Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatom_otv_ekz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать

48.Шарбылық қапшық, шарбылық тесік, олардың шекаралары, қатынасы

Шарбы қабы bursa omentalis , асқазан мен кіші шарбының артында жататын ішастардың жалпы қуысының бөлігі б.т. Кіші шарбының, omentum minus құрамына, атап көрсетілгендей ішастардың екі байламы: бауырдың висцеральды беті мен қақпасынан асқазанның кіші иініне келетін lig.hepato-gastricum және бауыр қақпасын pars superior duodeniмен қосатын lig.hepato-duodenale, енеді. lig.hepato-duodenale жапырақшалары арасында жалпы өт түтігі (оң жағынан), жалпы бауыр артериясы (сол жағынан) және қақпа венасы (артында және осы құрылымдар арасында), согндай-ақ лимфа тамырлары, түйіндері мен нервтері өтеді.

Шарбы қабының қуысы ішастардың жалпы қуысымен тек біршама шарбылық тесік, foramen epiploicum арқылы қатынасады. foramen epiploicum үстіңгі жағынан бауырдың құйрықты үлесімен, алдынан- lig.hepato-duodenale-нің бос жиегімен, астынан-онекі елі ішектің жоғ бөлігімен, артынан-осы жерден өтетін төменгі қуыс венаны жабатын ішастар жапырақшасымен ал сырттау жағынан-бауырдың артқы жиегінен оң жақ бүйрекке ауысатын байламмен lig.hepato-renaleмен шектеледі. Шарбы қабының тікелей шарбылық тесікке жанасатын және lig. hepato-duodenale артында орналасқан бөлігі кіреберіс-vestibulum bursae omintalis д.а. Ол жоғ жағынан бауырдығ құйрықты үлесімен ал төменгі жағынан duodenum және pancreas-тік басымен шектелген. Шарбы қабының жоғ қабырғасын бауырдығ құйрықты үлесінің төм беті құрайды және processus papillaris қаптың ішінде ілініп тұрады. Шарбы қабының артқы қабырғасын түзетін ішастардың париетальды жапырақшасы осы жерде орналасқан қолқаны, төменгі қуыс венаны, ұйқы безін, сол жақ бүйрек пен бүйрек үсті безін жауып тұрады.

49. Құрсақ қуысының жоғарғы қабатындағы ішастар жолының топографиясы және ішастардың ағзаларға қатынасы.

Ішастар,peritoneum, іш қуысындағы мүшелерді тұйық жауып орналасқан сірлі қабық. Тек қана әйел адамдарда бұл сірлі қуыс, жатыр түтігінің тесігі арқылы сыртқы ортамен байланысқан.Іш қуысы ішастарының туындыларына жекелеп талдау жасап, олардың топографиялық орналасу орнына және практикалық мәніне тоқталу үшін іш қуысын 3 қабатқа:

1) жоғарғы қабат- көкеттен тоқ ішектің көлденең жиек ішегіне дейін;

2) ортаңғы қабат – тоқ ішектің көлденең жиек шетінен кіші жамбас қуысына дейін.

3) кіші жамбас қуысына бөледі.

Ішастардың жоғарғы қабатының туындыларына қатпар, жалғама, шарбы жатады.

Олар топографиялық орналасуына қарай өзара бір-бірінен шектеліп орналасқан: бауыр, шарбы қабы және асқазаналды қабына бөлінеді.

Бауыр қабы,bursa hepatica,жоғарғы қабырғасы – көкетпен; медиалды жағы - ішастардың орақтәрізді байламымен, артқы қабырғасы – тәждік байламмен шектелген. Құрамына бауырдың оң үлесі кіреді.

Асқазаналды қабы, bursa pregastrica, ол бауырдың орақтәрізді байламының сол жағында орналасқан. Құрамында: бауырдың сол үлесі, асқазан, көкбауыр және ұйқыбез кіреді.

Шарбы қабы, bursa omentales, ол жалпы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Алдыңғы қабырғасы: кіші шарбымен асқазанның артқы беті; жоғарғы қабырғасы: бауырдың құйрықты үлесі; төменгі қабырғасы-үлкен шарбының артқы беті мен тоқ ішектің көлденең жиек ішектің шажырқайы, артқы қабырғасы: ішқуысының артқы қабырғасын , сол жақ бүйрекүсті безін, ұйқыбезді жауып орналасқан париеталды ішастар табағы құрайды. Шарбы қабының өзі фронталды жазықтық бойында орналасқан. Шарбы қабының кіреберіс бөлігінің және жоғарғы, төменгі тесіктері ажыратылады. Бұл қаптың кіреберіс бөлігі іштің ішастарлық қуысымен шарбылық тесік(Винслоев тесігі) арқылы байланысқан. Құрамында: бауырдың екі қабатты ішастарынан құралған оң үшбұрышты байламы мен орақтәрізді байламы, тәждік байлам орналасқан.

50.Бауырлық және асқазаналды қапшықтары, оның шекаралары және құрамы.

Бауыр қабы,bursa hepatica,жоғарғы қабырғасы – көкетпен; медиалды жағы - ішастардың орақтәрізді байламымен, артқы қабырғасы – тәждік байламмен шектелген. Құрамына бауырдың оң үлесі кіреді.

Асқазаналды қабы, bursa pregastrica, ол бауырдың орақтәрізді байламының сол жағында орналасқан. Құрамында: бауырдың сол үлесі, асқазан, көкбауыр және ұйқыбез кіреді.

51.Құрсақ қуысының ортаңғы қабатындағы ішастар жолының топографиясы: шажырқайлардың,шажырқайлық қойнаулардың,өзектердің,қалталардың пайда болуы,олардың пратикалық маңызы.

Ішастардың іш қуысының ортаңғы қабатындағы туындылары:

1) қатпар

2) қойнаулар

3) өзектер

4) шажырқайлар жатады.

Ішастарлық 12 елі – аш ішек қатпарының маңында жағарғы және төменгі он екі елі ішек қалталары, recessus duodenojejunalis superior et inferior,орналасқан.Шажырқайдың түбірі арқылы іш қуысының ортаңғы қабаты: оң және сол қойнауға бөлінеді.

-Оң шажырқайлық қойнау sinus mesentericus dexter, үшбұрыш тәрізденіп, ұшы жоғары қарап, табаны төмен қарап, аш ішекпен мықын ішек шажырқайының оң жақ қапталында орналасқан. Қабырғалары: оң қабырғасы – тоқ ішектің жоғарылаған жиек ішегімен; жоғарғы қабырғасы тоқ ішектің көлденең жиек ішегінің шажырқайымен; медиалді жағы-аш және мықын ішек шажырқайының түбірімен шектелген. Бұл қойнаудың төменгі бөлігінде мықын ішектің дисталды бөлігі орналасқан.

Сол жақ қойнау-жіңішке ішек шажырқайының сол жағында үшбұрыш тәрізденіп орналасқан. Шекарасы: сол қабырғасы – тоқ ішектің төмендеген бөлігімен сигматәрізді ішекпен; оң қабырғасы жіңішке ішектің шажырқайының түбірімен шектелген. Төменгі қабырғасы жоқ, жамбас қуысына қарай бағыт алып, құрсақ қуысының төменгі қабатына жалғасады.

52)Құрсақ қуысының төменгі қабатындағы ішперде жолының топографиясы. Ұңғыл пайда болуы, олардың практикалық маңызы,кіші жамбас астауы ағзаларының ішастарға қатынасы.

Ішқуысының төменгі қабаты(кіші жамбас) , ішастар жамбас қуысына қарай өтіп, жамбас қуысының қабырғаларын және сол жерде орналасқан мүшелерді, әсіресе несеп жыныс мүшелердің түр ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда жауып орналасқан. Ер адамдарда ішастар тік ішектен несепқуықтың артқы бетіне қарай өтіп, тік ішек-қуық ұңғылын құрады. Несепқуық несеппен толса байқалмай, толмаған жағдайда байқалатын көлденең бағытта тік ішекпен несепқуық аралығында көлденең қатпар орналасқан. Әйел адамдарда ішастар тікішектің алдыңғы бетіне қарай өтіп, қынаптың жоғарғы бөлігінің артқы бетін экстропариетонеалды жағдайда жауып, одан әрі жоғары көтеріліп, жатырды мезопариетальды, жатыр түтігін интрапариетальды, аралығында тікішек-жатыр ұңғылын құрап, несепқуыққа қарай бағыт алады. Несепқуық ішастармен мезопариеталды жабылған, жатыр-қуық ұңғылын құрап, ішқуысының алдыңғы қабырғасының ішастарына жалғасады.

53.Асқорыту ағзаларының даму ақаулықтары.

Ауыздың ойылуы /стоматиттер/.

Ауыздың шырышты қабығының аурулары көбіне организм әлсіреген, ауырғыш, иммунитеті төмен балаларда және бала күтімінің гигиеналық тәртіптер сақталмаған кезде жиі ездеседі.

Себептері: Әртүрлі микробтар (стафилококктар, стрептококктар) мен вирустар. Бұл микроорганизмдер аызға таза емес ыдыстармен, ойыншықтармен, әртүрлі күтім бұйымдарымен түседі.

Айқындалуы: Ауыздың шырышты қабығының зақымдану дәрежесіне байланысты:

Катаральды

Герпесті

Жаралы деп бөлінеді.

Катаральды стоматит-ауыздың, қызыл иектің шырышты қабықтары қан кернеп, ісінеді, баланың аузынан сілекей шұбырады, кейде дене қызуы көтеріледі, бала тамақты нашар ішеді. Стоматиттің бұл түрі емшек жасындағы балаларда жиі кездеседі.

Герпесті стоматит немесе ұшық шығудан ауыздың ойылуы, қоздырғышы-вирустар, бұл ауру 6ай-3жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Баланың аузынан сілекей шұбырып, шырышты қабығын қан кернеп, ісініп, онда әртүрлі көлемді, айналасында алқызыл жиегі бар ақшыл-сары күлдіріктер /афты/ пайда болады. Мұндай күлдіріктер баланың ұртына, тіліне, қызыл иекте, кейде таңдайына шығады. Афтылардың саны 6-7-ден 20-25-ке дейін болуы мүмкін. Афтылардың бірнешеуі қосылып, кейде үлкен күлдіріктер пайда болады. Баланың денесінің қызуы 37-400С-қа дейін көтеріледі, бала мазасызданып, тәбеті төмендейді, тамақты аз ішкеннен салмағы төмендейді, терісі бозарып, кейде аузының айналасына да күлдіріктер шығуы, қызыл иегінен қан көрінуі мүмкін.

Жаралы /язвенный/ стоматит-жасы үлкен, кариесті тістері бар балаларда кездеседі.-қан кернеген, ісінген шырышты қабықтар, жаралар пайда болады, аузынан сүйкімсіз иіс шығады.

Емі және күтімі:

Стоматитпен ауырған баланы сау балалардан оңашалау керек.

Балаларға бөлек ыдыс, ойыншықтар бөлу.

Баланың тамағы құнарлы, барлық керекті заттар мен витаминдері мол болуы керек. Тамақ жылы, жұмсақ болуы керек. Өте ыстық, ащы, қышқыл тамақтарды беруге болмайды.

Тамақ ішкізердің алдында ауыруын басу үшін шырышты қабығына 2-5%-ті анестезен ерітіндісін жағуға болады.

Ауызды әлсіз марганцовка, фурациллин, сутегі асқын тотығы ерітінділерімен, 1-2%-ті трипсин, панкреатин ерітінділерімен шайып, 0,25%-ті оксалин, 5%-ті метилурацил, интерферон майларымен майлау керек.

Баланың қорғаныш күштерін күшейту үшін оған метилурацил, пентоксил беріледі.

Симптоматикалық ем –қызуға қарсы, теріге шыққан күлдіріктерді емдеу т.б.

Ауыздың уылуы /молочница/.

Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтармен шақырылады. Ауыздың уылуына байланың күтімінің нашар болуы, гигиеналық ережелердің сақталмауы, кейде антибиотиктерді ұзақ пайдалану себеп болады.

Айқындалуы-ауыздың шырышты қабығын қан кернеп, онда ақ, ұйған сүт сияқты қатпарлар пайда болады. Қатпарлардың көлемі әртүрлі болады, олар баланың ұртына, еріндеріне, тіліне, таңдайына, кейде тіпті өңешіне де шығады. Мұндайда баланың емуі, жұтуы қиындайды, балалар тамақтан бас тартады.

Емі:

1.2%-ті ас содасының, 1%-ті метилен көк, 100%-ті қант сиропымен баланың аузын тазалау керек.

2.Балаға саңырауқұлаұтарға қарсы антибиотиктер-нистатин, леворин беру.

Алдын алуы:

1.        Аналар мен медицина қызметкерінің гигиеналық тәртіпті мұқият сақтауы.

