- •Ақша ағындардың уақытша құнының теориясы – дисконттау және компаундтау үрдісі.
- •Амортизация мен күрделі қаржының байланысы. Экономикалық бағалауда олардың ролі.
- •Барлау мәліметтерін игеру қорытындысымен салыстыру және олардың айырмашылығының себебін талдау.
- •Барлау тау-кен үңгімелері.
- •Барлаудың техникалық құралдары.
- •Болашақтағы ақшаның қазіргі құны. Анықтау әдістемесі.
- •Болжамдық ресурстар категориясы.
- •Бұрғылау ұңғымалары.
- •Геологиялық зерттеу жұмыстарының кезеңдері мен сатылары.
- •Геологиялық құжаттарды сараптамалау(экспертиза).
- •Дисконт ставкасы, капитал құны. Бағалау критерийлерін анықтауда олардың ролі.
- •Жер қойнауы туралы заңнама орындауға арналған нормативтік-құқықтық актілер.
- •Жер қойнауын зерттеуде қолданылатын негізгі техникалық құралдар.
- •Жер қойнауын пайдалану контрактісінің(келісім-шарттың) техникалық-экономикалық моделі.
- •Инвестициялық жобаның өтеу мерзімін немесе кқ қайтып келу уақыт мерзімін бағалау критерийді анықтау әдістемесі. Дисконтталған және дисконтталмаған ағындар бойынша.
- •Кенорындарды барлау мәліметтерін игеру қорытындыларымен салыстыру.
- •Кенорындарды барлау процесіндегі геофизикалық әдістері.
- •Кенорынды геологиялық зерттеу, бағалау және барлауда қолданылатын техникалық құралдар.
- •Кенорынды геолого-экономикалық бағалаудың негізгі факторлары.
- •Кенорынды пайдаланудан түсетін табыстарды бағалау.
- •Кенорынның өнеркәсіптік бағалаудың негізгі факторлары.
- •Кондицияның негізгі көрсеткіштері және бекіту принциптері.
- •Күрделі қаржылардың экономикалық тиімділік бағалау критерийді анықтау әдістемесі.
- •Күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағындары – есептеу әдісі.
- •Тауарлық түсім * 0,12
- •Сальдо –жт-тт
- •Матрицада талдануға кететін ақша ағындары. Олардың ерекшеліктері және экономикалық бағалаудағы рөлі.
- •Минералдық шикізат сапасы.
- •Минералды шикізаттың өлшемдері.
- •Минералдық шикізаттың кондициясы, оларды негіздеу, бекіту және қолдану.
- •Нәтиже мен тиімділік. Айырмашылығы мен ерекшеліктері және анықтау жолдары.
- •Пайдалы қазба кенорындарын бағалаудың принциптері.
- •Пайдалы қазба кенорындарын геолого-экономикалық бағалаудың жетекші материалдары.
- •Пайдалы қазба қасиеттерінің ауытқуын бағалау.
- •Пайдалы қазба қорларының жіктемесі.
- •Пқ кенорынды әзірлеу мен игеруге енгізілген инвестициялардың тиімділігін анықтауда және экономикалық бағалауда сақталатын негізгі ережелер.
- •Тақ және тдқ бағалау критерийлерді анықтау әдістемесі.
- •Инвест жоба тиімділігін негізгі критерийлер арқылы талдау және бағалау
- •Экономика және тау өндірісінің тауарлық өнімдері.
- •Экономикалық бағалауда қолданылатын табыс пен түсімнің түрлері және оларды анықтау жолдары.
- •Эксплуатация мен кәсіпорын құруға кететін шығындарды бағалау.
Тақ және тдқ бағалау критерийлерді анықтау әдістемесі.
Инвест жоба тиімділігін негізгі критерийлер арқылы талдау және бағалау
Таза ағымдағы құн
Инвест жобаны талдаудың негізгі критерийі таза ағымдағы құн [ТАҚ] болып табылады. ТАҚ көрсеткіші инвестиция табыстылығының маңызды критерийі болып табылады. ТАҚ проценттің белгілі ставкасында дисконтталған, күтіліп отырған барлық жыл сайынғы ақша табысының сомасы инвестицияның бастапқы сомасынан қаншаға көп екендігін көрсетеді.
