
- •1.Самай сүйек өзектері, олардың маңызы.
- •2 Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар
- •2.Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар.
- •3Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы
- •5 Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі
- •6Ми сауыты негізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы
- •7 Мұрын қуысы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы
- •8 Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы
- •9 Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері
- •10Іш аймақтары.Тік бұлықеттің қынаптарының пайда болуы
- •1.Foramen trilaterum , ол медиалді орналасқан , оның шекалары ;
- •2.Foramen quadrilaterum , ол латералді орналасқан ,оның шекаралары;
- •21.Үлкен және кіші шонданай тесіктері. Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы.
- •Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы. Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары (тері асты және терең). Практикалық маңызы.Скарпов үшбұрышы
- •24) Тақым шұңқыры, шекаралары, құрамы.
- •29.Ауыз қуысы, бөлінуі, шекаралары, құрамы. Аран туралы түсінік, шекаралары. Лимфа-эпителиалді сақинасы, құрылысы, қызметі.
- •30.Тістер : сүт, тұрақты тістер, дамуы, олардың құрылысы, формуласы.
- •31.Қатты таңдай және жұмсақ таңдай.
- •32.Тіл, құрылысы, қызметі.
- •48.Шарбылық қапшық, шарбылық тесік, олардың шекаралары, қатынасы
- •78.Жатыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы, жатыр жалғамалары.
- •79.Аналық без, құрылысы, қызметі.
- •80.Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі
- •81. Аналық сыртқы жыныс ағзалары. Олардың анатомиясы.
- •82. Шатаралық кіші және үлкен мағынада, құрылысы, бөлінуі.Аналді үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.
- •83. Несеп-жыныс үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары. Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашықтары.
- •84. Эндокринді бездердің жіктелуі, «Гормон» туралы түсінік.
- •85. Нейроэндокринді бездер. Эпифиз: құрылысы, қызметі.
- •86. Гипофиз және гипоталамус-гипофиз жүйесі.
- •111. Бүйрек үсті бездері мен бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің қайнар көздері, Бүйрек ішінде артериялардың тармақталу заңдылықтары б практикалық маңызы.
- •112. Құрсақтық сабау ; топографиясы , тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары .
- •113. Бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі. Бауыр ішінде артериялардың тармақталу заңдылықтары, практикалық маңызы.
- •. Асқазанның, он екі елі ішектің және ұйқыбездің қанмен қамтамасыз етілуі.
- •115 . Жоғарғы шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Аш және мықын ішектердің қанмен қамтамасыз етілуі.
- •117, Ұрықтың және нәрестенің қанмен қамтамасыз етілуі.
- •120. Әйел кіші жамбас астауы ағзаларының( жатыр,жатыр түтігі,аналық без) қанмен қамтамасыз етілуі.
- •121. Сыртқы аналық жыныс ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуі
- •122.123 (Жауап бірдей)Ерлер кіші жамбас астауының қанмен қамтамасыз етілуі.
1.Самай сүйек өзектері, олардың маңызы.
Самай сүйектің өзектері:
1.Ішкі ұйқы артериясының өзекшесі,canalis caroticus, ол тастақ бөліктің төменгі бетінің ортаңғы бөлігіндегі, бұл өзекшенің сыртқы тесігінен, foramen caroticum externum, басталады. Бұл өзекше, ең әуелі дабыл қуысының алдыңғы қапталының бойымен жоғары қарай баңыт алып, одан әрі алға қарай иіліп, горизонтальді бағытта алға және медиальды бағытта өтіп пирамиданың ұшында аяқталынады. Бұл өзекше арқылы ішкі ұйқы артерия мен оның бойындағы симпатикалық өрімдео өтеді.
2.Ұйқы-дабыл өзекшесі, canaliculi caroticotympanici, шағын келген ішкі ұйқы артерия өзекшесінің қабырғасынан басталып, дабыл қуысымен байланыстырып тұрушы екі өзекшеден тұрады. Бұл өзекше арқылы, дабыл қуысын нервтендіруші симпатикаллық ұйқы-дабыл нерві, n.caroticotympanicus, өтеді.
