Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭБ пәнінен сұрақтар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.94 Кб
Скачать
  1. Минералдық шикізат сапасы.

Минералдық шикізат сапасы оның химиялық, физикалық және техникалық қасиетіне байланысты болды.

Металл, химиялық және агрохимиялық кендер сапасы олардың химиялық және минералогиялық құрамы мен пайдалы компоненттерімен және зиянды қоспаларына байланысты анықталынады. Пайдалы компоненттер негізгі және ілеспе деп екіге бөлінеді. Негізгі пайдалы компоненттер пайдалы қазбаның өнеркәсіптік бағасын көтереді, ал ілеспе пайдалы компоненттер оларды артырады. Минералдық шикізат сапасы жоғарылайды егерде оның құрамында бірнеше пайдалы компоненттер (Cu + Pb + Zn; Au + Bi + U) бар болса. Зиянды қоспалар пайдалы қазбаның сапасын төмендетеді.

Кейбір кендердің зиянды қоспалары:

Темір, марганец - күкірт, фосфор

Бокситтер - кремнезем, күкірт

Алтын - мышьяк

Силикаттар, никелді кені - мыс

Фосфориттер - магний

Пайдалы компоненттер құрамы бойынша бай, қатардағы және кедей рудаға бөлінеді.

Минералдық шикізаттарды сапа бойынша топтастыру.

Пайдалы қазбалар

Бай

қатардағы

кедей

Fe %

50 көп

50-30

30 кем

Cr2O3 %

45 көп

30-45

30 кем

P2O5 %

25 көп

16-25

16 кем

Pb Zh

5 көп

2-5

1-2 кем

Cu Ni

3 көп

1-3

1 кем

Sn (желі.)

5 көп

1-5

1 кем

Sn (штокв.)

0,5 көп

0,2-0,5

0,2 кем

Au (түпкі.)

15 көп

5-15

5 кем

  1. Минералды шикізаттың өлшемдері.

Минералдық шикізат саны оның салмағы мен анықталынады. Жер қойнауындағы минералдық шикізатты игеру мүмкін болады, егерде оның сандық мөлшері кейбір минималды (бекітілген) деңгейлерден артық болған жағдайларда.

Пайдалы қазба қоры дегеніміз жер қойнауындағы минералдық шикізаттардың сапасы жағынан қазіргі өнеркәсіптік талаптарға тұрғылықты сандық мөлшері.

Барлық түпкілікті пайдалы қазба кенорындар қоры (көмір, алтын, мыс және т.б.) кен массасымен анықталынады.

Қордың сандық және сапалық қасиеттері бір бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан кенорынды бағалауда оларды біріктіре қарастырады.

  1. Минералдық шикізаттың кондициясы, оларды негіздеу, бекіту және қолдану.

Кондициялар - минералдық шикізатқа қойылатын өнеркәсіптік талаптар. Олардың негізінде кенорынды немесе оның бөліктерін игерудің экономикалық ұтымдылығы анықталады. Басқаша айтқанда, кондициялар - пайдалы қазбаны өндіру тиімсіз саналатын шекаралық параметрлердің ең төменгі көрсеткіштері. Кондициялар әр кенорын үшін техниканың, технологиялар мен экономиканың қазіргі күйіне, сонымен қатар кенорынның географиялық-экономикалық және кен-геологиялық жағдайларына қатысты есептеледі. Осы айтылған факторлардың кез келегн біреуі өзгерсе, кондициялар қайта қаралады. Кондициялардың құрамы, яғни шекаралык жағдайлар анықталатын көрсеткіштер тізбесі, минераддық шикізаттың түріне байланысты болады, бірақ қандай жағдайда болмасын, талаптардың үш тобы бөлінеді: сапалық, сандық және кен-техникалық жағдайлары. Арнайы тиімді бекітілген кондициялар минералды шикізат қорын геологиялық-экономикалық бағалауда дұрыс нәтижелер береді: Оларды мынадай жағдайларда қолданады.

  1. Барлау жүргізгенде

  2. Қорды есептегенде

  3. Тау-кен өндіру, байыту және қайта өңдеу кәсіпорындарының жобасын құрастырғанда

  4. Кенорынды игергенде

Кондицияларды - техникалық есептеулер негізінде қазіргі дамыған техникалның, өндіру технологиялар мен қайта өңдеу жетістіктерін ескере отырып бекітіледі. Кондиция өзеріп тұрады: өйткені оларға мынадай факторлар әсер етеді:

