- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Техникалық пәндер кафедрасы
- •Оқытушы туралы мәлімет
- •Бағалау саясаты
- •Сөж тапсырмаларының мазмұны мен әдістемелік нұсқаулары
- •Тесттер
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған материалдар
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
- •Дәрістік кешені
- •1 Дәріс. Тақырыбы: «Өнеркәсіптік желдету» пәніне кіріспе
- •Желдету туралы түсінік
- •Желдетудің түрлері
- •1 Сурет. Ағынды желдету
- •2 Сурет. Тартқыш желдету
- •3 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн жобалау, дайындау және орнату (құрастыру) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
- •1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
- •2.Шаңсыздандыру жабдығына қойылатын талаптар
- •4.Электр жабдықтарына, электрмен жабдықтауға, байланыс пен автоматтандыруға қойылатын талаптар
- •4 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн сынау және баптау кезiнде қойылатын талаптар
- •1. Қайта жөнделген желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •2. Пайдаланудағы желдету жүйелерi үшiн қойылатын талаптар
- •5 Дәріс. Тақырыбы: Қара металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Қара металлургияның жалпы сипаттамасы
- •6 Дәріс. Тақырыбы: Түсті металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Түсті металлургияның жалпы сипаттамасы
- •2. Түсті металлургияда ауаға шығындыларды өндеу жолдары
- •7 Дәріс. Тақырыбы: Машина жасау кешеніндегі желдету
- •1. Машина жасау кешенінің экологиялық сипаттамасы
- •2. Машина жасау кәсіпорындарының санитарлық-қорғау белдемдері
- •8 Дәріс. Тақырыбы: Өндірістік ауаны тазарту әдістері
- •1. Әдістерінің топтастырылуы
- •2. Энергетика өндірістерінің әртүрлі шығындыларын өндеу жолдары
- •9 Дәріс. Тақырыбы: Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптеріндегі желдету
- •1. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің жалпы сипаттамасы
- •2. Көмір, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерінің санитарлық-қорғау белдемдері.
- •10 Дәріс. Тақырыбы: Желдету жүйелерiн пайдалану, жөндеу, жою
- •Желдету жүйелерiн пайдалану және жөндеу кезiндегi талаптар
- •2. Желдету жүйелерiн жою кезiндегi талаптар
- •11 Дәріс. Тақырыбы: Қоршаған ортаға тиетін әсер-ықпалды бағалау
- •1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
- •2. Өнеркәсіптік желдетудың еңбек гигиенасының ережелері
- •Дәріс. Тақырыбы: «Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi
- •Өнеркәсіптік желдетудің маңызы
- •2. Өнеркәсіптік желдетуде пайдаланатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
- •2 Дәріс. Тақырыбы: "Желдеткiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi
- •Техникалық регламентi қолданылу саласы
- •2 Сурет. Калориферлерді қондырудың схемасы
- •2 Құрылғы және калориферлік қондырғыны есептеу.
- •2.2 Калорифердің технико-экономикалық көрсеткіштері.
- •2.3 Жылубергіштік коэффициенті
- •2.4 Калориферлерді таңдау
- •2.5 Пневматикалық көліктің системасын есептеу
5 Дәріс. Тақырыбы: Қара металлургия өнеркәсіптеріндегі желдету
Жоспар:
1. Қара металлургияның жалпы сипаттамасы
2. Зиянды заттар шығаратын металлургиялық процестер
1. Қара металлургияның жалпы сипаттамасы
Қара металлургияға темір және оның қорытпаларын өндіретін өндірістер жатады. Бұл өнеркәсіп бес саладан тұрады: тау-кен, металлургия, ферросплав, отқа төзімді және металл сынықтарын өңдейтін.
