- •1 Маркетингтік зерттеу туризм кәсіпорынының нарықтық мүмкіндіктерін анықтау негізі ретінде
- •Маркетингтік зерттеулер мәні, мазмұны және міндеттері
- •1.2 Туризм кәсіпорынында маркетингтік ортаны зерттеу
- •1.3 Туристік нарықты маркетингтік зерттеу
- •2.1 Туристік қызметте маркетинг кешенін қолдану
- •2.2 «Elis-travel» жшс-ның бәсекелестік ортасы
- •2.3 «Elis-travel» жшс-ның туристік қызметтерін жылжыту стратегиясын қалыптастыру
- •3 Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдіру жолдары
- •3.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
- •3.2 Туризм саласындағы кәсіпорындардың маркетинг қызметін жетілдіру жолдары
-
2.2 «Elis-travel» жшс-ның бәсекелестік ортасы
ЖШС «Elis-Travel» туристік фирмасы Қазақстан туризм нарығына 1998 жылдан бері өз үлесін қосуда. Туристік мекеме өзінің негізгі қызметінің сипаттамасы және мазмұны бойынша туристік қызметті тұтынушылармен (туристер) орындайтындар (қонақ үй, көлік, тамақтандыру орындары) арасындағы делдал болып табылады.
Туристік мекеме кешенді турларды, жеке туристік қызметтерді құру және сатумен, жол жүру құжаттарын сатумен, туристерді сақтандырумен, жол көрсеткіштерімен ескерткіштері сатумен айналысады. Туристік мекемелерді құру және олардың қызметі әр елдің заңымен реттеліп отырады. ЖШС «Nuka-Travel» туристік мекеме қызмет көрсету түрі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) болып табылады. Бұл мекеме 2007 жылы құрылып, Қазақстанның туристік нарығына енді.
ЖШС «Elis-Travel» туристік мекеменің туристік қызмет көрсету үшін мемлекеттік лицензиясы (ЖШС № 012 01.02.1998ж.), Қазақстандық Туристік Ассоциациясының (КТА) мүшесі екендігі туралы 2007 жылы 21 тамызда берілген куәлігі, ЮСАИД-тың стратегиялық даму жоспарын орындағаны үшін сертификатқа ие болған.
ЖШС «Elis-Travel» туристік мекемесінің негізгі қызмет көрсету бағыттары: демалыс күндер турлар; атпен серуендеу; рафтинг; треккинг; шет елдерде білім алу; V.I.P клиенттерге арналған турларды сату; емдік турларды сату.
Турлары: таңғажайып оқиғаға толы турлар: экологиялық; этнографиялық; табиғи; тапсырыс бойынша: вертолетпен саяхат; спорттық, балық аулау; тимбилдингті ұйымдастыру.
ЖШС «Elis-Travel» туристік мекемесі құрылған кезден бастап алдағы өзіннің нақты бағдарламасын дайындайды. Өзінің әр қадамын мұқият бағалай отырып, ол табыстарға қол жеткізді.
Туристік нарықта болған уақыт аралығында ЖШС «Elis-Travel» туристік фирмасы басқа фирмалар арасында өзінің қызметкерлерінің нақты жоспарланған жұмысы, әсіресе маркетинг бөлімінің алдағы қатарларға шықты.
Мекемеде квалификацияланған кадр жұмыс істейді - әр қызметкердің туризм саласында жоғары білімі немесе турбизнесте тәжірибесі бар [22,29].
Фирманың басшылығы маркетинг бөлімінің жұмысына үлкен көңіл бөледі. Бұл бөлімнің зерттеулері нақты сатып алушыларды табуға, клиентердің барлық сұраныстарын ескере отырып турларды дайындауға, негізгі бағдарламалардан тұтынушыларды дайындауға, негізгі бағдарлама жасауға ықпал жасайды.
Әлемдегі тіл дамыту орталықтарымен ұзақ уақыт қарым-қатынасының арқасында ЖШС «Elis-Travel» компаниясы өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді.
Мекемеде жарнамаға үлкен көңіл бөлінеді: жарнамалық каталогтар, тарифтік буклеттер жасалады, көпшілік газеттерге, интернетке жарнама беріледі.
