- •1.Самай сүйек өзектері, олардың маңызы.
- •2 Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар
- •2.Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар.
- •3Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы
- •5 Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі
- •6Ми сауыты негізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы
- •7 Мұрын қуысы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы
- •8 Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы
- •9 Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері
- •10Іш аймақтары.Тік бұлықеттің қынаптарының пайда болуы
- •1.Foramen trilaterum , ол медиалді орналасқан , оның шекалары ;
- •2.Foramen quadrilaterum , ол латералді орналасқан ,оның шекаралары;
- •21.Үлкен және кіші шонданай тесіктері. Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы.
- •Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы. Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары (тері асты және терең). Практикалық маңызы.Скарпов үшбұрышы
- •24) Тақым шұңқыры, шекаралары, құрамы.
- •29.Ауыз қуысы, бөлінуі, шекаралары, құрамы. Аран туралы түсінік, шекаралары. Лимфа-эпителиалді сақинасы, құрылысы, қызметі.
- •30.Тістер : сүт, тұрақты тістер, дамуы, олардың құрылысы, формуласы.
- •31.Қатты таңдай және жұмсақ таңдай.
- •32.Тіл, құрылысы, қызметі.
- •48.Шарбылық қапшық, шарбылық тесік, олардың шекаралары, қатынасы
- •78.Жатыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы, жатыр жалғамалары.
- •79.Аналық без, құрылысы, қызметі.
- •80.Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі
- •81. Аналық сыртқы жыныс ағзалары. Олардың анатомиясы.
- •82. Шатаралық кіші және үлкен мағынада, құрылысы, бөлінуі.Аналді үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.
- •83. Несеп-жыныс үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары. Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашықтары.
- •84. Эндокринді бездердің жіктелуі, «Гормон» туралы түсінік.
- •85. Нейроэндокринді бездер. Эпифиз: құрылысы, қызметі.
- •86. Гипофиз және гипоталамус-гипофиз жүйесі.
- •111. Бүйрек үсті бездері мен бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің қайнар көздері, Бүйрек ішінде артериялардың тармақталу заңдылықтары б практикалық маңызы.
- •112. Құрсақтық сабау ; топографиясы , тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары .
- •113. Бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі. Бауыр ішінде артериялардың тармақталу заңдылықтары, практикалық маңызы.
- •. Асқазанның, он екі елі ішектің және ұйқыбездің қанмен қамтамасыз етілуі.
- •115 . Жоғарғы шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Аш және мықын ішектердің қанмен қамтамасыз етілуі.
- •117, Ұрықтың және нәрестенің қанмен қамтамасыз етілуі.
- •120. Әйел кіші жамбас астауы ағзаларының( жатыр,жатыр түтігі,аналық без) қанмен қамтамасыз етілуі.
- •121. Сыртқы аналық жыныс ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуі
- •122.123 (Жауап бірдей)Ерлер кіші жамбас астауының қанмен қамтамасыз етілуі.
21.Үлкен және кіші шонданай тесіктері. Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы.
Шонданай сүйегі,os ischii, жамбас сүйегі ойығының төменгі бөлігінде орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай; денесінен және бүрыш құрап, орналасқан бұтақтарынан,ramus ossis ischii, түрады. Шонданай сүйектің денесінің, corpus ischia, артқы бетінде:қылқаны, spina ishiadica, қанның жоғарғы бөлігінде, шонданай сүйегінің үлкен тілігі , incusira ischiadica minor төменірек кіші тілігі,incusira ischiadica major, орналасқан. Шонданай сүйектің денесінің бұтақтары иіліп, бұрыш құрап орналасқан. Жоғарғы бұтағының алдыңғы бетінде жапқыш тесіктің алдыңғы төмпешігі,tuberculum obturatorium anterior артқы бетінде шонданай сүйектің бұдыры tuber ischiadicum орналасқан. Шонданай сүйектің бұтағы, шат сүйектің төменгі бұтағымен бірігіп, жапқыш тесікті foramen obturatum құрайды.
Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы. Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары (тері асты және терең). Практикалық маңызы.Скарпов үшбұрышы
Шекарасы: Жоғарыдан –шап байламы, сыртқы жағынан-n. sartotius, ішкі жағынан-m. adductor liongus пен шектелген. Үш бұрыштың биіктігі - /lig. Inguinale-ден m. sartorii-дің mm. adductor liongus пен қиылысқан жеріне дейін/ 15 см тең.
Қабаттары:
Терісі жұқа қозғалғыш.
Тері асты клетчаткасы екі жапырақшадан тұратын fascia superficialis-пен бірге, тері асты клетчаткасы жақсы жетілген, онда беткі тамырлар, жүйкелер және лимфа түйіндері жатады.
Тамырлар және жүйкелер. А. pudenda externa /екеуі/ ерлерде ұманы және әйелдерде үлкен жыныс еріндерін қоректендіреді. А. epigastrica superficialis кейде екеу, ол жоғарыға кіндікке қарай көтеріледі. А. circumflexa ilium superficialis, spinailiacaanteriot superior қарай өтеді. А. femoris-тен шыққан барлық аталған артериялар for. оvalis аймағында аттас веналармен бірге /жиі екеу/ v. femoralis-ке немесе v. saphena magna келіп құяды. Соңғысы /біреу, кейде екеі/ санның ішкі – алдыңғы бетімен беткі шандырдың екі жапырақшасының арасымен клетчатканың ішімен өтіп, v. femoralis-ке келіп құйылады. Пупартов байламының жамылғысы n. lumboinginalis-тің /plexus lumbalis-тең/ тармақтарымен жүйкелендіреді. Сыртқы беті n. cutanei femoris lateralis аймағындағы тері асты клетчаткасына кіретін, одан біршама төмен және оның алдына таман spina iliaca ant. sup. тармақтары қоректендіреді. M. sartorii бағытына сәйкес келетін сызықпен nn. femoralis –пен nn. cutanei anterior шығады.
Лимфалық түйіндер. Бірінші топ пупартов байламына қатар жатады және құрсақтың алдыңғы қабырғасынан, гениталийден, шат аймағынан, бөксе және бел аймағынан лимфаларды қабылдайды. Екінші топ nodi lymphatici subingui a. femoralis-тің жолымен орналасқан және аяқтан лимфаларды қабылдайды. Көптеген лимфалық веналармен бірге жүреді.
Санның меншікті шандыры – fascia lata-тығыз жапырақша, онда көптеген сіңірлі талшықтар жатады. Шандыр санның барлық бұлшық еттерін жауып және сүйектің шығып тұрған жеріне бекітіледі. Скарповский үш бұрышы аймағында шандыр екі жапырақшаға ажырайды: беткі /lamina superficialis fascia late/ және терең /lamina profunda fascia latae/. Бұл аймақтың бұлшық еттерін оқығанда жапырақшалардың сан тамырларына қатынасын және жолдарын білуге болады.
