Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭБ пәнінен сұрақтар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.94 Кб
Скачать
  1. Дисконт ставкасы, капитал құны. Бағалау критерийлерін анықтауда олардың ролі.

Компаундтау үрдісі бойынша пайыз мөлшері капиталдың құны немесе бағасы деп аталады. Бұл жерде капиталдың құны немесе бағасы деп аталу себебі, қазіргі ақшаның болашақтағы құнын есептеген кезде біз оны көбейтінді ретінде көрсетеміз.

Дисконттау үрдісі бойынша пайыз мөлшері дисконт ставкасы деп аталады.

  1. Жер қойнауы туралы заңнама орындауға арналған нормативтік-құқықтық актілер.

ҚР территориясында іске асырылатын заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілер ҚР конституциясына сай болуы міндетті.

Жер қойнауын пайдаланудағы барлық мәселелер ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану заңы» бойынша шешілуі тиіс. Осы заңнамаға байланысты барлық жұмыстар жер қойнауын мемлекеттік зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және игеруге қатынасы жоқ Жер қойнауында құрылыс салу және оларды қолдану жер қойнауын пайдалану операцияларына жатқызылады. Жоғарыда айтылып кеткендей, пайдалы қазба кенорындарын геолого-экономикалық бағалау геологиялық барлау жұмыстарының негізгі бөліктерерінің бірі болып есептеледі.

Қазіргі кезде ҚР-да «Жер қойнауы және оны қолдану» заңнамаға байланысты Жер қойнауын барлау, пайдалы қазба кенорындарын геолого-экономикалық бағалау, қорларды есептеу, оларды сарамалау салаларындаж жұмыстарды реттеу үшін 30-ға жуық нормативтік-құқықтық актілер қабылданған. Олардың негізгілері мынадай:

  1. Қатты пайдалы қазбалардың қорларын есептеу жөніндегі материалдардың мазмұны, рәсімдерімен қорлар жөніндегі аумақтық комиссияға(ҚЖАК) ұсынылу тәртібі туралы нұсқаулық;

  2. Рудалық ко-дардың сынамалаудың анықталуын негіздеуге қойылатын талаптар;

  3. Мекендейтін орта мен геологиялық ортаны сақтау мақсатында пайдалы қазбалар ко-дарының инженерлік геологиялық және гидрогеологиялық зерттелуіне қойылатын уақытша талаптар;

  4. Қатты пайдалы қазба ко-дарының қорлары мен болжамдық ресурстарының жіктемесі;

  5. Жер асты суларының пайдаланылатын қорлары мен болжамдық ресурстарының сыныптамасы;

  6. Минералды шикізатқа техника-экономикалық негіздеу кондициялары материалдарын құрастыру.

  1. Жер қойнауын зерттеуде қолданылатын негізгі техникалық құралдар.

  1. Жер қойнауын пайдалану контрактісінің(келісім-шарттың) техникалық-экономикалық моделі.

Келісім-шарт - құзыретті орган мен жеке немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасының қолданыста болған заң актілеріне сәйкес жасалған шарт; Келісім-шарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы, геологиялық не тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ;

Минералдық шикізатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тізбесі, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшартта айқындалады;

1) минералдық шикізатты өңдеу - минералдық шикізатты бастапқы өңдеуден кейінгі және минералдық шикізаттан пайдалы қазбаны (пайдалы қазбаларды) бөліп алуға байланысты жұмыстар;

2) модельдік келісімшарт - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, онда келісімшарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктері, жер қойнауын пайдалану жөніндегі жекелеген операциялар түрлерін жүргізу көрсетілетін және келісімшарттар жобаларын әзірлеу кезінде негіз ретінде пайдаланылатын үлгілік келісімшарт;

3) мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейін және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;

4) мұнай-газ құбырлары - мұнай тасымалдауға арналған құбырлар, оның ішінде магистральдық құбырлар, құрастырмалы коллектор режимінде жұмыс істейтін құбырлар, сондай-ақ құбырлар жүйесі не оның жекелеген бөліктері арқылы тасымалданатын заттарды тазарту, айыру және сұйылту жөніндегі жабдықтар мен тетіктер, бақылау және оқшаулау жүйелері, электрлі-химиялық қорғаныс жүйелері мен осындай құбырларға қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдықтар;

