Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мониторинг нравственно духовного развития.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1. Тұлғаның теріс адамгершілікке бағыттылығы:

а) әріптесінің фигураларын тартып алады (алады) – 0 ден 2 балға дейін, бұл белгінің көріну дәрежесіне байланысты;

б) өзінен фигураларды алғанға теріс, жағымсыз жауап береді, — мысалы, қолын итереді, фигураларды ұстап қалады немесе оларды қолымен жауып басады («Бермеймін!», «Менікі» түріндегі репликалар) – 0 ден 2 балға дейін;

в) әріптесінің іс-әрекетін реттеуге тырысады, оның әрекеттерін бағалайды («Қане жаса!», «Сен не, мүлдем...?») – 0-2 бал;

г) сөйлегенде әр түрлі «мен», «маған» сияқты есімдіктерді қолданады – 0-1 бал;

д) «бірге» деген сөзді түсінбейді, тек өзінің фигураларын қолданып тапсырманы орындауға ұмтылады – 0-2 бал;

е) жалғыз өзі жұмыс істейді – 0-1 бал.

2. Тұлғаның оң адамгершілікке бағыттылығы:

а) әріптесіне көмектеседі, — мысалы, оның фигураларын туралайды, ақыл айтады («Қазір мен саған көмектесем», «Кел көмектесейін» деген сияқты репликалар) – 0-2 бал;

б) өз фигураларын береді, оларды стөлдің ортаңғы бөлігіне жылжытады немесе әріптесіне жақынырақ, әріптесінің жағында жұмыс істейді – 0-2 бал;

в) сөйлегенде көпше түрдегі «бізді», «біз» есімдіктерін қолданады – 0-1 бал;

г) «бірге» деген сөзді бірден түсінеді және ынтымақтастық орнатуға тырысады – 0-2 бал;

д) әріптесімен бірге жұмыс істейді – 0-1 бал.

3. Баланың адамға үйірлігі, жалғасулығы:

а) әріптесіне қаратып сөйлеуі – әрбір репликасына 1 бал беріледі, бірақ 5 балдан артық емес;

б) ересек адамға қаратып сөйлеуі - әрбір репликасына 1 бал беріледі, бірақ 5 балдан артық емес;

в) әріптесінің ақылдарына әрекетпен жауап береді – 0-2 бал.

4. Ұсынылған әрекетке ынталылығы:

а) өзі немесе әріптесімен бірге тұрғызады, яғни тапсырманы белсенді орындайды – 0-2 бал;

б) әріптесінің жұмысын бақылайды – 0-2 бал;

в) жұмыс бойынша ақыл және репликалар айтады – 0-2 бал.

Балдар әрбір параметр бойынша қосылады. Мысалы, келтірілген мысалда қатысушылардың әрқайсысы келесідегідей бал санын алады:

Диас. Теріс адамгершілік бағыттылық — 1 бал. Оң адамгершілікке бағыттылық — 8 бал. Көпшілдік — 6 бал. Әрекетке ынталығы — 6 бал.

Света. Теріс адамгершілік бағыттылық — 0 бал. Оң адамгершілікке бағыттылық — 8 бал. Көпшілдік — 5 бал. Әрекетке ынталығы — 6 бал.

Жекедара хаттаманың формасы:

Баланың Т.А.

Параметрлер

Балдар

Ескертулер

1.

  • теріс адамгершілік бағыттылық

  • оң адамгершілік бағыттылық

  • үйірсектік, контактілік

  • Ұсынылған әрекетке ынталылығы

2.

Жалпы хаттаманың үлгісі («Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Бірге жасайық» әдістемесі

Саны

%

Ескертулер

Барлық зерттелген балалар

Параметрлер

Орташа бал (балалар саны)

%

  • Адамгершілікке қайшы бағыттылық

  • Адамгершілікке оң бағыттылық

  • үйірсектік, байланысушылық

  • Ұсынылған әрекетке ынталылығы