- •1.Самай сүйек өзектері, олардың маңызы.
- •2 Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар
- •2.Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар.
- •3Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы
- •5 Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі
- •6Ми сауыты негізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы
- •7 Мұрын қуысы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы
- •8 Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы
- •9 Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері
- •10Іш аймақтары.Тік бұлықеттің қынаптарының пайда болуы
- •1.Foramen trilaterum , ол медиалді орналасқан , оның шекалары ;
- •2.Foramen quadrilaterum , ол латералді орналасқан ,оның шекаралары;
- •21.Үлкен және кіші шонданай тесіктері. Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы.
- •Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы. Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары (тері асты және терең). Практикалық маңызы.Скарпов үшбұрышы
- •24) Тақым шұңқыры, шекаралары, құрамы.
- •29.Ауыз қуысы, бөлінуі, шекаралары, құрамы. Аран туралы түсінік, шекаралары. Лимфа-эпителиалді сақинасы, құрылысы, қызметі.
- •30.Тістер : сүт, тұрақты тістер, дамуы, олардың құрылысы, формуласы.
- •31.Қатты таңдай және жұмсақ таңдай.
- •32.Тіл, құрылысы, қызметі.
- •48.Шарбылық қапшық, шарбылық тесік, олардың шекаралары, қатынасы
- •78.Жатыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы, жатыр жалғамалары.
- •79.Аналық без, құрылысы, қызметі.
- •80.Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі
- •81. Аналық сыртқы жыныс ағзалары. Олардың анатомиясы.
- •82. Шатаралық кіші және үлкен мағынада, құрылысы, бөлінуі.Аналді үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.
- •83. Несеп-жыныс үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары. Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашықтары.
- •84. Эндокринді бездердің жіктелуі, «Гормон» туралы түсінік.
- •85. Нейроэндокринді бездер. Эпифиз: құрылысы, қызметі.
- •86. Гипофиз және гипоталамус-гипофиз жүйесі.
- •111. Бүйрек үсті бездері мен бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің қайнар көздері, Бүйрек ішінде артериялардың тармақталу заңдылықтары б практикалық маңызы.
- •112. Құрсақтық сабау ; топографиясы , тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары .
- •113. Бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі. Бауыр ішінде артериялардың тармақталу заңдылықтары, практикалық маңызы.
- •. Асқазанның, он екі елі ішектің және ұйқыбездің қанмен қамтамасыз етілуі.
- •115 . Жоғарғы шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Аш және мықын ішектердің қанмен қамтамасыз етілуі.
- •117, Ұрықтың және нәрестенің қанмен қамтамасыз етілуі.
- •120. Әйел кіші жамбас астауы ағзаларының( жатыр,жатыр түтігі,аналық без) қанмен қамтамасыз етілуі.
- •121. Сыртқы аналық жыныс ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуі
- •122.123 (Жауап бірдей)Ерлер кіші жамбас астауының қанмен қамтамасыз етілуі.
9 Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері
9Көкет (лат. diaphragma ) - көкірек және құрсақ қуыстарын бір-бірінен бөліп тұрған, пішіні күмбез тәрізді жалпақ жұқа бұлшық ет. Күмбездің дөңес келген ортаңғы сіңірлі төбесі көкірек қуысына қарай бағытталған. Көкеттің шеткі етті бөлігі — тарамдалған бұлшықет будаларынан тұрады. Олар бекитін орындарына қарай: бел, қабырға және төс бөлімдеріне бөлінеді. Көкет жиырылған кезде құрсақ қуысына қарай күшті тартылып,көкірек қуысын кеңейтіп, тынысты ішке қарай алуға көмектеседі. Сондықтан, көкетті тыныс алу бүлшық еттерінің инспираторлар тобына жатқызады.