ТАҚ дұрыс, яғни қолма – қол ақша қаражаттарының болашақ ағыны бастапқы инвестицияны жабатын болса, жоба қолдануға тиімді деп саналады. Ал, ТАҚ теріс, яғни болашақ қолма – қол ақша суммасы күрделі қаржы суммасынан аз болса, онда жоба тиімсіз деп саналады. ТАҚ = КОАҚТА, себебі КОАҚТА құрамында бастапқы инвестиция жоқ.
ТАҚ = КОАҚТА - БИ
Таза дисконтталған құн.
Таза дисконтталған құн – инвеси жоба мерзімінде бірінші жылдан бастап күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағыны жыл сайынғы дисконтталған құнының суммасы мен бастапқы инвестицияның айырмасы болып табылады. Ол былай табылады:
ТДҚ =
ТДҚ дұрыс, яғни қолма-қол ақша қаражаттарының болашақ ағыны бастапқы инвестицияны жабатын болса, жоба қолдануға тиімді деп саналады. Ал ТДҚ теріс, яғни болашақ қолма-қол ақша сомасы күрделі қаржы сомасынан аз болса, онда жобадан бас тартуға болады.
Ереже ТДҚ: ТАҚ>0, онда КОАҚТА>БИ; ИЖ тиімді, залалсыз
ТАҚ<0, онда КОАҚТА<БИ; ИЖ тиімсіз, залалды
ТДҚ – ны біле отыра, ақша қаражаттарын инвестжобаға салып, сәйкесінше қауіп-қатерге көну керек пе немесе жай ғана ақшаны депозитке салу керек пе деген шешімнің біреуіне келеміз.
ТДҚ=Σ
Салықтар-үкімет, АТ-инвестор, Д-акционер, ӨШ,КҚ-өзін-өзі өтеу;
Тау-кен жобаларды қаржыландыру – кететін және келетін ақша ағындары.
Баға
Баға – тауар құнының ақшалай тұлғалануы, яғни тауардың немесе қызметтің бір өлшемі үшін
төленетін және алынатын ақша мөлшері. Баға бұл жағдайда әр жылдың бағаның өзгеру динамикасы мен бір килограмм өнім бағасына көбейтіледі
Өнім бағасы = Бір килограмм өнім бағасы*Бағаның өзгеру динамикасы
Мемлекетке бағадан қосылған құн салығы (НДС) төленеді. Ол үшін Салық Кодексінде бекітілген НДС ставкасын бағаға көбейтеміз. Салық кодексінде бекітілген НДС ставкасы 12 %-ға тең.
Баға * 0,12 (12%)
НДС сомасы табылғаннан кейін кезек НДС-сыз бағада. Оны есептеу үшін:
Баға (-НДС) = Баға * 0,88
Тауарлық түсім.
Тауарлық түсім кәсіпорындар, формалар мен басқа да ұйымдар жұмысының аса маңызды экономикалық көрсеткіші, олардың қызметінің барлық түрлерінен түскен қаржы түсімдерін көрсетеді. Бұл табыс түрі келесідей табылады.
Тауарлық түсім – алтын өндіру көлеміне тікелей байланысты. Ол бір килограмм алтынның бағасы мен өндірілген өнімнің көлемінің көбейтіндісімен анықталады:
Тауарлық түсім = Баға* Өндірілген өнім көлемі
Тауарлық түсім НДС-сіз.
