Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭБ пәнінен сұрақтар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.94 Кб
Скачать
  1. Кенорынды геолого-экономикалық бағалаудың негізгі факторлары.

Кенорынды бағалау (бұрын бұл сатыларды алдынала және жете барлау деп атайтын) минералдық шикізат көзінің өнеркәсіптік сапасын анықтау және пайдалану мақсатында жүргізіледі. Бағалау жұмыстарын жүргізгенде, әсіресе геологиялық карта түсіру әдістерін (1:25000 – 1:10000 масштабы), орындағанда негізгі мақсаты кенорнын контурлау. Әрине мұндай жұмыстар түпкілікті таужыныстар арасынан пайдалы қазбаларды ашып алу мақсатында тау-кен үңгімелері (ор, шурф) және ұңғымаларын жүргізу арқылы іске асады. Пайдалы қазба кен денесі тереңде анықталса оларды ашу, геологиялық-экономикалық дұрыс бағалау және игеру үшін штольный қолданылады. Барлық анықталынған пайдалы қазбалар түрлері сынамаланады және негізгі немесе ілеспе компоненттерін анықтау үшін талдауға жіберіледі. Зертханалық сынау арқылы алдын ала шикізаттың өңделу және тауарлық өнім алу жағдайлары бағаланады. Кенорынның тау-кен техникалық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлары зерттелініп, бүкіл кенорын көлемінде игеру жұмыстарының жобасы (су көздері, кенорын кәсіпорнын сумен қамтамасыз ету) қарастырылады.

  1. Кенорынды пайдаланудан түсетін табыстарды бағалау.

  2. Кенорынның өнеркәсіптік бағалаудың негізгі факторлары.

  3. Кондицияның негізгі көрсеткіштері және бекіту принциптері.

Рудалы және бейрудалы шикізаттардың негізгі кондициялық көрсеткіштеріне мыналар жатады:

- бағалы компоненттің борттық және минималды өнеркәсіптік құрамы;

- минималды метропроцент;

- пайдалы қазба денесінің минималды қалыңдығы;

- шектелген ашылу коэффиценті;

- бос жыныстар қабатшаларының максималды қалыңдығы;

- зиянды қоспалардың максималды құрамы.

Бортық құрамы мөлшерінің өзгеруі – кен денесінің контурына (негізінен кен денесінің қалыңдығына) әсер етеді. Кейде руда мен сыйыстырушы жыныстардың арасында нақтылы шекара орнатылмаса, контурлауды бортық сынамалар құрамы көмегімен жүргіземіз. Егерде руда мен сыйыстырушы жыныстар арасындағы шекара анық байқаласа бортық құрам өнеркәсіптік миниалды құраммен сәйкес келеді. Пайдалы қазбаның қоры және кенорындағы пайдалы компонентің орташа мөлшері өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар игеру және қайта өңдеу көрсеткіштері төмендейді. Осының барлығы кенорынды игерудегі технико-экономикалық көрсеткіштерге әсер етеді. Ең тиімді әдіс кен денесінің бортық мөлшерін контурлағанда ол өнеркәсіптік минимал мөлшерден кем болмауы қажет. Ал кем болса онда кәсіпорын банкротқа ұшырайды.

Минималды өнеркәсіптік мөлшер – 1 тонна пайдалы қазбаны өндіргендегі, байытудағы өзіндік құн мен салыстырылып есептелінеді. Мұндай есептеулер бірнеше формулаларды игеру арқылы іске асады. Кондиция бекіту құзіретті органы – Мемлекеттік қор жөніндегі комиссия. Кондициялар әрбір кенорынға, минералдық шикізатқа, пайдалы қазба мен пайдалы компонентке жоғарыдағы келтірілген факторлар бойынша жеке бекітіледі.

  1. Күрделі қаржылардың экономикалық тиімділік бағалау критерийді анықтау әдістемесі.

Инвест жоба тиімділігін негізгі критерийлер арқылы талдау және бағалау

Таза ағымдағы құн

Инвест жобаны талдаудың негізгі критерийі таза ағымдағы құн [ТАҚ] болып табылады. ТАҚ көрсеткіші инвестиция табыстылығының маңызды критерийі болып табылады. ТАҚ проценттің белгілі ставкасында дисконтталған, күтіліп отырған барлық жыл сайынғы ақша табысының сомасы инвестицияның бастапқы сомасынан қаншаға көп екендігін көрсетеді.

ТАҚ дұрыс, яғни қолма – қол ақша қаражаттарының болашақ ағыны бастапқы инвестицияны жабатын болса, жоба қолдануға тиімді деп саналады. Ал, ТАҚ теріс, яғни болашақ қолма – қол ақша суммасы күрделі қаржы суммасынан аз болса, онда жоба тиімсіз деп саналады. ТАҚ = КОАҚТА, себебі КОАҚТА құрамында бастапқы инвестиция жоқ.

