- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Техникалық пәндер кафедрасы
- •Оқытушы туралы мәлімет
- •Бағалау саясаты
- •Сөж тапсырмаларының мазмұны мен әдістемелік нұсқаулары
- •Тесттер
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған материалдар
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
- •Дәрістік кешені
- •1 Дәріс. Тақырыбы: «Өнеркәсіптік желдету» пәніне кіріспе
- •Желдету туралы түсінік
- •Желдетудің түрлері
- •1 Сурет. Ағынды желдету
- •2 Сурет. Тартқыш желдету
- •3 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн жобалау, дайындау және орнату (құрастыру) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
- •1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
- •2.Шаңсыздандыру жабдығына қойылатын талаптар
- •4.Электр жабдықтарына, электрмен жабдықтауға, байланыс пен автоматтандыруға қойылатын талаптар
- •4 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн сынау және баптау кезiнде қойылатын талаптар
- •1. Қайта жөнделген желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •2. Пайдаланудағы желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •5 Дәріс. Тақырыбы: Қара металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Қара металлургияның жалпы сипаттамасы
- •6 Дәріс. Тақырыбы: Түсті металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Түсті металлургияның жалпы сипаттамасы
- •2. Түсті металлургияда ауаға шығындыларды өндеу жолдары
- •7 Дәріс. Тақырыбы: Машина жасау кешеніндегі желдету
- •1. Машина жасау кешенінің экологиялық сипаттамасы
- •2. Машина жасау кәсіпорындарының санитарлық-қорғау белдемдері
- •8 Дәріс. Тақырыбы: Өндірістік ауаны тазарту әдістері
- •1. Әдістерінің топтастырылуы
- •2. Энергетика өндірістерінің әртүрлі шығындыларын өндеу жолдары
- •9 Дәріс. Тақырыбы: Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің жалпы сипаттамасы
- •2. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің санитарлық-қорғау белдемдері.
- •10 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн пайдалану, жөндеу, жою
- •Желдету жүйелерiн пайдалану және жөндеу кезiндегi талаптар
- •2. Желдету жүйелерiн жою кезiндегi талаптар
- •11 Дәріс. Тақырыбы: Қоршаған ортаға тиетін әсер-ықпалды бағалау
- •1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
- •2. Өнеркәсіптік желдетудың еңбек гигиенасының ережелері
- •Дәріс. Тақырыбы: «Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi
- •Өнеркәсіптік желдетудің маңызы
- •2. Өнеркәсіптік желдетуде пайдаланатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
- •2 Дәріс. Тақырыбы: "Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi
- •Техникалық регламентi қолданылу саласы
- •2 Сурет. Калориферлерді қондырудың схемасы
- •2 Құрылғы және калориферлік қондырғыны есептеу.
- •2.2 Калорифердің технико-экономикалық көрсеткіштері.
- •2.3 Жылубергіштік коэффициенті
- •2.4 Калориферлерді таңдау
- •2.5 Пневматикалық көліктің системасын есептеу
2 Дәріс. Тақырыбы: "Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi
Жоспар:
Техникалық регламентiнің қолданылу саласы
2. Техникалық регламентте пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар
Техникалық регламентi қолданылу саласы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 2 наурыздағы N 234 қаулысымен бекiтiлген.
1. Осы "Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) өнеркәсiптiк өндiрiс объектiлерiнде қолданылатын желдету жүйелерiне және олардың құрамаларына қолданылады.
2. Желдету жүйесiнiң құрама бөлiктерiнiң (дайын өнiмнiң) сәйкестендiрiлуi қосымшада келтiрiлген Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының кодтарын (бұдан әрi - СЭҚ ТН) пайдалану жолымен анықтау үшiн жеткiлiктi жиынтық ретiнде таңбалау және жолдама құжаттар бойынша, белгiлерi, шарттары, көрсеткiштерi мен талаптары бойынша жүргiзiледi.
3. Осы Техникалық регламент ұйымдардың мынадай:
1) өндiрiстерi А және Б өрт қауiптiлiгi санаттарына жатқызылған;
2) радиоактивтi заттарды өндiрумен және сақтаумен байланысты;
3) жер асты тау-кен жұмыстары;
4) ерекше мақсаттағы желдету жүйелерiне қолданылмайды.
