- •1 Маркетингтік зерттеу туризм кәсіпорынының нарықтық мүмкіндіктерін анықтау негізі ретінде
- •Маркетингтік зерттеулер мәні, мазмұны және міндеттері
- •1.2 Туризм кәсіпорынында маркетингтік ортаны зерттеу
- •1.3 Туристік нарықты маркетингтік зерттеу
- •2.1 Туристік қызметте маркетинг кешенін қолдану
- •2.2 «Elis-travel» жшс-ның бәсекелестік ортасы
- •2.3 «Elis-travel» жшс-ның туристік қызметтерін жылжыту стратегиясын қалыптастыру
- •3 Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдіру жолдары
- •3.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
- •3.2 Туризм саласындағы кәсіпорындардың маркетинг қызметін жетілдіру жолдары
2.3 «Elis-travel» жшс-ның туристік қызметтерін жылжыту стратегиясын қалыптастыру
ЖШС «Elis-travel» турагенттігінің басқаруы турагенттік өз қызметінде әрдайым маркетингтің жеке элементтеріне сүйенеді, ал оны қызмет барысында ары қарай жетілдіру керек деп ойлаймыз. Бәсекелестік күрестің күннен күнге күшеюі жағдайында ЖШС «Elis-travel» турагенттігі қызметкерлері жаңа экономикалық жағдайда негізгі қазметке маркетинг құралдарын ендірмей, жұмыс істеу мүмкін емес екендігіне сенімді.
Ең алғашында турфирманың маркетингтік қызметі тек жарнамалық іс - әрекетпен ғана шектелген және жарнама тиімділігі анықталып, талданбаған. Жарнамалық қызмет кездейсоқ жасалып, туристік саланың ерекшеліктері ескерілмеген.
Кейіннен турагенттік қызметкерлері өз қызметінде туристік маркетинг элементтерін қолдану қажеттілігін түсінген. Турагенттікте маркетингтік бағдарлама құрастырылмаса да, стратегиялық жоспарды қолдана бастады. Онда негізгі календарлы іс – шаралар тіркелген (көрмеге қатысу, жарнамалық компаниялар кезеңдері). Мазмұны бойынша стратегиялық жоспарлар маркетингтік жоспарға ұқсас болады, бірақ жалпы сипатқа ие болған. Турагенттік өткізуді ынталандырудың жалпы құралдарын ғана қолданып, маркетинг бюджетін жоспарлау, тұтынушылардың мінез – құлқын анықтау және саяхат түрін таңдаудағы тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау сияқты іс – шараларды жүргізбеген.
Туристік агенттік өз қызметінде келесідей туристік маршруттарды қолданады: «Қазақстан мен Қырғызстандағы Ұлы Жібек жолы бойымен»; «Алатаудың таулы көлдері» атты туры; «Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы бөлігімен» автобустық туры. Барлық маршруттар Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігі бойымен өтеді және туристердің сұрауы бойынша Орта Азия аймағымен де үлеседі.
Шетелдік туристерге Алматы облысындағы Көлсай көлдеріне, Шарын шатқалына саяхат, Ыстық көлге жаяу саяхат, Ежелгі Отырарға, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Түркістандағы Арыстан Баба кесенесіне экскурсиялар ұйымдастырылады.
Өткізілген туристік қызметтер көлемі маусымдық сипатқа ие және әртүрлі факторларға тәуелді. Сондықтан, туристік саяхаттың өмірлік циклы синусоидтық қисық түрінде болады. Өткізілген туристік өнім көлемін талдау кезінде жеке айлар көрсеткіштерінің орташа жылдық көрсеткіштерден ауытқу заңдылықтарын ескеру керек.
ЖШС «Elis-travel» турагенттігі жағымды имиджге ие болып, қызметтің жоғарғы деңгейіне жетіп, қызықты да әртүрлі маршруттарды ұсынып, шоп -
турлар, эксклюзивті турларды (этнографиялық, орнитологиялық) ұсынады. Турфирмадағы қызмет бағасы маңызды критерий болып табылады, өйткені бағаға рентабельділік пен турфирманың шығындылығы тәуелді. Бағаны қалыптастыру ұсыныс пен сұраныс деңгейіне, айналыс шығындары деңгейіне және бәсекелес фирмалардың бағасына байланысты болады.