Қазақстанда қара металлургия саласында жұмыс істеп жатқан темір (Соколов-Сарыбай, Лисаков, Кашар кен байыту комбинаттары және Атасу кен басқармасы), хромит (Дон кен байыту комбинаты), марганец (Жезді кен басқармасы) рудаларын өндейтін өндірістерді, екі ферросплав (Ақсу мен Ақтөбе) және "Казогнеупор" (Рудный қаласы) зауыттары мен "Казвторчермет" (Алматы қаласы) өндірістік қоғамын атауға болады.
АҚ "Испат Кармет", Ақтөбе, Ақсу (Павлодар облысы) зауыттарының өнімдері көптеген шетелдерге экспортқа шығарылып отырады.
Қара металлургия өндірісі атмосфералық ауаны, жер беті мен жер асты суларын, топырақты көптеген зиянды улы заттармен ластап отырады. Барлық өнеркәсіп өндірістерінің арасында қоршаған табиғи ортаны ластауда екінші орында келеді. Негізгі ластаушы компоненттер көміртек оксиді (43-67 %), қатты заттар (15,5-16,0 %), күкірт оксиді (10,8-16,0 %), азот оксиді (5,2-23,0 %), көмірсутектері (3 %-ке дейін). Орта есеппен 1 млн. тонна онім шығарғанда қара металлургия зауыттарынан шаң - 350, күкіртті ангидрид - 200, көміртек оксиді - 400, азот оксиді - 42 тонна/тәулігіне бөлініп отырады.
Қара металлургия өндірістерінен шыккан ақаба суларда қалқыған қатты бөлшектер, май, сульфаттар, хлоридтер, темірдің қосылыстары, ауыр металдар және тағы басқа ластаушы компоненттер болады.
Ірі металлургиялық орталықтардан атмосфераға және ақаба сулармен қоршаған ортаға тасталынатын заттардың мөлшері нормадан бірнеше есе артып жатады. Металлургия өндірістерінің өздері және олардың қалдықтары көптеген құнарлы жерлерді иеленеді.
Барлық металлургиялық процестерде қоршаған ортаға шаң, көміртек пен күкірт оксидтері, домналық балқыту кезінде күкіртті сутегі, азот оксидтері, илек (прокат) шығаратын жерде улы ерітінділердін аэрозольдары, эмульсия булары бөлініп отырады. Әсіресе коксхимия өндірісінде бөлінетін улы заттардың мөлшері өте жоғары. Минералдық заттармен қатар органикалық улы қосылыстармен де, мысалы, ароматты көмірсутектерімен, фенолмен, бенз(а)пиренмен, пиридин негіздерімен ластанады.
Қара металлургия суды көп мөлшерде қолданатын өндірістердің бірі, яғни еліміздегі бүкіл өнеркәсіптің пайдаланатын суының 10-15 %-тін осы сала жұмсайды.
Негізінде қара металлургияда судың 75 % металлургиялық пештерді, құрал-саймандарды салқындатуға қолданылады.
Ірі металлургиялық орталықтардан атмосфераға және ақаба сулармен қоршаған ортаға тасталынатын заттардың мөлшері нормадан бірнеше есе артып жатады. Металлургия өндірістерінің өздері және олардың қалдықтары көптеген құнарлы жерлерді иеленеді.
Металлургиялық өндірістерде залалсызданатын және утилденетін қалдыктардың мөлшері 30-35 %-тен аспайды. Қалдықтарға металл кесінділері, домналық және коксты газдар жатады. Көп материалдар шойын мен болат алғанда айналымсыз шығынға ұшырап отырады.
Қара металлургия кәсіпорындарында судың үлкен көлемі металлургиялық пештерді салқындату үшін шығындалады, су шикізат пен жанармайды байытудың күрделі процестерінде тасымалдаушы орта ретінде, реагенттерді шайқауда , ерутіде қолданады.
Коксты цехтарда су бөлінген коксты сөндіру үшін және оны арнайы қараңғы вагонға тасымалдауда қолданылады. 1т коксты сөндіруге 1м3 су кетеді, оның тең жартысы қайтымсыз булануда жоғалса, тең жартысы кокспен әкетіледі.