3.Бет ми нервінің өзекшесі, canalis facialis, ол ішкі есту жолының табанында орналасқан, өзіне тән меншікті тесікшеден басталады. Бұл өзекше, горизонтальды бағытта, меншікті тесікше арқылы өткеннен кейін, алға және латеральды бағытта үлкен тастақ нервтің өзегінің саңылауы, hiatus canalis n.petrosi majoris, қарай өтіп, одан әрі кері бағытта сүйір бұрыш құрап, бет нерві өзекшесін құрап, одан әрі төмен бағытта өтіп, біз-еміздік тесік, foramen stylomostoideum, пен аяқталады. Сонымен қатар бұл өзекшеден біз-еміздік тесікке жетпей, дабыл қуысына қарай, дабылшегі нервінің өзекшесі, canaliculus chordae tympanizi, өтеді.
4.Дабыл шегі нервінің өзекшесі, canaliculus chordae tympanizi, ол бет нерві өзекшесінен біз-еміздік тесігіне жетпей, алға және жоғары қарай бағыт алып, дабыл қуысына қарай өтеді. Бұл өзекше арқылы ХIII-жұп аралық ми нервінің, n.intermedius, дабыл шегі атты нерві, n.chorda tympani, өтеді. Дабыл қуысынан дабыл-тастақ саңылау, fissura petrotympanica,арқылы ми сауытынан сыртқа қарай бағыт алады.
5.Дабыл өзекшесі, canalis tympanicus, ол самай сүйектің тас бөлігінің төменгі бетінде орналасқан, тастық шұңқыршаның, fossula petrosa,табанынан басталады. Ол, дабыл қуысына қарай дабыл қуысының төменгі қабырғасы арқылы өтіп, одан әрі дабыл қуысыың медиалдьды қаьырғасында орналасқан дабыл мүйізінің жүлгесі, sulcus promontori, арқылы жанай өтіп, одан әрі кіші тастық нервтің өзегінің саңылауы, hiatus canalis n.petrosi minoris,арқылы ми сауытына қарай өтеді.
6Бұлшықет-түтік өзекшесі, canalis musculotubarius, ол дабыл қуысының жоғарғы қабырғасының алдыңғы бөлігінің тікелей жалғасыболып саналады. Өзекшенің сыртқы тесігі самай сүйектің тастақ бөлігі мен қабыршақтық бөліктің аралығындағы саңылаудың тұсында, самай сүйектің терең қабатында ішкі ұйқы артерия өзекшесінің бүйір қапталында орналасқан.Бұлшықет-түтік өзекшесінің ішкі артерия ұйқы өзекшесіне қараған бетінде, параллель бағытта орналасқан жартылай табақша, septum canalis musculotubari, арқылы бұл өзекше, жоғарыда орналасқан дабыл жарғағын керетін бұлшықеттің жартылай өзекшеге, semicanalis musculi tensoris tympani, және төменде есту жолы кеңдеу болып орналасқан, жартылай жұтқыншақ-түтік өзекшеге, semicanalis tubae auditivae, бөлінеді.
7Еміздік тәрізді өсіндінің өзекшесі, canaliculis mastoideus, ол мойындырық ойыстың табанынан басталып, дабыл-еміздік саңылау арқылы құлақ қалқанына қарай өтеді. Бұл өзекше арқылы, кезбе ми нервінің құлақтық нервісі, n.auricularis, өтеді.
8Дабыл қуысы, cavum tympani, бүйір қабырғасы қысыңқылау келген шағын қуыстықтан тұрады. Бұл қуыстың ішкі беті шырышты қабықшамен көмкерілген. Қуыстың ішінде есту мүшелерінің сүйекшелері: балғашық, malleus, төсше, incus, және үзеңгіше, stapes, орналасқан. Қызметі: дабыл жарғағынан сүйекшелер, буындар арқылы тербеліп келген дыбыс толқындарын, ішкі құлақтың лабиринтінің ішінде орналасқан есту нервтерінің рецепторларына қарай өткізу.