Кәсіпорынның тауарлық және баға саясаты. Туристік өнім – бұл туристік экскурсиялық кәсіпорындардың туристерге ұсынатын кешенді қызмет.
Негізгі қызметтерге мыналар жатады: орналастыру; тамақтандыру; көлік қызметтер, көлікпен бірге (туристерді әуежайдан қонақ үйге жеткізу және қонақ үйден әуежайға жеткізу жатады); экскурсиялық қызметтер, оған аудармашы – гидтің қызметі кіреді.
ЖШС «Elis-Travel» компаниясы туризмнің көптеген түрлерімен айналысады, соның ішінде Қазақстандық оқушылар мен студенттердің АҚШ, Канада, Франция, Германия, Қытай сияқты елдердің мемлекеттік мектептерінде оқуға мүмкіншіліктерін туғызады.
ЖШС «Elis-Travel» туристік мекемесінің шетелдік ұйымдардан, агенстволардан, тіл дамыту мектептерінен, тіл акамедияларынан көптеген сертификаттары, алғыс хаттары бар. Мысалы, Францияда оқу бағдарламасына кіретіндер: Францияның мемлекеттік мектебінде оқу, Француздықтар отбасында тұру; тамақтандыру: толық пансионды, трансфер кіреді, яғни әуежайда қарсы алу және шығарып салу, оқудың бүкіл кезеңінде координатордың көмегі, мәдени іс шараларды ұйымдастыру.
Академиялық жылды біткеннен кейін сертификат беріледі. Компанияда авиабилеттерге телефон арқылы және электронды түрде тапсырыс беруді қамтамыз етеді, сапардың ең тиімді маршруттын ұсынады, баға, бос орын, ұшу кестесі, маусымдық шегерім туралы тегін ақпарат береді. Сонымен қатар компания өзіннің клиенттерін танымал маршрутармен және курорттармен таныстырады. Әр клиенттерге жеке, кәсіби ұқыпты қарайды.
ЖШС «Elis-Travel» туристік мекемесінің басқа туристік фирмалармен, тасымалдаушылар, қонақ үйлермен және басқа туристік қызмет көрсету топтармен ел ішінде сонымен қатар туристік ағын бағытталған шетелдерде үлкен қарым-қатынас байланыстары жеке туристер үшін туристік қызметті брондау автоматтандырылған «Амадеус» жүйесі арқылы жүргізіледі. Қазақстан Туристік ассоциациясының (КТА-ның) мүшесі бола отырып мекеме ірі шетелдік әуе компаниялардың рейстарына әуебилеттерді брондауды және сатуды іске асырады.
ЖШС «Elis-Travel» туристік фирмасының қызмет көрсетудің негізгі артықшылықтары: сапарды кешенді ұйымдастыру, клиенттің бюджетін есепке ала отырып сапардың тиімді маршрутын таңдау, тапсырысты қабылдау және аз уақыта айқындау, қызметті әр түрде төлеу мүмкіндігі бар, Алматыда және Қазақстанда орналастыруға арнайы тарифтер [15,20].
Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығаруға болады, компанияда көрсетілетін қызметтін кең ассортименті бар, ол сұраныстың өзгеруі, тұтынушылардың таңдауы өзгеру жағдайында алдағы уақытта өзгерте алады. Компания әрқашанда кәсіптің табысыты дамуына бағытталған жаңа түрлерін жасау арқылы жетуді көздейді.
Тұтынушы бағаны қол жетерлік жағынан, сонымен қатар алынатын қызметтің және сұраныстың қанағаттануының саны және сапасы жағынан қарайды. Соған орай ұйымдардағы қолданатын бағаларды түрлері бойынша топтастыра келе бүгінгі күнгі туристік нарықтағы келесідей тенденцияларды анық көруге болады:
мемлекеттік реттеуге байланысты бағалар еркін болып табылады;
жұмыс істеу уақытына байланысты тұрақты және уақытша бағалар қолданылады;
жаңа қызметтің деңгейіне байланысты нарыққа кіру бағасы және психологиялық баға қолданылады;
қызметті сату уақытына байланысты ұзақ уақытты, жұмсақ, келісімді баға қолданылады.