4. Желдету жүйелерi мен құрама бөлiктерiн қолданумен байланыстыжәне құрылымдық қасиеттерi мен сипаттамаларына, сондай-ақ дайындау, құрастыру, сынау, баптау, өндiру үдерiстерiн ұйымдастыруға, пайдалануға және жөндеуге қойылатын талаптарға тәуелдi тәуекелдер мыналарға:
1) ауыр зардаптар әкелетiн желдету жүйенiң құрама бөлiктерiнiң сыну;
2) дайындау, құрастыру, сынау, баптау, пайдалану және жөндеу, сонымен қатар өндiру үдерiстерiн келiспей ұйымдастыру кезiнде механикалық зақым алу;
3) электрлiк тоқпен зақымдану;
4) желдету жүйенiң жауаптылық аумағында ауаның жоғары немесе төменгi температурасымен байланысты аурулардың пайда болу;
5) желдету жүйесiн пайдалану және оны одан әрi пайдаға асыру кезiнде қоршаған ортаны ластау тәуекелi болып бөлiнедi.
5. Келтiрiлген тәуекелдердi төмендетудi жобалау, дайындау, құрастыру, сынау, баптау, пайдалану, жөндеу және желдету жүйелерi мен олардың құрамаларын одан әрi пайдаға асыру сатыларында жүргiзiледi.
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. «Өндірістік желдеткіш»: студенттерді өндірістік желдеткіштерді жобалау практикалары мен теория негіздері бойынша білім жүйелерін қалыптасуымен, ғылыми негіздермен, техникалық құралдармен және практикалық құру тәсілдерімен және қалыпты атмосфералық шарттарды көтеру мен ауа тазалықтарын жұмыс орындары мен адамдардың өмір сүру аймақтарымен таныстырады.Өндірістік желдеткіштердің негізгі бағыттары бойынша студенттерді дайындау, есептер дағдыларымен танысу және өндірістік желдеткіштер жүйесін жобалау.
Бұл пәнді үйрену негізінде 050731 «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес студенттер мыналарды білуі тиіс:Өндірістік желдеткіштердің есептерін шешу әдістері, желдеткіш ағындарының қазіргі заманғы аэромеханикалық жағдайлары, желдеткіш құралдарының жұмыс орындарында атмосфералық жағдайларды құру;Істеп білу керек: жобалау есептерін шешу мен өндірістік объектілер желдеткіштерін басқару, желдеткіштердің практикалық сұрақтарын шешу кезінде ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістерін үйрену, есептік сұлбалар құрастыру және ғимараттарды желдету тәсілдері, ауа өткізгіштердің аэродинамикалық параметрлерін есептеу, ауаның талап етілген санын анықтау.
Практикалық дағдыларды болу керек: оқу және арнайы әдебиеттермен өзіндік жұмыстар жасау, желдету есептерін шешу және қою, практикалық жұмыстарды қазіргі заманға сай құралдармен бақылау және желдетуді басқару. Құзіретті болу:
өндірістік желдеткіштердің есептерін шешу әдістерін қолдану кезінде;
желдеткіш ағындарының қазіргі заманғы аэромеханикалар сұрақтарында, желдеткіш құралдарымен жұмысшы орындарында атмосфералық жағдайлар құру тәсілдері мен құралдары.
есептік сұлбаларды құрастыру кезінде және кәсіпорындар мекемелерін желдету тәсілдері;
ауа өткізгіштердің аэродинамикалық есептері кезінде және ауаның талап етілген анықтауларын өндірістік мекемелерде желдету үшін.
Ауа адам үнемі табылатын орта, олардың құрамына адамның өзін-өзі жақсы сезінуі мен денсаулығы байланысты. Азоттың, оттегінің, көмір сутегі газы мен ауадағы инертті газдардың құрамында шаңдар, газ тәріздес және аэрозольды қоспалар болады, олардың бәрі адамның өндірісті қызметтерімен байланысты.Тартылу көздеріТабиғи тартылыс. Оларды қолдану салалары. Есептеулер мен табиғи тартылыстарды өлшеу. Желдеткіш желілеріндегі желдеткіштердің жұмысы. Желдеткіштер сипаттамалары.Жұмыстың үнемділігі мен тұрақтылығы. Жалпы желдеткіш желілеріндегі желдеткіштердің біріккен жұмыстары. Желдеткіштерді өндірістік есептікмоделдері.
