Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС-шпор (Восстановлен) (Восстановлен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.29 Mб
Скачать

25. Қысқа тұйықталу тоғын есептеудің керектігі және оны орындаудың тәртібі.

ҚТ  тоқтарының  есебін электрқондырғылардың параметрлерін, сонымен қатар релелік қорғаныс  және  автоматика тағайыншамасын (уставка)  таңдау  немесе  тексеру   үшін  жүргізеді  .

Есептеуде  келесі  ұйғарымдар  қабылданады: барлық  генераторлардың ЭҚК  фазалары ҚТ   процессі  уақытында өзгермейді;  магниттік  жүйелердің 

қанығуы  ескерілмейді; күштік трансформаторлардың магниттелу  тоқтарын 

есептемейді ; жерге қысқа тұйықталған  тізбек элементтерінің  сыйымдылық  өткізгіштерін  ескермейді. Үш фазалық  жүйе симметриялы  болып  есептеледі

және егер  x/r > 3 қатынасы орындалса активті  кедергіні  есептемейді.

Үш фазалы  ҚТ-да тоқтарды  есептеу  келесі  тәртіппен  орындалады:  есептік  сұлба   құрылады;  электрлік  алмасу  сұлбасы  құрылады;  алмасу  сұлбасын, әрбір  қоректендіру  көзі, ҚТ  нүктесімен нәтижелік  кедергісі з арқылы  қосуға болатынтай неғұрлым  қарапайым  түрге  келтіреді; нәтижелік

ЭҚК көзі және  нәтижелік  кедергі арқылы Ом заңы бойынша  Iп,0  тоғын  анықтайды, содан соққы  тоғын  және  қажет  болғанда берілген  уақыт моменті t  үшін, ҚТ периодикалық  және апериодикалық  құраушыларын  анықтайды.

26. Қоздыру жүйесін топқа бөлу. Синхронды генераторлардың щеткасыз қоздыру жүйелері.

Қоздыру жүйесін топқа бөлу-13.сұрақта бар.

3.3 Щеткасыз қоздыру жүйесі

  Принципті  жүйесі  3.5 суретте  көрсетілген қоздырудың  мұндай жүйесінің  ерекшелігі, түйіспелі  сақинасының  жоқтығы  болып  табылады. Көмекші СГ GE  қайтымды машина  типі  бойынша  орындалған. Айнымалы  тоқ  орамы – айналу  бөлігінде  орналасқан, ал  қоздыру  орамы  қозғалмайды.

 

 

 

 

 

3.5 Сурет – Щеткасыз  қоздыру жүйесі

 

 

Айнымалы тоқтың  айналма орам  тоғы GE білікке  бекітілген өткізгіштер  арқылы айналма  түзеткіштерге  беріледі  және  ары  қарай  негізгі  генератордың қоздыру  айналма орамына  беріледі.

27. Электростанциялардағы өзіндік мұқтаждық жүйелері. Кэс-тың өзіндік мұқтаждығын электрмен жабдықтаудың сұлбасы.

ЖЭС-да өзіндік мұқтаждарға (ө.м.) жататындар: отын тасымалдау механизмдері; отын дайындау; тартым үрлегіш  механизмдері; турбин­алық бөлімше механизмдері; химсутазалау; генераторларды майлау және  салқындату  жүйелері  механизмдері; газ және  май  шаруашылығы механизмдері; трансформаторларды үрлеу желдеткіштері; май  қыздыру  жүйесі  және бірқатар  басқалары. Электрэнергияның  кейбір  бөлігі  жылытуға,  қыздыруға  және  жарықтандыруға   шығындалады.

Электростанцияның  ө.м. жүйесінің  тұтынушылары 1-санатқа (категорияға) жатады. Әсіресе    қоректену  үзілісі персоналдың өміріне   қауіп 

туғызатын  немесе  негізгі  күштік  қондырғының  істен  шығуына  әкеліп  соқтыратын электрқондырғылардың    тобы  ерекшеленеді. Бұл  тұтынушылар  тобына үштен  кем  емес  тәуелсіз – жұмысшы    және  екі резервті  қорек  көзі  қажет.

Электростанцияның ө.м. жүйесінде кеңінен қолданыс тапқан қалақты сорғылар және желдеткіштер. Қалақты машиналар қозғалтқыштан энергияны ығысатын  сұйықтықты (газды) қалақшалы жұмысшы дөңгелек арқылы береді және   эксплуатациялық сапасы екпін   , біліктегі қуат  және толық ПӘК  тасымалдану (өнімділіктен) Q тәуелділігінен анықталатын ортағатартқыш және осьтік болып бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

Сурет 12.2 - 6 кВ-тық КЭС ө.м.қоректендірудің   сұлба  нұсқалары

 

Блок типіндегі КЭС-ның ө.м. жұмысшы  және  резервті   трансформаторларын  қоректендіру   12.2.   суретке  сәйкес   екі  түрлі  әдіспен   іске  асырылуы  мүмкін. 

Ө.м. жұмысшы трансформаторларды   ауыстыру үшін бір  немесе  бірнеше торапқа  қосылмаған  ре­зервті трансформаторлар  қарастырылады.

Ө.м. жұмысшы блок трансформаторлардың    қуатын  таңдау ө.м. секциясындағы шынайы  жүктеме  есебіне  (ө.м. блогының  шиналарына  қосылған  жалпы станциялық) негізделеді.

Төменгі  кернеуі  6кв ө.м. жұмысшы трансформаторлардың     тұтынатын  қуаты  

мұнда  — 6кВ электрқозғалтқыштармен барлық  орнатылған  механизмдердің резервті  және  қалыпты  жұмыс  істейтіндерді  қосқандағы  есептік  қуаттар  қосындысы;

 — 6/0,4 кВ барлық  қосылған  трансформатор  қуатының, резервті  және  қалыпты  жұмыс  істейтіндерін  қосқандағы қосындысы  .