Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мониторинг нравственно духовного развития.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.29 Mб
Скачать

М АЗМҰНЫ:

Алғысөз……………………………………………………………........................................

3

  • бала бақшаларда тәрбиеленушілдің рухани-адамгершілік дамуын мониторингілеу…………………………………………………………………………

4

  • бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік дамуын мониторингілеу

(11-жылдық мектептің 1-4 сыныптары)………………..…………………………...

17

  • орта және жоғары сынып оқушыларының рухани - адамгершілік дамуын мониторингтеу (11-жылдық мектептің 5-9 сыныптары)…………………………..

22

  • орта мектептің жоғары сынып оқушыларының және мектеп бітірушілердің рухани-адамгершілік дамуын мониторингтеу

(11-жылдық мектептің 10-11 сыныптары)........................………….………………...

30

  • колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің рухани-адамгершілік дамуын мониторингілеу ………………………………………………………………

38

  • педагогтардың оқушылардың рухани-адамгершілік даму деңгейін бағалауы ……

47

  • қосымшалар.......................................................................................................................

104

АЛҒЫСӨЗ

Қазақстан Республикасының балалары мен оқушы жастарының рухани-адамгершілік білімін мониторингілеу мақсатында «Бөбек» ҰҒТБСО адамның үйлесімді даму Институты балалар мен жастардың рухани-адамгершілік біліміне мониторинг жүргізудің бағдарламасын жасады.

Бұл бағдарлама оқыту деңгейлеріне сәйкес келетін 5 кезеңдерден (мектепке дейін, бастауыш мектеп, орта буын, жоғарғы буын және колледждер мен жоғарғы оқу орындары студенттері) тұрады. Ұсынылған барлық әдістемелерді «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі мен оқытушылары бірнеше сабақ бойына жүргізеді. Әдістеменің әрқайсына педагог жеке дара және жалпы зерттеу хаттамаларын толтырады.

Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарында, жалпы білім беретін орта мектептерде, колледждерде зерттеу жүргізуші «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінен зерттеудің жалпы хаттамалары мен білім алушылар туралы мәліметтерді prognoz-bobek@mail.ru электронды мекен-жайына мониторингілеу нәтижелерін одан әрі өңдеп талдау үшін «Бөбек» ҰҒТБСО адамды үйлесімді даму Институтының болжау-талдау бөліміне жіберулерін сұраймыз. Жеке тұлғаларға жазылған хаттамалары, оқушылар жайлы мәліметтер сияқты білім беру мекемесінде сақталады.

Одан басқа, білім беру мекемесінің саласын, атауын, педагог жайлы ақпаратты (жалпы өтілі, категориясы пәніне дейін қай пәннен сабақ оқытқаны) көрсетілу керек.

Білім беру ұйымдарында ұсынылған әдістемелерді өткізетін педагогтер мен тәрбиешілер төмендегі ұстанымдарды сақтаулары керек:

  1. Жүргізілетін жұмысқа жеке басының жауапкершілігі.

  2. Кәсіпке тән құпиялылық.

  3. Конфиденциальдылық.

  4. Ғылыми негізділік (зерттеу нәтижелеріне сенімділік, дәлдік, объективтілік және т. б. талаптарға сай келуі керек).

  5. Оқушылардың диагностикалық зерттеулерге қатысу еріктілігі принципі.

  6. Зерттеу нәтижелерін психопрофилактикалық қолдану принципі кезіндегі сыпайылық, адекваттылық және тілдің қол жетімділігі, оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу.

Барлық ұсыныстарыңызбен тілектеріңізді prognoz-bobek@mail.ru мекен жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

Бала бақшаларда тәрбиеленушілдің рухани-адамгершілік дамуын мониторингілеу

Бала туралы жеке мәліметтер (тәрбиеші толтырады):

  1. Тегі, аты, әкесінің аты, топ.

  2. Жасы.

  3. Жанұя құрамы.

  4. Ата-аналарының білімі.

  5. Неше жасынан бастап балалар бақшасына барып жүр.

  6. Қызығушылығы, бейімділігі, баланың қабілеттілігі.