Тесіктері
1аорталық жол-hiarus aorticus
2Веналық жол-foramen vena cavae
3Өңештік жол-hiatus esophagialis әлсіз жерлері болып табылады,себебі ол жерлерден аорта,венажіне асқазанмен байланысты
10Іш аймақтары.Тік бұлықеттің қынаптарының пайда болуы
Іш-abdomen-тұлғаның адыңғы кеуде мен жамбастың аралығындағы аймақ.Жоғарыда төс сүйегінің серсерлік өсіндісі мен 12-қабырғаға дейінгі қабарығалық доғамен-arcus costalis шектелсе,бүйір қапталы артқы қолтықтық сызықшамен-linea axillaris post.,шектелсе,төменгі 2жақтық шекарасы мықын сүйегінің қырқысы мен алдыңғы бөлігінің шаптық байлам-lig.ingunale,мен шап сүйегінің көтеріңкісі-pons pubis,арқылы шектелген.аймақтары-
1Жоғарғы іштік аймақ-regio epigasrtium,қабырғалардың шеміршекастылық оң жіне сол жақтық аймғына-regio hypohondrica dextra et sinisrta,бөлінеді.
2Ортаңғы іштік аймақregio mesogastrium-,оң және сол жақтық іштік бүйір аймаққа –regio abdominalis lateralis dextrum et sinistrum,кіндіктік аймаққа-regio umbilicalis,бөлінеді
3Төменгі іштік аймақ-regio supepigastrium,қасаға аймаққа-regio hypogastrium,шаптық медиальды және латеральды аймаққа-regio medialis et lat.,бөлінеді.
Іштің тік бұлшықеті-m.rectus abdominis,дәнекер тканды қынабтың-vagina m.abdominis,ішінде орналасқан.Тік бұлшық еттің қынабы іштің жалпақ 3 бұлшық еттерінің апоневроздарынан құралған. Қынаптың алдыңғы және артқы қабырғалары ажыратылады.
1.Тік бұлшық еттің қынабының кіндіктен жоғары деңгейінің құрылысы – алдыңғы қабырғасы-aponeurosous m.obliquus int.сыртқы қиғаш бұлшық еттің апоневроздық қабықшасы, алдыңғы табақшасынан-lamina ant., тұрады. Артқы қабырғасы – ішкі қиғаш бұлшық ет апоневрозының артқы табақшасы-aponurosus m.obliqui int., мен көлденең бұлшық еттіғ апоневрозының-aponeurosus m.transversus abdominis, оның фасциялық қабықшасынан-fascia transversalis, және бұл бұлшық еттің құрсақ қуысы жағынан көмкерілген ішастардан-peritoneum, тұрады.
2.Тік бұлшық ет қынабының кіндіктен төмен деңгейінің құрылысы – алдыңғы қабырғасы-сыртқы, ішкі және көлденең бұлшық еттердің апоневрозынан-aponeurosusm.obliqus externi abdominis et interni abdominis et m.transversus abdominis, тұрады. Артқы қабырғасы – құрсақтың көлденең бұлшық етінің фасциялық қабықшасынан-fascia transversus, ішастардан –peritoneum тұрады.
12,13)Шап өзегі, canalis inguinalis, саңылау болып табылады, ол арқылы еркектерде шәует шылбыры, funiculus spermaticus, ал әйелдерде жатырдың жұмыр байламы, lig. teres, өтеді. Ол іш қабырғасының төменгі бөлімінде іштің екі жағында да, іле-шала шап байламының үстінде орналасады да, жоғарыдан төмен, сыртқы жағынан ішке, артқы жағынан алға қарай өтеді. Ұзындығы 4,5см. Түзілуі: шап байламының сыртқы үштен екісіне ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттер бітісіп өседі, ал байламның медиальды үштен бірінде мұндай бітісіп өсулер болмайды да, бұлшықеттер шәует шылбыры немесе жұмыр байлама, арқылы асып өтеді. Сөйтіп, жоғарғы жағынан ішкі қиғаш және көлденеі бұлшықеттердің төменгі жиектері және төменгі жағынан шап байламының медиальді бөлімі арасында үшбұрышты немесе сопақша саңылау п.б., оған жоғарыда аталған құрылымдардың біреуі орналасады. Осы саңылау шап өзегі д.а. Шәует шылбырының үстінде орналасқан ішкі қиғаш және көлденең бұлщықеттердің төменгі жиегінен шәует шылбырына қарай онымен ұмаға дейін қосарлана ілесетін атабезді көтеретін бұлшықет, m. cremaster шығады. Шап өзегі алдынан төменде шап байламына айналатын іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті апоневрозымен, артынан fascia transversalis арқылы жабылған. Сөйтіп, шап өзегінде 4 қабырғаны ажыратуға болады. Алдыңғы қабырғаны іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы, ал артқы қабырғаны - fascia transversalis түзеді; жқғарғыны - ішкі қиғаш жіне көлденең бұлшықеттердің төменгі жиегі, ал төменгі қабырғаны - шап байламы құрайды. Шап өзегінің алдыңғы ж/е артқы қаб.-да бір-бірден шап сақинасы д.а. беткі ж/е терең тесіктер бар.