Тауарлық түсімді тапқаннан кейін, енді оның ішіндегі құн салығын (НДС) айырып тастау керек. Тауарлық түсім(-НДС) табу үшін Тауарлық түсім мен НДС өтеу коэффицентін көбейту қажет. Бұл төмендегідей түрде болады:
Тауарлық түсім (-НДС) = Тауарлық түсім * 0,88
Қосылған құнға салынған салық ҚР салық кодексінде бекітілген 12 пайыз мөлшерде тауарлық түсімге салынады. Негізгі іс-әрекеттен түскен табысқа қосылған құнға салынған салық сомасы:
Тауарлық түсім * 0,12
Тазартылған тауарлық түсім
Тазаттылған тауарлық түсім – тауарлық түсім НДС-сіз, роялтисіз, аннуитеттік төлемсіз
Тазартылған тауарлық түсім = Тауарлық түсім НДС-сіз, роялтисіз, аннуитеттік төлемсіз
Сальдо –ЖТ-ТТ
Күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағыны (КОАҚТА)
Инвестжобадағы күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағынын есептеу үшін пайдаланылытын негізгі әдіс, уақытты ескеретін ақша құны болып табылады. Күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағыны бағалы қағаздарға және дивидендтерге салынатын салық сомасы, акционерлерге төленетін дивиденд көлемі және ∑ЖПС айырмасынан тұрады:
КОАҚТА = Т.т – КҚ(БИ) + Амортизация
Кететін ақша ағындары
Өзіндік құн.
Өзіндік құн – бір тонна өнім өндіруге кеткен ақшалай шығын.Өзіндік құн мына жолмен табылады:
Өзіндік құн = Баға / (1+Мп)
Өндірістік шығындар.
Өндірістік шығындар - өнімді өндіру мен қызмет атқаруға байланысты шығындар. Өндірістік шығындар – күнделікті пайдалануға, тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын ақшалай шығындар. Өндірістердегі әр түрлі шығындардыбір жүйеге келтіріп, оларды бөлек топтарға жинақтау мақсатымен барлық шығындар шектеледі. Барлық шығындар экономикалық элементтер бойынша топтанады.
Өндірістік шығындар өндірілген өнім көлемінің өзіндік құнының көбейтіндісіне тең. Өндірілген өнім көлемі белгілі, ал өзіндік құнды есептеу үшін пайда мөлшері керек. Пайда мөлшері 100% құрайды. өзіндік құнның формуласы:
Өндірістік шығындар = Өзіндік құн * Өндірілген өнім көлемі
Амортизация
Өндірістік құн энергия шығыны
Шикізат материал
Көлік шығыны
Үстемелі шығындар
Жөндеу шығындары
Амортизация.
Амортизация – негізгі қорлардың тозуына себепті, оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, кешеннің негізгі объектілеріне байланысты құрал-жабдықтардың баланстық құнын есептейді. Амортизация өтеу деген мағынаны білдіреді. Ескірген машиналар мен құрал-жабдықтарды жаңартуға немесе қалпына келтіруге көмектеседі. Амортизация бір қалыпты өткізіледі, сондықтан жыл сайын төленетін амортизациялық төлемдер мөлшері негізгі қорлардың құнына және қызмет ету мерзіміне байланысты болады. Амортизацияны есептеу үшін өндірістік шығындардан 62%-ды шегереміз.
Амортизация = Өндірістік шығын * 62%
Жалпы шығын немесе Күрделі қаржы
ЖШ=[КҚ(БИ)+ӨШ]
КҚ құрылымы – жылжымайтын мүлік, Жылжитын мүлік, құрал-жабдықтар, қалған активтер, айналмалы құрылғы.
Тау-кен кәсіпорындағы ақша қаражаттардың матрицадағы жылжуын талдау.
Баға
Баға – тауар құнының ақшалай тұлғалануы, яғни тауардың немесе қызметтің бір өлшемі үшін төленетін және алынатын ақша мөлшері. Баға бұл жағдайда әр жылдың бағаның өзгеру динамикасы мен бір килограмм өнім бағасына көбейтіледі.
Өнім бағасы = Бір килограмм өнім бағасы*Бағаның өзгеру динамикасы
Мемлекетке бағадан қосылған құн салығы (НДС) төленеді. Ол үшін Салық Кодексінде бекітілген НДС ставкасын бағаға көбейтеміз. Салық кодексінде бекітілген НДС ставкасы 12 ға тең.
Баға * 0,12 (12%)
НДС сомасы табылғаннан кейін кезек НДС-сыз бағада. Оны есептеу үшін:
Баға (-НДС) = Баға * 0,88
Тауарлық түсім.
