Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭБ пәнінен сұрақтар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.94 Кб
Скачать
  1. Экономика және тау өндірісінің тауарлық өнімдері.

Жаңа минерал түрлерінің сапасының артық шылығына қарамастан, тау өндірісінің дәстүрлі консервативтілігінен бірге оларды игеру ұзақ уақытқа созылады. Бұл ұйымдас-тыруды және дамытуды қажет ететін бастапқы нарықтың жоқтығы сонымен қатар тұтыну-шылардың шикізаттың дәстүрлі түріне ұйреніп, жаңа түрлеріне үреймен қарауына байланысты.

Елдердің мемлекеттік қажеттіліктерін кепілді қанағаттандырғанда жер қойнауын-дағы минералды шикізаттардың стратегиясын және жетіспеген ресурс түрлерін өндіру-шілер, ұлттық қауыпсіздігі олардың негізгі тәуелсіздігіне, сонымен қатар мемлекет ара-лық келісімдері бойынша міндеттерін орындау барысына әсер етеді.

Осылайша пайдалы қазбалардың ішінен минералды шикізаттардың стратегиялық түрлері тобы ерекшеленеді. Олардың өндірілу көлемі осы елдін басшысымен реттеледі. Минералды шикізат стратегиялық түрлерінің тізімінде жиі хром, марганец, титан, никель, кобальт, қалайы, ванадий, цирконий, молибден, вольфрам, платиноидтар сирек жерлік элементтер кіреді. Уақыт өтуіне байланысты болатын сапасы өзгеруі мүмкін. АҚШ-да минерал шикізат стратегиялық түрлерінің құрамына 91 түрлі металл және минералды түрдегі материалдар кіреді.

Осы уақытқа дейін АҚШ-да жинақталған стратегиялық қордың бағасы 11,5 млрд доллар құрайды, жетіспейтін бөлігі 7,7 млрд доллар құрайды. Басқа елдердің ішінен Фран-ция, Ұлыбритания және Германия үлкен стратегиялық қорға ие.

Минералды шикізат классификациясы

Казіргі кезде жер қойнауынан пайдалы қазбалардың 200-дей түрін өндіреді. Төменде берілген пайдалы қазбалар мен минералдық шикізаттардың экономикалық классифика-циясы өндіріс бөлімшелерінде бөлек топтардың қолдану ерекшеліктерінің қасиеттеріне байланысты құрылған.

Олар 8 топқа және 35 топшаға бөлінген (2 кесте). Кейбір пайдалы қазбалар көп бөлімшелерде қолданылатын болғандықтан әртүрлі топшаларда қайталанады. Транспорттық (көліктік) шығыстарға байланысты минералды шикізаттар екі топқа бөлінеді:

  • бүкілжерлік тараған шикізат немесе жалпы таралған пайдалы қазбалар;

  • жеке орналасқан кенорындарындағы локалданғаң шикізат.

Бірінші топқа ұқсас территориялық аймақтарда – жерасты сулары, саз, құм, құмды-гравийлі қоспа, әктас, құрылыс тастары және тағы басқада таралған материалдар жатады. Транспорттық шығыстары арзан шикізаттың осы түрлерін үлкен қашықтыққа экономика-лық ойға алғысыз қозғалыстар жасайды, яғни тасымалдаудың тиімсіздігін білдіреді. Локалдаңған материалдарға геологиялық немесе экономикалық себептерге байланысты тек белгілі бір жерде – кенорын орналасқан учаскіде өндіріске тартылатындар жатады. Бұл топқа минералды шикізаттың көп түрі жатады.

Игеру деңгейіне байланысты пайдалы қазбалардың минералдары дәстүрлі және дәстүрлі емес болып екіге бөлінеді.

Дәстүрлі пайдалы қазбаларға қолданушылар ұзақ уақыт кезеңі бойы белгілі бір тауар және қызмет көрсетуді жасау үшін қолданылатың минералды шикізаттардың көптеген негізгі түрлері жатады.

▼ Дәстүрлі емес пайдалы қазбаларға өндірісте бұрын қолданылмаған жаңа минералдар түрі жатады. Дәстүрлі пайдалы қазбалардың көпшілігі бұрын дәстүрлі емес болған, оларды экзотикалық шикізатқа жатқызған. Мысалы: Х1Х ғасырда алюминий сирек кездесетін асыл металл болса, уран кені – люминесцирлеуші бояуды өндіру үшін қолдаңған шикізат болған. Жаңа дәстүрлі емес шикізат көзінің пайда болуы өндіріс концентратының жаңа минералын бұрын акцессорлы; жаңа өндіріс минералының парагенетикалық ассоциациясы; әйгілі өндіріс минералындағы жаңа қажетті құрамы ретінде беогілі минералды ашуға әкелді.

Минералды шикізаттың жаңа және дәстүрлі емес түрлерін айналымға тарту – минералды шикізат базасын қайта қарқындандыру үшін басты элемент болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]