- •Ақша ағындардың уақытша құнының теориясы – дисконттау және компаундтау үрдісі.
- •Амортизация мен күрделі қаржының байланысы. Экономикалық бағалауда олардың ролі.
- •Барлау мәліметтерін игеру қорытындысымен салыстыру және олардың айырмашылығының себебін талдау.
- •Барлау тау-кен үңгімелері.
- •Барлаудың техникалық құралдары.
- •Болашақтағы ақшаның қазіргі құны. Анықтау әдістемесі.
- •Болжамдық ресурстар категориясы.
- •Бұрғылау ұңғымалары.
- •Геологиялық зерттеу жұмыстарының кезеңдері мен сатылары.
- •Геологиялық құжаттарды сараптамалау(экспертиза).
- •Дисконт ставкасы, капитал құны. Бағалау критерийлерін анықтауда олардың ролі.
- •Жер қойнауы туралы заңнама орындауға арналған нормативтік-құқықтық актілер.
- •Жер қойнауын зерттеуде қолданылатын негізгі техникалық құралдар.
- •Жер қойнауын пайдалану контрактісінің(келісім-шарттың) техникалық-экономикалық моделі.
- •Инвестициялық жобаның өтеу мерзімін немесе кқ қайтып келу уақыт мерзімін бағалау критерийді анықтау әдістемесі. Дисконтталған және дисконтталмаған ағындар бойынша.
- •Кенорындарды барлау мәліметтерін игеру қорытындыларымен салыстыру.
- •Кенорындарды барлау процесіндегі геофизикалық әдістері.
- •Кенорынды геологиялық зерттеу, бағалау және барлауда қолданылатын техникалық құралдар.
- •Кенорынды геолого-экономикалық бағалаудың негізгі факторлары.
- •Кенорынды пайдаланудан түсетін табыстарды бағалау.
- •Кенорынның өнеркәсіптік бағалаудың негізгі факторлары.
- •Кондицияның негізгі көрсеткіштері және бекіту принциптері.
- •Күрделі қаржылардың экономикалық тиімділік бағалау критерийді анықтау әдістемесі.
- •Күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағындары – есептеу әдісі.
- •Тауарлық түсім * 0,12
- •Сальдо –жт-тт
- •Матрицада талдануға кететін ақша ағындары. Олардың ерекшеліктері және экономикалық бағалаудағы рөлі.
- •Минералдық шикізат сапасы.
- •Минералды шикізаттың өлшемдері.
- •Минералдық шикізаттың кондициясы, оларды негіздеу, бекіту және қолдану.
- •Нәтиже мен тиімділік. Айырмашылығы мен ерекшеліктері және анықтау жолдары.
- •Пайдалы қазба кенорындарын бағалаудың принциптері.
- •Пайдалы қазба кенорындарын геолого-экономикалық бағалаудың жетекші материалдары.
- •Пайдалы қазба қасиеттерінің ауытқуын бағалау.
- •Пайдалы қазба қорларының жіктемесі.
- •Пқ кенорынды әзірлеу мен игеруге енгізілген инвестициялардың тиімділігін анықтауда және экономикалық бағалауда сақталатын негізгі ережелер.
- •Тақ және тдқ бағалау критерийлерді анықтау әдістемесі.
- •Инвест жоба тиімділігін негізгі критерийлер арқылы талдау және бағалау
- •Экономика және тау өндірісінің тауарлық өнімдері.
- •Экономикалық бағалауда қолданылатын табыс пен түсімнің түрлері және оларды анықтау жолдары.
- •Эксплуатация мен кәсіпорын құруға кететін шығындарды бағалау.
Геологиялық құжаттарды сараптамалау(экспертиза).
Жер қойнауын пайдаланушылардың қорды есептеген құжаттарды мемлекеттік сараптамадан өткізілуі қажет. Сараптамашылар қортындысы бойынша есепке алынған қор мемлекеттік балансқа қабылданады. Мемлекеттік баланысқа қабылданған барлық есептелінген қорлар қозғалысы (игеру, шығару және барлау кезіндегі қордың өзуі) әрбір кенорын, әрбір шикізатқа жеке, дара тіркеулер жасалынады әрбір жаңа 01.01. жыл басында.
