Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС-шпор (Восстановлен) (Восстановлен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

71. Бейтараптамасы оқшауламаланған электр торабының жұмыс режімдері.

1. сұрақта қарастырылған.

72. Электр жабдықтарының термиялық төзімдіңлігі туралы түсінік. Жылу импульсі.

Электр тоғының адам денесінен өткен кезде оған тигізетін әсері әртүрлі болады: термиялық (қыздыру), электролиздік, биологиялық, механикалық әсері. Бұл жағдайларда адам денесінің басты мүшелерінің (ми, жүрек, өкпе т.б.) жұмыс істеу әрекеті бұзылуы мүмкін.

Термиялық әсер – денеден өткен тоқтың әсерінен нерв жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттері, сүйектер т.б. органдардың қызуынан және дененің кей жерлерінің күюінен тұрады.

73. Кернеу трансформаторлары. Тізбекке қосу сұлбалары.

Кернеу трансформаторлары электр өлшеуіш аспаптардың, реле, сигнализация тізбектердің, басқару мен автоматтандыру катушкасын кернеумен қоректендіруге қолданылады. Әдеттегі күштік трансформаторлардан кішігірім қуатымен ерекшеленеді. Мысалға, көп таралған НОМ-10 типті кернеу трансформаторының қуаты тек 720 ВА құрайды.

Кернеу трансформаторының құрылысы мен сұлбасы 13-суретте көрсетілген. Көп орамды жоғары кернеулі орамасы болып табылатын оның бірінші орамасы U1 өлшенетін кернеуге, ал төменгі кернеулі орамасы болып табылатын екінші орамасы вольтметрмен және басқа аспаптардың тізбектегі кернеуімен тұйықталады. Екі орамасы да концентрлі. Күштік трансформаторлардағыдай, ЖК орамасы ТК ораманың сыртында орналасқан. Барлық өлшеуіш аспаптар бәрінде трансформатордың екінші ретті кернеуі болуы үшін бір-бірімен параллель жалғанады. Вольтметр мен өлшеуіш аспаптардың кернеу тізбегінің кедергісі айтарлықтай жоғары (шамамен 1кОм), яғни кернеу трансформаторы күштік трансформатордың бос жүріс кезіндегі шарттарына ұқсас жұмыс істейді.

Сондықтан да, кернеудің ішкі құлауы және оның орамаларында сәйкесінше төмен, және және , ал болған соң, ондағы кернеу , яғни екінші ретті кернеу бірінші ретті кернеумен трансформация коэффицентіне тең қатынаста келеді.

Өлшеуіш аспап тізбегінде трансформатордың екінші ретті орамасы фаза бойынша біріншімен сәйкесуі керек. Бұл орамаларды 0 тобына сәйкес кернеуде қосқанда ғана орындалады. Осындай жағдайда, кернеу трансформаторы екінші тізбекке бірінші ретті өзгерген жоғары кернеу мен оның фазасын пропорционалды жеткізеді, және өлшенген төменгі кернеу негізінде жоғары кернеуді есептеуге болады.

Фазаның дұрыс тасымалдануы вольтметр немесе жиілік өлшеуішке ғана емес, сонымен қатар ваттметр мен санағышқа да маңызды.

Белгілі кернеу трансформаторымен тұрақты жұмыс істейтін вольтметр шкаласында бірінші ретті кернеудің мәнін еңгізеді. Сәйкесінше, өлшеуіш трансформатордың белгілі трансформация коэффицентінде жұмыс істейтін ваттметр мен санағыштар осы коэффиценттерді ескереді. Екінші ретті номинал кернеу барлық кернеу трансформаторларында бір ғана стандартты шамаға 100В-қа тең.

Қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігі мақсатында екінші ораманың бір қысқышы және кернеу трансформаторының болат кожухы жермен жалғануы керек. Және де орама аралығындағы оқшаулағыштың зақымдануынан, трансформаторға жалғанған өлшеуіш аспаптар мен жер арасындағы жоғары кернеудің пайда болу қаупін ескерген жөн.

Әр кернеу трансформаторы екі қуатпен сипатталады: номинал және максимал.