Желдеткіш желілері
Желдеткіш біріктірулерінің жіктемелері. Желдеткіш желілерінің заңдары. Ауа жібергіштердің тізбектелген, параллель есептерін біріктіру. Ауыр желдеткіш біріктірулерінің есептері. Басқы магистральды бағыттардың таңдау негіздеріндегі желдету желілерінің есептері. Желдеткіш желілері мен олардың қайта қалыптасуларының есептік моделдері.Желдеткіш желілеріндегі ауаны тататуды басқаруЖелдеткіштің жұмыс режимін желдеткіш желілерінде өзгертумен ауа шығындарын реттеу, тармақтар қарсылықтарының азаюы немесе жоғарылауы, осы тәсілдердің комбинациялары. Ауаны үлестіру шығындары мен олардың сипаттамаларының техникалық құралдарын реттеу. Желдеткіштерді таңдау үшін қысым көлемдерін анықтау. Желдеткіш желілеріндегі ауа ағындарының өзара байланыстары. Ауаның басқарылатын ағындарының реттегіштерге әсер ету бағалары.Жергілікті сору желдетулері. Жергілікті сорудың негізгі талаптары. Жергілікті соруларға конструктивті және тазалық-гигиеналық талаптар. Ашық, жартылай жабық және жабық түрлердің жергілікті сорулары. Оларды қолдану салалары. Әр түрлі түрлердің жергілікті соруларындағы бөлінген сандарды анықтау. Жергілікті сорулардың әсерінің бағалары.
Жергілікті құйылмалы желдеткіш. Әуелік жандар. Қолдану сапалары. Жобалау нормалары. Әуелік оазистер. Әуелік перделер. Әсер ету принциптері, тағайындаулар мен қолдану салалары. Әуелік перделер конструкциялары. Әуелік перделер есептемелері.
Техникалық зерттеулер мен желдету жүйелерін пайдалану
Зерттеулер мен желдеткіш жүйелерін жөнге келтіру. Діріл және шулармен күрес. Шуды қалыпқа келтіру. Өртке қарсы және жарылыс қауіпті шаралар. Желдеткіш және техникалық лақтыруларды тазалау. Желдеткіш жүйелері мен олардың тиімділік бағаларын бақылау.
Отынның жекелеген түрлерінің қысқаша сипаттамасы.
1. Ағаш, шымтезек, қазбалы көмір.
2. Тас көмір, антрацит, жанғыш сланец.
3. Мұнай және оның өнімдері.
Ағаш
(отын ағаш) пештерде жағылатын отынның
кең тараған түрі болып табылады. Бірақ
соңғы уақытта ағашты отын ретінде
қолдану шегерілуде, себебі ол химиялық,
қағаз шығару, жиһаз шығару сияқты
өнеркәсіп салаларына арналған бағалы
шикізат болып табылады. Ағаштың жану
жылулығы С)
H
Дж/кг, басым бөлігінде МУР ылғалдылығына
тәуелді. Мысалға М\Т
=
30% болғанда жану жылулығы С>
H=1200
кДж/кг, ал 10
=
50% болғанда <3
H=8400
кДж/кг-ға тең. Ағаш (ағаш қалдықтары)
шағын қазандық қондырғыларында, жануы
қиын отын түрлерін қолданатын пештер
мен қазандықтарды қыздыруға қолданылады.
Бұл ағаштағы ұшқыр заттардың көп болуымен
(85%-ға дейін) түсіндіріледі.
Шымтезек. Шымтезек бұл өсімдік заттарының шіруінен пайда болған өнім. Өндірілуі әдістеріне байланысты шымтезек кесектік (машиналық және гидрошымтезек) және фрезерлік (ұнтақ) болып бөлінеді. Жоғарғы ылғалдық (50%- ға дейін) және жану температурасының төмендігіне (8500-1500 кДж/кг) байланысты шымтезекті тасымалдау тиімсіз, сондықтан да жергілікті отын ретінде қолданылады. Шымтезек құрамындағы ұщқыр заттар 70%- ға дейін болады. Ашық қоймада сақтау кезінде шымтезек өзінен-өзі өртенуі мүмкін.