Бұлшық еттер. Бұл жерде екі топ бұлшық еттері бар: беткі және терең. Беткі бұлшық еттер 4 топтан тұрады: m. tensor fascia latae, msartorius, m. adductor longus және m. gracilis. Скраповский үш бұрышының түбін терең бұлшық еттер – m. illiopsoas және m. pectineus құрайды. Бұл екі бұлшық еттің арасында үш бұрыш тәрізді ойыс-fossa iliopectinea пайда болады. Оның ұшы ортан жіліктің кіші ұршығына сәйкес келеді. M. sartorii fascia lata-тің ішкі жиегінде екі жапырақшаға бөлінеді. Терең жапырақшасы – lamina profnnda fasciae lata сан тамырларының астында жатады. m. illiopsoas және m. pectineus-ті жауып, сосын ішкі жағынан алып келуші бұлшық еттерге өтеді. Беткі жапырақшасы - lamina superficialis fasciae lataе м. sartorii-тің ішкі жиегінің ішінен сан тамырларының алдымен өтіп және оның астында processus falicifrprmis ойысы бар, оның жоғарғы және төменгі мүйізшесі /coriusuperius, cornu inferioris/ бар. Жоғарғы мүйізшесі сан тамырларының үстінде пупартов байламына бекітіледі немесе жоғарыға өтіп m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Төменгі мүйізшесі де тамырлардың алдында жатып, m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Processus falciformis foramen немесе fossa criorosa-ті шектейді және ол ойыс жұқа жарғақпен жабылған – Lig. iliopectineum. Көптеген тесіктерден беткі артериялар, веналар және лимфалық тамырлар өтеді. Сондықтан скарповский үш бұрышында беткі және терең жапырақшалардың арасында сан тамырлары өтетін кеңістік пайда болады.
Лакуна және оның құрылымдары. Пупартов байламының астындағы кеңістікті Lig. iliopectineum екі тесікке бөледі: сыртқысы – lacuna mussulorum және ішкісі- lacuna vesorum. lacuna mussulorum алдыңғы жағынан пупартов байламымен, артынан және сыртынан мықын сүйегі, ішінен Lig. iliopectineum-мен шектелген. Ол арқылы санға /fasciae lata-нің терең жапырақшасының астымен/ m. iliopsoas және n. femoralis шығады. lacuna vоsorum сыртынан Lig. iliopectium, ішінен Lig. lacunare алдынан-пупартов байламымен және артынан-куперов байламымен /Lig. visorum gooperii/ шектеледі. Ол дәнекер тканьді созғыш сүйек қабығымен тығыз байланысып жатады. Тамырлар лакуна арқылы санға /fosciae lata-нің беткі жапрақшасының астымен/ a. femoralis шығады және жамбасқа v. femoralis және лимфалық тамырлар кіреді. Сан тамырлары меншікті дәнекер ұлпалы қынаппен vagine vosorum femoralium қоршаған оның сыртқы жағында lacunae vosorum, ал ішкі жағында артерия сосын вена жатады. lacunae vosorum-ның ішкі жағында сан өзегінің ішкі тесігі Розенмюллеров лимфатикалық түйіндермен толтырылған.
Тамырлар мен жүйкелердің топографиясы. А. femoralis скарповский үш бұрышы аймағында пупартов байламының ортасынан оның ұшына қарай жүргізілетін сызыққа сәйкес келеді. А. fеmoralis-тен көптеген беткі артериялар шығады. А. profunda femoris-тің негізгі бағанасынан пупартов байламының 3-5 см төмен а. fеmoralis шығады және а. circumflexa femoris lateralis және a. circumflexa femoris medialis тармақтарын береді. v. femoralis жұқа қабырғалы тамыр, ол скарповский үш бұрышының жоғарғы бөлігінде артерияның ішкі жағында жатады, оның ұшына таман сан артериясының астына өтіп кетеді.