Ал турфирманың кемшіліктеріне турагенттіктің қызметтер ассортиментінде Қазақстандық азаматтар үшін ел ішіндегі сапарлар ұйымдастыру, яғни ішкі туризм ұйымдастырылмаған.
Туристік қызметтерді нарыққа жылжытудың тиімділігі өткізілетін баға саясатына және өткізуді ынталандыру құралдарын қолдануға байланысты болады.
Турфирмадағы қызмет бағасы маңызды критерий болып табылады, өйткені бағаға рентабельділік пен турфирманың шығындылығы тәуелді. Бағаны қалыптастыру ұсыныс пен сұраныс деңгейіне, айналыс шығындары деңгейіне және бәсекелес фирмалардың бағасына байланысты болады.
Туристік қызметтерге баға орнатудың ерекшеліктері:
туристік өнім бағасы маусымға байланысты өте сирек ауытқиды;
шетелді туристерге туристік қызметтер бағасы АҚШ долларымен тағайындалады және отандық туристер үшін жоғары болып табылады;
туристік өнім бағасына бірнеше факторлар әсер етеді: көрсетілетін қызметтер деңгейі, қызмет көрсету формасы, саяхат мақсаты, туристік қызметтер нарығының конъюнктурасы және т.б.
ЖШС «Elis-travel» турагенттігі маусым кезінде ең үлкен пайда (үстеме) қосады, мысалы, БАӘ турларына өзіндік құнын 50 % пайда ретінде салады.
ЖШС «Elis-travel» турагенттігі өткізуді ынталандырудың тиімді құралын қолданады - тұтынушыларға турдан берілетін жеңілдіктер. Бұл турагенттіктің қызмет етуін, тұрақты табыстылығын және пайдасын жоғарлатуға бағытталған өркениетті әдіс. Жеңілдіктерді қолдану бұл – бір жағынан жарнамалық акция болып табылады. Бағадан берілетін бір реттік жеңілдіктерді қолдану механизмі қарапайым – тұтынушы турагенттік қызметін қайталанбалы қолданса, оны келесі сатып алуларға ынталандыру керек.
Баға бойынша өткізу әдістері:
бағаны уәделеу. Турфирма сатылған турлар басқа жерде және төмен бағамен сатып алуының мүмкіндігімен келіседі;
саудалық привилегия, яғни егер тұтынушылар шығынға ұшыраған туроператордан турды сатып алған болса, ақшаны қайтарып беру кепілі;
- формальді кепілді, демалудың ерекше түрлеріне деген тұтынушылар қажеттіліктерін ескеру;
іскерлік сапарларға шақыру. Турфирма бар ұсыныстарды қарастырып, сапарлардың неғұрлым үнемді түрлерін ұсынады.
Туризмде келесідей жеңілдіктер түрлері кең өріс алған: неғұрлым топтағы туристер саны көп болса, соғұрлым 1 туристке шаққандағы турдың құны аз болады. Сонымен қатар бонустық жеңілдіктер де жиі қолданады: тұрақты тұтынушылар анықталып, оларға бағадан жеңілдіктер беріледі.
ЖШС «Elis-travel» турагенттігінде туристік қызметтер мен сапарлар бағасынан жеңілдіктер жиі қолданылады, егер белгіленген мерзімде алдын – ала бронирленетін болса.
Турдың бағасы сондай – ақ туристердің жас құрамына байланысты, яғни кішкентай балалар мен оқушыларға бағадан жеңілдіктер көрсетіледі. Әдетте 7 жасқа дейінгі балаларға – 50 %, ал мектеп оқушыларына – 40 %.