Қазбалы көмір. Негізгі үш түрге бөлінеді: қоңыр көмір, тас көмір және антрациттер. Қоңыр көмір ең төменгі сұрыпты болып табылады. Онда көптеген минералды қоспалар, ұшқыр заттарбар және өздігінен жанып кетуге бейім. Қоңыр көмірдің жану жылулығы 10500-16000 кДж/кг.
Тас көмір қатты отын ішінде ең бағалысы. Ұщқыр заттардың мөлшеріне, құрғақ айдау кезінде алынатын кокс сипатына байланысты көмір келесі маркілерге бөлінеді: Д-ұзынжалынды, Г-газдық, ПЖ-майлы булық, ПС-топтаспалы булық, Т-жіңішке. Тас көмірдің жану жылулығы 25000-28000 кДж/кг.
Антрацит дегеніміз геологиялық жасы бойынша қазбалы көмір түрлерінің ең кәрісі, оның құрамында көміртегі көп болады. Антрациттің жану жылулығы 25500-29700 кДж/кг.
Жанғыш сланец су астында ауа енуінсіз жануар және өсімдік организмдерінің шіру өнімі. Олар құрамында ұшқыр заттардың көп болуымен (80% шамасында) және жоғарғы күлділігімен (А=50-55%) сипатталады. Сланец ылғалдылығы 15-20%, жану жылулығы 6300-9800 кДж/кг. Сланецті газ және сұйық отын өндірілетін шикізат ретінде пайдалаған тиімді.
Сұйық отын. Жылу қондырылғыларында сұық отын ретінде мазут жағылады. Ол мұнайды өндеуде қалатын қалдық өнім. Мазуттың жану жылдамдылығы 38500-39000 кДж\кг. Энергетикада отын ретінде мазуттың үш маркісі қолданылады – 40, 100, 200. Мазуттың маркісі шектік жабысқақтығымен анықталады.
Мұнай және оның өнімдері көміртегінің (с=84...86%) және сутегінің (Н=10...12%) көптілігімен ерекшеленеді; ішкі цилиндр циклонының басқа барлық қосалқы бөліктері сыртқа түтін шығару трубасына шығады.
Ылғал шаңұстағыштардың (скруббер) тазарту дәрежесі 85-90% олардың ереклелігі ауланатын бөлшектердің сұйықтықпен ұсталуы және одан соң қондырғыдан шлам түрінде шығарылуы болып табылады. Ылғал шаңұстағыштардағы щаңды ұстау процесіне конденсациялық нәтиже әсер етеді. Конденсациялық нәтиже бөлшектерді су будың конденсациялау есебінен алдын ала үлкейту арқылы іске асырылады. Скруббердің тазалу дәрежесі 97% - ға тең.
Шаңданған ауаны орташа және нәзік тазалау үшін әр түрлі мата фильтрлер нәтижелі түрде қолданылады, мысалы жеңдік фильтр. Электрофильтрдың жұмыс жасау қағидасы, шаң бөлшектері ауа мен бірге электр өрісінен өткен кезде, зарядталып және бір-біріне тартылып, электродтарға шөгінуге негізделген. Шөккен шаң бөлшектері электродтардан механикалық жолмен алынады. Ультрадыбысты шаңұстағыштарда шаң бөлшектерінің қатты дыбыс ағыны әсерінен коагуляциялану мүмкіндігі пайдаланылады, бұл ауадан ағрадальдерді аулауға өте маңызды. Бұл қауыздар бункерге түседі. Дыбыстық әсер сиренамен тудырылады. Бізде шығарылатын сиренар өткізу мүмкіндігі 15000 м/с – а дейінгі шаңтазалау қондырғыларында пайдаланылады.