Материалдарды сараптау кейбір нысандарда бірнеше рет қайталануы мүмкін. Әдетте сараптама жасауға: технико-экономикалық негіздеме (ТЭН), уақытша тұрақты бекітілген кондициялар, қорды есептеген және қайта есепке алған, қазіргі жаңа кондициялар арқылы жасалынған, кенорынды игерімдік ТЭН қолданған кондициялар материалдары ұсынылады.
Мұндай сараптама жасаудың басты органы, пайдалы қазбаның Мемлекеттік қор жөніндегі комиссия (МҚК) болып тағайындалады..
МҚК хаттамасы негізінде пайдалы қазба кенорнының қоры Мемлекеттік балансқа тіркеледі, осы мәліметтерге сүйене отырып Мемлекеттік геологиялық бақылау және Мемлекеттік тау-кен техникалық бақылау инспекторлары жер қойнауын толық игерілуін және линцензиялық тәртібтің орындалуын қадағалайды.
Есептелінген пайдалы қазба қорын сараптау – күрделі, жауапты және ұзақ процесс, оның тиімділігін, нақтылығын дәлелдеу үшін сол саланың білімді мамандары қажет.
Сараптамалық бағалау әдістері перспективасы бар кендену обектілерінің барлық мәліметтерін пайдаланады және бұл бір біріне тәуелсіз тәжирбелі сарапшы мамандардың тиянақты жұмысымен қортындыланады. Сарапшы ретінде өз ісін өте жақсы білетін және сол ауданның немесе аймақтың геологиясы мен металлогениясын жақсы таныйтын жеке тұлғалар таңдап алынады.
Соныменен жеке болжамдар сарапшылар арасында қатаң түрде талқыланып, түзетулер енгізіліп бірнеше кезекті тур бойынша жүргізіледі.
Осындай талқылаулар нәтижесінен соң, дұрыс бағалау параметрлері орнатылады. Сараптық бағалау әдістері ірі кенді провинциялар маңында зертеулер жүргізгенде геологиялық барлау жұмыстарының алғашқы сатыларында қолданылады.
Әдетте сарапшылар материалдарға сараптама жүргізгенде бірнеше әдістемелік нұсқауларды пайдаланады және ондағы мәселелерді дұрыс шешу үшін, үш жақты бағдарламалы топ құрылады, олар әр түрлі саладағы мамандарды біріктіріп, ұйымдастыру арқылы шешіледі.
1. Пайдалы қазбаның сандық бағаларын геологиялық тұжырымдау, ақиқаттау, сонымен қатар оның жер қойнауындағы жатыс жағдайларының ерекшеліктері, мәліметтері мен ақпараттарынан хабардар (геолог-сарапшы) маманға жүктеледі.
2. Шикізаттың технологиялық өңделуін және алынатын өнімнің шығарылу көрсеткіштерінің ақиқаттылығын анықтай алатын, сонымен қатар шикізаттың сорты мен типін және әртүрлі технологиялық жағдайда өңдеуді білетін (байытқыш-технолог-сарапшы) маманға жүктеледі.
3. Кенорынды игерудегі тау-кен инженерлік жағдайларды анықтайтын, таужыныстар мен кеннің орнықтылығын білетін, күтудегі суағымдар мөлшерін анықтай алатын және тау-кен үңгімелерін жүргізу ерекшеліктері машақаттары жақсы игерген (тау-кен-гидрогеолог-сарапшы) маманына жүктеледі.
Бұл үш топтағы мамандардың сараптау жұмыстары бір-бірімен тығыз байланыста болатындықтан олар бірігіп сараптау жұмыстарының әрбір бөлімін жалпы талқылауларға сала отырып қортындылайды.
1. Геолог-сарапшы - қорды есептеудегі анықтамаларда, кенорынға қолданған геологиялық моделдердің дұрыс таңдалғанын, оның кен пішінін анық көрсете алғандығын, жер қойнауы кеңістігіндегі пайдалы қазбаның үзіліссіз ерекшеленуін сипаттайды.
Кенорынға бұл топта сараптама жүргізгенде, сараптамашы барлық геологиялық мәліметтер жинағы тіркелген журналдармен танысады, негізінен бастапқы геологиялық құжаттар болғаны сараптаушыға жұмыстың ақиқаттылығын анықтауға және тиімділігін артыруға көмегін тигізеді. Ондай құжаттарға: тау-кен үңгімелерінің бастапқы құжаттары, бұрғылау ұңғымаларынан алынған мәліметтер мен ақпараттар, нысана бойынша жасалған сызбалық жұмыстар мен фото құжаттар жатады.
