Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС-шпор (Восстановлен) (Восстановлен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

66. Әртүрлі электр қондырғыларға рұқсат етілетін жерлендіргіштің кедергісі.

Жерлендіргіш  құрылғының  кедергісі:   жерлендіргіш  сымның  кедергісінен  (жерлендіріген аппараттан, жерлендіргішке  дейін); жерлендіргіштің  метал  бөліктерінің  кедергісінен; жерлендіргіш және жердің арасындағы  тоқ  өткенде  жер әсер ететін (сейілу  кедергісі) өтпелі кедергіден  тұрады.

Электр қондырғыларын құру ( Правила устройства Электроустановок) ережелері бойынша жерлендіргіш  құрылғылардың  келесі  кедергілер  мәндері  регламенттеледі: тиімді жерленген  бейтараптамалы  қондырғыларда , яғни  жерге  тұйықталу  тоғы 500 А-ден астам болса , Ом; кернеуі  1000В 

жоғары жерлендірілмеген бейтараптамалы  қондырғыларда , мұнда   - берілген  кернеудегі барлық  тораптың жерге  тұйықталғандағы  сыйымдылықты тоғы;  жерлендірілмеген бейтараптамалы аппаратсыз қондырғыларда, қарымталаушы  сыйымдылықты  тоқ, егер  жерлендіргіш  құрылғы   1000 В-қа  дейінгі  электрқондырғыларда  қолданылса,     тең  болады. 1000 В-қа  дейінгі  электрқондырғыларда  жерлендіргіш  құрылғылардың   кедергісі 4 Ом-нан аспауы  керек (генераторлармен  транс­форматорлардың  қосынды  қуатымен 100 кВА дан  аспаса   10 Ом рұқсат  етіледі). Әртүрлі  кернеудегі бірнеше ТҚ қондырғыларымен, мысалы, станцияда немесе қосалқы  станцияда, бір  жалпы  жерлендіргіш  құрылғы  жасалынады.

Жалпы  жерлендіргіш  құрылғының  кедергісі сол қондырғының  талаптарын  қанағаттандыруы  қажет (кедергісі төмен болуы мүмкін).

67. Топтың жерге өтуі. Адымдық және жанасу кернеуі.

Топтық желі – қалқандардан шамдалдарға, ашалы розеткаларға және басқа да электр қабылдағыштарға дейінгі желі;

Жанасу кернеуі – адамның бір мезгілде жанасуы кезінде өткізгіш бөліктердің арасында немесе екі электр өткізгіштердің арасындағы кернеу;

Адымдық кернеуі – адам қадамының ұзындығына тең деп қабылданатын бір-бірінен 1 м қашықтықтағы жер үстіндегі екі нүктенің арасындағы кернеу;

68. Оперативтік токты топқа бөлу. Оларды пайдалану аймағы.

3. сұрақта қарастырылған.

69. Өлшеуіштік трансформаторлардың атқаратын қызметі және оларды пайдаланудың ерекшеліктері.

Амперметр мен өлшеуіш аспаптың ток тізбегіндегі қосынды кедергісі сәйкесінше аз (әдетте 1 Омнан кіші), сондықтан ток трансформаторы күштік трансформатордың қысқа тұйықталу шартына жақын жағдайда жұмыс істейді.

ТШЛ-0,5 типті бір орамды ток трансформаторы шиналы деп аталады, себебі бірінші ретті орама негізінде мұнда ток өткізгіш шиналар қолданылады (6-сурет). Оны 0,66 кВ дейінгі кернеуде жабық қондырғыларда қолданады. Оның құрамында білікшелерінде екінші ретті орама орнатылған О тәріздес магнит өткізгіштігі бар. Бірінші ораманың шығысы (желілік) – ток трансформаторына байланысты корпуста орналасқан болттық байланыстар үшін тесілген мыс пластиналары. Екінші ретті (өлшеуіш) ораманың басы мен соңын монолитті корпустың бір жағына орналасқан ішкі тізбектегі арнайы контактілі пластина және винттармен қосады.