Тауарлық түсім кәсіпорындар, формалар мен басқа да ұйымдар жұмысының аса маңызды экономикалық көрсеткіші, олардың қызметінің барлық түрлерінен түскен қаржы түсімдерін көрсетеді. Бұл табыс түрі келесідей табылады.
Тауарлық түсім – алтын өндіру көлеміне тікелей байланысты. Ол бір килограмм алтынның бағасы мен өндірілген өнімнің көлемінің көбейтіндісімен анықталады:
Тауарлық түсім = Баға* Өндірілген өнім көлемі
Тауарлық түсім НДС-сіз.
Тауарлық түсімді тапқаннан кейін, енді оның ішіндегі құн салығын (НДС) айырып тастау керек. Тауарлық түсім(-НДС) табу үшін Тауарлық түсім мен НДС өтеу коэффицентін көбейту қажет. Бұл төмендегідей түрде болады:
Тауарлық түсім (-НДС) = Тауарлық түсім * 0,88
Қосылған құнға салынған салық ҚР салық кодексінде бекітілген 12 пайыз мөлшерде тауарлық түсімге салынады. Негізгі іс-әрекеттен түскен табысқа қосылған құнға салынған салық сомасы:
Тауарлық түсім * 0,12
Тазартылған тауарлық түсім
Тазаттылған тауарлық түсім – тауарлық түсім НДС-сіз, роялтисіз, аннуитеттік төлемсіз
Тазартылған тауарлық түсім = Тауарлық түсім НДС-сіз, роялтисіз, аннуитеттік төлемсіз
Сальдо –ЖТ-ТТ
Күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағыны (КОАҚТА)
Инвестжобадағы күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағынын есептеу үшін пайдаланылытын негізгі әдіс, уақытты ескеретін ақша құны болып табылады. Күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағыны бағалы қағаздарға және дивидендтерге салынатын салық сомасы, акционерлерге төленетін дивиденд көлемі және ∑ЖПС айырмасынан тұрады:
КОАҚТА = Т.т – КҚ(БИ) + Амортизация
Тау-кен өндірісінің экономикасы.
Адам қоғамы материалдарға және энергияларға көптеген және әртүрлі қажеттілік-терін табиғи ресуртстардан алады. Материалдық кәсіпорында материалдық-энергетикалық өзгеріс тізбегінің негізгі бөлімі болып табиғи ресурстар, бірінші кезекте – минералдық ресурстар саналады және болып қалады.
Минералдық ресурстарды игеру процесі тау-кен өнеркәсібінің барлық әрекетін қамтитын тау-кен бизнесі деп аталады. Тау-кен кәсіпорны өзімен бірге жер қойнауынан пайдалы қазбаларды шығару барысында тауарлық өнім пайда болатын материалдық кәсіпорын процесін көрсетеді.
Пайдалы қазба деп өзінің физикалық қасиетімен және химиялық құрамы мен сипат-талатын, қазіргі таңдағы материалдық кәсіпорында өзінің табиғи түрінде немесе бір және бірнеше пайдалы компоненттерді бөлетін шикізат ретінде қолданылатын табиғи газ, сұй-ық, минерал немесе минералдық агрегат аталады.
Пайдалы қазбалар жер қойнауында кенорын деп аталатын жекелеген табиғи жинақ ретінде болады және олар тау-кен өндіру кәсіпорнымен өнделуі мүмкін. Дәл осы пайда-лы қазба кенорындары тау-кен өндірісінде кәсіпкер қызметінің нысаны болып табылады.
Кәсіпкер қызметінің нысаны ретінде пайдалы қазба кенорындары бірнеше ерекше қасиеттерге ие болады:
Пайдалы қазба кенорындары жылжымайтын мүлік болып табылады. Кенорын табиғат қай жерде жаратса, сол жерде орналасады. Кенорын орналасқан аудан жағ-дайы әрқашанда кәсіпорын құрылысын салуға және өндірісті ұйымдастыруға қолай-лы бола бермейді.