Беткей шап сақинасы, annulus inguinalis superficialis, сыртқы қиғаш бұлшықет апоневрозы талшықтарының 2 аяқшаға ажырауы арқылы түзілген, ол аяқшалардың бірі - crus laterale, tuberculum pubicum-ге бекиді, 2-шісі - crus mediale - қасаға симфизіне бекиді. Бұдан басқа 3-ші артқы аяқшасы , қайырылған байлам, lig. reflexum, болады. Оны m. obliquus externus abdominis апоневрозының төменгі талшықтары түзеді, олар оралық сызықты қиып өтіп, crus mediale артынан өтіп, шап байламдары талшықтарымен өосылып кетед.
Терең шап сақинасы, annulus inguinalis profundus, шап өзегінің fascia transversalis түзген артқы қабырғасы аймағында жатады да сақина жиектерінен шәует шылбырына дейін созылып, оны ж/е атабезді бірге қоршайтын қабық, fascia spermatica interna-ны түзеді. Одан басқа шап өзегінің артқы қабырғасының медиалды бөлімінде m.transversus abdominis-тің апоневрозынан шығып, тік бұлшықеттің жиегімен төмен шап байламына түсетін сіңірлі талшықтармен бекітіледі. Бұл шап орығы, falx inguinalis, д.а. Бұл қабырғаны жабатын ішастар бір-бірінен кіндік қатпары деп аталатын, ішастардың тік қатпарларымен бөлінген екі шап шұңқырын, fossae inguinales, түзеді. Бұл қатпарлар мыналар: ең латеральдісі -plica umbilicalis lateralis астынын өтетін a. epigastrica interioir-ге байланысты, ішастардың көтерілуінен түзілген; медиальды қатпар, plica umbilicale mediana - ұрықтың, lig. umbilicale medianum-ын жабады.
Латеральды шап шұңқыры, fossa inguinalis lateralis, plica umbilicalis lateralis - тен латеральды жатады да, терең шап сақинасына сәйкес келеді; plica umbilicalis lateralis пен plica umbilicale medialis аралығында жатқан медиальды шұңқыр, fossa inguinalis medialis, шап өзегінің артқы қабырғасының ең осал бөліміне сәйкес келеді де, беткей шап өзегінің қарсысында орналасады. Осы шұңөырлар арқылы шап өзегіне дөңестеніп шап жарықтары шығады, латералды шұңқыр арқылы латералды қиғаш жарық, ал медиалды шұңқыр арқылы медиалды түзу жарық өтеді. Шап өзегінің п.б. атабездің төмен түсуімен, descensus testis ж/е ұрықтық кезеңде әшастардың processus vaginalis-ің түзілуімен байланысты.