ТАҚ = КОАҚТА - БИ

Таза дисконтталған құн.

Таза дисконтталған құн – инвеси жоба мерзімінде бірінші жылдан бастап күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағыны жыл сайынғы дисконтталған құнының суммасы мен бастапқы инвестицияның айырмасы болып табылады. Ол былай табылады:

ТДҚ =

ТДҚ дұрыс, яғни қолма-қол ақша қаражаттарының болашақ ағыны бастапқы инвестицияны жабатын болса, жоба қолдануға тиімді деп саналады. Ал ТДҚ теріс, яғни болашақ қолма-қол ақша сомасы күрделі қаржы сомасынан аз болса, онда жобадан бас тартуға болады.

Ереже ТДҚ: ТАҚ>0, онда КОАҚТА>БИ; ИЖ тиімді, залалсыз

ТАҚ<0, онда КОАҚТА<БИ; ИЖ тиімсіз, залалды

ТДҚ – ны біле отыра, ақша қаражаттарын инвестжобаға салып, сәйкесінше қауіп-қатерге көну керек пе немесе жай ғана ақшаны депозитке салу керек пе деген шешімнің біреуіне келеміз.

Пайданың ішкі нормасы (ПІН)

Инвестиция бойынша табысты есептеудің ең кең тарағанан критерийі – бұл пайданың ішкі нормасының әдісі немесе ақша ағынын дисконттау әдісі болып табылады.

Пайданың ішкі нормасы – бұл макс.есепті болашақта түсетін ақша ағымдарының дисконттық құнымен нөлдік сәтте салынған КҚ көлемін теңестіретін пайыздық ставкасы. Бұл жағдайда ТДҚ тең 0-ға. 3әдісі: алгебралық, графикалық, итерациялық.

Алгебралық әдіс: ПІН =

Графикалық әдіс: ТАҚ-тың мөлшері пайыз ставкасының көтерілуіне тікелей байланысты. Неғұрлым пайыз ставкасын жоғарлатсақ соғұрлым ТАҚ-тың мөлшері 0-ге бағытталады. Макс.пайыз ставкасы (г2) белгілі болғанда, ПІН міндетті түрде сол интервалда анықталады. ПІН есептеледі, тек бір жағдайда: егер ТАҚ таңбасы «+» «-« н/е «-« «+» болса, і көбейтеміз, ТАҚ – болғанша.

Ереже ПІН: егер ПІН > г1, онда жоба тиімді

г1 <ПІН < г2

г2 макс.болғанда, ТАҚ=КҚ(БИ) ТДҚ =0

Итерациялық әдіс - таңдау әдісі. ТДҚ =

Залалсыздық нүктесі немесе өндірістің қиын нүктесі – тиімділік табалдырығы. 2әдісі: алгералық, графикалық.

Алг.әдіс

(Б*Өн.көл)=(Тұр.Ш+Өзг.Ш*Өн.көл)

ӨШ{өзг.ш-ШМ,ЭШ,ҚШ,ЖШ; Тұр.Ш-А,еңбекақы, әлеуметтік с, устеме Ш.

(Б*Өн.көл)=(Тұр.Ш+Өзг.Ш*Өн.көл)

(Б*Өн.көл-Өзг.Ш*Өн.көл)=(Тұр.Ш)

Өн.көл (Б -Өзг.Ш)=(Тұр.Ш)

Өн.көл =(Тұр.Ш)/ (Б -Өзг.Ш)

Күрделі қаржылардың экономикалық тиімділігі.

Инвестициялық жобалаудың альтернативтерін экономикалық бағалауды жүзеге асыру, инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында табылатын пайда мүмкіншіліктерін жүйелі анықтаумен және салыстырумен байланысты. Айырмашылықтар жобаның өмір сүру мерзімінде, салықтық жағдайларында және берілген жоба бойынша шығындар мен инфляция әсерінен болуы да мүмкін.

Күрделі қаржылардың экономикалық тиімділігін өзгертілген КОАҚТА-ның бастапқы инвестицияның жалпы көлеміне қатынасымен анықталады:

ҚЭТ = >i=N/100

ЖӨМ – күтіліп отырған ақша қаражаттарының суммасының бастапқы инвестиция мөлшеріне қатынасына тең.

ЖӨМ ес= < Тн=1/Ен=1/і

ЖӨМ ес.к әрқашанда норм.к кіші, себебі неғұрлым ес.к кіші болса, соғұрлым күрделі қаржы тез өтеледі. КОАҚТА мәні үлкен болғанын білдіреді. ЖӨМ ес.к тікелей КОАҚТАға, ал норм.к і-ға байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]