Trigonum scerge-де v. femoralis беткі артериялармен бірге жүретін веналар және v. scaphena келіп құйылады. Бұл веналар for. Ovalis аймағында lamina cribrosa арқылы өтеді. Сан веналарының клапандары v. saphenae-ның құятын жерінен жоғары немесе вена құйылатын жерде жатады.Венамен бірге клетчаткада терең лимфалық тамырлар өтеді, олар аяқтың терең қабаттарынан лимфаны қабылдайды, сонымен қатар венаның ішкі жағында терең лимфа түйіндері /nodi lymphatia subinguinalis profunda/ олардың ең ірісі nodus lymphaticus rosenmulleris closuent N. femoralis деп аталады. Скраповский үш бұрышының терең түйіндерінен лимфа жамбас түйіндеріне ағады. Trigoni scrpae бел өрімінің /І-IV/ алдыңғы түбіршектерінен шығады. Trigoni scrpae аймағында жүйке а. fencorolis-тен сыртқары орналасқан және соңғысынан шандырдың терең жапырақшасымен бөлінген. Пупартов байламының астында жүйке бұлшық ет және тері жүйкелеріне бөлінеді. Санның алдыңғы бетінде сан бұлшықетінің немесе Скарп атты ұшбұрыш trigonum Scarpae орналасқан. Бұл ұшбұрыштың жоғарғы қабырғасы: шап байламынан, lig inguinale, латеральды қабырғасы тігінщі бұлшықетінен m. sartorius медиальды қабырғасын ішке тартқыш ұзын бүлшықетінен, m.adductor longus.Сан бұлшықеті үшбұрышының маңындағы беткей орналасқан фасциялық қабықшаның астында мықын- қырқалы жүлге, sulcus iliopectineus орналасқан. Бұл жүлгенің медиальды қабырғасы: қырқалы бүлшықеттен, m. pectineus, латеральды қабырғасы бел-мықын бұлшықетінен тұрады. Бел- мықын жүлгенің дистальді бөлігі төмен бағытта өтіп, сан бұлшықетінің жүлгесіне ұласады.Сан бұлшықеті жүлгесінің – медиальды қабырғасы-санды ішке тартқыш бұлшықеттерден, латеральды қабырғасы санның төрт басты бұлшықеті мен медиальды бұлшықетінен, m. vastus medialis, тұрады. Бұл жүлгенің бойында сан артериясы, вена қан тамырлары, a. et v.femorales орналасқан. Бұл жүлгенің дистальды бөлігі санды ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесіне, canalis adductoris seu canalis vastoadductorius Hunteri ұласады. Сонымен қатар, сан бұлшықеттерінің бойында сан бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis femoralis орналасқан. Бұл өзекше, сан жарығы болған жағдайда байқалады.
Сан өзегі
Ішкі тесігі /сақинасы/ алдыңғы жағынан-пупартов байламымен, артынан lig. cooperi, ішкі жағынан – Lig. lacunare және сыртынан сан венасын жауып тұратын шандыр қынабымен шектелген. Сан өзегінің ішкі тесігін борпылдақ клетчаткалар және розенмюллер лимфалық түйіндері толтырылып жатады. Құрсақ қуысын жағынан /ішкі тесігі жағынан/ іш пердесінде кішкене ойыс пайда болады, оны fovea femoralis деп атайды. Transversalis осы тесік аймағында жұқа, серпімді перде /septum femorale/ түзеді, онда скарпов үш бұрышынан тері лимфалық түйіндері жамбасқа өтетін көптеген тесіктер бар. Сан өзегінің сыртқы тесігі /annulus femoralis exter. Foramen ovale/ болып табылады. Осы тесік арқылы сан терісі астына сан жарығынан шығуы мүмкін. Сан өзегінің қабырғалары: алдыңғысы – fasciae latae-ның беткі жапырақшасы /оның мүйізшесі – cornu guperi/ артқысы - fasciae latae-ның терең жапырақшасы /m. pectineus-ні жауып тұрады/, ішкісі – сан венасы және оны жауып тұратын қынап /vagina vasorum/. Сан өзегінің ұзындығы 1-ден 2-3 см-ге дейін болады, ол cornu superius-дің беткі жапырақшасының fasciae latae-ға бекітіледі. Егер жоғарғы мүйізше пупартов байламына және Lig. lacunare бекітілсе онда өзек қысқа, ал егер жоғарғы мүйізше m. pectineus-ның терең жапырақшасына fasciae latae-ның үстінен бекітсе – онда өзек біршама ұзын болады. Сан өзегінің құрылымдары: өзек борпылдақ клетчаткамен, терең лимфалық түйіндермен және лимфалық тамырлармен толтырылған. Сан жарығында жарық қапшығы және оның құрылымдары жатады /шажырқай, ішек ілмектері/. Сан жарығының жалпы, негізгі белгілері пупартов байламы астынан шығу болып табылады, ал шап жарығы байламынан жоғары шығады. Қысылған сан жарығына операция жасағанда, қысатын ішкі сақинаны кескенде, сыртқы жағынан сан венасы, алдынан пупартов байламы және оның үстінде а. epigastrica inferior жататынын ескеру керек. Сондықтан сақинаның ішкі жағын – Lig. lacunare-ны кесуге болады, бұл жерде а. hypogastrica-дан шығатын а. obturatoria 28,5 процент жағдайда а. epigastrica inferior ден шығатынын ескеру керек. Бұл жағдайда сан өзегінің ішкі тесігін мына тамырлар қоршайды. v. femoralis сыртынан, а. epigastricaе алдынан және а. abturatoriea-ішкі жағынан. Тамырлардың бұл қатынасын – corono mortis деп атайды. Бұрынғы кезде қысылып қалған сақинаны аспаптың көмегімен /герниотома/ кескенде, тамырды кесіп кетіп, одан көп қан кетіп адамдар өлетін болған.
