- •1 Маркетингтік зерттеу туризм кәсіпорынының нарықтық мүмкіндіктерін анықтау негізі ретінде
- •Маркетингтік зерттеулер мәні, мазмұны және міндеттері
- •1.2 Туризм кәсіпорынында маркетингтік ортаны зерттеу
- •1.3 Туристік нарықты маркетингтік зерттеу
- •2.1 Туристік қызметте маркетинг кешенін қолдану
- •2.2 «Elis-travel» жшс-ның бәсекелестік ортасы
- •2.3 «Elis-travel» жшс-ның туристік қызметтерін жылжыту стратегиясын қалыптастыру
- •3 Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдіру жолдары
- •3.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
- •3.2 Туризм саласындағы кәсіпорындардың маркетинг қызметін жетілдіру жолдары
3.2 Туризм саласындағы кәсіпорындардың маркетинг қызметін жетілдіру жолдары
Әрбір туристік фирмаға қандай елге саяхаттарды ұйымдастыру, қандай түрімен және қызметтердің қандай түрімен туристік пакетті толықтыру керектігін өзі шешуге тұра келеді. Стратегиялық шешімдер қабылдағанда туристік фирмаларға нарықтың қажеттіліктері мен түріне сүйенеді. Тұтынушылардың қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе екенін бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып нарықтың сыйымдылығы мен конъюнктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады.
Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, элеуметтік – мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қоладанудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға, қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын спорт пен демалысқа кетіруге тырысады, туристік фирма іс - әрекетіне бейімделуге және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын көрсету міндеті болып табылатын туристік маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына бағытталған. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінің құралдарын жетілдіруге мүмкіндік берерді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.
Туристік фирмалардың қызметін жетілдіру үшін туристік фирмаларға тек қана маркетингпен айналысатын бөлімдер ашу қажет. Бұл маркетингтік бөлімдердің қызметтері келесідей болуы тиіс:
бәсекелестерді зерттеу;
агенттік тораппен жұмыс істеу;
арнайы көрмелер мен кездесулерге қатысу;
презентацияларды ұйымдастыру;
ұйымдарға демеушілік көмек көрсету;
оперативті маркетинг;
жарнамалық әрекет.
Бәсекелестерді зерттеу мақсатында маркетингтік бөлімнің қызметкерлері тұрақты негізде БАҚ - на мониторинг, өзінің агенттерінен және кәсіби көрмелерде ақпарат, бәсекелестердің қызметімен байланысты мәліметтер жинауы қажет. Бәсекелестердің каталогтары, және ондағы тарифтер зерттелуі тиіс. Бұл каталогтардан олардың тарифтері қандай, олар қандай отельдер ұсынады, туристік пакет қандай қызметтерден тұратынын білуге болады.
Агенттік тораптармен жұмыс істеу. Агенттік тораппен жұмыс жасау маркетинг бөлімінің маңызды мәселесі болып табылады. Агеттік торапқа турфирмамен келісім шартқа отырған барлық турагенттіктер, жеке кәсіпкерлер және ұйымдар кіреді. Маркетинг бөлімінің агенттік торапқа жауап беретін қызметкерлері агенттер туралы көрсеткіштер базасын жүргізуі тиіс.
Агенттік тораптың мүшелеріне турфирманың ұсынатын қызметтерінің пакеттері жіберіледі (каталогтар, брошюралар және олардың электрондық түрі т.б.). Агенттер барлық керекті ақпаратпен қамтылуы тиіс.
Сонымен қатар, маркетинг бөлімінің қызметкерлері агенттердің жұмысы нәтижелері туралы есеп жүргізіп отыруы тиіс.
Арнайы көрмелер мен кездесулерге қатысу. Турөнімді жылжытудың негізгі құралының бірі болып, халықаралъқ көрмелер мен кездесулерге қатысу болып табылады. Олар турөнімге ғана емес және турфирмаға назар аударуға мүмкіндік береді. Маркетингтік бөлімнің мұндағы қызметі болып жатқан, болашақта болатын кәсіби көрмелер туралы ақпарат жинау болып табылады. Осыған байланысты екі стратегиялық бағыт орнатылады - біреуі әлуетті агенттерді бірге жұмыс істеуге тарту («риsһ») және екіншісі тұтынушыларға бағытталған («рull»). Кәсіби көрермендер көрменің үшін бірінші күн арналады.
Көрмеге турфирманың өнімін көрсететін жарнамалық материал дайындалады. Көрмеге дайындалу кезінде шетел тілдерінде визиттік карточкаларды қажетті көлемде дайындайы қажет. Ең негізгісі жарнамалық стендті жасауы қажет.