2.        Шөлмектер, емізіктер, емшектің ұшын, ойыншықтарды таза сақтау.

3.        Стоматит болған балаларды уақтысында анықтап оңашалау, эпидемияға қарсы шараларды өткізу – ыдыс-аяқ, ойыншықтарды қайнату, бөлменің ішін 1-2%-ті хлораминмен жуу, үйдің ішін 2 рет 20-30 минут ультракүлгін сәулемен сәулелендіру, жиі желдету.

4.        Балаларды шынықтыру.

5.        Антибиотиктерді бақылап беру.

Гельминтоздар

Гельминттер дегеніміз адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі.

Аскаридоз-ұзындығы 25-40 см болатын аскаридалармен шақырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шағады да, баланың аузына кір қол, су, жеміс-жидектор, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпеге өтіп альвеолаларға түседі, альвеолаладан қақырық арқылы қайта асқазан-ішек жолдарына түседі. Осында өсіп-жетіледі.

Клиникасы: Аурудың айқындалуы-личинкалар қанда болғанда бала әлсіздік сезініп, кейде жөтеліп, үстіне бөртпе шығуы мүмкін.

Аскаридалар ішекте болған кезде баланың жалпы жағдайы бұзылып, жүрегі айнып, іші ауырып, тәбеті төмендеп, шаршағыш болады, салмағы кемиді.

Энтеробиоз-кішкене жұмыр, ұзындығы 4-12 мм болатын ішек құрты-острицалармен шақырылады. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді, ұрғашылары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп-жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкенде өзіне-өзі қайта жұқтырады-аутоинвазия.

Клиникасы: Баланың іші ауырады, құйрығы қышиды, ұйқысы бұзылады,  тәбеті төмендейді.

Гельминтоздардың диагностикасы: Нәжісті гельминттер жұмыртқасына тексереді, тік ішектен және анустың айналасынан қырынды алынады.

Емі және күтімі:

1.Баланың тырнақтарын қысқа етіп  алып тастау керек, іш киімін, төсегін жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп тұру керек.

2.Ауырған баланың жанұясындағы барлық мүшелерін тексеріп, емдеу керек.

3.Гельминттерге қарсы дәрілер беру-пиперазин адипинатын, декарис, вермокс, гельминтокс т.б. жасына байланысты тағайындау.

4.Оттегімен емдеу /оттегіні асқазанға немесе тік ішекке жіберу/.

Алдын алуы:

1.      Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.

2.      Шыбындармен күресу.

3.      Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкөністерді жемеу.

4.      Тұрақты мерзімінде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері жұмысшыларын гельминттерге тексеріп тұру.

5.      Балаларды коллектике жіберерде және жылына 2 рет гельминттерге тексеру. Ауру балалар табылғанда дереу емдеу.

Гастриттер

Гастрит-асқазанның шырышты қабатының қабынуы.

Этиологиясы. Әдетте жедел ағымды гастриттің дамуында экзогендік жайлардың маңызы бар; токсикалық инфекциялар, тамақтану бұзылыстары (режим, рацион жайы, пісіп жетілмеген көкөністер, майлы, тәтті, көпклеткалы тағамдарды мөлшерден тыс қабылдау, өте ыстық не өте салқын, қорытылуы ауыр не жағымсыз тағамдар, кейбір тағамдардың жақпауы (аллергиялық сезімталдық).

Клиникалық көрінісі:ауру  өте жылдам, кейде кенет басталуы мүмкін, алдында бала аз уақыт мазасызданады — енжарлық қалтырау, лоқсу, асқазан толу сезімі, сілекей ағуболады.. Бұған қоса бас ауыру, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, іш бүріп,  қайталап құсу  болады. Ұзақтығы-2-5 күн. Инфекциялық гастритте улану белгілері, дене қызуының көтерілуі, сусыздану байқалады. Ұзақтығы-7-10 күн.

Диагностикасы:

1)       Этиологиясын анықтау (инфекциялар, тамақтану кемістіктері).

2)        Гастроскопия (шырышты қабаттарының алқызыл түсі, ісінуі, геморагиялар мен эрозиялар).

3)       Клиникалық белгілері.

4)       Инфекциялық аурулармен, хирургиялық аурулармен ажырату диагностикасы.

Емі;

1. Асқазанды тағам қалдықтарынан тазарту (1 ас содасы, ас тұзының изотоникалық ертіндісі, минералды не жылы сумен тазарғанша шайып-тазарту).

2.   Ішектегі тазалау (тазалау клизмасы)

3. Төсек режимі (1-3 күнге)

4.Ішке жылу басу (қозғалыс және сөл шығару қызметінің бұзылысын қалпына келтіру үшін)

5.Сұйық (суық чай, лимон қосылған қайнаған су, 5-тік глюкоза, Рингер сұйығы, қоңыр итмұрын (шиповник) тұнығы. Қажетті сұйық мөлшерін жасы мен жоғалған дене салмағына қарай толтырады; сұйық вена арқылы жіберіледі (инфузия).

6. №1 диетаға ауыстырады. Қалыпта тамақтануға көшіру 1-2 аптаға созылуы тиіс.

7. бактерияларғақарсы ем тағайындалады;

8. ферменттер,

9. С мен В (В1В2В3) тобыныңвитаминдері;

10. ас тұзыныңизотоникалық, глюкозаның 5 ертіндісі,

11. керекжағдайда плазма қолданылады.

Алдын алу-тамақтану гигиенасы тәртібін қатаң сақтау (жеке және қоғамдық); қосалқы созылмалы инфекция ошақтарынан дер кезінде тазатрып-сауықтыру; гельминттерден арылту; асқазан-ішек жұмысын қалыпқа келтіру шаралары; дәрі-дәрмектер қабылдауға ұқыпты қарау; балалардың соматикалық ауруларын дер кезінде анықтап әрі мұқият емдеу.

Асқазан мен 12 елі ішектің созылмалы аурулары.Гастродуодениттер.

Ас қорыту, функционалдық бірыңғайлығына қарай созымалы гастрит пен дуоденит көбінесе аралас гастродуоденит түрінде байқалады.

Созылмалы қабыну қарын мен 12 елі ішектің шырышты қабатындағы дистрофиялық өзгерістерімен  білінеді.

Этиологиясы мен патогенезі өте күрделі, әлі толық зерттелмеген. Соңғы кезге дейін бұл дерт асқорыту жүйесінің қарын-12 елі ішек бөліміндегі инфекциялық емес қабынуы деп қарастырылап келді.

Австралия зерттеушілері (Уоррен Маршал 1983) ашқан жаңалық ( олар осы ағзалардың шырышты  қабатынан Грам-теріс-Gelicobacter pyloris-микробтар бөліп шығарып, өздеріне тәжірибе жасады) бұл аурулардың этиологиялық және патогенетикалық жайларына көзқарасты мүлдем өзгертуге негіз болды.

Созылмалы гастродуоденит дамуына себепші жағдайлар;

1. Алиментарлық жағдай.       Сәбилік жастан бастап әр адамға қарын-ішек секрециясына сай тамақ стереотипі қалыптасады; сондықтан тамақты қабылдаудың дұрыс тәртібін (режимі) сақтаудың мәні зор.  Ретсіз, сирек тамақтану асқазан секрециясын бұзып, өзінің шырышты қабаттарына қышқыл пепсин факторының зиянды (агрессивті) әсерін жоғарылатады      Тамақтанудың сандық және сапалық кемістігінің де мәні көп өзгерткені де анық.

2. Тағамдық аллергия. Оның созылмалы гастриттер дамуында елеулі үлесі бар,

3. Дәрі-дәрмектер. Асқазан шырышты қабатына дәрі-дәрмектер тікелей әсер етеді. Бұлардың ішінде агрессиялық әсері көп салицил қышқылы, дигиталис дәрілері, сульфаниламид, тетрациклин, глюкокортикоид т.б. ерекше атаған жөн. Өзгеріс беткейлік қабынудан, эрозия, жараға дейін болуы ықтимал. Кейде гемморагиялық гастрит дамып, асқазаннан қан кетуі байқалады. Созылмалы гастрит дамуында дәрі-дәрмектерді ұзақ, әрі қайталап қабылдаудың зиянды мәні бөлек.

4.  Инфекциялық әсерлер.  Қазіргі кезде бұл жағдайлар себеп-салдар ретінде көрнекті орын алып отыр (созылмалы гастродуодениттің 50% , ал ойық жара ауруларында бұдан да жоғары 84%). Аурудың асқазан шырышты қабаты биоптатынан 1983 жылы алғаш бөліп шығаралған Грамм-теріс (Gelicobacter pylori) таяқшасының бұл аурулар дамуына өте көп әсер тигізері дәлелденіп отыр.

Клиникалық көрінісіне полиморфизм тән.

1.      Ауырсыну синдромы; іштің жоғарға тұсы, тамақ ішкен соң бірден аз не анық. Бірақ қысқа мерзімді болса, беткейлік гастритке тән.

2.      Диспепсиялық синдром;  «сасық” кекіру, ауыздан жағымсыз иіс байқалады.Лоқсу, құсу, ішек бұзылыстары (көбіне іш қатуы) болуы мүмкін.

Пальпациялық көріністер;ауырсыну сезімі эпигастрий аумағында толық байқалады.

Диагнозы.

1. Анамнездің мәні аса зор;

2. Асқазанды зондпен тексеру бұл ағзаның қышқыл, фермент және сектеторлық қабілетінен мәлімет береді.

3.   Гастрофибродуедоноскопия. Бұл тәсіл асқазан мен ұлтабардың кілегей қабатындағы қабыну процесін, атрофиялық, беткейлік, эрозиялық өзгерістерді анықтауға т.б. мүмкіншілік береді.

Емі. Созылмалы гастрит емі балаларда кешенді, әрі сатылы жүргізілуі тиіс.

1. Өзіндік ауру пайда болған кезде (қайлалау)баланы ауруханаға жатқызып, төсектік режим тағайындаған жөн. Бұнымен асқазан жүйесі қозғалысы азайып, қанайналысы молайып, шырышты қабат репарациясы жоғарылайды.

7-10  күннен соң жартылай төсектік, 3 аптадан соң жалпы режимге ауыстырылады.

2. Кешенді әрекеттер арасында ең маңызды орын диетотерапияға беріледі (негізі механикалық, термикалық және химиялық жұғымдылығы, тиімділігі). 3-5 күнге 1 «а” диетасы тағайындалады, содан екі апта бойы 1 «б”, кейін Певзнер бойынша №1 стол (осылай кемінде 6 ай бойы).

Клиникалық симптомдары тарқаған соң, 6 айдан кейін науқас бір жылға №5 диетаға көшіріледі.

Тағамда В, С, А, Е витаминдері мөлшері жеткілікті болуы тиіс.

3.      Медикаменттік ем.

1.      (Gelicobacter pylori)үшін тинидазол, де-нол  беріледі, бұларға ауру шақырған бактерия өте сезімтал.      Агресс ивті жайлардың әсерін төмендету (белсенді қышқылды-пептикалық факторға қарсы)- А-алмагель, Nа гидрокарбонаты, кальций карбонаты, көмір қышқыл және күйдірілген магнезия

2. Витаминді терапия.

3. Ауырсыну синдромы өте айқын жағдайда спазмолитик қосқан жөн (папверин, но-шпа).

4.Диспепсиялық синдромда /құсуда/  реглан, церукал сияқты асқорыту жүйесінің жұмысын реттеуге арналған дәрілер тиімді

5. Гастрофарм- асқорыту жолдарының шырышты қабатына  трофикалық, қорғаныс және регенерациялық оң әсері бар дәрі.

6. ферменттер (фестал, панзинорм, мезим-форте) және өт айдайтын дәрілер беру пайдалы.

4. Физиоем.  электрофорез (новокайн, платифиллин, папаверин) эпигастрий үстіне жасалады. Балшық, озокерит, су емін қосарлау тиімді (радон, хвоя, хлоридті-натрийлі ванналар

5.Санаторлық-курорттық ем. Ем жүйесінің маңызды кезеңіне жатады. Негізгі мақсаты-ауруханада қол жеткен игі өзгерістерді тұрақтандыру

Асқазан, 12-елі ішек жарасы.

Асқазан және 12-елі ішектің шырышты қабатында жараның пайда болуымен сипатталатын ,рецидивті өтетін созылмалы ауру.

Этиологиясы: тамақтанудың режимінің және сапасының бұзылыстары, стресстік ситуациялар, тұқым қуалаушылық, инфекциялық фактор-хеликобактерлер.

Клиникалық формалары:

І. Жараның орнына байланысты:

1. Асқазан жарасы

2. 12-елі ішек жарасы.

3. Асқазан, 12-елі ішек жарасы.