Гунтеров өзегі аймағы
Гунтеров өзегі санның алдыңғы аймағының төменгі бөлігінде орналасқан.
Қабаттары:
Тері, ішкі жағында жұқа және қозғалғыш, ал сыртқы жағында керсінше.
Тері асты клетчаткасы ішкі жағында қалыңдау. Әйелдерде ерлерге қарағанда клетчатка жақсы дамыған. Беткі шандыр екі жапырақшадан құралған. Терең жапырақшасы санның меншікті шандырында жатады және оның жұқа май қабатымен ажыратылады. Санның алдыңғы ішкі бетінде беткі шандырдың жапырақшаларының арасында magna өтеді. Кейде бағананың көбейгендігі байқалады, бұл кезде санның тері асты клетчаткасында бай, көптеген ілмектермен тор байқалады, оның тармақтары тері асты веналарының бағаналарына құйылады.
Fascia lata тығыз дәнекер тканьді жапырақша, сіңірлі талшықтармен сыртқы жағынан бекітілген. M. tensoris fasciae lata және жартылай m. glutei maximi сіңірлері санның жалпақ шандырымен байланысады. Соның әсерінен ұзынша сіңір мен созылғыш түзіледі . Созылғыш tibiae-ның сыртқы айдаршығына бекітіледі. Fascia lata өсінділер береді. Septum intermissulare laterale санның бүккіш бұлшық еттерін M. vatus lateralis-тен ажыратып тұрады және ол lineae asperae femoris-тің сыртқы ерніне бекітіледі. Septum intermissulare mediale m. vastus medials-ті алып келуші бұлшық еттерден ажыратып тұрады және ол lineae asperae-ның ішкі ерніне бекітіледі. Septum intermissulale posterius-әлсіз алып келуші бұлшық еттерді санды бүгетін бұлшық еттерден бөліп тұрады. Сөйтіп, санда үш бұлшық етті арна түзіледі: алдыңғы жазғыш еттер арнасы алдыңғы-ішкі, алып келуші бұлшық еттер арнасы және артқы-бүккіш бұлшық еттер арнасы. Сонымен қатар Fascia lataе-ның алдында жапырақшалардың арасында тігінші бұлшық етте жатады.
Бұлшық еттер. Беткі және терең қабатқа бөлінеді. Беткі бұлшық еттерге m. sartorius және m. tensor fasciae latae жатады. Терең қабатқа санның төрт басты бұлшық еті /m. rectus femoris, m. vastus medialis, m. vastus lateralis және vastus intermesiali жатады/. Төрт басты бұлшық еттің сіңірлері бірігіп, мықты бір сіңір құрайды. Ол patella-ны орап және tuberositas tibiae-ға бекітіледі. Санның ортаңғы бөлігінде ұзын алып келуші бұлшық ет арасында, оның ішкі жағында және m. vastus medialis-тің басында, сыртқы жағында sulcus femoris anterior жатады, ол fassae iliopectineae-ның жалғасы. Жүлге алдыңғы жағынан тігінші бұлшық етінің қынабының артқы қабырғасымен жабылған. Осыдан келіп бұлшық етті өзек пайда болады. Оның ішінде сан тамырлары өтеді. Бұл өзек соңғы жағынан сан-тақым асты немесе гунтеров өзегіне жалғасады.