Сарапшы алдымен кенорын бойынша бастапқы құжаттардың сапасы мен толықтылығын бағалайды. Сондықтанда бастапқы құжаттар мен жұмыс жүргізген оңай және тиімді болып саналады, өйткені олардың көшірмелері бағалау деректерін көп жылдардың ішінде жоғалтуы мүмкін. Бастапқы құжаттар міндетті түрде координатты тіркеу нүктелерімен бақылануы тиіс, өйткені ол нүктелерде алынған үлгілер мен сынамалар номерлерінің орындары бекітіледі. Тау-кен үңгімелеріндегі бастапқы құжаттар құрамы (забой, қабырға, жабын) міндетті түрде сызбалық сұлбалармен безендірілуі қажет. Ұңғыманың бастапқы құжаттары құрамына керн сынамаларының түсіндірмесінен басқа міндетті түрде геофизикалық зерттеулер(каратаж, кавернометрия , қисайу өлшемдері) мәліметтері берілуі тиіс.
Сынамалау журналында сынамалардың бастапқы және соңғы салмағы, және сынаманың бастапқы салмағы оның көлемімен сәкес құрамды құжаттар болуы қажет.
Бастапқы құжаттар негізінде пландар, қималар, проекциялар және басқа да біріккен сызбалар құрастырылады, олар кенорынның құрлысын және пайдалы қазбаның кеңістіктегі орналасу ерекшелігін анықтайды.
Соңғы уақытта компютерлік бағдарламалар енуде, мұнда барлық кенорын бойынша жинақталған бастапқы құжаттар базасы құрастырылады, кез келген сараптамашыға қажет құжаттарды оңай көруге және сараптауға, талдауға болады. Сараптамашының негізгі мақсаты - ұсынылған моделдің дұрыстығын және оның бастапқы құжаттармен сәйкестілігін бағалау.
Мысалыға, әр түрлі таралған пайдалы компоненттер (сирек металдар, алтын кенді) кенорындарында кеннің орташа құрамы: «дауылды сынамалар» және «сомтумалар» әсерінен есептеулерде артып жоғарылайды. Осындай сынамалардың бірнешесі кездессе есептеу бағасының жоғарылауына әкеп соқтырады, сондықтан мұндай «дауылды сынамалар» қорды есептеу есебіне кіріп отырса кенорынды барлау жеткіліксіз, қорды есептеу және оның орташа құрамы дұрыс емес деген қортындыға тоқтап, сарапшы кенорынды қайта барлауға жіберуді ұсынады.
2. Сарапшы технолог- пайдалы қазбаның технологиялық ерекшеліктерінің дұрыс бағалануы мақсатында жұмыс жүргізеді. Бағалауға: алынған технологиялық сынамалардың өкілеттілігі, олардың қорын есептегендегі шикізат сапасының жеткіліктілігін, сынаудың толықтылығын, жұмыс істеп тұрған тау-кен кәсіпорнына ұсынылған шикізатты қайта өңдеу сұлбасының сәйкестілігін, алынатын өнімдердің стандарт пен сұранс талабына сәйкестілігін, қалдықтарды жою мәселелер шешімдерінің дұрыстығын және барлық ілеспелі бағалы компоненттерді залалсыздандыру материалдарын сараптайды.
Технологиялық сараптауды нысананың алғашқы сатыларында жүргізген дұрыс нәтиже береді және ол тиімді инвестициялық шешім қабылдау мақсатында жүргізіледі.
3. Тау-кен сарапшысы инженерлік геология, гидрогеология және тау-кен технологиялық арнайы сараптау жұмыстары, та-кен үңгімелерінде суағымдарының күшейуі мүмкін болғанда, кен мен таужыныстар орнықсыз болғанда, газ, шаң-тозаң, өрт болу қауіпі бар болжамдар болғанда жүргізіледі. Қарапайым тау-кен инженерлік жағдайда сараптама қортындысы бағалаудың алғашқы сатысында, яғный геологиялық сараптау тобында жүргізіледі.
Осы айтылғандарды қортындыласақ, зерттелінген нысана ерекшелігіне байланысты, шешілетін күрделі мәселелерге байлансты, сараптауға шешім қабылдау жауапкершілігі бірнеше жоғары квалификациялы мамандардың қатысуымен жүргізіледі, бірақ әрқашанда материалдармен геолог маманы міндетті түрде танысуы қажет.