Компанияда шегерімдер кең таралған. ЖШС «Elis-Travel» шегерімнің жабық, маусымдық прогрессивті, арнайы түрлерін, сонымен қатар бір туристік мекеменің келесіде берілетін комиссиондықтары қолданылады.
Жабық шегерімдер – сатып алушыға қосымша тегін қызмет көрсету түрінде немесе тегін тауар ретінде беріледі.
Маусымдық шегерімдер – сатып алушыға белсенді емес маусымда қызмет сатып алғаны үшін беріледі.
Прогресивті шегерімдер - сатып алушыға сатып алынған қызметтердің санымен көлемі үшін беріледі.
Арнайы шегерімдер – қызметтермен көп қызықтанған сатып алушыларға және тұрақты клиенттерге беріледі.
Тауарды өткізу жүйесі – маркетингтің негізгі саласы және мекеменің тауарды жасау, өндіру және тұтынушыға жеткізу бойынша бүкіл кешенді қызметінің нәтежесі.
Бірақта тауарды өткізуді маркетингтің құрамдас бөлігі ретінде қарау керек, өнімді таратудан бұрын тауардың дұрыс сапасын, тиімді баға бойынша және тауарды жетілдіруге жұмыс орындалғаның тексеру керек.
Экономикадағы өткізу жүйесінің рөлін анықтайтын бірнеше себеп бар. Солардың бірі- керектік әрине ерекше мамандырылған өндірістік жолды сату туралы әңгіме болғанда, онда сатушымен сатып алушы арнайы өткізу жүйесісіз-ақ жақсы жүре береді. Бірақ әлем қазір көпшілік тауар заманында өмір сүреді, сондықтан оларды фирмадан немесе зауаттан сатып алу ыңғайлы емес.
Екінші себеп – бұл тұтынушының ақшасы үшін күрес. Молшылық жағдайындағы өмір бүкіл әлемдегі жүздеген милион тұтынушыларды тауарды ыңғайлы сатып алу – жақсы өмір сүрудің бөлінбес бөлігі деген сенімге әкеледі. Ал бұл сатып алушы тауар тобымен жақсы танусуды; тауарды сатып алуға аз уақыт; сатып алуға дейін, сатып алу кезінде және сатып алудан кейін де жоғары ыңғайлықты талап ететінің білдіреді.
Егер мекеме осыларды істей алса, онда ол сатып алушыларды өзіне қаратты және нарықтың күресте артықшылыққа қол жеткізді. Келесі себеп – бұл өндірістік процесті рационализациялау. Өткізу жүйесі бұл ролі туралы өткен ғасырдың экономистері жазған болатын.
Бұл жерде әңгіме өндірістің соңғы операциялары көп жағдайда жасаумен емес, тауарды сатуға дайындаумен байланысты екені туралы. Бұл операциялардың барлығы сатуға дейігі мақсатты процесте іске асырады; олардың дер кезінде сапалы және ралдционалды орындауына тауарды өткізу тәуелді. Сәйкесінше маркетинг жүйесі белгілі деңгейде өзіне кейбір құрамдас технологияларды кіргізеді.
Яғни тауарды сатып алушы жақын орналасқан сайын қызметіне тауарды жасау, дайындау және сату үлкен мағына артады. Сатып алушылардың өмірдегі және жұмыстағы қиыншылықтарымен жақсы жақтарын зерттеу. Кім және қайда бұны ең тиімді жасай алады? Әлемдік тәжірибенің қортындысы бойынша осынын бәрі мекеме сатып алушымен қарым-қатынасқа түсетін, яғни өткізу жүйесінде жасауға болады. Бұл жұмысты осы жүйедегі персоналдар жасау керек.
Осындай тәсілмен шаруашылықтың қазіргі механизмін «сатушы нарығынан» (өндіруші) «сатып алушы нарығына» (тұтынушы) ауысымына өтуді білдіреді. Яғни кәсіпорын қызметінің тұжырымдамасы «не сатылса, соны сатудан» «сатып алынатынды өндіруге» өзгеретін болады. Нарыққа өткізудің тәсілдері мен каналдарын таңдау қызметтің сипатына тәуелді. Бұл сұраққа жауап көбінесе проектің ұжымдық құрылымын орналасуын анықтайды. Осы көзқарас бойынша топтауда бірнеше бизнес – моделдер айқындалады:
Іс-тәжірбиеде ЖШС «Elis-Travel» туристік мекемесі бір ғана бағыттағы қол жетерлік бағаларды белгілеген. Осының негізінде бұл тур фирманың өзіндік клиенттері қалыптасқан.