Балабақшаларында тәрбиеленгендер жайлы жалпы мәліметтер («Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ-ының болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

Балалар бақшасында тәрбиеленгендер

Саны

%

Барлық зерттеуден өткен балалар

Балалардың орташа жасы

Басым жанұя құрамы

Басым ата-аналар білімі

Балалардың басым қызығушылықтары, бейімділіктері, қабілеттіліктері

1. «Сюжеттік суреттер» әдістемесі

Мақсаты: алдыңғы әдістемедегі адамгершілік талаптарына байланысты (мейірімділік — ашу, жомарттық — сараңдық, еңбекқорлық — жалқаулық, шыншылдық — жалғандық) эмоциялық қатынастарды зерттеу.

Алдын ала ескертулер

Суреттердегі бейнеленген кейіпкерлер бірінші кезеңде көрсетілген адамгершілік қасиеттерді көрсететіндей етіп таңдалған. Бала суретте бейнеленген қылықтарға моральдық баға беруі керек, ол балалардың осы ережелерге қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкестікті бағалауға ерекше зейін қойылады, яғни баланың эмоциялық реакцияларының моральдық ережелерге сәйкес келуіне: адамгершілікті қылыққа оң эмоциялық жауабы (күлімсіреу, мақұлдау және т.т.) және өнегесіз қылыққа теріс эмоциялық жауабы (айыптау, ұнатпау және т.т.).

Әдістемені өткізу

Зерттеу жеке дара жүргізіледі. Балаға: «Суреттерді, бір жағында жақсы қылықтар, ал екінші жағында жаман қылықтар болатындай етіп орналастыр. Суреттердің әрқайсысын қайда және не үшін қоятыныңды айтып түсіндір». Хаттамада баланың эмоциялық жауа және сондай-ақ оның түсініктемелері (мүмкіндігінше сөзбе сөз) жазылады.

Нәтижелерді өңдеу

0 бал — бала суреттерді дұрыс топтастырып жинамайды (бір топтаманың ішінде оң әрекеттер мен қатар теріс әрекеттер бейнеленген суреттердің болуы), эмоциялық жауабы сәйкес емес немесе мүлде жоқ.

1 бал — бала суреттерді дұрыс топтастырып жинайды, бірақ өзінің әрекетін негіздей алмайды; эмоциялық жауабы сәйкес емес.

2 бал — бала суреттерді дұрыс топтастыра отырып, өзінің әрекетін негіздейді; эмоциялық жауабы сәйкес, бірақ әлсіз көрінеді.

3 бал — бала өз таңдауын негіздейді (моральдық ережелерді атауы мүмкін); эмоциялық жауаптары сәйкес, айқын, мимикадан, белсенді ымдық қозғалыстарынан (жестикуляциялардан) және т.т. көрінеді.

Балалардың «Сюжеттік суреттер» тапсырмасын орындау мысалдары

Ересек адам қатысушыға оң және теріс қылық бейнеленген суреттерді береді. Данияр суретті алып, мұқият қарайды және түсіндіре отырып орындарына қояды. Данияр. Мына бала жаман қылық жасады, себебі ол кәмпиттерді ешкімге бермей өзі жалғыз жеп тұр. Ол сараңдық танытты. (Оның бет әлпеті байыпты, қатаң. Оның түрінен баланың қылығын ұнатпағандығы көрініп тұр. Бұдан кейін көзін басқа суретке салып, жымиды.)

Данияр. Ал мына бала жақсы қылық көрсетті, себебі ол барлық балаларға кәмпитінен беріп тұр. Ол сараң емес. Барлық балаларды сыйлауы керек. Мен балалар бақшасына кәмпит немесе печенье алып келген кезімде, мен ылғи Сережаны, Азаматты және тағыда біреулерге кәмпит сыйлаймын. Олар да маған сыйлайды.

Бағалау: 3 бал, себебі Данияр суреттерді қараған кезде сәйкес және айқын эмоциялық жауаптар көрсетті, өзінің өмірінен мысалдар келтіреді.

Жеке дара хаттаманың үлгісі:

Баланың Т.А.

Балдар сандары

Баланың эмоциялық жауаптары, оның суреттерді түсіндіруі

Ескертулер

1.

2.

Жалпы хаттаманың үлгісі («Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Сюжеттік суреттер» әдістемесі

Саны

%

Ескерту

Барлық зерттелген балалар

0 бал алғандар

1 бал алғандар

2 бал алғандар

3 бал алғандар