ІІ. Асқазанның секреторлық қызметіне байланысты:

1.      Қышқылдығы қалыпты

2.      Қышқылдығы жоғары

3.      Қышқылдығы төмен

ІІІ. 1. Асқынған    2. Асқынбаған.

Диагностикалық критерийлері: диспепсиялық бұзылыстар, лоқсу, құсу, кекіру, қыжылдау, аш қарында ауырсынулар /түнгі/.

Емі: Микробқа  қарсы-Де-нол, фуразолидон, ампициллин, т.б. гастросидин, қызылмай, итмұрын майы, алмагель, викалин, Физиоем-инемен емдеу, электроұйқы.

Диспансерлік бақылау: 1-ші жылы — ай сайын бақылау, жылына 3 рет 1 айдан рецидивке қарсы ем, денешынықтырудан босату.

2-3ші жылы-квартал сайын бақылау, жылына 2 рет рецидивке қарсы ем, дайындық тобында дене шынықтыру.

54. Сыртқы мұрынның құрылысы,мұрын қуысы,мұрын қалқандары және мұрын жолдары.Мұрынмаңы қойнаулары, олардың қатынасы және маңызы.

Мұрын қуысы кіреберіс бөлігі, vestibulum nasi, және меншікті мұрын қуысы деп бөлінеді. Кіреберіс бөлігіне май бездері, тері бездері, вибристер кірсе, меншікті мұрын қуысы сыртқы мұрыннан және бет сүйектерінен тұрады. Меншікті мұрын қуысының 4 қабырғасы бар:

Жоғарғы-оған кіреді: cartilage nasi lateralis, os nasale, lamina cribrosa, corpus ossis sphenoidales.

Төменгі-о.к.: palatum durum, palatum molle.

Латералді-о.к.: cartilage nasi lateralis,facies nasalis maxillae, lamina perpendicularis, os lacremale, concha nasals inferior.

Аралық-о.к.:vomer, artilage nasi.

Латералді қабырғада мұрын жолдары болады(3).

Жоғарғы,meatus nasi suprior, ол сына тәрізді сүйек қойнуымен,sinus sphenoidalis,байланысқан.

Ортаңғы, meatus nasi medius,ол sinus frontalis, sinus maxillaries-пен байл.

Төменгі, meatus nasi inferior, ол canalis nosolacremallis-ке ашылады да, күрек тіс өзегі,canalis incisivus,арқылы ауыз қуысымен байланысады.

Мұрын қуысының шырышты қабығы,tunica mucosa,топогр-қ орн.байланысты:иіс сезу аймағы,regio olfactoria, мен тыныс алу аймағы,regio respiraoria,болып бөлінеді. Мұрын қуысы арқылы күрделі сараптан өткен ауа хоан тесігі, одан әрі жұтқыншақ арқылы көмейге бағыт алады.

Сыртқы мұрын сүйегінен мұрын-маңдай шұңқыры арқылы шектелген. Бүйір қабырғасы орталық бөлігінде бірігіп мұрын қырын, dorsum nasi, төменгі латералді бөлігі мұрын қанатын,alae nasi, құрайды, демді мұрын қуысына өткізуші танаумен,nares,және танауларды бір-бірінен бөліп тұратын мұрын қалқасынан тұрады.

Мқрын аймағы топогр-қ орн. байланысты:сыртқы мұрын ж/е мұрын қуысы болып бөлінеді.Сыртқы мұрынға мұрын түбірі,қыры, ұшы, танау кіреді.

Сыртқы мұрын сүйектік ж/е шеміршектік болып бөлінеді. Сүйектік мұрын сүйектерінен, жоғарғы жақ сүйектерінің маңдайлық өсіндісінен тұрады. Шеміршектік бөлігі дәнекер тіндер арқылы өзара байланысқан бірнеше шеміршектерден тұрады.

Мұрынның лат.шеміршегі,cartilago nasi lateralis

Қанаттың үлкен шеміршегі,cartilago alaris major

Қанаттың кіші шеміршегі, cartilago alaris minor

Қосалқы шеміршектер,cartilago nasals accessoriae

Мұрын қуысының аралық шеміршегі, cartilago septi nasi

55.Көмей:шеміршектері, қосылыстары,жалғамалары, көмейдің буындары.Көмей қуысы.Көмей бұлшықеттері Көмей, larynx

Мойынның алдыңғы аймағының ортаңғы бөлігінде, ересек адамдарда 4-6 мойын омыртқалар аралығында орналасқан. Көмей жоғарыда тіласты сүйегімен жарғақтар, байламдар ж/е бұлшықеттер арқылы, төменде кеңірдекпен дөңгелек байламдар арқылы байланысқан.

Көмей шеміршектері - сыртқы пішініне, атқаратын қызметіне байланысты:

Тақ ж/е жұп

Гиалин ж/е эластикалық шеміршектен тұратын болып бөлінеді.

Қалқанша шеміршек(cartilagо thyroidea)-көмейдің басқа шеміршектерінің сыртын қалқан тәрізді қоршап орналасуына байланысты аталады.Бұл төртбұрышты,жалпақ жұп табақшадан тұрады.

Жүзік тәрізді шеміршек(cartilagо cricoidea)-тақ гиалин шеміршектен тұрады.Бұл шеміршек алға қарап орналасқан доғасынан,arcus cartilaginis cricoideae, және артында төртбұрыштәрізді орналасқан табақшадан,lamina cartilaginis cricoideae, тұрады.

Ожаутәрізді шеміршек(cartilagо arytenoidea)-үшжақты пирамида тәрізді жұп гиалин шеміршегінен тұрады.

Мүйізтәрізді(cartilagо corniculata)-ожаутәрізді шеміршектің ұшында орналасқан жұп эластикалық шеміршек.

Сынатәрізді(cartilagо cuneiformis)-ожау-көмей қақпағы қатпарының қабатында орналасып, сынатәрізді төмпешікті,tuberculum cuneiforme,құраушы эластикалық шеміршек.

Көмей қақпашығы(epiglottis)-көмей кірісінің үстінде орналасқан дара эластикалық шеміршек.

Көмей бұлшықеттері қызметне қарай: 3 топқа жіктеледі.

Дыбыс саңылауын кеңейтетін

Дыбыс саңылауын тарылтатын

Дауыс байламын керетін

Көмей қуысы(cavum laryngis)-көмей кірісі тесігінен,aditus laryngis,басталады. 3-ке бөлінеді:

Жоғарғы кіреберіс бөлік,vestibulum laryngis

Ортаңғы бөлік,cavum laryngis intermedium, құрылысы күрделі, себебі меншікті дауыс аппараты,glottis,орналасқан.

Дауысасты қуыс,cavum infraglotticum, жіңішкеріп кеңірдекке жалғасады.

55. Көмей: шеміршектері, қосылыстары, жалғамалары, көмейдің буындары.Көмей қуысы. Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын керетін бұлшықеттер).

Жауап:

Көмей, larynx, тыныс алу жүйесінің ішіндегі құрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі мүше.

Көмей, larynx, мойынның алдыңғы аймағының ортаңғы бөлігінде, ересек адамдарда 4-6 мойын омыртқалар аралығында орналасқан. Көмей жоғарыда тіласты сүйегімен жарғақтар, байламдар және бұлшыкеттер арқылы, төменде кеңірдекпен дөңгелек байламдар арқылы байланысқан. Алдыңғы беті мойынның тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттермен (mm. Sternohuodei, thyrohyoidei, omohyoidei) және қалқанша безбен, бүйір беті мойынның ірі артериясы, вена тамырларымен, кезбе нервпен, Н. ВАГУС шектелген. Артқы беті жұтқыншақтың көмейлік бөлігімен шектеседі.

Шеміршектер:

Көмей шеміршектері сыртқы пішініне қарай қызметіне карай жұп тақ гиалин немесе эластикалық болып бөлінеді.

--Қалқанша шеміршек КарТиЛАГО ТИРОИДЭ.

Қал.Шем төртбұрышты жалпақ жұп табақшадан ЛАМИНЭ тұрады. Бұл шеміршек ьұрыш құрап, түйісіп орналасқан алдыңғы жиегі бірігіп , ересек адамдарда айқан байқалатын ПРОМИНЕНТИА ЛАРИНГЕ немесе Адам алмасы атты шағыңқыны құрайды. Бұл екі табақшаның алдыңғы қапталында жоғарғы қалқанша тілігі ИНЦИЗУРА ТИРОИДЭ СУПЕРИОР және таяздау келген төменгі қалқанша тілігі ИНЦИЗуРА ТИРОИДЭ ИНФЕРИОР орналасқан.

Қал Шем ішкі және сыртқы беттері ФАЦИЕС ИНТЕРНУС ЕТ ЭКСТЕРНУС ажыратылады.

-Сыртқы бетінде мойынның төсқалқанша бұлшықеттің М.СТЕРНОТИРОИДЕУС бекитін және қалқанша тіласты бұлшықеті басталатын М.ТУРОХОЙДЕУС қиғаш сызық ЛИНЭ ОБЛИГУА орналасқан.

-Артқы вертикальді жиегінің жағарғы жиегімен түйіскен жерінде жағарғы мүйізі КОРНУ СУПЕРИОР төменде жүзіктәрізді шеміршекпен КАРТИЛАГО КРИКОИДЕ буындасып буын құрайтын төменгі КОРНУ ИНФЕРИУС орналасқан.

---ЖҮЗІКТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕК КАРТИЛАГО КРИКОИДЕ

Пішіні жүзікке ұксас , тақ гиалин шеміршектен тұрады. Ол Алға қарап роналасқан доғасынан АРКУС КАРТИЛАГИНИС КРИКОИДЕ және артында төртбұрыш тәрізді орналасқан табақшадан ЛАМИНА КАРТИЛАГИНИС КРИКОДЕ тұрады.

---ОЖАУТӘРІЗДІ шеміршек САКТИЛАГО АРУТЕНОИДЕ

Сыртқы пішіні пирамида тәрізді келген жұп гиалин шем тұрады. Ол медиальді және жоғары орналасқан АПЕКС КАРТИЛАГИНИС АРУТЕНОИДЕА, төменде негізі БАЗИС КАРТИЛАГИНИС АРУТЕНОИДЕА, ал алдыңғы медиальді беті ФАСЦИЕС МЕДИАЛИС , ойыстау келген артұы беті ФАСЦИЕС ПОСТЕРИОР ажыратылады. Санымен катар Ожаутәрізді шеміршек негізінің алдында , дауыс байламы бекитін дауыс өсіндісі ПРОЦЕСУС ВОКАЛИС бүйір қапталында өсіндісі ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС орналасқан.

---Мүйізтәрізді ШЕміршек КАРТИЛАГО СОРНИКУЛАТА

Сырты мүізге ұксас , ожаутәрізді шем ұшында орналасқанжұп эластикалық шеміршектен тұрады.

---Сынатәрізді шеміршек КАРТИЛАГО КУНЕИФОРМИС

Ожау көмей қақпағы катпарының ПЛИЦА АРУЕПЕГЛОТТИКА қабатында орналасын сынатәрізді төмпешікті ТУБЕРУЛУМ КУНЕЙФОРМЕ құраушы эластикалық шеміршек.

Көмей шеміршектерінің аралық буындары мен байламдары.

1. ЖҮЗІК қалқанша буыны АРТИКУЛАЦИО КРИТИРОИДЕ қалқанша шеміршектің төменгі мүйізі КОРнУ ИНФЕРИУС пен жүзіктәрізді шеміршектің қалқаншалық буын бетінің арасындағы буын. Калқанша шеміршек жоғарыда тіласты сүйегімен. Алдында орталық қалқанша тіласты байламымен ЛИГ ТУРОХОЙДЕУМ МЕДИАНУМ. Қалқанша шеміршектің жоғарғы мүйізімен КОРНУ СУПЕРИОР КАРТИЛАГО ТИРОИДЕА тіласты сүйігінің үлкен мүйізімен , латеральді қалқанша – тіласты байламымен, қалқанша шеміршегінің бүйір қапталы қалқанша – тіласты жарғағымен МЕМБРАНА ТИРОИДЕ байланысқан. ҚЫЗМЕТІ:

ЖОҒАРЫ ТӨМЕН АЛҒА АРТҚА қарай қозғалған кезде , дауыс байламы курделі қозғалысқа келіп тербелуіне ықпал етеді.

2. ЖҮЗІК ОЖАУ БУЫНЫ АРТИКУЛЯЦИО КРИКОАРУТЕНОИДЕА

Ожаутәрізді шеміршектің ойыстау келген негізі мен БАЗИС КАРТИЛАГИНИС АРУТЕНОИДЕА жүзіктәрізді шеміршектің дөңестеу клеген ожау шеміршектің дөңестеу келген ожау шеміршектік буын бетінің аралығындағы буын.