Сондай ақ бұл фирманың жұмысының жоғарғы сапада болуның негізі мұндағы жұмыс жасаушы қызметкелерге тікелей байланысты. Фирма бас директоры Бағдат Нурмухамбетқызының айтуына қарағанда негізгі жетістік солардың арқасында дейді. Басқарудың мәнін жақсы түсінген ол ылғи да Қызмет етуші мамандардың Қызмет сапасын жоғарылату үшін үнемі Тренингтер жүргізетіндігіне тәжербиеден өту барысында байқалды.
ЖШС «Elis-Travel» өзінің басқару объектісін, басқару мақсаттарын, басқару принцптері мен әдістерін анықтаудыа және де мәселелерді зерттеуде маңызды іс атқарады.
Еңбек процесін жекелеген қызметкелер арасында бөлу мен бұл тұлғалардың арасында тікелей қатынас болуы еңбек концепциясымен бітісе байланысқандығы көрінеді.
Басқару жекелеген адамдардың іс қимылдарын үйлестіруде аса талғампаздық пен шыдамдылықты қажет етеді.
Кәсіпорынның бәсекелес ортасын талдау. Ұйымның бәсеке қабілеттілігі дегеніміз – оның салынған капиталды аз уақыт кезеңін қойылған мақсаттан төмен емес табысты әкелу қабілеттілігі немесе табыстылықты аз уақыт кезеңінде сәйкес кәсіптік аясындағы орташа статистикалық табыспен салыстырғанда жоғарлату. Жалпы түрде бәсеке қабілеттілік – бұл ұйымның аз уақыт кезеңінде жұмыс істеуі.
Келесі маңызды ұғым – ұйымның бәсекелестік потенциалы, бұл оның ұзақ кезеңінде бәсеке қабілетін жоғарлату немесе сақтауының потенциалды мүмкіндігі.
Ұйымның бәсекелік потенциалын (бар бәсеке қабілеттілігін болашақта сақтау мүмкіндігі) әртүрлі бағалауға болады. Бәсекелік потенциалды көтеретін факторлар ретінде келесілерді көрсетуге болады:
жоғары нарықтық үлес;
нарықтық үлестің жағымды динамикасы;
ұқыпты жасалған және іске асырылған стратегиялар;
оның өнімнің тұтынушылар арасындағы фирманың жоғары рейтингі;
престиждің жағымды динамикасы;
компанияның тиімді позициаланған стратегиялық топқа жатуы;
қажетті қаржылық ресурстардың болуы;
таурдың кең номенклатурасы;
бағалық артықшылықтар;
рентабельдік, технологиялық деңгей инновациялық потенциал,
қызметтердің жоғарғы кәсіби деңгейі.
Нарықта фирманың барлық маркетингтік табыстары бәсекелестердің осал жерлеріне өзінің мықты жақтарын жетілдіру тұжырымдамасына негізделеді.
Нарықтағы тікелей бәсекелестер – бұл өткен кездегі және қазіргі күнде де наықта бірге әрекет етуші, ұқсас қызметтерді өндіруші кәсіпорындар.
Бәсеке қабілеттілігі және бәсекелік потенциалды бағалау процедураларсы соңғы ақпараттың құрамына және таңдалған есептесудің әдісіне тәуелді [18].
ЖШС «Elis-Travel» туристік компаниясының бәсекелестеріне келсек, оны 3 - кестеден көре аламыз.
