Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС-шпор (Восстановлен) (Восстановлен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.29 Mб
Скачать

37. Синхронды генераторлардың қоздырылуын автоматты реттеу (арв). Қоздыруды автоматты реттеу (қар- арв)

 

ҚАР-дің  негізгі элементтерінің бірі  қоздыруды  жеделдету болып  табылады, оның принциптік  сұлбасы 4.3 суретте  көрсетілген.    

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.3 Сурет- Релелік жеделдету  сұлбасы

Кернеудің мәні  едәуір  төмендегенде минималды  кернеу  релесіKV түйіспелерін тұйықтайды және  еселеу  контакторын  КМ  іске  қосады, ол  қосылып, қоздырғыш   тізбегіндегі шунттаушы реостаттың   кедергісін RR тұйықтайды.

Қалыпты тәртіпте  жүктеме  өзгергенде кернеуді  автоматты   реттеу  үшін  кернеу  түзеткіші  бар компаундтау құрылғысы  қолданылады, сұлбасы 4.4 суретінде  келтірілген. «Компаундтау» термині машинаның  статор тоғына тәуелді  қоздыру  тоғын  автоматты реттеуді білдіреді. Тоқ  трансформаторларының  екіншілік  орамдары ТА аралық  трансформаторға  Т және  компаундтау  тоғын  LGE қоздыру  орамына берместен  бұрын  түзеткішке VD1 қосылған. Олармен біруақытта  статор  кернеуі  бойынша  реттеу  іске  асырылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.4 Сурет – Сәйкестік (пропорционал-ды) әрекетті генератордың ҚАР сұлбасы

 

 

Реттеуші  импульсті  кернеу бойынша енгізу  үшін , трансформатор Т (магниттелетін  әмбебап трансформатор) 2 және 4 орамаларымен  жабдықталған. 2 орамадағы  тоқ  UГ -на пропорционалды  болады.  Таза  активті  жүктемеде 1 және  2 орамалар  МҚК(МДС)  өзара 90о-қа жылжытылған, генератордың  таза  реактивті  жүктемесінде  олар  фаза  бойынша  сәйкес  келеді. Соның  салдарынан , компаундтау  тоғы IГ және  UГ өзгерістер  шамасында , cosφ  төмен  болған  сайын немесе  генератордың  реактивті жүктемесі жоғары  болған  сайын,  жоғары  болады, - бұл фазалық компаундтау  деп  аталады, ол  кернеуді  неғұрлым  тура  шамасында ұстап  тұрады.

4 орамы  арқылы магниттелу  Т компаундтау  тоғын  ақырғы рет   UГ –на берілген  кернеу  бойынша  кернеу  түзеткіші  көмегімен   түзету жүргізіледі. Жалпы  жағдайда  кернеу  түзеткішінің  құрамына  өлшегіштік И1 және И2, элементтері кіреді, олар  кернеу  трансформаторының  тізбегіне TV ұстап тұратын автотрансформатор Т1 арқылы    қосылады.

38. Автотрансформаторлардың жұмыс режімдерінің ерекшеліктері.

5.1 Автотрансформатор режімдерінің ерекшеліктері

5.1 Сурет - Әртүрлі тәртіпте автотрансформатор орамасында тоқтың таралуы

а,б – автотрансформаторлық  режімдер; в,г -  трансформаторлық   тәртіптер; д,е – құрама тәртіптер

 

Автотрансформаторлар үш орамды  болып  орындалады, тіпті  ЖК және ОК  -лері  электрлік  байланыста,  ал  ТК  орамы   - магнитті байланыста болады. Үш  орамы   және ЖК мен ОК  орамдары  арасында  гальваникалық байланысы  болса 5.1  суретінде  көрсетілгендей  әртүрлі  жұмыс  тәртібі болуы  мүмкін .

 Автотрансформаторлы тәртіптерде қуатты  Sном  ЖК  орамынан  ОК  орамына  немесе керісінше беру  мүмкін. Екі  режімде  де  жалпы  орамы бойынша тоқ  айырымы болады  IC -IB = kвыг∙IC, сол  себепті  тізбектей  және жалпы  орамдар типтік  қуат  бойынша  жүктеледі, ол  рұқсатты  болып  табылады.