КӨМЕЙ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ (МУСКУЛИ ЛАРИНГИС)

Қызметі: Дауыс саңылауын кеңейтетін , тарылтатын және дауыс байламын керетін болып бөлінеді.

І дауыс саңылауын кеңейтетін б.еттер.

1.Артқы жүзікожау тәрізді бұлшықеттер М. КРИКОАРТЕНОИДЕУС ПОСТЕРИОР.

ОЛ ЖҮзіктәрізді шеміршек табақшасының артқы бетінен басталып, латеральді және жоғары өтіп, ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС бекиді Кызметі: жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісі ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС артқа және медиальді бұрылып ПРОЦЕСУС ВОКАЛИС латеральді бұрылып , дауыс саңылауын кеңейтеді.

2 Қалқанша көмей қапашығы бұлшықеті М ТУРОЕПИГЛОТТИКУС ол қалқанша көмей қақпашығы байламының ЛИГ ТУРОЕПИГЛОТТИКУМ бүйір қапталында орналасқан. Қызметі көмейдің кіретін тесігін кеңейтіп ашу.

ІІ Дауыс саңылауын тарылтатын б. еттер.

1 латеральді жүзікожау тәрізді б. еті М. КРИКОАРУТЕНОИДЕУС ЛАТЕРАЛИС. Ол жүзіктәрізді шеміршектің доңасынан басталып , жағарғы және артқа қарай өтіп , ожау тәрізді шеміршектің б. еттік өсіндісіне , ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС барып бекиді. Қазметі: Бұлшықеттік өсіндіні алға және төмен тартып, дауыстық өсіндіні ішке қарай бұрып , дауыс саңылауын тарылтады.

2. Қалқаншаожау тәрізді б, еті Т ТИРОАРУТЕНОЙДНУС, қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып , жағарғы және артқа карай бағыт алып, кіреберіс қатпарының ПЛИЦА МУЫЕШИБУЛЯРИС терең қабаты арқылы өтіп, ожау тәрізді шміршектің б. еттік өсіндісі ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС алға карай жалжып , дауыс саңылауының жарғақтық бөлігі тарылтады.

3. Көлденең ожаутәрізді б.еті М. АрУТЕНОИДЕУС ТрАНСВЕРСУС Тақ б.ет .

Б.ет оң және сол жақ ожаутәрізді шеміршегінің артқы бетінде көлденең орналасқан.

Қызметі: Дауыс саңылауының шеміршектік бөлігін тарылту.

4. Қиғаш ожаутәрізді б,еті М. АРУТЕНОИДЕУС ОБЛИГУУС , ол жағарыда айтылған бағытта қиылысып орналасқан жұп б.еттен тұрады. Б.ет ожау-көмей қапашығы қатпарының ПЛИЦА АРУПИГЛОТТИКА терең қабаты арқылы өтіп , ожау-көмей қапашығы б.етіне М, АРУПИГЛОТТИКУС жалғасады. Қызметі: дауыс саңылауын тарылтып , көмей кірісін АДИТУС ЛАРИНГИС тарылтып, көмей қапашығын төмен тартады.

ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер

Жүзікқалқанша б.еті М КРИТИРОИДЕУС жүзіктәрізді шеміршектің дағасынан басталып, жағарғы және артқа қарай өтіп, тік бөлігі, ПАРС РЕКТА, қалқанша шеміршектің төменгі мүйізіне барып бекиді. Қызметі: Жиырылған кезде қалқанша шеміршекті алға қарай тартып, дауыс байламын, ЛИГ ВОКАЛИС керіп, ожаутәрізді шеміршектің дауыстық өсіндісі мен қалқанша шеміршектің аралығын алшақтатады.

Дауыс б.еті М. ВОКАЛИС немесе ішкі қалқаншаожаутәрізді б.еті М.ТУРОАРУТЕНОИДЕУС ИНТЕРНУС БНА. Б.ет көмейдің дауыс қатпарының ПЛИЦА ВОКАЛИС терең қабатында орналасқан. ОЛ қалқанша щемірщек бұрышының төменгі бөлігінің ішкі бетінін басталып, горизонтальді артқа қарай өтіп ожаутәрізді шеміршектің дауыстық өсіндінің ПРОЦЕССУС ВОКАЛИС латеральді қапталыны және дауыс байламына ЛИГ. ВОКАЛЕ бекиді. ҚЫЗметі: дауыс байламын керу.

КӨМЕЙ ҚУЫСЫ (КАВУМ ЛАРУНГИС).

-------Көмей кірісі тесігінін АДИТУС ЛАРИНГУС басталады. Көмей кірісінің алдыңғы қабырғасы: көмей қапашығының жиегімен, артқы қабырғасы: ожау тәрізді шеміршектің ұщы және ожауаралық қатпармен ПЛИЦА ИНТЕРАРУТЕНОИДЕА бүйір қабырғааралығында алмұрттәрізді қалта РЕКЕССУС ПИРИФОРМИС орналасқан. Көмей қуысының сыртқы пішіні құмсағатқа ұқсас, жағарғы кіріберіс бөліктен, ВЕСТИБУЛУМ ЛАРИНГУС, ортаңғы бөліктен , КАВУМ ЛАРИГИС ИНТЕРМЕДИУМ және дауысасты куысынан, КАВУМ ИНФРАГЛОТТИКУМ тұрады.

------Кеңдеу келген жоғарғы бөлігі көмей кіріберісі ВЕСТИБУЛУМ ЛАРИНГИС. ОЛ Көмей кірісінен, Көмей куысының бүйір қапталында орналасқан кіреберіс қатпарында ПЛИЦА ВЕСТИБУЛЯРИС дейінгі аралықта орналасқан. Қабырғалары: Алдында көмей қақпашығының артқы беті, артында ожаутәрізді шеміршектің ұшы және ожауаралық қатпары ПЛИЦА ИНТЕРАРУТЕНОИДЕА бүйір қабырғасы: талшықты- эластикалық жарғақтан МЕМБРАНА ФИБРОЭЛАСТИКА ЛАРИГИС тұрады.

------Көмей қуысының ортаңғы тарлау келген бөлігінің құрылысы күрделі. Себебі: мұнда меншікті ддауыс аппараты ГЛОТТИС орналасқан. Көмейдің бұл бөлігі көмедің кірібіріс бөлігі, ВЕСТИБУЛУМ ЛАРУНГИС мен төменгі бөлігінің КАВУМ ИНФРАГЛОТТИКУМ бүйір қапталында жұпталып орналасқан. Ол шырышты қабықпен көкерілген жоғарғы кірібіріс және төменгі дауыс қатпарлары арқылы шектелген.

-----Көмейдің төменгі кеңдеу келген бөлігі КАВУМ ИНФРАГЛОТТИКУМ жіңішкеріп, кеңірдекке жалғасады.

56.Кеңірдек және бронхылар. Өкпеде бронхылардың тарамдалуы.

Кеңірдек ТРАХЕА іші қуыс , ауаны өкпеге өткізіп, ұзындығы орташа есеппен 9-11см , көлденеңі 15-18смм түтік тәрізді мүше. Ол көмейдің тікелей жалғасы, 6 мойын омыртқаның төменгі жиегінен басталып, 4кеуде омыртқаның тұсында айырылып, БИФУРКАЦИО ТРаХЕА оң және сол басты бронхтарға бөлінеді

Кеңірдектің құрылысы: қабырғасы талшықты дәнекер тінді сақиналы байламдар ЛИГГ АННУЛАРИЯ арқылы өзара байланысқан 16-20 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Кеңірдек шеміршектерінің артқы беті жалпақтау келген жарғақтар, ПАРИЕС МЕМБРАНАЦЕУС арқылы байланысқан. Кеңірдек жарғағының терең қабаты дәнекер тіннен және бойлық және көлденең орналсқан біріңғай салалы б.ет талшықтарынын тұрады. Ішкі беті шырышты қабық шырышты бездер ГЛЛ.ТРАХЕАЛЕС пен лифаға өте бай.

БРОНХТАР

Кеңірдектің кеуделік бөлігі 5 ші кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінің тұсында оң және сол бронхтарға БРОНХИ ПРИНЦИПАЛЕС бөлінеді.

Оң басты бронх БРОНХУС ПРИНЦИПАЛЕС ДЕКСТЕР кеңірдектің тікелей жалғасы болғандықтан , тіктеу , өту жолы кең және қысқа 6-8 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Оң басты бронх ұзындығы шамамен 9 смдей.

Сол басты бронх БРОНХУС ПРИНЦИПАЛИС СИНСИТЕР оң басты бронхтарға қарағанда бұрыш құрап Ұзындау және жіңішкелеу келіп 9-12 сақиналы шеміршектерден тұрады.

Оң басты бронх доға тәрізді иіліп , жоғарғы қуыс венаға В КАВА СУПЕРИОР бағытталған сыңар венамен В, АЗУГОЗ бен шектесіп , сол басты бронхтың жоғарғы беті қолқа доғасымен АРКУС АОРТЕ беттесіп орналасқан

57. Өкпенің құрылымдық- функционалді бірлігі.

Өкпе ПУЛЬМО тыныс алу жүйесінің негізігі мүшесі. Ол куде қуысының КАВУМ ТОРАКИС өкпеқаптың ішінде орналасқан жұп мүше. Өкпенің сыртқы пішіні кесілген конус тәрізді , екі өкпенің өкпе ұшы АПЕКС ПУЛЬМОНИС және өкпе негізі БАЗИС ПУЛЬМОНИС алдынан қарағанда : І қабырғадан 3-4 см немесе бұғана сүйегінен 2-3см жоғары орналасады, артқы бетінен қарағанда , ол УІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасады. Өкпе негізі БИЗИС ПУЛЬМОНИС жалпак көкетпен беттесіп орналасады. Екі өкпенің дөңестеу келген қабырғалық беті ФАЙИЕС КОСТАЛИС ойыстау келген төменгі көкеттік беті ФАЙИЕС ДИАФРАГМАТИКА және көкірекаралық беті ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС ажыратылады. Сонымен қатар , екі өкпе беттерінің бір-бірімен өзара беттескен жерінде өткірлеу келген алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР доғалдау келіп вертикальді орналасқан артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР ажыратылады.

Өкпенің қабырғалығ беті ФИЦИЕС КОСТАЛИС дөңестеу келіп қабырғалардың ішкі бетімен және қабырғааралық бұлшықеттермен беттесіп орналасқандықтан, қабырғалардың батыңқылары айқын байқалады.

Өкпенің медиальді беті ФИЦИЕС МЕДИАЛИС ойыстау келіп артында омыртқалық бөлікке ПАРС ВЕРТЕБРАЛИС алдында көкірекаралық бөлікке ПАРС МЕДИАСТИНАЛИС бөлінеді. Медиальді бетінің ортаңғы бөлігінде өкпе батыңқысы немесе өкпе қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС орналасқан.

58.Өкпенің құрылысы және қызметі.Өкпенің шекаралары.

----Өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР ол өкпенің қабырғалық беті мен ФИЦИЕС КОСТАЛИС көкірекаралық бетінің ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС аралығында орналасқан. Сол өкпенің алдыңғы жиегі , ойыса келе , жүректік тілікті ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап , өкпенің төменгі диегіне жалғасады.

-----Өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР өкпенің қабырғалық беті ФАЦИЕС КОСТАЛИС пен көкірекаралық бетін ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС көкеттік бетінен Фициес фИАФРАГМАТИКА бөледі.

-----Өкпенің артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР омыртқа бағанасының бүйір қапталында өкпе ұшынан ХІІ қабырғаның басына дейінгі аралықта , вертикаль бағытта орналасқан. Сонамен қатар екі өкпенің бетінде қиғаш саңылау ФИССУРА ОБЛИГУА мен горизантальді саңылау ФИССУРА ХОРИЗОНТАЛИС орналасқан.

Екі өкпенің көкірекаралық бетінің ортаңғы бөлігінде өкпенің қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС орналасқан. Өкпе қақпасы арқылы өкпенің терең қабатына өкпенің басты бронхтары БРОНХИ ПРИНЦИПАЛИС пен өкпе артериялары АА.ПУЛЬМОНАЛИС ДЕКСТРА ЕТ СИНИСТРА және өкпе нервтері өтіп , өкпе қақпасынан кері бағытта өкпе веналары мен лифа тамырлары шағады. Өкпе қақпасы арқылы өтетін анатомиялық құрылымдар жиынтығы өкпе түбірі РАДИКС ПУЛЬМОНИС деп аталады.

--------Оң өкпе қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС ДЕКСТРА сол өкпе қақпасына қарағанда қысқа және көлемді. Ол У кеуде омыртқасы мен ІІ қабырғаның аралығында орналасқан. Оң өкпе қақпасында, жоғарыда оң басты бронх, БРОНХУС ПРИНЦИПАЛИС ДЕКСТРА оның астында өкпе артериясы а.ПУЛЬМОНАЛИС одан төменірек өкпе веналары ВВ.ПУЛЬМОНАЛЕС орналасқан.

