Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кадр билет отвв.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.74 Кб
Скачать

3.Персоналды басқару жүйесінің құрылымы

Персоналды басқару жүйесі персоналдарды басқару мақсаттарының, функцияларының ұйымдастырушылық құрылымның қалыптасуларынан, басқарушылық шешімдерді негіздеу, өңдеу, қабылдау және орындау процестерінде мамандар мен жетекшілердің тігінен және көлденеңінен функционалды өзара байланыстардың қалыптасуынан тұрады. Персоналды басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйе ұғымның персоналын басқару жүйесі деп аталады. Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын құру процесіндегі маңызды кезең - оның кіші жүйелерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру б.т. Бұл жағдайда байланыстың түрі, оның маңызы, мерзімділігі, материалдық негізі нақты белгіленуі қажет. Құрылымдық байланыстың төрт түрін бөліп көрсетуге болады: сызықтық бағыну(тікелей әкімшілік жасау); функционалды жетекшілік ету(әдістемелік қамтамасыз ету,басқа бөлімшелерге кеңес беру); бірге қызмет атқару(жұмыстарды бірге атқару); функционалды қызмет көрсету( шешімдерді қабылдау процесін қамтамасыз етуде көршілес бөлімшелердің ақпараттарды дайындауы немесе басқада жұмыстары).

3 емтихан билеті

  1. Персоналды басқарудың негіздері

  2. Аттестация түрлері және мәні

  3. Кадрлардың қызметі және оның қызмет етуіне қойылатын талаптар

1.Персоналды басқарудың негіздері

1.Персонал - кадрлар түсінігін қамтитын неғұрлым кең ұғым болып табылады. Сондықтан персоналды басқару негізі болып ұйым мақсаттарына жету, өндірістік жүйелердің қызмет етуінде жұмыскерлердің потнециалын неғұрлым толық және тиімді пайдалану мен дамыту тұрғысынан қарағанда өндіріс прцесінде қызметкерлердің арақатынасы өте маңызды орын алады. Персоналды басқару - іс-әрекетінің функционалды ортасы, оның мәселесі - кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мудделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру б.т. Кәсіпорын персоналды бір мезетте басқарудың объектісі де субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік процестің бір бөлігі б.т. Сондықтан өндірісте адам ресурстарын жоспарлау, қалыптастыру, қайта бөлу, және тиімді пайдалану персоналдарды басқарудың негізгі мәні б.т. және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық заттай элементтерін басқаруға ұқсас келеді.

2.Аттестация түрлері және мәні

Аттестацияны жүргізу жөніндегі функция сызықтық жетекшілер мен кадрлар қызметтері арасында бөлініп беріледі. Соңғылары корпорациялық саясатқа жүгіне отырып, персоналды бағалаудың жалпы тұжырымдамасын жасап, олардың іс жүзінде қолданалуын бақылайды. Жұмыскерлерді аттестациялау оның себебін байланысты кезекті, сынақ мерзімінің аяқталуына байланысты, қызметі бойынша өсуде басқа бөлімшеге ауысуға байланысты әр түрі болады: 1.Кезекті аттестация жыл сайын жүргізіледі және барлық жұмыскерлер үшін міндетті. Аттестациялау негізі - атқарылған жұмыспен негізгі іс-әрекеттердің нәтижелерінің түсіндірмесі. 2.Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейінгі аттестация нәтижелері бойынша құжатталған қорытындыны алу мақсатын және сонымен қатар аттестацияланушының әрі қарай қызметте пайдаланудағы аргументтелген ұсыныстарын көздейді. Қызмет бабында жоғарлату үшін аттестациялау жаңа ұысынылып отырған қызметтің және міндеттің талаптарын ескере отырып жүргізіледі, соынмен қатар жұмыскердің жоғары қызметті алу үшін оның кәсіби деңгейі мен әлеуетті мүмкіндіктері анықталады. Жұмысқа қайта қабылданған жұмыскерлерді аттестациялауц алғашқыда алты айдан соң, содан кейін жыл сайын жүргізіліп отырады.