Кесте 3
ЖШС «Elis-Travel» туристік компаниясының бәсекелестері [автордан]
р/с |
Компания атауы |
Бәсекелестік артықшылығы |
1. |
Каз Тур |
Нарықта кең танымал,тәжірибесі мол, үлкен кәсіпорындардың бірі |
2. |
Максим-Тур |
Қызмет ассортименті көп |
3. |
Elis travel |
Шет елдік компаниялармен тікелей жұмыс істеуі |
4. |
Tez Tour |
Нарықтағы үлесі жоғары |
5. |
CATTOUR |
Сенімді нарықтық позициясы бар |
6. |
Asia Tourism
|
Туристік нарықта жақсы танымал, тәжірибесі мол |
Барлық бәсекелестер арасындағы нарықты бөлу, олардың пайыздық үлесі
3-суретте көрсетілген. Бұл жерде көріп отканымыздай Гульнар Тур ең көп пайызды құрайды; негізінен осы туристік кәсіпорын ірі кәсіпорындардың біріне жатады.көріп отканымыздай біздің туристік кәсіпорын ең аз үлесті алып отыр.
Cурет 3. Ішкі туризм нарығындағы ірі компаниялардың үлес салмағы [автордан]
Бәсекелік бәсекені төмендететін факторларға мыналарды жатқызуға болады: төмен нарықтық үлес, нарықтық үлестің кері динамикасы, жалғасатын стратегияның жоқ болуы, жоғарғы емес имидж, компанияның тиімді емес позизиялық стратегиялық топқа жатуы, қызметтердің сапасының төмендігі.
Бәсекелестерді талдау мен басты бәсекелестерге қатысты нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыру осы нарық сегментіндегі нақты маңызды өсуге қарағанда көп пайда әкеледі. Бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын біле отырып, олардың потенциалын, мақсатын, осы күнгі және болашақтағы стратегиясын бағалауға болады. Бұл стратегиялық түрде бәсекелестің қай жерде әлсіз екенін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, кәсіпорын өзінің жеке артықшылықтарын бәсекелестік күресте кеңейте алады. Потенциалды талдау ұжымның қызметінің барлық саласын қамтиды: менеджмент; маркетинг; өндіріс технологиясын; персонал; қаржылар; ұжымдық мәдениет.
Кесте 4
ЖШС «Elis-Travel» туристік компаниясының SWOT-талдауы [автордан]
Күшті жақтары: - Қажеттілік қаржылық ресурстардың болуы; - Бәсекелес күресті кәсіби жүргізе алуы; - Өндірістік және маркетинг масштабтарын толық пайдалану және үйрену; - Өзіндік технологиялардың бар болуы; - Төменгі шығындар; - Сенімді және кәсіби менеджмент; - Тиімді өндірістік қуаттар; |
Әлсіз жақтары: - Ескірген өндірістік қуаттар; - Төмен табыстылық; - Операцияларды басқарудағы кемшіліктердің болуы; - Тауарды жаңартудан артта қалу (мысалы, жаңа маршруттарды жасау); - Өткізудің төмен каналдары; - Бәсекелестерге қарағанда өзіндік құнның жоғары болуы. |
Мүмкіндіктері: - қызмет ассортиментін кеңейту; - жарнаманы жақсарту арқылы нарыққа кең танымал болу; - қызмет сапасын жақсарту; - белсенді туризмді дамыту; - ішкі турларды жетілдіру; - сыртқы турлардың бағытын кеңейту және т.б. |
Қауіптері:
|
Талдаудың мақсаты ұжымның қызметіне әсер ететін және оның жағдайын анықтайтын факторларды зерттеуден тұрады. Кәсіпорынның бәсекелестігі артықшылықтарын анықтай отырып, оның мықты және осал жақтарын табуға болады. Ұйымның бәсекелік артықшылықтрын қамтамасыз ететін факторлардың екі тобын бөлуге болады – бұл ресурстардағы артықшылық (жоғары сапа, төмен бағалар және тағы басқалар) және білімділік, шеберлік (ұйымның барлық тиімді орындалған қызмет түрлерімен, оның барлық қызметтерінің жұмысымен байланысты) [13,18].
ЖШС «Elis-Travel» турфирмасының ресурстарда және жақсы шеберлігінің артықшылықтары тұтынушыларға тауарлармен қызметтердің бәсекелестерге қарағанда кең ассортиментті, жоғары сапаны, ұсыну арқылы артықшылықтарға қол жеткізеді. Қол жеткен артықшылықтар нарыққа мықты орын алу мүмкіндігін береді, ал өз кезегінде ұйымның мықты жақтарын дамытып және осал жақтарын жоюға әсер етеді.