---------Сол өкпе қақпасының ХИЛУС ПУЛЬМОНИС СИНИСТРА жоғарғы жағында өкпе артериясы а.ПулЬМОНАЛИС төменірек сол басты бронх БРОНХУС ПРИНЦИПАЛИС СИНИСТРА Одан төменірек өкпе веналары ВВ.ПуЛЬМОНАЛЕС орналасқан.

59 .Оң және солжақ өкпетүбінің анатомиясы және топографиясы, сол өкпенің оңнан айырмашылығы

Өкпенің топографиясы:

Өкпенің ұщы АПЕКС ПУЛЬМОНИС алдынан қарағанда бұғана сүйегінен 2см , бірінші қабырғадан 2-3см жоғары орналасса, артқы жағы УІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасқан.

Оң Өкпенің скелетопиясы:

------Оң өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің бір –біріне ұласқан жерінде өткірлеу болып орналасқан. Ол оң өкпенің ұшынан төс-бұғана буынның АРТ.СТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС артқы бетіне қарай қиғаш өтіп , одан әрі вертикаль бағытта орталық сызықтың ЛИНЭ МЕДИАНА бойымен төмен бағытта, оң УІ қабырға шеміршегінің тұсында оң өкпенің төменгі жиегіне жалғасады.

-------Оң өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкеттік бетінің өзара бір-бірімен беттескен жерінде өткірлеу келіп, жартылай шеңберлі горизонталь бағытта орналасқан. Ол , Оң өкпенің алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы , орталық сызықтың бойында, УІ қабырғаның шеміршектік бөлігімен қиылысқан жерінен басталып , төмен жйне латеральді өтіп , алдыңғы қолтық сызығында ЛИНЭ АКСИЛЯРИС АНТЕРИОР УІІ қабырғаны, ортаңғы қолтық сызығында ЛИНЭ АКСИЛЯРИС МЕДИА УІІІ қабырғаны артқы қолтық сызығында ЛИНЭ АКСИЛЯРИС ПОСТЕРИОР ІХ қабырғаны , жауырын сызығында ЛИНЭ СКАПУЛЯРИС, Х қабырғаны кесіп өтіп , омыртқа жанындағы сызықта ЛИНЭ ПАРАВЕРТЕБРАЛИС ХІ қабырғаның тұсында оң өкпенің артқы жиегіне жалғасады.

------- Оң өкпенің артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің түйіскен жерінде , Оң ІІ қабырға басының тұсынан ХІ қабырғаның мойнына дейінгі аралықта вертикал бағытта орналасқан.

Сол өкпенің склетопиясы :

Оң өкпенің склетопиясына ұксас.

-------Сол өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР сол өкпе ұшынан төмен және медиальді төс-бұғана буынның АРТ.СТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС артқы бетіне қарай өтеді. Одан әрі оң өкпенің алдыңғы жиегімен параллель ІУ қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді . Сол өкпенің алдыңғы жиегі ІУ қабырғаның тұсында , шұғыл сол жаққа қарай бұрылып , сол қабырғаның шеміршектік бөлігінің төменгі жиегін горизонтальді өтіп, сол төс жанындағы сызықта ЛИНЭ ПАРАСТЕРНАЛИС төмен иіліп, жүректік тілікті, ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап ,ІУ қабырғаның тұсында, сол өкпенің төменгі жиегіне жалғасады.

------Сол өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР оң өкпенің төменгі жиегінен айырмашылығы, бір қабырға төмен орналасқан. Омартқа жанандағы сызықта ЛИНЭ ПАРАВЕРТЕБРАЛИС сол өкпенің артқы жиегіне жалғасады.

ЕКІ ӨКПЕНІҢ ҰШЫ МЕН АРТҚЫ БЕТТЕРІ БІР-БІРІНЕ СӘЙКЕС ОРНАЛАСҚАН , АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ БЕТТЕРІНІҢ СӘЙКЕС КЕЛМЕУІ ОҢ МЕН СОЛ ӨКПЕ КӨЛЕМІНІҢ ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІНЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ.

60 .Плевра: бөлімдері, шекаралары, плевра қуысы, плевра синусы, олардың маңызы.

Өкпеқап:

Өкпенің сыртқы бетін жауып орналасқан тұйық сірлі қабық , өкпеқап ПЛЕУРА деп аталады. Топографиялақ орнына қарай қабырғалық немесе париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС және мүшелік немесе висцеральды өкпеқапқа бөлінеді.

------Висцералды өкпеқап ПЛЕУРА ВИСЦЕРАЛИС өкпе паренхимасының сыртқы бетін тығыз жауып орналасқандықтан висцеральды ПЛЕУРА ПУЛЬМОНАЛИС деп аталады. Висцеральды өкпеқап өкпе қақпасының тқменгі қапталының тұсында бүктеліп, вертикальді бағытта көкетке өтіп , өкпелік байламды ЛИГ.ПУЛЬМОНАЛИС құрап, париеталды өқпеқапқа ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС жалғасады.

--------Париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС ол өкпенің сірлі қабығының сыртқы табақшасы болып саналады. Париетальды өкпеқаптың сыртқы беті, кеуде қуысы қабырғаларының ішкі бетін жауып орналасқан , , тұйық ішкі кеуделік шандырмен ФАСЦИА ЭНДОТОРАЦИКА тығыз байланысып , өкпеқапқуысына қараған беті сірлі сұйықтықтыбөлетін мезотелий жесушаларымен көмкерілген

Өкпеқап қуысы:

Париетальды және висцеральды бөліктерінің арасындағы саңылау өкпеқап қуысы КАВУМ ПЛЕУРАЛИС деп аталады. Тыныс ал у кезінде сұйықтық өкпенің сірлі қабық аралығындағы үйкелісті жеңілдеті қызметін атқарады.. Сонамен қатар инспираторлық күш пен өкпенің талшықтты тінінің әсерінен өкпеқап қабықтарының бір-біріне беттісін қамтамасыз етіп, өкпеқап куысында теріс қысымның пайда болуына байланысты өкпенің тыныс алу кезінде еркін жазылып , еркін қазғалуына ықпал етеді. Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі мойын аймағына өтіп , өкпенің ұшымен беттесіп , өкпеқап күмбезін КАПУЛЯ ПЛЕУРЭ құрайды. Париетальды өкпеқап орналасуына қарай : Қабырғалық ПЛЕУРА КОСТАЛИС, көкеттік ПЛЕУРА ДИАФРАГМАТИКА және көкірекаралық ПЛЕУРА МЕДИАСТИНАЛИС болып бөлінеді.

Өкпеқаптың шекарасы.

Өкпеқап бауырмен тұспалас орналасуына байланысты ассиметриялық жағдайда , оң өкпеқап сол өкпеқапқа қарағанда жалпақ және қысқа. Өкпеқаптың алдыңғы , артқы, төменгі жиектері біркелкі орналаспаған.

---- Екі өкпеқаптың жиегі , қабырғалық өкпеқаппен шекарасы бірдей омыртқа бағанасының бойында сәйкес келіп , өкпеқаптың күмбезі КАПУЛЯ ПЛЭУРА мен 12 қабырға басының аралығында бойлық орналасқан.

----- Өкпеқаптың алдыңғы жиегі оң және сол жағында бірдей , өкпенің ұшынан АПЕКС ПУЛЬМОНИС Төмен медиальді бағытта өтіп, төс-бұғана буынының АРТИКУЛЯЦИО СТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС аотқы бетіне өтеді. Одан әрі параллель бағытта 2 қабырғадан 4 қабырғаға дейін төмен өтеді.

------Оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі , төс- бұғана буынының артқы бетінің тұсынан , алдыңғы орталық сызықтан ЛИНЭ МЕДИАНА антериор оң қапталының бойымен тік бағытта төс сүйегінің тұтқасы мен денесінің аралығына дейін өтеді . Одан әрі , төмен тік бағытта 6-7 қабырғалардан немесе төс сүйегінің семсертәрізді өсіндіден ПРОЦЕССУС ХИПОИДЕУС төмен оң жаққа өтіп , оң өкпеқаптың төменгі жиегіне жалғасады

Сол өкпеқаптың алдыңғы жиегі , оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі саяқты , төс-бұғана буынның артқы қапталының тұсынан төмен төс сүйегінің сол қырының бойымен 4-қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді. Сол 4 қабырғаның тұсында , жүректік тілікті ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап , төмен өтіп 6 қабырға шеміршегінің тұсында сол өкпеқаптың төменгі жиегіне ұласады.

------Оң өкпеқаптың төменгі жиегі , оң өкпеқаптың алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы. Ол төмен латеральді өтіп , емшектік сызықта ЛИНЕ МАММИЛЯРИС 7 қабырғаны , ортаңғы қалтық сызықтын, ЛИНЭ АКСИЛЯРИС МЕДИАНА 9 қабырға кесіп өтіп , одан әрі горизонтальді бағытта 10-11 қабырғаны кесіп өтіп 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.

------Сол Өкпеқаптың төменгі жиегі. Оң өкпеқаптың төменгі жиегіне қарағанда , жағарда көрсетілген сызық бойынша бір қабырға төмен орналасып , оң 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.

Өкпеқаптың қойнаулары СИНУСТАРы:

------Өкпеқап синустары немесе қойнаулары РЕККЕСУС ПЛЕУРАЛИС деп париетальды және висцеральды өкпеқаптың аралығындағы қуыс. Екі өкпеқаптың Түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға-көкет қойнауы РЕККЕСУС КОСТАДИАФРАГМАТИКУС

Қабырға-көкірекаралық қойнау РЕККЕСУС КОСТОМЕДИАСТИНАЛИС , ол сол өкпенің алдыңғы жиегінің жүректік тілігінің ИНЙИЗУРА КАРДИАКА бойында орналасқан.

61. Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы. Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша.

Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ екі өкпеқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы.

Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ алдынан төспен , артынан –омыртқа жотасының бөлігімен, бүйірінен – оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектелген. Көкірекаралық жағарыдан кеуде торының жоғарғы апертурасыныңа, төменнен көкетке дейін жетеді. Қазіргі уақатты көкірекаралықты шартты түрде жағарғы және төменгі бөліктерге бөледі. Доғарғы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ СУПЕРИУС төс сабын 4-5 кеуде омыртқаларымен қосатын шартты көлденең жазықтықтан жоғары орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта тимус, оң және сол иықбас веналары, жоғарғы қуыс венаның жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақталған тамырлар , кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі , кеуде түтігінің сәйкес бөлігі , оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв орналасқан.

Шартты горизонтальды жазықтықтан төмен төменгі көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ ИНФЕРИУС орналасады. Ол3 ке бөлінеді: Алдыңғы , ортаңғы, артқы.:

--------Алдыңғы МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИУС алдынан төс сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңғы қабырғасының аралығында орналасып, құрамында ішкі кеуде тармақтары , төс мңындағы , алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа түйіндері орналасады.

-------Ортаңғы Көкірекаралықта МЕДИАСТИНУМ МЕДИУМ ішінде жүрек және ірі қан тамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан жүрекқап , басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы, көкеттік нерв пен қосарланып жүретін көкетжүрекқаптық тамырлар, төменгі кеңірдек- бронхтық және латеральді жүрекқаптық лимфа түйіндері болады.

-------Артқы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИУС алдынан жүрекқаптың қабырғасымен және артынан омыртқамен шектелген . Артқы көкірекаралықтың мүшелеріне төмендеген қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және жартылай сыңар веналар, оң және сол симпатикалық сабудың , ішкі мүшелік нервтердің , кезбе нервтін, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері , артқы кқкірекаралық және омыртқа алдындағы лимфа түйіндері жатады.

Клиникалық практикада Базель номенклатурасыбойынша көкірекаралық алдыңғы кк МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИОР және төменгі кк МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИОР бөлінеді.

------Алдыңы кк-қа жүрекжәне жүрекқабы ПЕРИКАРДИУМ , жүрекке кіретін жіне шығатын ірі артериялар мен вена қантамырлары, тимус , көкет нерві ПРЕНИКУМ, көкет-жүрекқап қантамырлары және жоғарғы көкеттік , көкірекаралық лимфа түйіндері орналасқан.

-----Артқы кк-та, өңеш, кеуде қолқасы, кеуде түтігі, ДУКТУС ТОРаЦИКУС , сыңар және жартылай сыңар веналар ВВ.АЗУГОЗ ЕТ ХЕМИАЗУГОЗ кезбе нерв Н.ВАГУС, оң және сол симпатикалық сабау, ТРУНЦИСИМПАТИЦИ ДЕКСТЕР ЕТ СИНИСТЕР және артты кк , алдыңғы омыртқалық лимфа түйіндері орналасқан.

