- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Техникалық пәндер кафедрасы
- •Оқытушы туралы мәлімет
- •Бағалау саясаты
- •Сөж тапсырмаларының мазмұны мен әдістемелік нұсқаулары
- •Тесттер
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған материалдар
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
- •Дәрістік кешені
- •1 Дәріс. Тақырыбы: «Өнеркәсіптік желдету» пәніне кіріспе
- •Желдету туралы түсінік
- •Желдетудің түрлері
- •1 Сурет. Ағынды желдету
- •2 Сурет. Тартқыш желдету
- •3 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн жобалау, дайындау және орнату (құрастыру) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
- •1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
- •2.Шаңсыздандыру жабдығына қойылатын талаптар
- •4.Электр жабдықтарына, электрмен жабдықтауға, байланыс пен автоматтандыруға қойылатын талаптар
- •4 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн сынау және баптау кезiнде қойылатын талаптар
- •1. Қайта жөнделген желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •2. Пайдаланудағы желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •5 Дәріс. Тақырыбы: Қара металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Қара металлургияның жалпы сипаттамасы
- •6 Дәріс. Тақырыбы: Түсті металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Түсті металлургияның жалпы сипаттамасы
- •2. Түсті металлургияда ауаға шығындыларды өндеу жолдары
- •7 Дәріс. Тақырыбы: Машина жасау кешеніндегі желдету
- •1. Машина жасау кешенінің экологиялық сипаттамасы
- •2. Машина жасау кәсіпорындарының санитарлық-қорғау белдемдері
- •8 Дәріс. Тақырыбы: Өндірістік ауаны тазарту әдістері
- •1. Әдістерінің топтастырылуы
- •2. Энергетика өндірістерінің әртүрлі шығындыларын өндеу жолдары
- •9 Дәріс. Тақырыбы: Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің жалпы сипаттамасы
- •2. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің санитарлық-қорғау белдемдері.
- •10 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн пайдалану, жөндеу, жою
- •Желдету жүйелерiн пайдалану және жөндеу кезiндегi талаптар
- •2. Желдету жүйелерiн жою кезiндегi талаптар
- •11 Дәріс. Тақырыбы: Қоршаған ортаға тиетін әсер-ықпалды бағалау
- •1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
- •2. Өнеркәсіптік желдетудың еңбек гигиенасының ережелері
- •Дәріс. Тақырыбы: «Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi
- •Өнеркәсіптік желдетудің маңызы
- •2. Өнеркәсіптік желдетуде пайдаланатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
- •2 Дәріс. Тақырыбы: "Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi
- •Техникалық регламентi қолданылу саласы
- •2 Сурет. Калориферлерді қондырудың схемасы
- •2 Құрылғы және калориферлік қондырғыны есептеу.
- •2.2 Калорифердің технико-экономикалық көрсеткіштері.
- •2.3 Жылубергіштік коэффициенті
- •2.4 Калориферлерді таңдау
- •2.5 Пневматикалық көліктің системасын есептеу
2. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің санитарлық-қорғау белдемдері.
Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу электрстанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен мұнай-химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндіру кәсіпорындар жатады.
Жылу электрстанцияларының қылдықтары жағатын отынға, оның химиялық құрамына және жағу әдістеріне байланысты болады.
Көмір жаққанда ауаға күл, күйе, шаң-тозаң қосылады. Мысалы, Қарағанды көмірімен салыстырғанда Екібастұз көмірінің күлі көп. Қуаты орташа жылу электрстанциялары ауаға сағат сайын 5 тонна күкіртті түтін мен 16-17 тонна күл қосады.
Ауа бассейннің күкіртті газбен және шаңмен ластаушы жылу электр станциялары (ЖЭС). Қуаты орташа жылу электр станция 1 сағатта 80 т көмір жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкіртті ангидрид және 16-17 т күл бөледі. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететін отынның сапасы, жағу әдістері, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетін құбырлардың биіктігі. ЖЭС газға көшіру зиянды қалдықтар мөлшерін біршама азайтады.
Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды әсерін тигізеді.
10 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн пайдалану, жөндеу, жою
кезiндегi талаптар
Жоспар:
1. Желдету жүйелерiн пайдалану және жөндеу кезiндегi талаптар
2. Желдету жүйелерiн жою кезiндегi талаптар
Желдету жүйелерiн пайдалану және жөндеу кезiндегi талаптар
Өнеркәсiптiк кәсiпорындардағы желдету жүйелердiң тоқтаусыз және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн оларды дұрыс және үнемi пайдалану жүзеге асырылады, және келесi қарастырылады:
1. желдету жүйелерге қызмет көрсету үшiн бiлiктi құрамның болуы;
2. ауа ортасының жағдайын мезгiл-мезгiл тексерудi жүргiзу;
3. желдету жұмысының тиiмдiлiгiн анықтау және оны баптау бойынша жұмысты жүргiзу;
4. жөндеу жұмыстарын жүргiзу арқылы желдету жүйелердiң техникалық жағдайының жұмыс қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету.
Әр бiр желдету қондырғысының жұмыс режимi әр бiр жекелеген желдетiлетiн бөлме бойынша Технологиялық регламент мазмұнына келесiлер кiредi:
1) желдету қондырғысының және оның жекелеген құрылғылардың дұрыс жағдайының сипаттамасы;
2) жұмыс орындарындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және есеп температуралары;
3) әр бiр желдету қондырғысының желдеткiштiң айналу сандары және өнiмдiлiгi;
4) желдету қондырғыларын қосу және өшiру тәртiбi;
5) кiретiн ауаның ылғалдылығын, температурасын және көлемiн реттеу тәсiлдерi;
6) жекелеген қондырғыларды күту ерекшелiктерi;
7) желдету қондырғылардың негiзгi жабдығын пайдалану бойынша техникалық нұсқаулар;
8) желдету қондырғылардың жұмыс тиiмдiлiгiн анықтау бойынша жұмыстарды жүргiзу мерзiмдерi мен тәртiбi;
9) өрт және авария кезiнде қызмет ету құрамның әрекеттерiнiң тәртiбi туралы нұсқаулар.