5) мұнай-газ құбырларын салу және (немесе) пайдалану - құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңіздерде және өзге де ішкі су айдындарында мұнай-газ құбырларын салу, тарту және пайдалану мақсатында жүргізілетін кез келген жұмыстар (операциялар);

6) мұнайдағы ілеспе компоненттер - мұнайдың және қабаттық судың құрамындағы, технологиялық бөліп алуды талап ететін пайдалы қазбалар мен әртүрлі қосындылар;

7) мұнай операциялары - мұнайды барлау, өндіру, қажетті технологиялық және ілеспе объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;

8) негізгі пайдалы қазба - кен орнының өндірістік маңызын айқындайтын, бастапқы шикізаттың неғұрлым көп құрамды немесе кен орны өнімінде неғұрлым жоғары үлеске ие және кен орны өнімін пайдаланудың негізгі бағытын айқындайтын пайдалы қазба;

9) оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгілейтін, келісімшартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның іс-әрекеті үшін жер қойнауын пайдаланушылар мүліктік жауапкершілікте болады;

  1. Жобаларды экономикалық бағалауда ақша ағындардың динамикалық көрсеткіштері.

Таза табыс = В – К – Э – Н + А

Таза дисконтталған қаржы =

Пайданың ішкі нормасы ПІН =

Күрделі қаржының қайтып келу мерзімі КҚ ҚҰМ =

  1. Жобаны экономикалық бағалауда ақша ағындардың статикалық көрсеткіштері.

Жылдық экономикалық тиімділігі Э = В – С*Q

Залалсыздық нүктесі P*Q = F + V*Q

Күрделі қаржылардың экономикалық тиімділігі КҚЭТ =

Инвест жобаның өтімділігі КҚ ҚҰМ =

  1. Инвестициялардың залалсыздық нүктесі – бағалау критерийдің анықтау әдістемесі.

  1. Инвестициялардың коммерциялық тиімділігін бағалау әдістемелері.

Капиталдың нысаны – қарыз капиталы болып табылады. Инвестициялық ресурстардың негізгі көздерін капитал құрайды. Заттық нысанда капитал өндіріс құралдары болса, заттай емес нысанда – инвестиция.

Инвестиция, латын тілінен аударғанда «салу» дегенді білдіреді. Инвестиция деп табыс алу, меншікті капитал молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашлық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражатты айтады.

Инвестициялық саясат – күрделі жұмсалымдарды экономикалық өрістерімен салаларында пайдалану бағытын айқындайтын халық шаруашлығы шешімінің жиынтығы. Қазіргі инвестиция саясатының басты міндеттері – ресурстарды өндіруші, әңдеуші және тұтынушы салаларға курделі қаржы жұмсалымы арасындағы ара салмақты көбейту; ҒТП-ті қамтамасыз ететін инвестицияларды қайта бөлу; әлеуметтік даму тағы басқа жұмсалатын қаржының үлесін арттыру.

Инвестор – салымшы; пайда табу мақсатымен ел ішінде немесе шет елдерде белгілі бір кәсіпорынға инвестиция жасаушы, күрделі қаржы жұмсаушы адам.

Халықаралық тәжірбиеде жобаларды негіздеу үшін бірнеше жалпылама көрсеткіштері қолданылады. Олар күрделі салым тиімділігінің шешімдерін даярлауға мүмкіндік береді.

Таз ағымдағы құн (ТАҚ)

Пайданың ішкі нормасы (ПІН)

Күрделі қаржылардың қайтып келу мерзімі

Инвестицияның экономикалық тиімділігі

Залалсыздық нүкте (ЗН)

Инвестициялық жоба – жоба, негізгі мақсаты болып – жүйенің дамуын қамтамасыз ететін негізгі қорды құру немесе қайта құру, жаңа технологияларды қолдану, ноуөхау және басқа да жаңалықтарды енгізу.

Инвестициялық ұсыныс – инвестициялық жобаның мақсатын, оған жету жолдарын көрсететін және инвест жобаны одан әрі әзірлеу үшін оны алдын ала іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін инвест жобаның тұжырымдамасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]