14) 14 . Мойын аймақтары. Мойынның үшбұрыштары, шекаралары, құрамы
Мойынның үшбұрыштары
I.Иекасты үшбұрышы , trigonum submentale
Шекаралары : медиалді-мойынның ортаңғы сызығы
Латералді-venter anterior m.digastiricus
Төменгі-тіл асты сүйегі
II.Төменгі жақасты үшбұрышы, trigonum submandibulare
Шекаралары: жоғарғы-төменгі жақ сүйегі
Медиаліді-venter anterior m. digastricus
Төменгі –venter posterior m. digastricus
Құрамы : төменгі жақ асты безі
III.Ұйқы үшбұрышы ,trigonum caroticus
Шекаралары: жоғарғы-venter posterior m. digastricus
Медиалді-venter superior m. omohyoideus
Латералді-m. sternocleidomastoideus
Құрамы :жалпы ұйқы артериясы ,ішкі мойындырықтық вена кезбе нерв.
IV.Жауырын-кенірдек үшбұрышы , trigonum omotracheale
Шекаралары : жоғарғы – латералді – venter superior m. omohyoideus
Төменгі-латералді –m.sternocleidomastoideus
Медиалді-мойынның ортаңғы сызығы
Құрамы: мойынның ішкі мүшелері (қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, өңештің мойын бөлігі)
V.Жауырын-бұғана үшбұрышы , trigonum omoclaviculare
Шекаралары: латералды-venter inferior m.omohyoideus
Медиалді-m.sternocleidomastoideus
Төменгі –сlavicula
Құрамы:бұғанаасты артериясынның тармақтары ,иық өрімінің бұғана үсті бөлігі .
VI.Жауырын –трапетция үшбұрышы ,trigonum omotrapezoideum
Шекаралары :төменгі-медиалді –venter inferior m.omohyoideus
Жоғарғы –медиалді –m.sternocleidomastoideus
Латералді-m. trapezius
Құрамы : мойын өрімінің тармақтары
VII.Тіл үшбұрышы ,trigonum lingualis (Пирогов үшбұрышы)
Шекаралары :жоғарғы –n.hypoglossus
Медиалді –m. mylohyoideus
Төменгі-venter posterior m. digastricus
Құрамы:тіл артериясы
15 Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы..
Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы..
Мойынның шандыр қабықтары:
В.Н.Шевкуненко бойынша мойынның 5 шандыр қабығын ажыратады.
I.Мойынның беткей шандыр қабығы ,fascia colli superficialis ағзаның жалпы беткей шандыр қабығының (тері асты) бөлігі болып саналады.Мойында бұл шандыр қабық тері асты бұлшықетіне (m.platysma) орын түзеді.
II.Мойынның меншікті шандыр қабығының беткей табағ, lamina superficialis fasciae colli propriae ,мойынның барлық деңгейінде орналасып,алдынан төс-бұғана –еміздікше бұлшықетіне (m.sternocleidomastoideus), төменгі жақ асты безі капсуласына ,артынан трапеция бұлшықетіне (m.trapezius) орын түзеді.Ол төменнен бұғана мен төстің алдыңғы беткейіне ,жоғарыдан төменгі жақсүйектің шетіне бекиді,ал бүйірінен мүйіз арқылы мойын омыртқаларының көлденен өсінділерімен байланысады; бұл мүйіздің біреуі екінші шандыр қабықты көлденең өсінділерге бекитін бесінші шандыр қабықпен ,ал басқасы екінші шандыр қабықты және де көлденең өсінділерге бекитін мойынның қан тамыр –нерв будасы қынабымен жалғастырады.Екінші шандыр қабық бетте шықшыт безінің капсуласын түзетін fascia prtideomassaterica-ға өтеді және шайнау бұлшықетін сыртынан жабады.
III.Мойынның меншікті шандыр қабығының терең қабаты, lamina profunda fasciae colli propriae ,трапеция пішіндес ,жоғарыдан тіласты сүйегімен ,төменнен бұғана мен төстің артқы беткейі арасында тартылып тұрады .Бұл шандыр қабықты «Рише кемесі » деп те атайды.Бүйір шекаралары болып жауырын –тіл асты бұлшықеті саналады, сонымен қатар аталған бұлшықетке ,және тіласты сүйегінің астында орналасатын топ бұлшықеттерге (mm. Sternohyoidei , sternothyreoidei , thyreohyoidei) орын түзеді.Мойынның ортаңғы сызығында екінші және үшінші шандыр қабықтар бір-бірімен бітеліп , мойынның ақ сызығын түзеді. Оның ені 2-3 мм , төстің тілігіне 3 см –дей жетпейді , мойынның төменгі бөлігінде екінші және үшінші шандыр қабықтар ажыратылып кетеді,себебі ; шандыр қабық төс пен бұғананың алдыңғы беткейіне бекісе ,ал үшінші шандыр қабық артқы беткейіне бекиді.