Сорғыш желдеткіш арқылы атмосфераға тасталатын, цехтар мен өнеркәсіп мекемелерінде ауаны тазалауға арналған, жоғарыда көрсетілген құрылғылар, қаланың ау бассейінін ластанудың алдын алуға қолданылатын фильтрлермен шаңұстағыштардың барлық түрлері емес.
Газдарды тазалау және сүзу
1.Газдарды қатты бөлшектерден тазалау.
2. Газдарды сүзу.
3. Атмосфералық ауадағы ПДКның тұжырымдамасы.
Газды қатты бөлшектерден тазалау, мысалға шаң, қалың мақта қабатынан немесе басқада газ әсер етпейтін заттардан сүзу арқылы жүзеге асырылады.
Газдар үшін сүзу заттары болып кварцты шынылы мақта, шыныталшықтар, шыны негізіндегі көптеген синтетикалық материалдар қолданылады. Бұл заттар арқылы жоғарғы температураға дейін қыздырылған газдарды сүзуге болады. Газдарды сүзу үшін мақтамен толтырылған сіңіргіш калонканы немесе Б тәрізді хлоркальцилі трубаны қолдану өте ыңғайлы. Газды мақтамен немесе астбестпен толтырылған кең шыны трубамен сүзуге болады. Шаңның дисперсиялық құрамын есептеудің біріңғай тәсілі бекітілген.
Біздің елді мекендерде атмосфералық ауадағы біріңғай ПДК (шектік рұқсат шоғырлануы) бекітілген. Атмосфералық ауадағы біріңғай ПДК арнайы формуламен есептеледі (1). Атмосфералық ауадағы бірдей әрекетке, бірнеше заттар болған кезде, (1) формуламен есептеген кезде шоғырлану сомасы бірліктен аспау керек.
Ауадағы заттардың іс жүзіндегі шоғырлануы ПДК1; ПДК2; ПДК - осы заттардың шектік рұқсат шоғырлануы. Атмосфералық ауада бір ауақытта болу кезіндегі, әр түрлі заттардың ПДК-ы әрқайсысына жеке сақталады:
1) көміртегі тотығы және күкіртті ангидрид;
2) көміртегі тотығы, азот диоксиді және күкіртті ангидрид;
3) күкіртті сутегі және күкіртті көміртегі;
4) фтальді ангидрид, маленинді ангидрид және 1-наптихиман.
Ауаға зиянды заттар тасталған кезде қала шетіндегі жасыл аймақтар және санитарлы күзетті курорт аймағындағы зиянды заттардың жиынтық ПДК-ы 0,8-ге дейін төмендейді.
Атмосферадағы зиянды неорганикалық заттардың ПДВ, ТМД елдеріндегі мөлшері, жергілікті гидрометқызметі және табиғатты қорғау органдарымен, ландшафтық метеорологиялық жағдайларды ескере отырып бекітіледі.
Ластайтын заттардың атмосфераға тасталу параметрі
1. Метеорологиялық шарттар.
2. Жалпылай болжамның дәлелдену бағасы.
3. Ауа ластануының дәлелдену бағасы.
Ауаның жоғары мөлшерде ластануын анықтайтын метеорологиялық шарт бірнеше элементтен тұрады. Ауа ластану болжамының дәлелденуін бағалау үшін, әрбір элементтің жекелей бағалау керек. Тұман мен желдің бағытын, жылдамдығын болжау, қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес бағаланады. Болжанған шарттар орындалғанда немесе олардың іске асу уақытынан ауытқуы рұқсат етілген шектен аспаған жағдайда ғана, ескерту «Дәлелденді» деген баға алады. Қала бойынша ауа ластануының үш тобының біреуі болжанады жоғарғы (Р > 0,35) жоғарылау (0,35 > Р > 0,20) және (Р < 0,20). Болжамдар келесі мәтінде хабарланады «бүгін (ертең) 24 желтоқсанда ауа ластануы жоғары деңгейде болады. Қоптеген жерлерде көміртегі тотығының шоғырлануы 3 ПДС–н асады, күкіртті газ шоғырлануы 1,5-2 ПДК және т.б.
