Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatom_otv_ekz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать

120. Әйел кіші жамбас астауы ағзаларының( жатыр,жатыр түтігі,аналық без) қанмен қамтамасыз етілуі.

Әйелдерде шәует шығаратын түтік артериясына жатыр артериясы, a. uterina сәйкес келеді. Ол да ішкі мықын артериясының алдыңғы сабауынан тармақталып, ішастар астында жатады, жатырдың бүйір қабырғасына жетеді және өз жолында жатыр мойыны тұсында терең орналасқан несепағарды қиып өтеді. Жатыр қабырғасында төмендеген немесе қынап артериясына a.vaginalis, және жоғарылаған, немесе жатыр артериясына a.uterina бөлінеді. Қынап тармағы қынаптың алдыңғы-бүйір қабырғасымен жүріп, оған тармақтар береді қарама-қарсы жақтағы аттас тармақтармен анастомоз түзеді. Жатыр артериясы жатырдың бүйір қабырғасымен оның бұрышына көтеріліп, анабез артериясымен a.ovarica. анабезге анабездік тармақтар береді.

Жатыр uterus- кеуде бөлігімен жоғары және алға, тарлау бөлігімен төмен және алға қараған тақ қуысты алмұрттәрізді бұлшықетті мүше. Бұл мүше жамбас астауындағы қуыста тік ішек пен қуық аралығында орналасқан. Мұнда жатырда мүше қабырғасынан жамбсатың бүйір қабырғасына дейін жалпақ жатыр байламдары, жатыр түбіндегі бұрыштардан теріастылық клечатка өтетін жатырдың жұмыр байламдары, тік ішект-жатырлық, сегізкөз-жатырлық байламдары болады.

121. Сыртқы аналық жыныс ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуі

Аналық сыртқы жыныс ағзалары несеп-жыныс үшбұрышының аймағындағы шаттың алдыңғы бөлімінде орналасқан. Олар үлкен жыныс ернеулері, кіші жыныс ернеулері, деліткі, кіреберістің үлкен және кіші бездерінен және кіреберіс буылтығынан тұрады. Үлкен жыныс ернеулері labium majora pudendi бүйірінен жыныс саңылауын шектейтін тері қатпарларын құрайды. Теріастылық буылтығында венозды өрімдер-қынаптық буылтығының кіреберісі. орналасқан, ал артында-кіреберіс үлкен бездері бар. Үлкен жыныс ернеулері аралығында 2 жұп тері қатпарлары-кіші жыныс ернеулері labium minora pudendi орналасады.Мұның қалыңдығында венозды тамырлар, нерв артериялар созылмалы және нәзік бұлшықет тіндері бар. Жыныс саңылауының жоғарғы бұрышында, алдыңғы бөлікте үлкен емес тақ түзіліс-деліткі болады. Ол деліткінің екі үңгірлі денелерінен құралған. Әр үңгірлі дене қасаға сүйегінің төменгі тармағына жанасады. Деліткі аяқшалары оның денесін құрайды. Денесі көп мөлшерде сезімтал нервтік ұштары болатын басымен аяқталады. Кіші ернеулердің алдыңғы аймағы сыртқы және ішкі аяқшаларды ажыратады. Ернеулердің ішкі аяқшалары бір-бірімен байланыса отырып, деліткі басына артқы жағынан үзеңгі пішінде жанасады. Екі сыртқы ернеуі деліткі бетінде жанынан деліткінің шеткі аймағын жасап жалғасады. Артынан кіші ернеулер бір-бірімен ерін жүгеншігін жасап жалғасады. Кіші ернеулер арасындағы кеңістік қынап кіреберісі деп аталады. Оған деліткіден төмен емізікшіге несеп-шығару өзегінің тесігі ашылады, артқы тереңдікте қынаптың тесігі орналасады. Қынап кіреберісінде сонымен қатар үлкен және кіші бездердің ағыны ашылады. Үлкен кіреберіс безі-түтікті ұяшықты, жұп , домалақ пішінді, ірі бұршақ мөлшерңндегі без. Әр бездің шығару ағынының ұзындығы 2 см. Ол алға беттен, кіші ернеулер аймағында ашылады. Кіреберістің кіші бездері glandulae vestibulares қынаптың кіреберіс қабырғасының қалыңында орналасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]