Қол жетерлік пайдалы қазба кенорындары ресурстарының орны толмайды. Кенорынды өндіру процесінде олар біртіндеп таусылып, соңында бар болуын тоқтатады. Базалық кенорны қорын толығымен өндіру үшін құрылған тау-кен кәсіпор-нының уақыты айтарлықтай үлкен емес (5-10 жылдан 20-40 жылға дейін).
Пайдалы қазба кенорнын табиғат жаратқан және олар әртүрлі көптеген табиғи факторлардың кездейсоқ сай келуіне байланысты пайда болады. Осыған байланысты әр-бір кенорынның негізінде құрылған тау-кен кәсіпорнының технологиясына және экономи-касына әсер ететін, өзіне тән ерекшелегі болады. Сәйкесінше, әрбір тау-кен кәсіпорны өзінің техника-экономикалық көрсеткіші бойынша өзгеше болады.
Пайдалы қазба кенорындары жер қойнауында жасырынған. Олардың ерекшелігі, тау-кен кәсіпорның жоспарлауда негізгі мәлімет болып табылатын сандық және сапалық сипаттамалары тек қана алдындағы геологиялық зерттеулер (барлау) негізінде анықта-лады және тек жуықтау ғана. Бұл жуықтау сатысы жоспарлау жинақтылығы мен пайда-ланудан түскен нақты табыс көлеміне әсер етеді.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттін объектісі болып табылған жағдайда пайдалы қазба кенорын кейбір арнайы қасиеттерге ие болады:
Тау-кен өнеркәсібінің өнімі көп жағдайда тұрақты сұранысқа ие, сонымен бірге минералдық ресурстардың орнының толмауы бұл сұраныстын сақталуына жәнеде өсуіне нақты кепілдік бере алады. Тау-кен бизнесіндегі кәсіпкер үшін көп жағдайда өзінің өнімін жарнамалау проблемасы туындамайды. Әдетте тау-кен өндіру фирмасының өнімі емес, оның мүмкіндіктері, тәжірибесі мен абыройы жарнамаланады.
Тау-кен саласында рынок түрінің пайда болуы көбіне өндірушілер бәсекелісті-гінің әлсіреуімен сипатталады. Аталған өнімді өндірушілердің құрған жүйесінде өз орнын алған кәсіпорын белгілі уақыт көлемінде тұрақты жұмыс жағдайына және бәсекелестердің азғантай қысымына ұшырайды. Сұраныстың төмендеуі және пайда болған рынокта өз орнын тапқысыкелетін жаңа өндірушінің пайда болуы осындай жүйе тепе-тендігінің бұзылуына және бәсекелестіктің күшеюіне әкеп соғады.
Тау-кен өнеркәсібі өндіруші ел үкіметінің назары мен қолдауында болады. Пайдалы қазбаларды өндіру, әсіресе стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбаларды өндіру (энерготасымал-дағыштар, негізгі металлдар, алтын, алмаз) өндіруші ел үшін үлкен саяси маңызы бар, бұл оларды әлемдік жүйеде экономикалық тәуелсіздікпен және белгілі саяси жағдаймен қамтамасыз етеді.
Тау-кен өндірісі айтарлықтай жоғары абсолютті пайда денгейімен сипатталады. Тау-кен өнеркәсібі өндіру көлемінің аса көптігімен және капитал айналысының өте үлкендігімен сипатталады. Тіпті айтарлықтай үлкен емес кәсіпорынның жылдық капитал айналымы миллион доллармен өлшенеді. Ал ірі кәсіпорындарда бұл сома ондаған және жүздеген миллион долларға жетеді. Қолайлы жағдайлы кенорындағы тау-кен өндірісінің салыстырмалы пайдалылығы (рентабельділігі) айтарлықтай жоғары және ол банктік капитал кірісінің орташа денгейін айтарлықтай жоғарылатып, ондаған пайызға жетуі мүмкін.