IV.Мойынның ішкі мүшелік шандыр қабығы,fascia endocervicalis ,те париеталді және вицералді қабықтарды ажыратады. Вицералді қабық мойынның ішкі мүшелерін ; жұтқыншақты ,өңешті , көмейді, кеңірдекті , қалқанша безді қамтиды.Париеталді қабық мойынның ішкі мүшелерінің алдынан және бүйірінен орналасып , бұлшықеттер (mm. Sternohyoideus , sternothyreoideus, thyreohyoideus , omohyoideus) қынабының артқы қабырғасына жанасады және мойынның қан тамыр –нерв будасын ;a. Carotis commanis , v. Jugularis interna , n. Vagus қынап түзеді. Омыртқалардың көлденең өсінділерімен байланысқан қынаптың ішінде аралықтар бар, олар артерияға , венаға әрбіреуіне жеке камера құрады.
V.Омыртқа алды шандыр қабығы. Fascia prevertebralis ,мойынның ішкі мүшелерінің артында, омыртқалардың алдында орналасқан fascia endocervicalis –тің париеталді қабығының бөлігі болып саналады . Ол мойын омыртқаларының көлденең өсінділері мен денесінде орналасатын симпатикалық сабауды және бұлшықеттерді (mm. Longus colli et longus capitis) жауып жатады.Бүйірінен сыртқы мойын үшбұрышына жалғасып ,сатылық бұлшықеттерге (mm. Scalenii anterior ,medius et posterior) және қан тамыр –нерв будасына (a. et v subslaviae, plexus brachialis) қынап түзеді .Fascia prevertebralis төменнен fascia endothoracica –ға өтеді. Жоғарыда айтылған ,мойынның шандыр қабықтары мүйіз арқылы мойын омыртқаларының көденең өсінділерімен байланысады.
Шандыр аралық клечаткалық кеңістіктері
Жоғарыда айтылған шандыр қабықтардың арасында клечаткалық кеністіңтер пайда болады.
I.Төсүсті апоневроз аралық кеңістік ,spatium interaponeuroticum suprasternale,екінші және үшінші шандыр қабықтардың арасында кездеседі .Бұл кеңістікте arcus venosus juguli ,орналасады.Кеңістік төс-бұғана –еміздікше бұлшықеттің артында орналасатын Грубер соқыр қапшығымен (saccus caecus retrosternocleidomastoideus) байланысады.
Бұл қаппшық алдынан m. sternocleidomastoideus , қынабының артқы қабырғасымен ,артынан –үшінші шандыр қабықпен ,төменнен-бұғананың артқы беткейімен шектеледі .Қапшықта алдыңғы мойындырықтық венаның соңғы бөлігі,лимфа тамырлары және лимфа түйіншіктері орналасады.
II. Мүше алды кеңістігі , spatium previscerale ,төртінші шандыр қабықтың париеталді және висцералді қабықтарынның арасында орналасып .тіласты сүйегінен төс тілігіне дейін таралады.Кеңірдекке жақын бөлігі spatium pretracheale ,деп аталады. Онда лимфа түйіншіктері ,сыңары қалқанша веналық өрім (plexus thyreoideus impar) орналасады .
Spatuim pretracheale –ның төменгі бөлігінің оң жағынан
Практикалық маңызы :Кеңірдекалды кеңістігі төс сабы деңгейінде алдыңғы көкірекаралықтан әлсіз аралықпен бөлініп тұрады .Бұл аралық қан және лимфа тамырларына бай, соның әсерінен бұл кеңістіктегі іріңді процестер алдыңғы көкірекаралыққа өтіп ,медиастенит ауруының тууына әкеледі.