ТПЛМ-10 типті ішкі қондырғысы бар (модернделінген өтпелі құйылған изоляциялы) ток трансформаторы, 400 А бірінші ретті номинал токқа есептелген. Оны Комлектілі тарату құрылғысының шкафтарында қолданады. Ол бір немесе екі орамасы бар тікбұрышты шихталанған өзекшеден тұрады.

Т ПФ-10 (10 кВ кернеуге арналған өтпелі фарфор изоляциялы) трансформатор бір не екі фарфор оқшаулағышпен 2 қамтылған өзекшеден 1 тұрады (8-сурет). Екінші ретті орама 3 өзекшенің білікшесіне кигізілген бір не екі катушкадан тұрады, ал бірінші орама 4, изолятор саңылауынан өткізілген дөңгелек оқшауланған өткізгіштен немесе ленталы мыстан жасалған бірнеше орамнан тұрады. Бірінші ораманың басы мен соңы Л1 және Л2 тік бұрышты саңылау арқылы трансформатордың торц қақпағына 6 қарай шығарылған мыс контактілі пластиналарға 5 дәнекерленген.

8-сурет. ТПФ-10 типті ток трансформаторының құрылысы:

1-өзекше; 2-изолятор;3,4-екінші және бірінші ретті орамалар; 5-контактілі пластина; 6-қақпақ; 7-кожух; 8-фланец; 9-оқшауланған колодка;

10-бекіту саңылауы; 11-жерлестіру болты

70. АРВ-ның құрылғысы. Электр магниттік корректоры бар фазалық компауданың ұстанымдық әсері.

ҚАР-дің  негізгі элементтерінің бірі  қоздыруды  жеделдету болып  табылады, оның принциптік  сұлбасы 4.3 суретте  көрсетілген.    

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.3 Сурет- Релелік жеделдету  сұлбасы

Кернеудің мәні  едәуір  төмендегенде минималды  кернеу  релесіKV түйіспелерін тұйықтайды және  еселеу  контакторын  КМ  іске  қосады, ол  қосылып, қоздырғыш   тізбегіндегі шунттаушы реостаттың   кедергісін RR тұйықтайды.

Қалыпты тәртіпте  жүктеме  өзгергенде кернеуді  автоматты   реттеу  үшін  кернеу  түзеткіші  бар компаундтау құрылғысы  қолданылады, сұлбасы 4.4 суретінде  келтірілген. «Компаундтау» термині машинаның  статор тоғына тәуелді  қоздыру  тоғын  автоматты реттеуді білдіреді. Тоқ  трансформаторларының  екіншілік  орамдары ТА аралық  трансформаторға  Т және  компаундтау  тоғын  LGE қоздыру  орамына берместен  бұрын  түзеткішке VD1 қосылған. Олармен біруақытта  статор  кернеуі  бойынша  реттеу  іске  асырылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.4 Сурет – Сәйкестік (пропорционал-ды) әрекетті генератордың ҚАР сұлбасы

 

 

Реттеуші  импульсті  кернеу бойынша енгізу  үшін , трансформатор Т (магниттелетін  әмбебап трансформатор) 2 және 4 орамаларымен  жабдықталған. 2 орамадағы  тоқ  UГ -на пропорционалды  болады.  Таза  активті  жүктемеде 1 және  2 орамалар  МҚК(МДС)  өзара 90о-қа жылжытылған, генератордың  таза  реактивті  жүктемесінде  олар  фаза  бойынша  сәйкес  келеді. Соның  салдарынан , компаундтау  тоғы IГ және  UГ өзгерістер  шамасында , cosφ  төмен  болған  сайын немесе  генератордың  реактивті жүктемесі жоғары  болған  сайын,  жоғары  болады, - бұл фазалық компаундтау  деп  аталады, ол  кернеуді  неғұрлым  тура  шамасында ұстап  тұрады.

4 орамы  арқылы магниттелу  Т компаундтау  тоғын  ақырғы рет   UГ –на берілген  кернеу  бойынша  кернеу  түзеткіші  көмегімен   түзету жүргізіледі. Жалпы  жағдайда  кернеу  түзеткішінің  құрамына  өлшегіштік И1 және И2, элементтері кіреді, олар  кернеу  трансформаторының  тізбегіне TV ұстап тұратын автотрансформатор Т1 арқылы    қосылады.