Әрбiр өндiрiс цехында немесе бөлiмдерде желдету қондырғыларына қызмет көрсету журналы жүргiзiледi, оларда:
1) кезек кезiнде табылған желдету қондырғылардың сынғандығы;
2) авария салдарынан, электроэнергияның және жылу тасымалдағыштың болмау себептерiмен жөндеуге байланысты қондырғылардың жұмыс iстелуiнiң жұмыс уақытында тоқтатылудың барлық жағдайлары;
3) табылған ақауларды жою және қондырғылардың жұмысын жандандыру жазылады.
Әрбiр желдету қондырғыларына паспорт құрастырылады. Паспорт сынау көрсетулерi бойынша құрастырылады. Қондырғының күрделi жөндеуiнен кейiн паспорттың тиiстi бағандарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi. Желдету қондырғысының паспортында жөндеу түрi (ағымдағы, орташа, күрделi), жөндеу жұмыстарының басталу және аяқталу мерзiмi, жасалған жөндеудiң қысқаша мазмұны, жасалған жұмыстың сапасын бағалау көрсетiледi.
Желдету жүйелердiң тоқтаусыз дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұзақ жұмыс iстеуi мақсатында олардың жоспарлы алдын ала және күрделi жөнделуi ұйымдастырылады.
Желдету жүйелердiң жоспарлы алдын ала жөндеуiне желдету қондырғыларды жоспарлы тексеру, жоспарлы ағымдағы жөндеулер, жоспарлы орташа жөндеулер кiредi. Барлық жоспарлы алдын ала жөндеу бойынша жұмыстар жөндеулер жоспарларымен анықталады.
Күрделi жөндеулер жекелеген жоспарлар бойынша жүргiзiледi.
Жоспарлы тексерулер желдету қондырғылардың техникалық жағдайын анықтау және кезектi жөндеу кезiнде жойылуға тиiс ақауларды табу үшiн жүргiзiледi.
Ағымдағы және орташа жөндеулер желдету жүйесiнiң сынуларын және жекелеген ақауларын жоюды, тозған тетiктердi ауыстыруды, желдету жабдығын және ауа арналарын тазартуды, табылған ақауларды жоюды қарастырады.
Күрделi жөндеу негiзгi желдету жабдығын бөлшектеу, оның жөндеу шеберханаларында жөнделуi және жабдықтың немесе оның жекелеген бөлiктерiнiң жартылай ауыстырылуы, ауа арналары және сол сияқтыларды бөлшектеу және жөндеу қарастырады.
Күрделi жөндеуден кейiн желдету жүйесi қайта реттелiп және тиiмдiлiкке сыналады, ал сынау нәтижелерi паспортқа жазылады.
Барлық қайта жөнделген желдету жүйелерi пайдалануға жiберiледi.
Желдету жүйелердi қабылдау олар жөнделгеннен және пайдалануға жiберiлгеннен кейiн техникалық құжаттарды тексеру, қондырғыларды қарау, байқаумен жүргiзу және сынауды жүргiзуде болып табылады. Қабылдау қатысқан тұлғалардың қолдары бар тиiстi актiмен толтырылады.
Желдету жүйелердi пайдалану кезiнде келесi талаптар сақталады:
1) жетек белдiктер, қосатын жалғастырғыштар және басқа айналатын бөлшектер торлармен немесе қаптамалармен қоршалады;
2) желдету жабдығы орнатылған алаңдарда оларға тұрақты баспалдақтар орнатылады, аражабындардағы ойықтар қоршалады;
3) люктердiң қалпақтары, көтерiлу шатырлары және сол сияқты құрылғылар оларды ашық түрiнде бекiту үшiн айлабұйымдармен жабдықталады;
4) электр қозғалтқыштарының жылжымалары жерлестiрiледi;
5) жүйелi қарау мен қызмет көрсетудi талап ететiн желдету жабдық орнатылған орындарды үнемi жарықтандыруды қамтамасыз етедi;
6) соққылар, аса қатты шулар немесе дiрiл табылған кезде жабдық тез арада өшiрiледi;
7) желдету қондырғыларына көрсететiн белгiлер (ротордың, электр қозғалтқышының, желдеткiштiң қозғалуын бағыттау) салынуы тиiс; ауа арналарында ауа көлемiн реттейтiн жүйелердiң белгiлерi болуы тиiс.
Жөндеу жұмыстарын орындайтын жұмысшылар келесi талаптарды сақтауы тиiс:
1) биiктiкте жабдықты жөндеу кезiнде осы жұмыстар жүргiзiлетiн жерлерде адамдардың болуына рұқсат етiлмейдi;
2) биiктiкте жұмыс iстеу үшiн қолданылатын тасымалы баспалдақтар қайырмалы, мықтап бекiтiлген тiректерi болады;
3) төсемдер үшiн тiрек ретiнде қыздыру құралдарын және құбыржолдарды пайдалануға, оларға арқандар мен тартқыштарды байлауға рұқсат берiлмейдi;
4) жабдықты жөндеу айналатын бөлшектер толық тоқтатылғаннан кейiн жүргiзiледi.