Сан өзекшесінің, canalis femoralis ұзындығы шамамен 0,5 см. Сан венасының ішкі қапталында орналасқан. Бұл өзекшенің ішкі және сыртқы тесігі және үш қабырғасы ажыратылады.
Сан өзекшесінің ішкі тесігі, annulus femoralis жарық болған жағдайда байқалады. Ол, құрсақтың алдыңғы қабырғасының артқы бетіндегі шаптың латеральдық шұңқырында fossa inguinalis lateralis орналасады. Қабырғалары:
а) алдыңғы қабырғасы-шап байламы, lig inguinale
ә) латеральды қабырғасы-сан венасы, v. femoralis
б) медиальды қабырғасы –лакунарлы байламнан, lig. lacunare
в) артқы қабырғасы-қырқалы бұлшықетінің фасциялық табақшасы, fascia pectinaee тұрады. Бұл тесіктің ішкі құрсақтың көлденең бұлшықетінің фасциялық қабықшасымен және ішастармен жауып орналасқан.
Сан өзекшесінің сыртқы тесігі, санның тері асты үлкен венасы саңылауының hiatus saphenus маңында орналасқан.Бұл өзекшенің үш қаьырғасы ажыратылады:
а) алдыңғы қабырғасы- шап байламы, lig inguinale
ә) латеральды қабырғасы- сан венасы, v. femoralis
б) артқы қабырғасы- қырқалы бұлшықетінің фасциялық табақшасы тұрады.
- Санның ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis adductorius немесе Гунтер өзекшесі деп аталынады. Ол сан өзекшесінің тікелей жалғасы болып саналады. Төменгі бағытта өтіп, тақым шұңқырына ұласады. Бұл өзекшенің
а) медиальды қабырғасы санның ішке тартқыш үлкен бұлшықетінен m. adductor magnus.
б) алдыңғы қабырғасын- санның медиальды және латеральды қабырғасын құраушы бұлшықеттерінің арасындағы фасциялық табақшадан тұрады. Бұл өзекше арқылы сан артериясы мен сан венасы, m. vastus medialis және теріасты нерві өтеді. Ол төмен бағытта тақым шұңқырына қарай өтеді.
Бұлшық ет және қан тамыр лакуналары, шекарасы, құрамы. Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегі, шекаралары, қатынасы, құрамы.
Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і белок, май, көмірсу және минералдық тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-тен астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі: а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әр түрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады. Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта, жолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккіш, жазғыш, әкелуші, әкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті, қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсеріменрефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.
Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің катысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде куысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу козғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің козғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшыкеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.
Сан бұлшықеті жүлгесінің – медиальды қабырғасы-санды ішке тартқыш бұлшықеттерден, латеральды қабырғасы санның төрт басты бұлшықеті мен медиальды бұлшықетінен, m. vastus medialis, тұрады. Бұл жүлгенің бойында сан артериясы, вена қан тамырлары, a. et v.femorales орналасқан. Бұл жүлгенің дистальды бөлігі санды ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесіне, canalis adductoris seu canalis vastoadductorius Hunteri ұласады. Сонымен қатар, сан бұлшықеттерінің бойында сан бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis femoralis орналасқан. Бұл өзекше, сан жарығы болған жағдайда байқалады. Санның ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis adductorius немесе Гунтер өзекшесі деп аталынады. Ол сан өзекшесінің тікелей жалғасы болып саналады. Төменгі бағытта өтіп, тақым шұңқырына ұласады.