Туристік көрмелерге қатысудың екі мақсаты бар: 1) партнерлік байланыстарды және агенттік торапты кеңейту; 2) өзінің өнімдеріне түпкілікті тұтынушыларды тарту.
Презентацияларды ұйымдастыру. Стендте жұмыс істеу үшін турфирма ең көзге түсімді, әрі пысық қызметкерлерін қояды. Олар шетел тілдерін білуі қажет. Стенд - турфирманың қызметі жайлы толық мәлімет беретін витрина.
Туроператорлармен жұмыс істеуге агенттерді тартудың тағы бір құралы презентацияларды ұйымдастыру. Презентация кәсіби көрме жұмыс істеп жатқан күндері, аумақтардағы жаңа филиалдардың ашылуына байланысты немесе туристік мерзімнің ашылуымен байланысты ұйымдастырылады. Презентацияны ұйымдастырумен маркетинг бөлімі айналысады. Презентация салтанатты түрде мейрамханаларда, клубтарда жүргізіледі.
Ұйымдарға демеушілік көмек көрсету. Ұйымдарға демеушілік көмек, Турфирмалар әртүрлі қоғамдық шараларда демеуші ролін атқаруы болады. Маркетинг бөлім елде, қалада қандай шаралар өтіп жатқандығын іздестіріп, ол жерлерге қатысу туралы шешім қабылдайды. Негізі қоғамдық өмірде мағызы бар және БАҚ - да үлкен резонанс алатын оқиғаларға демушілік жасайды.
Оперативті маркетинг. Турфирманың маркетингтік бөлімі агенттік торап арқылы және Интернет жүйесі арқылы жүргізілетін барлық сатулардың мониторингін жүргізеді. Сатулардың жүргізілуінің бағытын бақылау мақсатында есеп беру бланктары жасалады.
Жарнамалық қызмет. Турфирманың жарнамалық қызметін жүргізудің негізгі бағыттары болып жарнамалық стратегияны және медиажоспар жасау, медиажоспардың орындалуын бақылау, БАҚ - да жарнаманы ұйымдастыру, каталогтар жасау, пресс - конференцияларды жүргізу және т.б. жарнамалық әрекеттер [25].
«Кадрлық әлеуетті дамыту».
Міндетті іске асыру жөніндегі шаралар:
14 мамандық бойынша туристік сала үшін кадрларды даярлау оларды жоғары оқу орындарында және техникалық және кәсіби білім 77 оқу орнында даярлау есебінен қанағаттандырылатын болады;
«WTO-TedQual» туристік білім беру сапасын сертификаттау бойынша мемлекеттік ЖОО аудитін жүргізу;
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі таңға дейін туризм саласы мемлекетттік экономикада қаржылай нақты қамтамасыздандырылмаған. Осы себептермен туризм саласын дамыту кейінге қалдырылып отыр. Сонымен қатар, он жыл шамасында халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, бұрыңғы Кеңес Үкіметінің оңды байланыстарының үзілуі, оның ішінде біркелкі туристік кеңістіктің бұзылуы Қазақстанның, соның ішінде Алматы қаласының туризмінің негізін кеміткен.
Сонымен бірге мемлекеттік деңгейінде туризм дамуының маңыздылығы есептелген. Осыған байланысты Қазақстанда бірнеше шаралар қолданылған еді.
туризмнің заңи негізін құра бастауы;
Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелге, шетел
туристерінің Қазақстанға сапар шегу рәсімдері жеңілдетілген;
жеке кәсіпкерлікті дамыту мен туризм саласына қосқанда инвестицияны
тарту үшін белгілі жағдайлар жасалған;
туристік саланы басқаратын мемлекеттік және жергілікті органдар
құрылған.
Осылайша, мемлекет тарапынан туризм саласына жеткіліксіз көңіл бөліп, ең алдымен, туризм өнеркәсібіне экономикалық және заңи жағдайларының жасалмауы, туристік саланы дамытқысы келмеуінен емес тарихи, экономикалық және т.б. объективті себептермен түсіндіріледі. Ақырғы кезеңдегі экономикалық және саяси тұрақтылық бұрын шешілмеген мәселелерге қайта оралуға жағдай жасады. Ең алдымен, қолға алынатын мәселелер:
алматы қаласының туризмінің толық және біртіндеп дамуы, оның
туристік қызмет көрсетудің халықаралық нарығына интеграциясы;
өзгерген экономикалық жағдайлардағы туризм саласына сай заңи және
нормативті-құқықтық негізді жетілдіруді жылдамдату;
қаланың қонақ үй және туристік кешенінің барлық деңгейіне кадрларды
дайындау жүйесін құру;
жоғарғы сапалы және бәсекеге тұрарлық туристік кешенді басқару
құрылымдары мен механизмдерін құру;
тез өзгеріп отырған жағдайда туристік саланы дамытудағы нағыз
басымдылықтарды анықтау, тиісінше елде туристік кластерді қалыптастыру.