62.Бүйрек топографиясы, бүйректің капсуласы, ішастарға қатынасы. Бүйректің фиксациялық аппараты.

Бүйрек РЕН грекше НЕФРОЗ жұп экскреторлық мүше. Бүйректің сыртқы пішіні бұршақтәрізді, құрамы тығыз. Ересек адамдардабүйрек көлемі: бүйректің ұзындығы 10-12 см көлденең ені 5-6 см қалыңдығы 3-4 см Орташа салмағы 120 гТүсі қою-қызыл

Бүйрек топографиясы: Бүйрек іші куысының артқы қабырғасында , омыртқа бағанасының бүйір қапталында ХІІ кеуде омыртқа мен жағарғы екі бел омыртқалардың аралығында , ішастардың артқы қапталында, бүйректік қалтада орналасқан. Оң бүйрек бауырдың оң үлесімен жақын беттесіп орналасуына байланысты сол бүйрекке қарағанда 1-1,5 см төмен орналасқан. Проксимальды ұшы ЕКСТРЕМИТАС СУПЕРИОР ХІ қабырғаның тұсында , дистальді ұшының ЕКСТРЕМИТАС ИНФЕРИОР орналасуы тұрақсыз., жалпымықын сүйегінің қырынан 3-5 см жоғары орналасқан.

Бүйректің қабықтары:

----Бүйректің сыртқы беті фиброзды қабықпен КАПСУЛЯ ФИБРОЗА жабылған. Қабықбүйрек паренхимасынан жеңіл сылынып алынады.. Құрылысы: дәнекер тінді талшықтардан және біріңғай салалы бұлшақеттерден құралған.

----- Майлы қабық КАПСУЛА АДИПОСА бүйректің фиброзды қабығының сыртында орналасқан. Майлы қабық бүректің артқы бетінде жақсы дамыған, ол бүйрек майын КОРПУС АДИПОСУМ түзеді. Майлы қабығы қалыңдығының күрт азаюынан бүйрек қазғалмалы келеді.

-----Бүйрек шандыры ФАСЦИА РЕНАЛИС екі бүйрекке ортақ, ол майлы қабықтың сыртқы бетін жауып бүйрекалды және бүйрекарты екі табақшадан тұрады. Бүйрек шандырының бүйрекалды табағы алдынан сол бүйректі , бүйрек тамырларын, құрсақтық қолқаны, төменгі қуыс венаны жауып, омыртқаның алдынан өтіп , оң бүйрекке жалғасады. Бүйрек шандырының бүйрекартытабағы оң және сол жақтарынан омыртқа жотасының бүйір бөлігіне бекиді. Бұл екі табақшаның төменгі ұштары өзара байланыспайды. Бүйрек шандыры талшықты дәнекер тінді жіпшелер арқылы бүйректің фиброзды қабығымен байланысады.

Бүйрек шандырының бүйрекалды табағының алдында париеталды ішастар орналасқан. Бүйрек ішастармен экстраперитоеалды жабылған.

Бүйректің фиксациялық аппараты

Бүйректің қалыпты жағдайда бір деңгейде орналасуы келесі факторларға тікелей байланысты:

----Бүйрек орнына , белдің үлкен бұлшықеті , М:ПСОАС МАЙОР мен белдің шаршы бұлшықетінен М:ГУАДРАТУС ЛЮМБОРУМ түзілген

----Іш қуысы, көкет және шаттың бұлшықеттің жиырылуы нәтижесінде пайда болатын құрсақтық қысымға.

----- Бүйрек аяғына: бүйрек қантамырлары, нервтері, лимфа тамырлары, бүйрек түбегі немесе несепағар

----Бүйрек қабықтары әсіресе бүйрек шандырына

----- ішкімүшелермен тығыз жанасып орналасуына

-----ішастар байламдарына

Бүйректің фиксациялықаппаратының күрделігіне қарамастан, тыныс алу кезінде 2-5см ауытқуы байқалады.

63.Бүйректің микроструктурасы. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі.

Бүйректің сегменттік құрылысы және қантамырларерекшеліктеріне байланысты бүйрек затын 5 сегментке бөлуге болады. Сегменттері: Жоғарғы сегмент СЕГМЕНТУМ СУПЕРИУС Жағарғы алдыңғы СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУС СУПЕРИУС Төменгі алдыңғы сегмент СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУС ИНФЕРИУС және артқы сегмент СЕГМЕНТУМ ПОСТЕРИУС ажыратылады.

Әрбір сегмент2-3 бүйрек үлестерін ЛОБУС РЕНАЛИС қосады. Құрамына:бүйрек бағанларында орналасқан үлесаралық артериялар мен веналармен шектелген бүйрек пирамидасы және оған тұспалас орналасқан қыртыс заты кіреді. Қыртыс заттың әрбір бүйрек үлесіне 600гн жуық қыртыс үлесшелері ЛОУЬУЛЮС КОРТИКАЛИС кіреді.

Қыртыс үлесшелерінің құрамына: Бүктелген бөлік ПРАС КОНВОЛЮТА оның аралығында орналасқан тармақталған бөлік , ПРАС РАДИАТА кіреді. Және көршілес үлесшелерімен үлесаралық артериялар мен веналар арқылы шектелген.

Бүйректің құрылымдық- қызметтік бірлігі нефрон НЕФРОН Нефрон мальпиги денешігінен КОРПУСКУЛЮМ РЕНАЛЕ және бүйрек өзекшелерінен тұрады.

Нефрон құрылысы:

Мальпиги денешігі Корпускулюм РЕНАЛЕ шумақтан ГЛОМЕРУЛУС және оны қоршаған Қос қабырғалыбокалтәрізді Шумлянский- Боумен атты шумақ қапшықтан КАПСУЛА ГЛОМЕРУЛИ тұрады. Шумақ қапшығының қуысы нефрон өзекшесінің проксимальді бөлігіне ПРАС ПРОКСИМАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ немесе иреленген проксимальді өзекшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОНТОРТУС жалғасады. Бұл өзекше одан әрі бүйректің милы затының немесе пирамиданың терең қабатына қарай өтіп, нефрон (Генле ілмегі) ілмегіне жалғасады.

ГЕНЛЕ ілмегі АНСА НЕФРОНИ Нефрон өзекшенің дистальді бөлігіне ПРАС ДИСТАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ жалғасып жинаушы түтікшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОЛЛИГЕНС ашылады.

64.Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралы түсінік.

Нефрон барлық деңгейде келетін және жанасатын қантамырлармен қоршалған.Нефронның 80% бөлігі бүйректің қыртыс заты қалыңдығында НЕФРОНУМ КОРТИКАЛЕ орналасқан. Қалған нефрондардың шумағы милы затқа жатады, ал ілмек төмендеген және жағарылаған бөліктермен милы затқа орналасады. Бүйректің милы затында орналасқан нефрондар «юкстамедулярлы» нефрондар, НЕФРОНУМ ЮКСТАМЕДУЛЯР деп аталады.

65.Бүйректің қызметтері.Бүйректің форникалдық аппараты.

Үлкен және кіші бүйрек тостағаншалары мен бүйрек түбегінің құрылысы біртекті . Олардың қабырғаларының құрылысы:Шырышты , бұлшықеттік және сыртқы дәнекер тінді қабаттардан тұрады. Кіші тостағанша қабырғасында , оның күмбезі тұсында біріңғай салалы бұлшықет талшықтары сақинатәрізді қабат күмбез қасыңқысын түзеді. Кіші тостағанша қабырғаларының бұл бөлігіне нерв талшықтары мен қан және лимфа тамырлары жақын жатады. Осы құрылымдар бүйректің форникалық аппаратының құрамына кіреді.

Бүйректің форникалық аппаратының маңызы: юүйрек паренхимасынан кіші тостағаншаларға несептің шағарылуы және кіші тастағаншалардан несептің кері өтпеуіне кедергі жасауы.

Форникалық аппарат жұмысының принципі сауу аппартаының механизміне ұқсас , несеп өз-бетімен ақпайды , ол бүртіктен кіші тастағаншаларға белсенді сауылады. Форникалық аппарат жұмыс механизміне төрт бұлшықет қатысады , олар жиырылу қабілетімен иемденеді.

Бүйрек тастағаншаларының қабырғасында , күмбезден жағары М.ЛЕВАТОР ФОРНИКИС оның айналасында М.СФИНСТЕР ФОРНИКИС кіші тостағанша тұсында жан-жағында М. СПИРАЛИС КАЛИЦИС орналасқан.

Тостағаншаларда несептің жиналуы және олардан шығарылуы екі кезекпен жүреді:

1 Систола , жиырылу 20 сек тен 45 сек дейін

2 Диастола , босаңсу 10-15 сек

М ЛЕВАТОР ФОРНИКИС пен М.ЛОНГИТУДИНАЛИС КАЛИЦИС тостағанша қуысын кеңейтіп , несеп жиналуына жағдай тудырып, ал М. СФИНСТЕР ФОРНИЦИС пен СПИРАЛИС КАЛИЦИС тостағаншаны тарылтып , оны босатады.

66. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері. Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.

Бүйректің қантамыр арнасы арқылы , вена және капиллярлармен көресетілген ,олар арқылы тәулігіне 1500-1800 қан ағады. Бүйрек қақпсаы ХУЛУС РЕНАЛИС арқылы кірген бүйрек артериясы А. РЕНАЛИС алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді. Бүйрек қойнауында алдыңғы және артқы тармақтар бүйрек түбекгің алдынан және артынан жүріп сегментарлықартерияларға бөлінеді. Алдыңғы тармақтан4сегментарлық артерия: Жоғарғы сегментке А. СЕГМЕНТИ СУПЕРИОРИС, жоғарғы аодыңғы А. СЕГМЕНТИ АНТЕРИОРИС СУПЕРИОРИС, төменгі алдыңғыА.СЕГМЕНТИ АНТЕРИОРИС ИНФЕРИОРИС және төменгі А. СЕГМЕНТИ ИНФЕРИОРИС тармақталады.

-----Бүйрек артериясының артқы тармағы мүшенің артқы тармағы мүшенің артқы сегментіне А. СЕГМЕНТИ ПОСТЕРИОРИС атауымен жалғасады.Сегментарлық артериялар үлесаралық артерияларға АА.ИНТЕРЛОБАРИС тармақталады. Олардың әкелуші шумақ артериоласы АРТЕРИОЛА ГЛОМЕРУЛАРИС АФФЕРЕНС басталып , капиллярларға жалғасады. Капиллярлардан шумақ ГЛОМЕРУЛУС қалыптасады. Шумақтан әкетуші шумақ артериоласы , АРТЕРИОЛА ГЛМЕРУЛЯРИС ЕФФЕРЕНС басталады. , оның диаметрі әкелуші тамырға қарағанда кіші Шумақтан шыққан әкетуші тамыр бүйрек өзекшелерін шырмап , бүйректің милы және қартыс заттарында капилляр торын түзетін капиллярларға тарайды.

-----Бүйректің милы затына доғалық, үлесаралық және кейбір әкетуші шумақ артериоласынан пирамидаларды қанмен қамтамасыз ететін артериоларлар АРТЕРИОЛА РЕКТИ тармақталады.

------Бүйректің қыртыс затаының капилляр торынан венулалар қалыптасып ВВ. ИНТЕРЛОБУЛЯРЕС, түзіледі олар доғалық веналарға ВВ. АРКУТАЕ құяды. Бүйректің қыртыс затының беткей қабаты мен фиброзды қабығында жұлдызша венулалар ВЕНУЛА СТЕЛЛЕТЭ қалыптасып доғалық веналарға ашылады. Олар үлесаралық веналарға ВВ.ИНТЕРЛОБУЛЯРИС бүйрек қойнауына кіріп , өзара бірігіп , бүйрек венасын түзеді. Бүйрек венасы В.РЕНАЛИС бүйрек қақпасынан шығып, төменгі қуыс венаға ашылады.

Бүйректің лимфа тамырлары қан тамырлармен бірге жүріп, бүйрек қақпасынан шағады. Лимфа тамырлары бел лимфа түйіндеріне НОДИ ЛИМФ. ЛЮМБАЛЕС құяды.

Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар, калийкальциймагний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр (мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2 -1,6 л зәр бөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохром пигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.

Зәрдің түзілуі

Бүйректен тәулігіне 1700-1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша «абсорбция» - сүзілу, «ре» - косымша кері қайту деген ұғымдарды білдіреді.

Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрийкалий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.

Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, оданзәршығару өзегі (үрпі жолы) арқылы сыртқа шығарылады.