  1. Минералдық шикізат қорына байланысты

  2. Тұтынушылар сұранысына байланысты

  3. Өндіру және қайта өңдеу технологиялары мен техникаларына байланысты

  4. Кенорынды игерудегі экономикалық және транспорттық жағдайға байланысты

Мысалыға: мыс кенорындарының кондициясы кейінгі 15-20 жылда төмендетілді, бұрын 5-3 болса қазір 0,5-1,0 пайыз болды себебі мысты-порфирлі ірі кенорындардың ашылуына байланысты. Алтын кенорындары 5-8 г/т дан 1-3 г/т дейін төмендетілді, себебі жаңа өндіру, байыту технологияларының пайда болуына байланысты. Жанғыш пайдалы қазбаларда көмір кенорындарына деген кондиция жоғарылады, себебі пайдалы қазбаны жылуэнергетикасы көзі ретінде емес, жанғыш отын ретінде пайдалануымызға байланысты, және оның жылуэнергетикалық орнын жаңадан ашылған мұнай және газ кенорындары айырбастауда. Бірақ құны түсті себебі шикізаттың тасымалдануы кейінгі уақытта құбыр жолдары мен іске асуда, мұндай тасымалдау әдісі транспорттық әдістер ішінде ең арзаны болып есептелінеді.

Металл пайдалы қазбалар мен кен-техникалық, кен-химиялық шикізат кенорындары кондициялары қүрамына кіретіндер: пайдалы компоненттің минимал өнеркәсіптік мөлшері, зиянды қоспалардың рудалы максимал мөлшері, пайдалы қазбаның алынатын минимал қалыңдығы, бос таужыныс кабатшаларының максимал қалыңдығы немесе рудалылық шектік коэффициенті, шектік кен-техникалық және гидрогеологиялық жағдайлары қарастырылады.

Бейметалл пайдалы қазбалар кенорындары үшін кондициялық көрсеткіштер әр түрлі болады, өйткені олар шикізатты пайдаланатын салаларға байланысты тағайындалады. Мысалы, асбест кенорындары үшін кондициялық көрсеткіштерге асбесттің әр сорт бойынша (сорттылық талшықтың ұзындығы мен физикалык-механикалық қасиеттері арқылы анықталады) өнеркәсіптік мөлшері жатады; оптикалық шикізат пен электрооқшаулағыш кенорындарда – пайдалы минералдардың ақаусыз бөлікшелерінің минимал өлшемі мен мұндай бөлікшелердің минимал өнеркәсіптік мөлшері; блоктық тастар кенорындары үшін - болктардың минимал өлшемдері, кондициялық болктардың минимал шығымы, физикалық-механикалық қасеиттері. Металлургиялық шикізатқа қоспалар (флюс пен оттөзімділер) кенорындарда кондициялар химиялық құрамына және физикалық-механикалық қасиеттеріне (желінгіштік, балқу температурасы және т.б.) қойылатын талаптарды және т.б. ескереді.

Көмір кенорындарының негізгі кондициялық көрсеткіштеріне қабаттың минимал жұмыстық қалыңдығы, көмірдің максимал мелшері, ал жекелеген жағдайларда - күкірттің, ылғалдың (жұмыстық отындағы) мөлшері, біріккіштігі және көмір кәсібінің әр түрлі салаларында пайдалану мүмкіндігін анықтайтын басқа параметрі жатады.

Кондицияның негізгі көрсеткіштері және бекіту принциптері

Рудалы және бейрудалы шикізаттардың негізгі кондициялық көрсеткіштеріне мыналар жатады:

- бағалы компоненттің борттық және минималды өнеркәсіптік құрамы;

- минималды метропроцент;

- пайдалы қазба денесінің минималды қалыңдығы;

- шектелген ашылу коэффиценті;

- бос жыныстар қабатшаларының максималды қалыңдығы;

- зиянды қоспалардың максималды құрамы.

Бортық құрамы мөлшерінің өзгеруі – кен денесінің контурына (негізінен кен денесінің қалыңдығына) әсер етеді. Кейде руда мен сыйыстырушы жыныстардың арасында нақтылы шекара орнатылмаса, контурлауды бортық сынамалар құрамы көмегімен жүргіземіз. Егерде руда мен сыйыстырушы жыныстар арасындағы шекара анық байқаласа бортық құрам өнеркәсіптік миниалды құраммен сәйкес келеді. Пайдалы қазбаның қоры және кенорындағы пайдалы компонентің орташа мөлшері өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар игеру және қайта өңдеу көрсеткіштері төмендейді. Осының барлығы кенорынды игерудегі технико-экономикалық көрсеткіштерге әсер етеді. Ең тиімді әдіс кен денесінің бортық мөлшерін контурлағанда ол өнеркәсіптік минимал мөлшерден кем болмауы қажет. Ал кем болса онда кәсіпорын банкротқа ұшырайды.

Минималды өнеркәсіптік мөлшер – 1 тонна пайдалы қазбаны өндіргендегі, байытудағы өзіндік құн мен салыстырылып есептелінеді. Мұндай есептеулер бірнеше формулаларды игеру арқылы іске асады. Кондиция бекіту құзіретті органы – Мемлекеттік қор жөніндегі комиссия. Кондициялар әрбір кенорынға, минералдық шикізатқа, пайдалы қазба мен пайдалы компонентке жоғарыдағы келтірілген факторлар бойынша жеке бекітіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]