III.Мүше артқы кеңістігі, spatium retroviscerale ,fascia endocervicalis –тің висцералді қабығы мен fascia prevertebralis ,арасында орналасып , артқы көкірекпен байланысады. Ол бас сүйегі негізінен көкетке дейін таралады.
Практикалық маңызы: кеңістік артқы көкірекаралыққпен байланысқандықтан ,іріндер артқы көкірекаралыққа өтіп , медиастенит және жұтқыншақ арты абцесінің тууына әсер етеді.
IV.Қантамыр- нерв маңы кеңістігі ,spatium vasonervorum , мойынның қан тамыр –нерв будасының деңгейінде орналасып ,іріңді процестер қан тамыр жолымен жоғары және төмен таралады.
V.Сатыалды кеңістігі – sptium antescalenum ,төс бұғана –еміздікше бұлшықетке дейінгі аралық .Бұл кеңістікте бұғана асты артериясының тармақтары орналасады.
VI. Саты аралық кеңістігі, spatium interscalenum ,алдыңғы және ортаңғы сатылық бұлшықеттердің аралығында орналасады.
16 Қолтықтық шұңқыр, қабырғалары.Қолтық қуысы, қабырғалары, құрамы, апертуралары.
Қолтықтық шұңқыр, қабырғалары.Қолтық қуысы, қабырғалары, құрамы, апертуралары.
Қолтықтық шұңқыр , fossa axillaris
Қолтықтық шұңқыр , fossa axillaris ,кеуде клеткасының латералді беткейі мен иықтың медиалді беткейінде орналасқан шұңқыр болып табылады.
Қолтықтық шұңқырдың шекаралары:
Алдыңғы үлкен кеуде бұлшықетінің төменгі шегі;
Артқы –m. latissimus dorsi -m. latissimus dorsi –дің төменгі шеті
Медиалді –кеуде клеткасында III қабырғада аталған бұлшықеттердің шетін қосатын сызық ;
Латериалді –иықтың ішкі беткейінде аталған бұлшықеттердің төменгі қосатын сызық .
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Егерде шұңқырды жауып тұратын теріні , оның астында орналасқан шандыр қабықты және қоймалжың майлы клечатканы алып тастасақ , ол қолтықтық қуысқа ,cavum axillare –ге айналады.
Қолтықтық қуыстың пішіні төртбұрышты пирамида тәрізді , төбесі жоғары қарап , 1- ші қабырға мен бұғананың 1/3 аралығында орналасады , негізгі төмен қарап , қолтықтық қуыстың кіреберісі болып табылады.Қолтықтық қуыстың төрт қабырғасы бар.
Қолтықтық қуыстың қабырғалары:
Медиалді- m. Serratus anterior ;
Латериалді- m. coracobrachialis et caput breve m. bicipitis brachii ;
Алдыңғы – m. pectorals major et minor ;
Артқы –m. subscapularis , m. teres major , m. latissimus dorsi ;
-------------------------------------------------------------------------------------
Қоллтықтық қуыстың құрамы : a. et v. Axillares , plexus brachialis , терең лимфа түйіндері , иық өрімінің бұғанаасты бөлігі ,v. Cephalica ;
Қолтықтық қуыстың алдыңғы беткейінде үш үшбұрыш бар : 1. Clavipectorale ;2 . trigonum pectorale ;3 .trigonum subpectorale
1.trigonum clavipectorale –нің шекаралары :
Жоғарыдан –clavicula ;
Төменнен –m. pectorals minor –дың жоғарғы жиегі ;
2.trigonum pectorale , ол m.pectorales minor –дың проекциясына сәйкес ;
3.trigonum subpctorale –нің шекаралары :
Жоғарыдан –m.pectorales minor- дың төменгі жиегі ;
Төменнен –m.pectorales major –дың төменгі жиегі ;
Қолтықтық қуыстың артқы қабырғасында екі тесік орналасқан .