Туризмнің валюталық кірістердің көзі, халықаралық байланыстарды нығайту, халықты жұмыспен қамту құралы ретіндегі рөлі күннен күнге артуда.
Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың 6 %, дүниежүзілік инвестицияның 7 %, әрбір 16 жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының 11 % және барлық салық түсімдерінің 5 % туризм саласы қамтиды. Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігінің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімділікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.
Берілген курстық жұмыста біз туризмнің әлеуметтік – экономикалық негізі, Қазақстандағы туристік қызметтер нарығында қалыптасқан қазіргі жағдайын, туристік маркетингтің ерекшеліктері сияқты сұрақтарды қарастырып, ЖШС «Elis-travel» туристік агенттігінің экономикалық қызметіне талдау жүргізіп, мысалында туристік қызметте маркетингті қолдану тиімділігін және турфирманың туристік қызметтерін жылжыту сияқты мәселелерді ашып көрсеттік.
ЖШС «Elis-travel» турагенттігі туристік қызметтердің кең көлемдегі спектрін ұсынады: шетел туристерін қабылдап, шоп–туристерді шетелге жібереді, сондай-ақ белсенді туризммен айналысады.
Турагенттіктің стратегиялық мақсаты – бір жағынан, шетелдік туристерді қабылдау болса, екінші жағынан, отандық азаматтардың демалуына жағдай жасап, тұтынушылар қажеттіліктерін зерттеп, өзгерулерге байланысты туристік маршруттарды қалыптастыру болып табылады.
ЖШС «Elis-travel» турагенттігі өз қызметінде маркетингтің жеке элементтерін, яғни жарнама мен өткізуді ынталандырудың жеке құралдарын қолданады.
Әлемдік туристік ұйымның анықтағаны бойынша, туризм тек экономикалық ғана емес, әлеуметтік, мәдени, экологиялық және саяси құбылыс болып табылады. Осыған орай, туристік маркетингті жоғарыда айтылған факторларды ескере отырып қолдану керек. Сонда ғана ол туристік фирамалар мен туристердің қажеттіліктерінің кең көлемде ескерілуіне септігін тигізеді.
Туризм саласындағы жаңа экономикалық және шаруашылық жүргізу механизмі, әлеуметтік – экономикалық кешенді басқарудың әртүрлі формалары сәйкес механизмінің, яғни маркетингке деген қажеттіліктің туындауына әкелді.
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын тұрақтандырудың бірден бір бағыты ретіндегі туризм дамуының перспективасы, аймақтар экономикасының динамикалық дамуы, валюталық түсімдердің жоғарылауы және т.б. маркетингті микро- және макро деңгейде қолданудың жаңа бағыттарын қалыптастыруды талап етеді.
Туристік қызметтер нарығына жүргізілген талдау көрсеткендей, туристік қызметтер нарығының әрі қарайғы дамуы мен бәсекеқабілетті туристік өнім өндіруі үшін әртүрлі бағыттарды қолдану қажет. Осындай бағыттардың бірі – туристік агенттіктер мен турфирмалар қызметінде маркетингті қолдану болып табылады.
Туристік фирманың маркетингті қолдануы оның нарықта жетістікке жетуіне, өз қызметінде жоғарғы тиімділікке және бәсекеқабілеттілікке жетуіне септігін тигізеді.
Маркетингтің мақсаты – фирма ұсынатын қызметтерге нақты және жасырын сұранысты анықтап, фирманың бар ынтасын осы қызметтерді өндіру, қайта бөлу, өткізу және жылжытуға бағыттау. Яғни, туристік маркетинг турфирманың туристік өнімдері мен қызметін өткізу нарығын кеңейту мақсатында турфирма әкімшілігімен жүзеге асырылатын функциялардың жиынтығы болып табылады.
