік атмосфера қалай әсер етеді?
Көмір шаңының жарыуын ескертетін негізгі шараларды атап өтіңіз.
Абсолютті ылғалдылықтың салыстырмалы ылғалдылықтан айымашылығы қандай?
Салыстырмалы ылғалдылық қалай анықталады?
Әуе ағындарының қозғалыс жалдамдығын өлшеуде қандай құралдар қолданылады?
Ауа шаңдылығын бақылауда салмақтық әдістің мәні неде?
Ауа шаңдылығын бақылауда есептік әдісті қандай мақсатпен орындайды?
Н = hст + hд түрдегі тәуелділік нені анықтайды?
Белгіленген көлемнің бетімен бірдей таралатын күштер қалайаталады?
1S1 = 2S2 = const түрдегі тәуелділік нені сипаттайды?
Аэростатиканың негізгі теңдеуін жазып беріңіз.
түрдегі тәуелділік нені сипаттайды?
Көлемдік газ заңының теңдеуін жазып беріңіз.
Бернулли теңдеуі нені сипаттайды?
dP = gdz түрдегі теңдеумен қандай заң сипатталады?
Аэродинамикада қандай күштерді массалық деп атауға болады?
Ауақұбырындағы немесе оның учаскесіедегі депрессия дегеніміз не?
Әуе ағынының қандай қозғалысы ламинарлы деп аталады?
Аэродинамикада желдеткіш ағындардың қандай заңы h = RQ n тәуелділігімен сипатталады?
Желдету объектілерінің сипаттамасы дегеніміз не?
Дарси формуласы не үшін қолданылады?
түрдегі тәуелділік нені сипаттайды?
Ауаның қандай қозғалысы турбуленттіге тән?
Әуе ағындарының негізгі түрлерін атап беріңіз.
Вейсбах формуласы не үшін қоладнылатынын көрсетіңіз.
Тегіс құбырлары үшін жергілікті кедергі коэффициенті қандай тәуелділікпен табылады?
Жергілікті кедергі дегеніміз не?
Ағынның кенеттен қысылуына байланысты өктемнің шығыны қалай анықталады?
п = k 2 тәуелділігі қайда қолданылады?
Кедір-бұдыр құбырлардың кенеттен кеңеюіне байланысты жергілікті кедергі коэффициентін анықтау үшін тәуелділікті жазыып беріңіз.
түрдегі тәуелділік нені сипаттайды?
Аэродинамикалық моделдеу үрдісі қандай кезеңдерден тұрады?
Табиғи тарту күші дегеніміз не?
Ластаушы заттар шығаратын кәсіпорындар мен тұрғын үйлер аралығында қандай аймақ болу керек?
Құрғақ тозаңұстағыштарда ластанған ауа қалай тазаланады?
Ластанған газдың құрамын білу үшін қандай құралдар пайдаланады?
Атмосфералық ауа жағдайын бақылайтын мекеме:
Кәсіпорындардың территориясынын ауасында зиянды заттардың мөлшерін бақылайтын орган:
Тұрақты нүктелерде атмосфералық ауа қалай тексеріледі?
І классқа жататын өте кауіпті заттар: __________________
ІІ классқа жататын кауіпті заттар: ______________
ІІІ классқа жататын кауіптілігі аз заттар: _____________________
Санитарлық-қорғау белдемдері қандай мақсатпен құрастырылады?