Экономикалық теория рынокты өнім өндірушілер (сатушылар) мен оны тұтынушы-лардың (сатыпалушылардың) қатынасы ретінде қарастырады. Нарықтық қатынасқа түсетін өнімнің өндірушілері мен тұтынушылары санының арақатынастылығына қарай, рынок модельдерінің келесідей түрлері бөлінеді:
Кесте 1 – Рыноктың ұсынылатын модельдері
Тұтынушылар саны |
Өндірушілер саны |
||
Көп |
Бірнеше |
Біреу |
|
Көп |
Таза бәсекелестік |
Таза олигополия |
Таза монополия |
Бірнеше |
Тұтынушының шектелген монополиясы |
Екі жақты олигополия |
Тұтынушының шектел-ген олигополиясы |
Біреу |
Таза монопсония |
Шектелген монопсония |
Екі жақты монополия |
Тау-кен кәсіпорынның өнімі – минералдық шикізат, ол шикізат өндірісте қолданылатын жаңа тауар және қызмет болып табылады.
Өндірушілер мен тұтынушылар рыногының олигопольды моделі минералдық шикізаттын көптеген түріне: мұнай, газ, бокситтер, құрылыс минералдары, химиялық, техникалық және керамикалық шикізаттарға тән. Бұл минералды шикізат түрлері үлкен көлемде қолданылуымен сипатталады, және мекемеге оны тұтынушыларға жеткізуде тұрақтылықпен, тепе-тендікпен сақтауды талап етеді.
Минералды шикізат саласында таза монополия және таза монопсония түрлерінің рыноктары сирек кездеседі және кейде сол нақты кәсіпорынның әрекетімен байланысты. Мысалы, өнделмеген алмаздың әлемдік рыногы Де-Бирс компаниясына монополиянған. Сонымен, бриллиант бедерлеуші, алмаз аспаптар дайындайтын және тағы басқа фирмалар үшін Де-Бирс монопольды жеткізіп беруші, ал алмаз өндіруді іске асыратын фирмалар үшін монопсонды тұтынушы болып табылады.
Таза монопольды өндірушінің ерекшелігі кәсіпорынды қандайда бір шикізат түрінің мүлде өзгеше түрін өндіруге әкеледі. Мысалы, әлемде мүлде бөлек болып әшекей жасанды тас – чароит (Саха. Якутия Республикасы) кенорны болып табылады.
Екі жақты монополия рыногының түрі мынадай жағдайда, жалғыз тұтынушы коммуникацияның шектеулілігінен, технологиялық процестін өзгешелігі салдарының пай-да болады, тек қана шикізаттын белгілі сортын (маркасын) тұтынуға қабілетті, ол мұндай шикізатты тек қана бір өндіруші жеткізіп бере алады. Екі жақты монополия рыногы өнімінің бағасы екі жақ келісімімен анықталады.
Таза монопсондық рыноктық құрылымы минералды шикізат саласында мынадай жағдайда пайда болады, мұнда ірі металлургиялық немесе химиялық зауыт жақын маң-дағы бірнеше рудниктер шикізатының жалғыз тұтынушысы болады.
Минералдық шикізат сұранысы мен ұсынысы рыноктық жағдайда тұтыну көлемінің құрылуы мен минералдық шикізаттын бағасы сұраныс пен ұсыныс заңдарының әсер етуінен шығады.
Сұраныс заңы – тұтынушылар тауар мен қызметтердің жоғары баға болғанда аз көлемде сатып алады, неғұрлым бағасы төмен болған жағдайда.
Ұсыныс заңы – өндірушілер тауардың немесе қызметтін бағасы жоғары болғанда өнім көлемін жоғарлатады, неғұрлым бағасы төмен болған жағдайда.
Тепе-тендік бағасы – тепе тендік баға қандайда болмасын тауар үшін сұраныс пен ұсыныс қисықтары қиылысумен анықталады. Тепе-тендікті жоғарылататын кез-келген бағада ұсыныс мәні сұраныс мәнінен үлкен болады.
Сұраныс пен ұсыныстың тепе-тендік күйі уақыт бойынша өндіріс технологиясы-ның өзгеруінің нәтижесінде , өндіруші тұтынатын ресурс бағасы (енбек, капитал, шикізат) немесе салығы әсерінен және де басқа факторлар әсерінен өзгеруі мүмкін.