67.Несепқуық топографиясы,құрылысы,қызметі,ішастарға қатынасы.

Несепқуық,vesica urinaria seu cystis дара қуыс мүше ,несептің жиналатын орны.Несепқуықтың пішіні мен көлемі несептің жиналуына байланысты өзгеріп тұрады.Ересек адамдарда несепқуықтың орташа сыйымдылығы 250-500мл-дей.Несепқуық кіші жамбас астау қабырғасына бекініп,тұспалас мүшелермен фиброзды жіп арқылы байланысып,симфиздің артында орналасқан.Несепқуықтың алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған,одан қасаға артқы кеңістігінде орналасқан майлы қатпармен шектелген.Ерлерде несепқуықтың артқы беті тік ішекпен, шәует қуықшаларымен және шәует шығаратын түтік кеңжерімен (ампуласымен), ал түбі қуық асты безбен шектеседі.Әйелдерде несепқуықтың артқы беті жатыр мойының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен,ал түбі несеп жыныс диафрагмасымен шкетеседі.Әйелдер мен ерлерде несепқуықтың бүйір беттері артқы өрісті көтеретін бұлшықетпен шектелген.Ерлерде несепқуықтың жоғарғы бетінде жіңішке ішек ілмектері,ал әйелдерде жатыр орналасқан.Несепқуық несеппен толғанда ішастар 3 жағынан,мезоперитонеалді,ал босаған кезде ретроперитонеалді жабылған.Ішастар несепқуықты жоғарыдан, бүйірінен және артынан жауып,ерлерде тік ішекке (тік ішекқуық ұңғылы),әйелдерде жатырға (қуықжатыр ұңғылы)өтеді.Қуық ұшын кіндікпен орталық кіндік байламы жалғайды.

Несепқуық қабырғалары:

-шырышты қабығының ішкі беті қызыл сұрғылт түсті,шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады.Несепқуық түбінің алдыңғы бөлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепқуық үшбұрышының артқы шекарасының жиегінде 2 несепағар тесіктері,ostium ureterus (dextrum et sinistrum) орналасқан.

-шырышасты негізі,tela submucosa несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады.Несепқуық үшбұрышында шырышасты негіз жоқ.

-бұлшықетті қабығы,tunica muscularis біріңғай салалы 3 қабаттан тұрады.Сыртқы және ішкі қабаттары бойлық,ортаңғы өте жақсы дамыған дөңгелек (церкулярлық) қабат.

-қуықтың сырты бетінде сірлі қабық жоқ жерде,оның сыртқы қабығы адвентиция.

Несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі.

Несепқуықтың денесімен ұшын кіндік артерияның тармақтары мен жоғарғы қуық артериялары,aa.vesicales superiors, қуық түбімен бүйір қабыоғасын ішкі мықын артерияның тармақтары-төменгі қуық артериясы, a.vesicalis inferior, қанмен қамтамасыз етеді.

Несепқуық қабырғасынан веналық қан несепқуықтың веналық өріміне,plexus venosus vesicae urinariae және несепқуық веналары, vv.vesicales арқылы ішкі мықын венасы ағады.

68.Несепағар,құрылысы,бөлімдері,ішастарға қатынасы.Несепағардың тарылу жерлері,практикалық маңызы.

Несепағар,ureter-жұп мүше,бүйрек түбінің тарылған жерінен несепқуыққа дейінгі аралықта орналасқан.Несепағардың ұзындығы 30-35см,ені 4-8мм-дей,несепағар қуысының ені 3-4 мм.Несепағар ішастар артында ретроперитонеалді орналасқан.Несепағар топографиясының орналасуына байланысты 3 бөлікке бөлінеді:іштік,жамбас астау,қабырғаішкі.несепағардың ішкі бөлігі ,pars abdominalis, белдің үлкен бқлшықетінің m.psoas major алдыңғы бетінде орналасқан.

Несепағардың іштік бөлігі.Оң несепағардың проксималді бөлігі 12 елі ішектің төмендеген бөлігінің pars desendens duodeni артында,сол несепағар 12 елі- аш ішек иілімінің, flexura duodenojejinalis артында орналасқан.Несепағардың алдынан аталық без артериясы мен венасы a. et v.testiculares және париеталді ішастар,peritoneum parietale орналасқан.Оң несепағар жамбас астау бөлігінде pars pelvina өтер жерінде жіңішке ішек шажырқайының түбірімен, ал сол- сигматәрізді жиек ішек шажырқайымен қилысады.

Несепағардың жамбас астау бөлігі оң ішкі мықын артериясы мен венасының a. et v. Iliacae internae алдынан,сол жалпы мықын артериясы мен венасының алдынан өтеді.Әйелдерде несепағардың жамбас астау бөлігі аналық бездің артынан, жатыр мойынның бүйір жағын орай өтіп,қынаптың алдыңғы қабырғасымен несепқуықтың аралығында орналасады.Ерлерде несепағардың жамбас астау бөлігі шәует шығаратынтүтіктің сыртында орналасып,оны қиып, шәует қуықшасының жоғаргы жиегімен кішкене төмен,несепқуыққа ашылыды.

Несепағардың қабырғалары 3 қабықтан тұрады.

-ішкі шырышты қабығы, tunica mucosa шырышты бездерге өте бай,бойлық қатпарларды құрайды.

-ортаңғы бұлшықетті қабығы ,tunica muscularis жоғарғы бөлігі 2 қабаттан-сыртқы бойлық,ішкі церкулярлық,ал төменгі бөлігінің бұлшықеттік қабығы 3 қабаттан –сыртқы және ішкі бойлық,ортаңғы циркулярлықтан тұрады.

-сыртқы дәнекер тінді,адвентициалді қабықтан,tunica adventitia тұрады.

Несепағардың қанмен қамтамасыз етілуі:несепағардың жоғарғы бөлігі бүйрек,аталық без немесе аналық без артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы;ортаңғы бөлігі құрсақтың қолқа, жалпы және ішкі мықын артерияларынан тармақталатын несепағар тармаұтары, арқылы;төменгі бөлігі ортаңғы және төменгі тік ішек артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Несепағар веналары аталық без немесе аналық без веналары,кейін ішкі мықын веналарына ашылады.

Несепағардың лимфа тамырлары бел және ішкі мықын лимфа түйіндеріне құйылады.

Несепағардың жоғарғы бөлігінің парасимпатикалық невтенуі кезбе нервпен, ал төменгі бөлігі- жамбас астау ішкі нервтерімен жүреді.

Несепағардың 3 тарылуы:

1.бүйрек түбінен несепағардың басталған жерінде.

2.несепағардың іштік бөлігінің жамбас астау бөләгәне өткен жерінде.

3.несепағардың несепқуыққа ашылған жерінде.

69.Несеп жібергіш өзек,оның жыныстық ерекшеліктері.Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы,бөлімдері,қызметі.

Несеп жібергіш өзек (urethra) жұмсақ эластикалық түтік,ұзындығы әйелдерде 3-5см,еркектерде 20-22 см болады.Еркектердің несеп жібергіш өзегі (urethra masculina)қуықтың ішкі тесігінен (ostium urethrae internum) басталып және жыныс мүшесі басының түбінде сыртқы тесікпен (ostium urethrae externum) аяқталады.Оның простаталық (pars prostata),жарғақты (pars membranacae),және кеуекті (pars spogiosa) бөлімдерін ажыратады.Ұзындығы 1-1,5 см простаталық бөлім қуық мойнынан тік жоға рғы қуықастына өтеді.Қуықасты бөлігінің ұзындығы 3-4 см, қуықасты безінің ішінен өтеді.Оның артқы қабырғасында ұзартылған ұлғаю- несеп шығаратын өзектің қыры (crista urethralis) бар.Бұл бөлігі ұрық төмпесі немесе төмпешікті (colliculus seminalis)құрайды.Ұзындығы 1,5 см еркек несеп жіберетін өзектің жарғақты бөлігіұшына ұрық безінің буылтығына дейін жетеді.Ол несеп -жаныс көкетінен өтерде несеп жіберу өзегінің сфинктерін жасайтын (m.sphincter)концентрленген буылған бұлшықет тінінен өтеді. Еркек несеп жібергіш өзегінің ең ұзын бөлігі аталық жыныс мүшесінің кеуекті бөлігі.Ұзындығы 15 см,2 кеңкюі болады: аталық жыныс мүше інің буылтығында және оның басында.Еркек несеп жібергіш өзегі өз жолында S-тәрізді иіліп,3-тарылулары кездеседі:

1.еркек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында.2.несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде.3.еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесік аймағында.Еркек несеп шығаратын өзектің кеңкю жерлері:1.қуық асты безі бөлігінде.2.жыныс мүшесінің буылтығында.3.соңғы бөлімінде құйрық тәрізді шұңқырда,fossa navicularis urethrae.Әйел несепжіберуші өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу және 2,5-3,5 см болатын,диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды.Әйел несепжіберетін өзегі қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді.Оның артқы қабырғасы қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан.Несеп жіберетін өзектің қабырғалары кілегейлі,бұлшықетті дәнекер тін қабықтарынан тұрады.

70.Аталық без, аталық без қосалқысы: құрылысы және қызметі.

Ішкі аталық жыныс ағзасына аталық бездер,шәуетшығаратын түтігі,ұрық безі,қуықасты безі,буылтық несеп шығаратын несеп бездеріжатады.Сыртқы ағзасына: аталық жыныс мүшесі және ұма жатады.

Аталық без(testis)жұп жыныс ағза ,сопақша пішінді,салмағы 20-30г.Аталық бездің қызметі-сперматазоидтар,яғни аталық жыныс жасушаларын жасау,және де екінші жыныс жетілуді көрсететін аталық жыныс гармондарын қанға бөліп шығару.Аталық бездер ұмада орналасқан.Аталық без құрамында ұрық шығару өзегі,бұлшықет, қан айналу және лимфа тамырлары,нерв және шандырлар кіретін ұрық қанатшасына ілінген тәрізді болып тұрады.Ішастар аталық бездер айналасында тұйық сірлі қуысынтүзеді.Сірлі қабық астында басқа қабық,яғни ақ қабық(tunica albuginae).Сірлі қабық астында басқа қабық бездердің артқы жағынан қалыңдау – аталық без орталығын (mediastinum testis) түзеді.Бұлардан бездерді көптеген пирамида тәрізді аталық без үлесшелеріне (150-ден 300 дейін) (lobli testis)бөлетін аталық без қалқашықтары(septula testis)(tubuli seminiferi contorti)болады.Иреленгеншәует өзекшелері аталық без үлесшелерінен шығып, аталық без торына(rete tesis) түсетін қысқа, тік шәует өзекшелеріне(tubuli seminiferi recti)қосылады.Тордан 10-18 аталық бездің шығарушы түтігі шығады.Түтіктер ақ қабыққа тесіліп,қосалқының басына шығады.12-15 үлестік пішінде болады.Шығарушы өзекшелерқосалқының түтігіне байланысып,көптеген қосалқының дене мен құйрығын құрайтыншырмауықшаларды құрайды.Соңғысының аймағында түтік шәует шығаратын түтікке ауысып өтеді.

Шәует шығаратын түтік (ductus deferens) – жұп ағза,ұзындығы 40-50 см,диаметі 3мм-дей, құрамындағы шәует шылбырымен шап өзегінің сыртқы тесігіне барады.Оның 4 бөлігі бар:1.ұмалық (pars scrotalis).2.шаптың беткейлі сақинасына өтетін шылбырлық бөлігі (pars funicularis)3. Шап өзегіндегі шап бөлігі (pars inguinalis)4.тереңдегі шап өзегінен қуықасты безіне дейінгі жамбас бөлігі (pars pelvina). Шәуетшығаратын өзекті өтіп,иіліп кіші жамбасқа өтеді.Щның қасында соңғы бөлігі кеңейіп, шәуетті шығаратын түтіктің қабырғасы кілегейлі, бұлшықет және дәнекерлі қабықтардан тұрады.Оның қасында соңғы бөлігі кеңейіпшәуетті шығаратын түтіктің кеңжерін құрайды(ampulla deferentis), ал сонан соң ұрық шығару түтігімен қосылатын жіңішке өзекке өтеді.Мұнда шәует шашатын түтік (ductus ejaculatoris)бар.

Шәует бездері (vesiculae seminales) – қалтатәрізді түтікті,ұзындығы 4-6 см,қуықасты безінің үстінде қуықтың артқы қабырғасында көптеген иілімдер мен томпаюлары бар.Әр шәует безінің қуысы сперма құрамына ақуызды сұйықтықты көптеген қатпарлы камерадан құралған.Бездің қабырғасы кілегейлі,бұлшықетті және дәнекр қабықтан тұрады.