Ірі турагенттіктер сонымен қатар дисконтты жеңілдіктер жүйесін қолданады. Біршама Қазақстандық турфирмалар бұл жүйені өз қызметіне ендірген. Тұтынушы дисконттық карточканы ұзақ мерзімді немесе көп ретті қызмет көрсету кезінде сатып алады.
Тұтынушыларға бағытталған жылжыту құралдары:
компьютер дисплейі, Интернет, плакаттар мен брошюралар;
сыйлықтар мен сувенирлер;
тегін ваучерлерді табыс ету;
басқа бизнес салаларымен бірігіп ортақ жылжыту кампанияларын ұйымдастыру;
компания (фирма) қызметкерлері үшін инсентив – саяхаттар, тауарлар мен қызметтерді сатып алуда жеңілдіктер көрсетілетін саяхаттар.
ЖШС «Elis-travel» турагенттігі жарнама қызметін жүргізуде өз резервін толық қолданбайды. Жарнаманың тиімділігін жоғарлату үшін ақпарат ағымының бағытталған халық бөлігін анықтап, ақшаны қайда салу керек екендігін анықтау керек – газет, журнал, радио, теледидар.
Жарнама агенттігінің рейтингісін анықтаған соң ғана оның қызметтерін пайдалануға болады. Жарнамалық акцияның ең тиімдісін таңдау керек. Туризмде жарнаманың шығу уақытын, маусымдық факторын және мерекелердің жақындығын ескеру өте маңызды болып табылады.
ЖШС «Elis-travel» турагенттігі өз қызметінде жарнаманың келесідей түрлерін қолданады: ақпарат құралдарындағы жарнама, басылынған жарнама, фирмалық каталогтар, проспектілер мен брошюралар, буклеттер.
ЖШС «Elis-travel» турагенттігі өз қызметін көрмелерде қатысу арқылы жандандыра түсті. Халықаралық деңгейде жай ғана жарнама емес, халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу қажет. Туризмде көрмелердің келесідей түрлерін бөліп көрсетеді:
ЖШС «Elis-travel» турагенттігінің шетелдік туристік агенттіктермен келісім жасасуы оларды жарнамалық материалдармен қамтумен үйлеседі. Бірақ шетелдік ақпарат құралдарында жарнама бағасы тым жоғары болғандықтан, бұл шара іске аспайды. Әрине болашақта бұл жайды қолға алу керек.
Қазақстандық туризмде маусымдық факторлардың рөлі зор. Шетелдік туристер жылы мезгілде демалуға құмар, сондықтан маусым аралық мерзімді белсенді маркетингтік қызметті жүзеге асыру үшін жұмсау керек. «Алия» турагенттігінде бұндай шаралар жүзеге асырылмайды; әдетте турдың жарнамасы өте кеш басталады. Ал Батыстағы турагенттіктер жазғы маршруттарды ақпан айынан бастап жармалайды. Егер жарнамалық кампанияны жүргізу графигін дұрыс жасаса, ЖШС «Elis-travel» турагенттігінің тұтынушылары көбейер еді.
Жарнама материалдарын құрастыруда да біршама кемшіліктер бар, оның мазмұны турситік объектінің ерекшелігін әрдайым ашып көрсетпейді. Материал жалпыланған және инфрақұрылым суреттелмеген (жолдар сапасы, медициналық қызмет көрсету, сақтандыру), ал бұл шетелдік туристер үшін маңызды болып табылады.
ЖШС «Elis-travel» турагенттігінде маркетинг бюджеті жоспарланбайды, ал маркетингке қалдықтық принцип бойынша қаржы бөлінеді, негізінен жарнамаға.
Маркетингтік жоспарды жасау үшін маркетинг мақсаттары мен стратегиясын анықтау қажет. ЖШС «Elis-travel» турагенттігі өз штатына маркетолог мамандарды алып немесе екі менеджерді маркетологқа ауыстыруы қажет, өткізуді ынталандыруға көбірек қаржы жұмсап, жарнама мен өткізуді ұйымдастыруға қаржы көлемін көбейтуі қажет.
