Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_UMKD__1256_Zh_do.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.03 Mб
Скачать

2. Машина жасау кәсіпорындарының санитарлық-қорғау белдемдері

Өнеркәсіп қалдықтарында аз мөлшерде аспаптар мен әртүрлі қондырғылар, істен шыққанда төгілген сынап та кездесетін жағдайлар болады. Радиоактивті заттар бұл салада қолданылатын болғандықтан, қалдықтар олармен шамалы мөлшерде болса да ластануы мүмкін, бір жақсысы бұл радиоактивтік заттардың жартылай ыдырау мерзімі 15 тәуліктен аспайды.

Технология жоқтығынан өндеуге жатпайтын өнеркәсіп қалдықтары тиімді технология табылғанша жиналып сақталады.

Әдетте машина жасау өнеркәсібінің қалдықтарын құратын заттар: қож, қақ, күл, шлам, қождама (флюс), жанған қалыптан түскен топырақ, жемір (абразив), ағаш қалдықтары, пластмасса, қағаз, картон, сыпырынды.

8 Дәріс. Тақырыбы: Өндірістік ауаны тазарту әдістері

Жоспар:

1. Әдістерінің топтастырылуы

2. Өндірістерінің әртүрлі шығындыларын өндеу жолдары

1. Әдістерінің топтастырылуы

Энергетикалық ресурстарға барлык механикалық, химиялық және физикалык энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына (белгісіне) байланысты топтастырылады.

Қатты органиқалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде.

Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. тонна (шартты отын түрінде), оның ішінде 50 % (6 трлн. т) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд. тонна.

Кейбір саркылмайтын энергия көздері туралы мәліметтер келесі кестеде берілген.

Жыл бойы жер бетіне түсетін күн сәулесінің күші 178 мын ГВт энергияға тең, бүкіл адамзаттың жұмсайтын энергия мөлшерінен бұл шамамен 15 мың есе жоғары.

Осы энергияның 30 % қайтадан ғарыш әлеміне қайтарылады, 50 % - сіңіріледі, 20 % геологиялық циклға, 0,06 % фотосинтез процесіне жұмсалады.

Күн - өте үлкен қуатты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жерге берген энергия қуаты бүкіл Жер әлеміндегі органикалық отынның қуатына тең. Күн қуатын өнеркәсіп пен тұрмыс жағдайында қалай қолдануға болатыны бұл да шешілмеген проблеманың бірі. Аз болса да күн сәулесін қолдануға негізделген кейбір қондырғылар белгілі. Жуковский қаласындағы Ковров механика зауыты қуаттылығы жылына 100 мың м3 суды жылытуға арналған күн сәулесін пайдаланатын жылу коллекторларын шығарады.

АҚШ-та, Испанияда, Иорданияда электр тоғын алу үшін күн сәулесін қолданатын жылу электрқондырғылар іске қосылған. Бұларда жартылай ток өткізетін аспаптарды қолданып күн сәулесі электр тоғына өзгертіледі. Американдық эксперттердің шешімі бойынша фотоэлектрқондырғылар қоршаған ортага әсерін тигізбейді екен, оларда жылжымалы бөлшектер болмағандықтан шу болмайды және судың да қажеті жоқ. Күн сәулесінен жұмыс істейтін батареяларды тұрғын үйлерді жылытуға, ыстық сумен қамтамасыз етуге, әртүрлі материалдарды кептіруте, технологиялық процестерде қолдануға болады. Желдің жылдамдығы 5 м/сек жоғары болатын жерлерде электр энергияны желден алуға болады. Желдің энергиясын кеңінен қолдану мақсатында Канадада, Германияда, АҚШ-та, Францияда, Швецияда ұлттық бағдарламалар жасалған.

Жел энергиясынан электр тоғын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ, мұны таза технологияға жатқызуға болады. Шу және теледидар жүйесінде кездесетін тағы да басқа бөгеуілдердің мәселесі шешілетін проблемалар деуге жатады.

Қазақстанда жыл бойы жел болып тұратын аймақтар жеткілікті, осыған байланысты жел энергиясы біз үшін сарқылмайтын ресурс. Сондықтан жел энергиясын кеңінен қолдану экологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді.