- •Бала бақшаларда тәрбиеленушілдің рухани-адамгершілік дамуын мониторингілеу
- •1. «Сюжеттік суреттер» әдістемесі
- •2. Қатынастардың түстік тесті (қтт) (м. Люшердің Түстік тестін модификациялау)
- •3. «Бірге жасайық» әдістемесі
- •1. Тұлғаның теріс адамгершілікке бағыттылығы:
- •2. Тұлғаның оң адамгершілікке бағыттылығы:
- •3. Баланың адамға үйірлігі, жалғасулығы:
- •4. Ұсынылған әрекетке ынталылығы:
- •4. «Топтағы психологиялық климат» әдістемесі (т.Д. Марцинковскаяның «Екі үй» тестінің модификациясы)
- •Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік дамуын мониторингілеу
- •1. Адамгершілік ұғымын анықтау
- •2. «Өзін-өзі бағалауды анықтау» әдістемесі
- •3. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі
- •4. «Таңдау» әдістемесі
- •Орта және жоғары сынып оқушыларының рухани - адамгершілік дамуын мониторингтеу
- •1. «Менің таңдауым» Анкетасы (сауалнамасы)
- •2. «Өзін-өзі талдау» әдістемесі
- •3. «Оқушылардың тұлғасын талдау» әдістемесі
- •4. «Адамгершілік таңдау» әдістемесі
- •5. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін өзін-өзі бағалауын диагностикалау («Мен қандаймын?» әдістемесі)
- •Орта мектептің жоғары сынып оқушыларының және мектеп бітірушілердің рухани-адамгершілік дамуын мониторингтеу
- •1. «Менің қызығушылықтарым, ермектерім, өмірдегі мақсатым»
- •2. А.М. Прихожан модификациясындағы Дембо-Рубинштейн әдістемесі бойынша өзін-өзі бағалауды зерттеу
- •Менің жеке бастық қасиеттерім
- •3. «Эмпатия деңгейін зерттеу» тесті
- •4. Тұлғаның өзін-өзі дамытуға дайындығын зерттеу
- •Колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің рухани-адамгершілік дамуын мониторингілеу
- •1. Өзін-өзі бағалауды диагностикалау
- •2. Жақсы ниеттілікті диагностикалау
- •3. Құндылықтар бағдарын зерттеу (м. Рокич әдістемесі)
- •5. Интерналдықты, экстерналдықты диагностикалау әдістемесі («Локус бақылау» тесті )
- •Педагогтардың оқушылардың рухани-адамгершілік даму деңгейін бағалауы
- •1. Тұлғаның және оқушының қызметінің оң жақтарын педагогтің талдау әдістемесі (бастауыш мектеп және 12-жылдық мектептің орта звеносы)
- •2. Педагогтарға арналған бақылау парағы (12-жылдық мектептің жоғары сыныптары)
- •1) Оқушы тұлғасын бағалау
- •2) Оқушының тұлғасын ұжымда бағалау
- •3) Оқуға деген қатынасын бағалау
- •4) Еңбекке деген қатынасын бағалау
- •5) Оқушының бос уақытын бағалау
- •6) Кәсіби бағыттылығын бағалау
- •3. Оқушының рухани-адамгершілік қасиеттерінің тәрбиелілігін анықтаудың педагогтарға арналған диагностикалық картасы (орта мектеп, колледждер, жоғары оқу орындары)
- •С одержание:
- •Предисловие
- •Мониторинг нравственно-духовного развития воспитанников детских садов
- •1. Методика «Сюжетные картинки»
- •2. Цветовой тест отношений (цто) (модификация Цветового теста м. Люшера)
- •3. Методика «Сделаем вместе»
- •1. Отрицательная нравственная направленность личности:
- •2. Положительная нравственная направленность личности:
- •3. Общительность, контактность ребенка:
- •4. Заинтересованность в предложенной деятельности:
- •4. Методика «Психологический климат в группе» (модификация теста «Два домика» т.Д. Марцинковской)
- •Мониторинг нравственно-духовного развития младших школьников
- •1. Определение нравственных понятий
- •2. Методика «Определение самооценки»
- •3. Методика «Неоконченные предложения»
- •4. Методика «Выбор»
- •Мониторинг нравственно-духовного развития учащихся среднего звена и старшеклассников
- •1. Анкета «Мой выбор»
- •2. Методика «Самоанализ личности»
- •3. Методика «Анализ личности учащихся»
- •4. Методика «Нравственный выбор»
- •5. Диагностика самооценки нравственных качеств учащегося (методика «Какой я?»)
- •Мониторинг нравственно-духовного развития старшеклассников и выпускников средней школы
- •1. Анкета «Мои интересы, увлечения, цели в жизни»
- •2. Исследование самооценки по методике Дембо-Рубинштейн в модификации а.М. Прихожан
- •Мои личные качества
- •3. Тест «Изучение уровня эмпатии»
- •4. Исследование готовности личности к саморазвитию
- •Мониторинг нравственно-духовного развития студентов колледжей и вузов
- •1. Диагностика самооценки
- •2. Диагностика доброжелательности
- •3. Исследование ценностных ориентаций (методика м. Рокича)
- •5. Методика диагностики интернальности, экстернальности (тест «Локус контроля»)
- •Оценка педагогами уровня нравственно-духовного развития обучающихся
- •1. Методика анализа положительных сторон личности и деятельности учащегося педагогом (начальная школа и среднее звено 12-летней школы)
- •2. Лист наблюдений для педагогов (старшие классы 11-летней школы)
- •1) Оценка личности учащегося
- •2) Оценка личности учащегося в коллективе
- •3) Оценка отношения к учению
- •4) Оценка отношения к труду
- •5) Оценка досуга учащегося
- •6) Оценка профессиональной направленности
- •3. Диагностическая карта воспитанности нравственно-духовных качеств обучающихся педагогами (средняя школа, колледжи, вузы)
- •Тұлғаның өзін-өзі дамытуға дайындығын зерттеу
- •Исследование готовности личности к саморазвитию
2. Қатынастардың түстік тесті (қтт) (м. Люшердің Түстік тестін модификациялау)
Мақсаты: баланың адамгершілік қағидаларына эмоциялық қатынасын зерттеу. Әрбір ереженің жеке дара мазмұнын, оның сапалық сипаттамаларын зерттеу.
Алдын ала ескертулер
Түстерді қабылдау кез келген адамның, оның ішінде баланың эмоциялық өмірімен тығыз байланысты. Бұл байланыс көптеген эксперименталды-психологиялық зерттеулерде дәлелденген және баяғыдан психология-педагогикалық зерттеулерде қолданылуда. ҚТТ проективті әдістеме болып табылады, яғни баланың жауаптарының сипаты оның ұсынылған ұғымдарға қатынасының ерекшеліктерімен анықталады деп ойланылады. Дәл сондықтан мұнда дұрыс немесе дұрыс емес (жақсы немесе жаман, ақылсыз) жауаптар жоқ.
Бұл әдістемені жүргізу шарасының қарапайымдылығы оны кіші жастағы мектепке дейінгі (3-4 жас) балалармен жүргізуге мүмкіндік береді; ол сондай-ақ ықшамды, жүргізуде және нәтижелерді өңдеуде көп уақыт алмайды.
«Альтруизм» және «эгоизм» сияқты ұғымдарды түсіну мектепке дейінгі жастағы балаларға қиындық туғызатындықтан, ҚТТ олар мәні бойынша жақын «мейірімді» және «мейірімсіз» деген ұғымдармен ауыстырылды, осылайша бұл жағдайда осы ұғымдар синонимдер деп есептеледі.
Әдістемені жүргізу
ҚТТ жүргізу үшін ақ қағаз парағы (210x290 мм) және түсі әртүрлі (көк, жасыл, қызыл, сары, күлгінкөк, қоңыр, қара, сұр) 8 карточка қажет.
Зерттеу жеке дара жүргізіледі. Баланың алдына ақ қағаздың үстіне сегіз түрлі-түсті карточканы кез-келген тәртіпте орналастырып, былай дейді: «Бұл сиқырлы терезелері бар, сиқырлы үй деп ойлап көр. Бұл терезелердің ар жағында әр түрлі адамдар тұрады. Мен саған адамдарды атаймын, ал сен кімнің қайда тұратынын таңдайсың. Келістік пе? Жақсы! Қай терезенің ар жағында жақсы адамдар тұрады? Ал жалқаулар ше?»
Одан әрі ұғымдардың барлық тізімі аталады. Мүмкіндігінше оң және теріс (бірақ қосарлы емес) адамгершілік қасиеттерді алмастырып отырған дұрыс. Мысалы: мейірімді, жалқау, жомарт, жалған (өтірікші), еңбекқор ... және т.т. Бұл жерде түстер қайталануы мүмкін, яғни бала әртүрлі ұғымдар үшін бірдей түстерді таңдауы мүмкін.
Хаттамада әр ұғым үшін таңдалған түс және баланың оған түсініктемесі жазылады.
Нәтижелерді өңдеу
Нәтижелерді талдау кезінде әрбір ұғымға берілген түсті және осы түстің эмоциялық мәнін сәйкестендіру қажет. Төменде ғалым-психологтар берген әрбір түстің, оның эмоциялық-психологиялық мәнінің қысқаша сипаттамасы келтірілген.
КӨК: адал, салмақты, біршама суық.
ЖАСЫЛ: өз бетінше, табанды, кейде қырсық, ынталы.
ҚЫЗЫЛ: жылы шырайлы, көпшіл, жігерлі, сенімді, шамданғыш.
САРЫ: өте белсенді, ашық, көпшіл, көңілді.
КҮЛГІНКӨК: мазасыз, эмоциялық қызба, рухани байланысқа деген қажеттілік.
ҚОҢЫР:
тәуелді,
сезімтал,
босаңсыған.
ҚАРА: тұйық, өзімшілдік, дұшпандық, шеттелінген, қабылданбайтын.
СҰР: енжар, пассивті, сенімсіз, немқұрайлы.
Қатынастардың түстік тестінің нәтижелерін талдау кезінде балаларда әртүрлі адамгершілік ұғымдарға эмоциялық қатынастарының қалыптасуы біркелкі болмайтындығын ескеру керек. Тәжірибе, әдетте балалар төмендегілерді таңдайтынын көрсетеді:
МЕЙІРІМДІ — сары және қызыл түстер. Басқа сөзбен айтсақ, балалар мейірімді адам, ол – қарым-қатынасқа жақсы түсетін, ашық, жылы шырайлы, сүйкімді адам деп есептейді. «Мейірімді» түсінігіне деген пара-пар қатынас балаларда 4-5 жасында қалыптасады.
МЕЙІРІМСІЗ — көк (3-4 жаста), қоңыр (4-5 жаста) және қара (5 жастан). Бұл түстер суықтықты, оқшауланғандықты, өзімшілдікті, дұшпандылықты, шеттелгендігін көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, мектепке дейінгі балалар тұлғаның бұл қасиетін қабылдамайды.
АДАЛ — сары және қызыл түстер. Яғни, балаларда бұл түсінік қарым-қатынасқа жақсы түсетін, ашықтық, жылы шырайлылық сипаттамаларымен ассоцияланады.
Балалардың мұндай қорытындыға бірден келмейтіндігін атап өткен жөн. 3-5 жастағы балалар көбіне адалдықты оған қара түс беріп теріс қасиеттерге жатқызады. Тек үлкен жастағы мектепке дейінгілер мен төменгі сынып оқушылары бұл қасиетті сенімді түрде қара түсті таңдамай, оны ашық күн түсіне «бояп» оң қасиеттерге жатқызады.
Бұл бірқатар себептерге байланысты болады. Біріншіден, балалардың өтірік айтуының басты себептерінің бірі ересектер жағынан болатын жазалаудан құтылуға тырысуы, яғни бұл жағдайда алдау бала үшін игілік, ал адалдық пен шындық жазалауға алып келеді де, ол үшін «мейірімсіздік» болып табылады. Екіншіден бұл өсекшілікпен (немесе сөз тасушылықпен) байланысты, бала біреудің жаман қылығы жайлы шындықты айтқан кезде ересек адам оны бұл үшін айыптайды. Бұл жөнінде айқын ұстаным ересектердің көпшілігінде ғана емес ол сондай-ақ бүтіндей қоғамда жоқ. Осылайша, ересектер әрдайым жалғандықты айыптайды, бірақ шындықты да олар әрдайым құптай бермейді. Бұл алдауға теріс қатынасты жылдам игеруге және адалдықа деген қатынасты ұзақ қалыптастыруға алып келеді.
ЖАЛҒАН — қара түс. Балалар бұл түсті кездейсоқ таңдамайды, тек ол қырсықтық, дұшпандық, өзімшілдік сияқты тұлғалық қасиеттермен ассоциацияланады. Ең кішкентайлардың өзіде (3-4 жасында), «өтірікші» үшін қара түсті таңдай отырып, оның арамдығы мен өзімшілдігін белгілейді. Осылайша, «жалған» ұғымына сәйкес қатынастың төрт жаста қалыптасатындығын айтуға болады.
ЖОМАРТ — қызыл және күлгінкөк түстер. «Жомарттық – сараңдық» тұлғалық қасиеттер диадасының мектепке дейінгілер үшін өте күрделі болып табылатындығын, сондықтанда оған деген қатынастар қарама қайшылықты болып мектепке дейінгі балалар бойында қалыптасатындығын атап өту қажет. Балаға оның ерте жасынан «бөлісу керек», «сараң болу жаман» және т.т. жайлы айтады. Сонымен қатар «бөлу» процесі балада көбіне теріс эмоциялармен (ойыншығымды сындырып қайтарды, оның тәттілерін жеп қойды және т.б.) байланысты. Осылайша, «сараң болмау – жақсы» екендігін білу, баланың өз тәжірибесіне қайшы келетін сияқты көрінеді.
«Бөлісу»
сөзімен белгіленетін мінез-құлықтың
үш түрі бөлініп алынады: а) өз ойыншықтарымен
бөлісу (олар уақытша беріледі); б) балалар
бақшасында бар ойыншықтармен бөлісу
(олар ешкімге тиесілі емес және олармен
ойнағанда кезекті сақтау қажет); в)
тәттімен бөлісу (біреуге қайтарусыз
беру). Жағдайлардағы бұл өзгешеліктер
сондай-ақ «жомарттық – сараңдық»
ұғымдарын игеру үдерісін қиындатады.
Дәл сондықтанда бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта «жомарт» ұғымы үшін ең басым түстерді бөліп алу мүмкін емес. Бұл ұғым үшін қара түсті қолданудың оның жоғары мектепке дейінгі жаста толық жоғалғанға дейін кеміп отыратынын атап өтуге болады, бұл осы қасиетті оң деп есептейтіндігін куәләндіреді. Тек кіші мектеп жасында жоғарыда аталған түстерді бөліп алу мүмкін болады.
САРАҢ — қызыл және қара түстер. Яғни балалар оны батыл, күшті, агрессивті, өшпенді деп есептейді. Балаларда сараңдыққа деген мұндай қатынасы бірден қалыптаспайды. Осылайша, кіші мектепке дейінгілер сұр түсті таңдайды. 3-4 жастағы балалардың сараң адамды сұр түспен беруі кіші мектепке дейінгілердің сараңдықты мінездің теріс қасиеттеріне жатқызғандағы сенімсіздігін, көрсетеді. Ол олар үшін қалаулы болып табылады. Есейген сайын бұл ұғым үшін қара түсті таңдайтын балалар саны артады; ересек мектепке дейінгілер мен бастауыш сынып оқушылары сараңдықты теріс қасиетке жатқызып, одан бас тартады.
ЕҢБЕКҚОР — күлгінкөк және сары түстер. Басқа сөзбен айтқанда, еңбекқор адам өте белсенді, қайратты, белсенді іс әрекет жасауға дайын, әбігер болуы мүмкін. Мұндай түстерді 4 жастан үлкен балалар таңдайды, ал ең кішкентайлар қоңыр және қара түстерді қалайды. Бұл кіші мектепке дейінгі жастағыларға еңбекпен байланысты үлкен талаптар қойылмайтындығымен байланысты және тұлғаның осы қасиеті олар үшін көкейтесті болып табылмайды. Оларға бұл қасиет әлі түсініксіз, және оған деген эмоционалдық қатынасы сәйкес емес.
ЖАЛҚАУ — қоңыр, сұр, көк түстер. Яғни балалар жалқау адамды әдетте әлсіз, іске тартылмаған, сылбыр, белсенді емес, сондай-ақ суық деп есептейді. Мектепке дейінгі бала неғұрлым үлкен болған сайын, бұл қасиет одан бетер тартымсыз, ол үшін ол қажетсіз бола береді. Алдыңғы жағдайдағыдай, бұл қасиетке сәйкес эмоциялық қатынас мектепке дейінгілерде 4 жастан кейін қалыптасады, ал кішкентайлар жалқау адамды қызыл және сары түспен береді. Яғни бұл жастағы балаларда жалқаулыққа деген теріс қатынас жоқ, себебі олар әлі қарама-қарсы – «еңбекқор» ұғымын түсінбейді, жоғарыда айтылғандай ата-аналары да кішкентайлардың еңбегіне жоғары талаптар қоймайды.
Жеке дара хаттаманың үлгісі:
Баланың Т.А. |
Адамгершілік ережелері |
Таңдалған түс |
Баланың түсініктемесі |
1. |
|
|
|
2. |
|
|
|
Жалпы хаттаның үлгісі («Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):
Қатынастардың түстік тесті (ҚТТ) |
|||
|
Саны |
% |
Ескерту |
Барлық зерттелген бала |
|
|
|
Адамгершілік ережелері |
Қандай түс қаша рет таңдалды |
% |
|
|
|
|
|
