- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Техникалық пәндер кафедрасы
- •Оқытушы туралы мәлімет
- •Бағалау саясаты
- •Сөж тапсырмаларының мазмұны мен әдістемелік нұсқаулары
- •Тесттер
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған материалдар
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
- •Дәрістік кешені
- •1 Дәріс. Тақырыбы: «Өнеркәсіптік желдету» пәніне кіріспе
- •Желдету туралы түсінік
- •Желдетудің түрлері
- •1 Сурет. Ағынды желдету
- •2 Сурет. Тартқыш желдету
- •3 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн жобалау, дайындау және орнату (құрастыру) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
- •1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
- •2.Шаңсыздандыру жабдығына қойылатын талаптар
- •4.Электр жабдықтарына, электрмен жабдықтауға, байланыс пен автоматтандыруға қойылатын талаптар
- •4 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн сынау және баптау кезiнде қойылатын талаптар
- •1. Қайта жөнделген желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •2. Пайдаланудағы желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •5 Дәріс. Тақырыбы: Қара металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Қара металлургияның жалпы сипаттамасы
- •6 Дәріс. Тақырыбы: Түсті металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Түсті металлургияның жалпы сипаттамасы
- •2. Түсті металлургияда ауаға шығындыларды өндеу жолдары
- •7 Дәріс. Тақырыбы: Машина жасау кешеніндегі желдету
- •1. Машина жасау кешенінің экологиялық сипаттамасы
- •2. Машина жасау кәсіпорындарының санитарлық-қорғау белдемдері
- •8 Дәріс. Тақырыбы: Өндірістік ауаны тазарту әдістері
- •1. Әдістерінің топтастырылуы
- •2. Энергетика өндірістерінің әртүрлі шығындыларын өндеу жолдары
- •9 Дәріс. Тақырыбы: Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің жалпы сипаттамасы
- •2. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің санитарлық-қорғау белдемдері.
- •10 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн пайдалану, жөндеу, жою
- •Желдету жүйелерiн пайдалану және жөндеу кезiндегi талаптар
- •2. Желдету жүйелерiн жою кезiндегi талаптар
- •11 Дәріс. Тақырыбы: Қоршаған ортаға тиетін әсер-ықпалды бағалау
- •1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
- •2. Өнеркәсіптік желдетудың еңбек гигиенасының ережелері
- •Дәріс. Тақырыбы: «Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi
- •Өнеркәсіптік желдетудің маңызы
- •2. Өнеркәсіптік желдетуде пайдаланатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
- •2 Дәріс. Тақырыбы: "Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi
- •Техникалық регламентi қолданылу саласы
- •2 Сурет. Калориферлерді қондырудың схемасы
- •2 Құрылғы және калориферлік қондырғыны есептеу.
- •2.2 Калорифердің технико-экономикалық көрсеткіштері.
- •2.3 Жылубергіштік коэффициенті
- •2.4 Калориферлерді таңдау
- •2.5 Пневматикалық көліктің системасын есептеу
2. Желдету жүйелерiн жою кезiндегi талаптар
Желдету жүйелерiн жою желдету жүйелерiн қайта монтаждау жоба құжаттары негiзiнде жүргiзiледi. Жұмыстар өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша жобалық шешiмдердi орындауды қамтамасыз ететiн жоспарларға сәйкес жүргiзiледi.
а. Сәйкестiк презумпциясы. Үйлестiрiлген стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалып, қолданылатын желдеткiш жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртiпте бекiтiлiп, осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес деп есептеледi.
Желдеткiш жүйесi стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттар бойынша, егер олардың талаптары осы Техникалық регламенттiң талаптарынан төмен болмаған жағдайда дайындалуы мүмкiн.
б. Сәйкестiктi растау. Желдеткiш жүйелерiнiң сәйкестiгiн растау техникалық басқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
с. Техникалық регламенттi қолданысқа енгiзу мерзiмдерi мен шарттары
Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтiк актiлер оларды техникалық регламентпен сәйкестендiргенге дейiн техникалық регламентке қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
Техникалық регламентке қосымша
Техникалық регламент әрекетiне түсетiн, желдету жүйелерiнiң құрамдас бөлiктерiнiң тiзiмi
Р/с N Атауы СЭҚ ТН кодтары
Ортатеппе желдеткiштер 8414 59 000 0
Шүлдiк желдеткiштер 8414 59 200 0
Тартпа шкафтар 8414 60 000 0
Ауаны сүзу және тазалау үшiн
құрылғылар және жабдық 8421 39 200
11 Дәріс. Тақырыбы: Қоршаған ортаға тиетін әсер-ықпалды бағалау
Жоспар:
1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
2. Өнеркәсіптік желдетудың еңбек гигиенасының ережелері
1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Қоршаған орта – барлық тіршілік иелерінің негізгі мекені. Халық деңсаулығының жай-күйі және мекен ортасының өзгерістерін бағалаудың критерийлері.
Қазіргі кездегі экология ғылымы ғаламдық барлық ғылымдардың салаларына араласа отырып экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелердің негізін қамтитын, соның ішінде қоғам мен адамның ара-қатынасының себептерін анықтайтын күрделі ғылым.
2. Өнеркәсіптік желдетудың еңбек гигиенасының ережелері
Өнеркәсіптік өндірісті еңбек гигиенасына қатысты дамытудың қазіргі заманғы кезеңінде өндірістік желдеткіштер елеулі рөл атқарады. Оның маңыздылығы өндірістік үй-жайлардың ауасына қоршаған орта факторлары мен еңбек процесінің адам организміне әсер етуін азайтатын немесе болдырмайтын өлшемдерді тән ететін неғұрлым тиімді іс-шаралардың бірі болып табылатындығымен айқындалады.
Шамалары елеулі дәрежеде желдеткіштің тиімділігі және ұтымдылығымен айқындалатын факторлар: зиянды химиялық заттар, өндірістік шаң, ауаның температурасы, ылғалдылығы мен қозғалысының жылдамдығы. Сондай-ақ кәсіпорындардың еңбекті қорғауға бөлетін қаражатының негізгі бөлігі желдеткіш жабдықтарды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатынын атап айтқан жөн.
Сонымен бірге, еңбекті қорғау саласындағы практика көрсеткендей, жекелеген жағдайларда желдеткіш жабдықтар дұрыс орнатылмағандықтан немесе дұрыс пайдаланылмағандықтан, оларды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатын қаражат өзін өзі ақтамайды.
Кәсіпорын аумағында таза ауаны сақтау - жабдықтарды цехтарды желдету үшін қолдану және жұмыс орындарында қолайлы жағдай жасау үшін пайдаланудың негізгі шарты.
Шығарылатын ауаны қоспалардан тазарту дәрежесінің коэффициентін айқындау (зиянды заттар концентрациясы мен тазартқанға дейінгі, тазартқаннан кейінгі зиянды заттар концентрациясының процентпен көрсетілген арақатынасы) ауаны тазарту қондырғыларының жұмыс істеуінің негізгі техникалық сипаттамалары болып табылады.
Павлодар облыстық филиалы желдеткіш қондырғылардың өнімділігін және үй-жайлардан шығарылатын ауаны тазарту қондырғыларының тазалау тиімділігін айқындауға байланысты барлық жұмыс түрлерін жүргізеді. Филиал мамандарының осы бағыттар бойынша көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері белгіленген нысандарда ресімделеді.