Қуықасты безі (prostata) – жамбастың түбінде орналасқан,несеп шығару түтігін айнала қуықтың астында орналасқан.Оның артқы беті тік ішекке,алдыңғы шат симфизіне, бүйірі – артқы өрісті көтеруші бұлшықетке жанасады.

Буылтық-несеп шығаратын өзек безі (glandula bulbourethrales)терең шатаралықтың қалыңында көлденең бұлшықет орналасқан,яғни аталық жыныс мүшесінің кеуекті заты денесінің буылтығында.

Ұма (scrotum) – тері бұлшықетті қапшық,онда аталықбез өзінің қосалқылары мен шәует шылбырының төмег і бөліктерімен орналасқан.Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:1.Ұма терісі (cutis);2. Етті қабық (tunica dartos); 3.сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa);4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica);5.аталық безді көтеретін бұлшықет (m.cremaster);6.ішкі шәует шандыры (fascia supermatica interna) ;7.аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis) ,ол 2 табақтан:париеталді lamina parietalis, және висцералді lamina visceralis, тұрады.

Жыныс мүше (penis)- несеп қуықтан несепті шығару және әйел жыныс мүшесіне шәуетшіберу қызметін атқарады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бос бөлігі – жыныс мүшесінің денесінен,corpus penis,тұрады.Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі,ostium urethrae externum,бар еркек жыныс мүшесінің басымен,glans penis,аяқталады.Еркек жыныс мүшесінің кеңейген бөлігі басының тәжі, corona glandis, және тарылған бөлігі мойнын collum glandis,ажыратылады.Артқы бөлігі еркек жыныс мүшесінің түбірі, radix penis, қасаға сүйектеріне бекіген.Еркек жыныс мүшесінің жоғарғы-алдыңғы бетінің арқашығы , dorsum penis деп атайды.

71.Аталық бездің ұмаға түсу процесі, практикалық маңызы.

Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA).Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасып,аталық без ұрығының каудалді шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады.Кейін, ол жерде ұма қалыптасады.Ішкі құрсақтың дамудың 3 айында, болашақ терең шап сақинасының орнында қынаптық өсіндісі (processus vaginalis peritonei) қалыптастыратын ішастардың қалташығы пайда болады.Ұрық денесі ұзындығының өсуіне байланысты аталық без төмен орналасып,ішастардың артына,жамбас астау қуысына жылжиды,кейін қынаптық өсіндінің, processus vaginalis peritonei, тұсында болашақ сірлі қабықпен жабылып,ұмаға түседі.Қынаптың өсіндімен бірге алдыңғы құрсақ қабырғасының барлық қабаттары сыртқа салбырап, аталық без орнын – ұманы түзеді.

72.Аталық без қабықтары, олардың туындылары.

Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA).Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасып,аталық без ұрығының каудалді шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады.Кейін, ол жерде ұма қалыптасады.

Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:1.Ұма терісі (cutis);2. Етті қабық (tunica dartos); 3.сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa);4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica);5.аталық безді көтеретін бұлшықет (m.cremaster);6.ішкі шәует шандыры (fascia supermatica interna) ;7.аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis) ,ол 2 табақтан:париеталді lamina parietalis, және висцералді lamina visceralis, тұрады.

73.Аталық бездің шәует шығару жолдары, бөлімдері, қызметі

Аталық без сыртынан ақ қабық tunica albuginea деп аталатын фиброзды қабықпен қапталған.Қабық астында аталық без тіні немесе паренхимасы орналасқан.Ақ қабықтың артқы шетінен аталық без паренхимасына дәнекер тіннің өсіндісі-аталық без орталығы mediastinum testis енеді.Одан паренхиманы аталық без үлесшелеріне lobuli testis бөлетін жұқа дәнекер тінді аталық без қалқашықтары septula testis тарайды.Аталық без үлесшелері конус пішінді және оның ұшы аталық без орталығына қарайды.Аталық безде 250-300 дейін үлесшелер бар.Әр аталық без үлесшелерінде құрамында сперматогенді эпителийі бар 2-3 иреленген шәует өзекшелері tubuli seminiferi contorti бар.Олар аталық без орталығына бағытталып үлесшелердің ұшы аймағында бір-бірімен қосылып, қысқа тік шәует өзекшелерін tubuli seminiferi recti түзеді.Бұл өзекшелер аталық без торына ашылады.Аталық без торынан аталық без қосалқысының түтігіне ашылатын 12-15 өзекшелер ductuli efferentes testis басталады.Шәует тек иреленген шәует өзекшелерінде түзіледі.Аталық бездің қалған түтікшелері мен өзекшелері шәует шығаратын жолдар болып табылады.

74.Шәует қуықшалары, бульбоуретральді бездер, олардың несеп жібергіш өзекке қатынасы.

Шәует қуықшасы vesicula seminalis- кіші жамбас астауында, шәует шығаратын түтіктің ампуласынан латеральді, қуықасты безден жоғары және несепқуық түбінен артта және бүйір орналасатын секреторлық жұп мүше.Ішастар шәует қуықшасының тек жоғарғы бөлігін жабады.Шәует қуықшасының беті кедір-бұдыр.Оның несепқуыққа қараған алдыңғы және тік ішекке қараған артқы бетін ажыратады.Шәует қуықшасының ұзындығы 5 см шамасында, ені 2 см, қалыңдығы 1 см.

Буылтық-несеп шығаратын өзек безі, glandula bulbourethralis Куперов безі-қос мүше, еркек несеп шығаратын өзек қабырғасын несептің тітіркендіруінен қорғайтын жабысқақ сұйықтық бөліп шығарады.Бұл бездер еркек несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің артында, шаттың терең көлденең бұлшықетінде орналасқан.Бездер бір-бірінен 0,6 см қашықтықта орналасқан.Олар дөңгелек пішінді, тығыз, сарғыш түсті, беті сәл бұдырлы және диаметрі 0,3-0,8 см болып келеді.Бұл бездер ұяшықты-түтікті бездер болып табылады.Олардың түтіктері жіңішке және ұзын , еркек жыныс мүшесінің буылтығын тесіп өтіп, несеп шығаратын өзекке ашылады.

75.Шәует шылбыры, оның құрамды бөліктері

Шәует шылбыры Funiculus spermaticus аталық бездің ұмаға түсу процесінде пайда болады.Оның ұзындығы 15-20 см дөңгелек жіп, шап өзегінің терең сақинасынан аталық бездің жоғарғы жиегіне дейінгі аралықта орналасады.Шәует шылбырының құрамына: шәует шығаратын түтік, аталық без артериясы, сабақты веналық өрім, аталық без бен оның қосалқысының нервтері және лимфа тамырлары және қынаптық өсіндінің қалдықтары кіреді.Шәует шылбырының 2 қабығы болады: ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna және сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa.

76.Аталық сыртқы жыныс ағзалары, олардың анатомиясы.

Аталық сыртқы жыныс ағзаларына еркектің жыныс мүшесі және ұма жатады.

Еркек жыныс мүшесі penis несепқуықтан несепті шығару және әйелдің жыныс жолына шәует жіберу қызметін атқарады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы ьос бөлігі жыныс мүшесінің денесінен corpus penis тұрады.Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі ostium urethrae externum бар еркек жыныс мүшесінің басымен glans penis аяқталады.Еркек жыныс мүшесінің басында кеңейген бөлігі- жыныс мүшесі басының тәжі corona glandis және тарылған бөлігін- мойнын collum glandis ажыратады.Артқы бөлігі – еркек жыныс мүшесінің түбірі radix penis қасаға сүйегіне бекіген.Еркек жыныс мүшесінің денесінің жоғарғы-алдыңғы бетін-арқашығы dorsum penis деп атайды.Еркек жыныс мүшесінің төменгі бетінде жігі raphe penis болады, ол артынан шат пен ұма терісіне жалғасады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бөлігіндегі терісі басын жабатын жақсы жетілген тері қатпарын-бүрікбас preputium penis түзеді.Бүрікбас еркек жыныс мүшесі басының терісіне жалғасып, оның мойнына бекиді.Еркек жыныс мүшесі басының төменгі жағында бүрікбас, бүрікбас жүгеншігімен frenulum preputii байланысқан.Бүрікбастың ішкі табағының терісінде бездер орналасқан.

Еркек жыныс мүшесі екі үңгірлі денеден corpora cavernosa penis және олардан төмен орналасқан бір кеуекті денеден corpus spongiosus penis тұрады.Жыныс мүшесінің әр үңгірлі денесі цилиндр пішінді және олардың артқы шеттері үшкірленіп, қасаға сүйегінің төменгі тармағына бекитін еркек жыныс мүшесінің аяқшалары crura penis түрінде жан-жағына таралады.Үңгірлі денелер өзара медиальді беттерімен бітісіп, жалпы үңгірлі дененің ақ қабығымен tunica albuginea corporum cavernosorum жабылған.Олар үңгірлі дененің аралығында еркек жыныс мүшесі басының қалқасын septum penis түзеді.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі артқы бөлігінде кеңейіп, еркек жыныс мүшесі буылтығын bulbus penis ал алдыңғы шеті күрт қалыңдап, еркек жыныс мүшесі басын glans penis қалыптастырады.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі кеуекті дененің ақ қабығымен tunica albuginea corporis spongiosi fascia жабылған.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті және үңгірлі денелері терең және беткей шандырлармен penis profunda et fascia penis superficialis қапталған.Еркек жыныс мүшесі терең және беткей байламдармен фиксацияланады.

Ұма scrotum алдыңғы құрсақ қабырғасында, аталық жыныс бездеріне арналған екі дербес камералы қалта тәрізді.Ұма еркек жыныс мүшесі түбірінен артта және төмен орналасқан.Оның әр камерасында аталық без орналасқан.Ұманың 7 қабығы ажыратылады, олар аталық бездің қабықтары болып табылады:1.тері cutis.Ұманың терісі жіңішке, қатпарларға жеңіл жиналады, түсі қою.2.бұлшықеттік қабық tunica dartos.Ол теріасты шелмайының туындысы.Бұл қабық оң аталық безді сол аталық безден бөліп тұратын ұма қалқасын түзеді.3.сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa.4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры fascia cremasterica 5.аталық безді көтеретін бұлшықет m.cremaster 6.ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna 7.аталық бездің қынапты қабығы tunica vaginalis testis.Ол екі табақтан тұрады: lamina parietalis және lamina visceralis.Бұл екеуінің арасында тұйық сірлі қуыс болады.

77.Қуықасты безі, құрылысы, қызметі

Қуықасты безі Prostata – тақ бұлшықетті мүше, сперманың құрамына кіретін секрет бөледі.

Қуықасты безі кіші жамбас астауының алдыңғы төменгі бөлігінде, несепқуықтың астында, несепжыныс диафрагмасында орналасады.Осы без арқылы несеп шығаратын өзектің бастапқы бөлігі және оң мен сол шәует жіберетін түтік өтеді.Қуықасты безінің пішіні каштан жаңғағына ұқсас.Қуықасты безінің негізі basis prostatae және алдыңғы facies anterior, артқы facies posterior және төменгі бүйір facies inferolateralis, бездің ұшы ажыратылады.Бездің алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған.Безден қасаға симфизіне бүйір және орта қасаға-қуықасты байламдары ligg.puboprostaticae және қасаға-қуықасты бұлшықеті m.puboprostaticus тартылған.

Қуықасты безінің артқы беті тік ішектің ампуласына бағытталып, одан жамбас астау шандыр табақшасымен бөлінген.Төменгі бүйір беті дөңгеленіп, веналық өрім мен артқы өтіске көтеретін бұлшықетке қарайды.Бездің ұшы apex prostatae төмен бағытталып,несепжыныс диафрагмасында орналасады.Несеп шығаратын өзек бездің негізіне кіріп, оның үлкен бөлігі бездің артында орналасқан және бездің ұшы аймағында шығады.

Қуықасты бездің көлденең көлемі 4 см, бойлық 2-3 см.Салмағы 20-25 г.Қуықасты бездің екі үлесі: оң lobus dexter және сол lobus sinister ажыратылады.Екеуінің шекарасы болып бездің алдыңғы бетінде орналасқан терең емес жүлге саналады.Без негізінің артқы бетінен шығатын бөлікті, қуықасты бездің қылтасы isthmus prostatae немесе бездің ортаңғы үлесі lobus medius дейді.

Қуықасты безі сыртынан қапшықпен, capsula prostatica жабылады, ол безді тіннен parenchyma glandulare және бірыңғай салалы бұлшықеттік тіннен substantia muscularis құралған.Безді тіндер ұяшық-түтік құрылысты простата безшелері түрінде жеке құрылымдарға топталады.Бұлшықеттік тіні бұлшықеттік шоғырлармен бірігіп,еркек несеп шығару өзегінің ішкі бұлшықеттің қысқышының қалыптасуына қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]