Деңгейің дәлелдену бағасы 1 кестеге сәйкес. Болжам жүйесінің тиімділігін бағалау кезінде, Р параметр радиациясының қайталануынан, ауа ластану топтарының дәлелдемелі болжамдарының асып түсуінің ескеру керек, осы жағдайда болжам дәлелденген болып саналады. 1-і топты болжам дәлелденгендегі градацияның қайталануы (Р >0,30) 15-20% құрайды.Желдеткіштік және технологиялық қоқыстарды санитарлық тазалауӨнеркәсіптік кәсіпорындарда ауа тазалауды өткізу жөніндегі мәлімет.Желдеткіштік және технологиялық қоқыстарды шаң мен тұман бөлшектерінен тазалау қондырғылары.Қиыстырмалы шаңұстағыштар.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда цехтар мен бөлімдерге келетін ауа ғана емес, сонымен қатар олардан шығатын ауада, өнеркәсіп аймағындағы және оған жақын жатқан тұрғын кварталдарға ауа ластануын болдырмау сматында тазаланады.
Өнеркәсіптік бөлімдердің жалпы алмасу желдеткіштерінен және жергілікті ауа соры жүйесінен атмосфераға шығарылатын ауа, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормасына сәкес СНиП2.03.05-86, тазалануы және атмосфераға жайылуы керек.
1 КАЛОРИФЕРЛІК ҚОНДЫРҒЫНЫ ЕСЕПТЕУ
1.1 Калориферлердің типтері
Ауаны қыздыру үшін үстемді түрде болат пластинді және биметалликалық спиральді-дөңгелек қабырғалы калорифер пайдаланылады.
Пластиналық калорифердің жылубергіштік беті 16*12 мм диаметрлі болат құбырдан және бір бірінен 4,8 мм ара-қашықтықта отырғызылған қалыңдығы 0,55 мм темір гофрировать етілген пластинадан жасалған.
Осы уақытта өндіріс калорифердің ауа қозғалысына бағыттас 3 және 4 жылуөткізгіш құбыршадан тұратын орташа С және үлкен Б типтерін (1 сурет) шығарады:
КВСБ-П және КВББ-П моделді №6-дан №12ні қоса жеті типоөлшемді калориферлер : КВС6В... КВС12Б-П – болатты және пластикалық.
КСк3 және КСк4 моделді №6-дан №12ні қоса жеті өлшем типті калориферлер: КСк3-6... КСк3-12; КСк4-6...КСк4-12 - спиральді-дөңгелек қабырғалы бейметалл.
КПС-П және КПБ-П моделді №6-дан №12ні қоса жеті өлшем типті калориферлер: КПС6-П...КПС12-П; КПБ6-П...КПБ12-П – болат пластиналық;
КП3-СК және КП4-СК моделді №6-дан №12ні қоса жеті өлшем типті калориферлер: КП36-СК...КП312-СККП46-СК...КП412-СК – спиральді-дөңгелек қабырғалы бейметалл.
Сурет 1. Калорифер
КВСБ-П маркалы болат пластиналы калорифер:
1 – жалғастырғыш штуцер;
2 – жылутасығыш өтетін трубка;
3 – құбырлы шатыр;
4 – коллекторлық қақпақ;
5 – трубканың барлық бойымен гофририрленген болат пластиналар;
6 – бүйір қалқанша.
Калорифердің технико-экономикалық көрсеткіштері.
Калориферлердің барлық моделдері параллель немесе тізбектей қондырылуы мүмкін (2 сурет). Азғантай температура төмендеу кезінде айтарлықтай ауа көлемін жылыту үшін параллель қондырғы пайдаланылады. Калорифераны қыздырып температурасын көтеру қажет болған жағдайда тізбектей қондырылады. Калорифердің жылубергіштігін және температура өзгерісінің бөлме ауасына берілетінін реттеу үшін сай келетін арматура пайдаланып, клапан қондырылған ауажол жасайды. Құбыржолды калориферге жалғастыру параллельді және тізбектей схемамен жүзеге асады. Жылу тасығышта – параға тек параллельді схеманы пайдаланылады.
Калорифердің технико-экономикалық көрсеткіштері боп жылубергіштік коэффициенті, ауа өтуіне аэродтнамикалық кедергі мен қызатын бетінің 1м2-қа келетін ауданының металл массасы.