Ең алдымен, туристік фирма өз қызметінде маркетинг концепциясына сүйенуі керек. Қызметкерлер құрамында маркетолог маманның болуы маркетингтік шараларды жоспарлап, оларды нақты тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Туристік фирма өз қызметінде баға бойынша жылжытудың маркетингтік стратегиясын қолдануы керек, яғни бағаны уәделеу – турфирма сатылған турлар басқа жерде және төмен бағамен сатып алуының мүмкіндігімен келіседі; саудалық привилегия – егер тұтынушылар шығынға ұшыраған туроператордан турды сатып алған болса, ақшаны қайтарып беру кепілі, демалудың жекелей түрлеріне деген тұтынушылар қажеттіліктерін ескеру, іскерлік сапарларға шақыру.
Курстық жұмыста жүргізілген талдаулар туристік агенттік қызметіндегі біршама осал жерлерді табуға мүмкіндік тудырды, яғни бөлшек саудадағы, тур бағдарламасындағы жағымдылық, тартымдылық деңгейінің төменділігі, салыстырмалы жоғары баға сияқты осал жерлерді табуға мүмкіндік тудырды.
Туристік қызметтегі жарнаманың рөлі анықталып, өткізуді ынталандырудың тиімді құралдары ұсынылған.
ЖШС «Elis-travel» турагенттігінің қызметінің экономикалық көрсеткіштері талданып, талдау негізінде туристік агенттіктің тиімділігін арттыру жолдары және жолдамаларды өткізудің құрылымын өзгерту керектігі анықталды.
Жалпы, ЖШС «Elis-travel» турагенттігінің қызметінде осал жерлер бар болғанымен, маркетингті қолдану арқылы экономикалық көрсеткіштерді тұрақтандырып, негізгі басымдылықтарды анықтап, қызметін жүйелендіріп, белсенділікті жоғарлатуға және бәсекелестер алдында артықшылықтарға жетуге мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Есімжанова С.Р. Маркетинг. Оқулық. Алматы, Эко-баспасы, 2005.
2 Александрова А.Ю. Международный туризм: Учебное пособие. - М.: Аспект Пресс, 2001.
3 Алексеев А., Горностаев И. А денежки звенят в чужом кармане // ТТО. – 2001
4 Байгат С.А. Основы менеджмента. М., 1997.
5 Балабанов И. Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учебное пособие. - М.: Финансы и статистика, 2000.
6 Беляцкий Н.П. Техника работы менеджера: Учебное пособие. Мн., 1998.
7 Биржаков М.Б. Введение в туризм. - СПб.:Издательский Торговый дом «Герда», 2000.
8 Буторова Н.В. Менеджмент и маркетинг иностранного туризма: обслуживание иностранных туристов в России.Учебное пособие. - М.: Советский спорт, 1999.
9 Вихачский О.С., НаумовА.И. Менеджмент:Учебник. - 3-еизд. - М.: Гардарика, 1999.
10 Волошин Н.И., Исаева Н.В., Ильина Е.Н., Гаранин Н.И., Анискин Ю.П. Менеджмент туризма: Туризм как объект управления: Учебник.- М.: Финансы и статистика, 2002.
11 А.П. Дурович., А.С. Копанев Маркетинг в туризме: Учебное пособие Минск «Экономпресс» 1998г.
12 Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2000.
13 Ильина Е.Н. Менеджмент транспортных услуг: Учебник. - М.: РМАТ, 1997.
14 Измайлова Н. Еще раз о человеческом факторе // Отель. - 200І.
15 Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Мн., 1998.
16 Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма: Учебное пособие. – Мн.: БГЭУ, 1999.
17 Квартальнов В.А. Туризм: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2000.
18 Ладанов И.Д. Практический менеджмент. М., 1995.
19 Менеджмент в сфере услуг: Учебник для ВУЗов / Под редакцией В.Ф. Уколова. М.: Луч, 1995.
20 Маркова В.Д. Маркетинг услуг. - М.: Финансы и статистика, 1996.
Международное гостиничное хозяйство (по материалам зарубежных публикаций) / Сост. Д.К. Исмаев. - М.: ТОО «Луч», 1998.
21 Мескол М.Х. и др. Основы менеджмента: Пер. с англ. / М.Х. Месхон, М.
22 Моисеева Н.К. Стратегическое управление туристской фирмой. - М.: Финансы и статистика, 2000.
23 Жарнама туризмдегі www.turne.kz/travelagency/detail.php.agency=598
24 Туристік бағыт http://www.semstar.com/almaty/330.html
25 Цыпкин Ю.А., Люкшинов А.Н., Эрмашвили Н.Д. Менеджмент: Учебное пособие для ВУЗов – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.
