Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС-шпор (Восстановлен) (Восстановлен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

95. Күштік трансформаторлардың құралымының бөлшектері.

Трансформатордың  магнит  орамасы  электротехникалық  болаттың  жеке  беттерінен  жиналады. Ол  оқтаушадан  және  ярмодан  тұрады. Оқтаушалар  әйнекқұрсаудан  тұрады, ал  ярма – болат  құрсаудан  тұрады. 

 ТК және ЖК  орамаларын   цилиндр  түрінде  жасайды  және  оқтаушаға 

бір-біріне  салыстырмалы  түрде  орналастырады. Орама  материалы  мыс  пен  алюминий. Оқшаулама ретінде  қатты диэлектриктері аралас май  қолданы-лады. ТК орамалары сым  қимасын  азайтуға  мүмкіндік  туғызатын  үшбұрыш  түрінде жалғанады. Осының салдарынан үшеселі жоғары гармоника токтарына  тұйықталған контур пайда болады. Нөлдік нүктелі жұлдызшаны жалғану бейтарап  сым  жерленген  жағдайда   пайдалану  керек.

Активті бөлік - бұл бакта орналастыратын магнитөткізгіштік. Бак қақпасына шықпалар орналастырылады, сақтандырғыш  труба кеңейткіш термометрлер және басқа элементтерден тұрады. Бак қабырғасына   салқындатқыш  қондырғы  радиатор орналасады

96. Жоғары кернеулі ажыратқыштарды таңдау тәртібі.

Ажыратқыштар дегеніміз – комтайиялық аппрат, тізбектегі тоқты ажырату үшін немесе қосу үшін қолданылады. Ажыратқыштар үлкен кернеулікте қолданылады. Ажыратқыштардың түрлері: майлы, бакты майлы,аз майлы, ауалық, газды, элетрмагнитті, автогазды, элегазды, вакумды болып бөлінеді. Ажыратқыштарды дайындаған зауытында берілген шарттарына қарап таңдаймыз. 1) берілген кернеуге байлынысты     2) тоқың ұзақтығы    ;   3) сөндіру қабілетіне байланысты 4) бірінші реттік қысқаша тұйықталу тоғының периоды құрамының сөндіруін тексеру      

Ажыратқыштарды  номиналды  кернеу  арқылы ұзақ мерзімдік номиналды  тоқ  арқылы ажырату  қабілеттілігін таңдайды және  жылулық және динамикалық  тұрақтылыққа  тексереді. Электродинамикалық  тұрақтылыққа  тексеру  және  мәндерін  анықтап, бұл  мәндерді  симметриялы тоқтың лездік(сквозного)  мәндердің  шамасымен және  шамасы     тең   ассимерриялы шекті  тоқ  мәнімен   ;    шарттары  бойынша  салыстыру  қажет  .

Жылулық  тұрақтылыққа  тексеру  шарты;

,         

мұнда  — жылулық  тұрақтылықтың    номиналды  уақыт  ішіндегі  номиналды  тоғы. 

Осыған  қатар, ажырату  қабілеттілігі  бойынша тексеріледі, ол номиналды  симметриялық ажырату  тоғымен   (каталогтарда беріледі) және апериодикалық құраушылардың номиналды  салыстырмалы мәнімен сипатталады.

97. Электр қондырғылардың бас сұлбаларына қойылатын негізгі талаптар.

Электрқондырғылардың сұлбасын таңдаған  кезде мүмкін болатын ҚТ тоқ деңгейін  және қажет  жағдайда тоқ  шектегіш қондырғыларын ескеру  қажет.

Электрқондырғылардың  бас сұлбасын таңдауға әсер ететін күрделі  комплекстік талаптардан тұтынушылар  санатын, тұтынушылардың  электр-қамтамасыздандыру сенімділігін,  жөндеу  жұмысын  жүргізуге  бейімділігін, сұлбаның икемділігі және оның экономикалық мақсаттылығын аңғаруға  болады.

Сенімдік талаптары негізгілердің бірі болып  табылады. Бұл  сенімділік  астына жүйе және  аппараттың  сенімділігі берілген  процесс параметрлерін   сақтай отырып, әртүрлі қолданыс  кезіндегі сұлбаның  өз  функциясын  сақтау  қасиеті кіреді.

Жөндеу жұмысына бейімділігі жөндеу жұмысын ешбір ақаусыз жүргізумен немесе тұтынушылардың электрқамтамасыздандыруды шектеу-мен  анықталады.

Сұлбаның оперативті иілгіштігі (гибкость) оның қажетті қолданыс  режимін туғызу бейімділігімен оперативті қайта қосуды жүргізумен  анықта-лады. Оперативті икемділік оперативті қайта қосылудың санымен,   күрделі-гімен, ұзақтылығымен бағаланады.

Бас сұлбалардың тиімділігін бағалау, қабылданған техникалық  шешімдердің экономикалық тиімділігін талдау әдістемесі бойынша қор  салымдығын және жылдағы қолданыс шығындарын ескеретін әртүрлі  сұлба  нұсқауларын орындауға кеткен есептік  шығындарды салыстыра отырып іске  асырылады.

Бас сұлбаның икемділігі (маневренность) сұлбаның өзгерген жұмыс  шартына оңай бейімделу мүмкіндігін көрсетеді.  

Күту қауіпсіздік шарты  маңызды болып табылады.