
- •Ақша ағындардың уақытша құнының теориясы – дисконттау және компаундтау үрдісі.
- •Амортизация мен күрделі қаржының байланысы. Экономикалық бағалауда олардың ролі.
- •Барлау мәліметтерін игеру қорытындысымен салыстыру және олардың айырмашылығының себебін талдау.
- •Барлау тау-кен үңгімелері.
- •Барлаудың техникалық құралдары.
- •Болашақтағы ақшаның қазіргі құны. Анықтау әдістемесі.
- •Болжамдық ресурстар категориясы.
- •Бұрғылау ұңғымалары.
- •Геологиялық зерттеу жұмыстарының кезеңдері мен сатылары.
- •Геологиялық құжаттарды сараптамалау(экспертиза).
- •Дисконт ставкасы, капитал құны. Бағалау критерийлерін анықтауда олардың ролі.
- •Жер қойнауы туралы заңнама орындауға арналған нормативтік-құқықтық актілер.
- •Жер қойнауын зерттеуде қолданылатын негізгі техникалық құралдар.
- •Жер қойнауын пайдалану контрактісінің(келісім-шарттың) техникалық-экономикалық моделі.
- •Инвестициялық жобаның өтеу мерзімін немесе кқ қайтып келу уақыт мерзімін бағалау критерийді анықтау әдістемесі. Дисконтталған және дисконтталмаған ағындар бойынша.
- •Кенорындарды барлау мәліметтерін игеру қорытындыларымен салыстыру.
- •Кенорындарды барлау процесіндегі геофизикалық әдістері.
- •Кенорынды геологиялық зерттеу, бағалау және барлауда қолданылатын техникалық құралдар.
- •Кенорынды геолого-экономикалық бағалаудың негізгі факторлары.
- •Кенорынды пайдаланудан түсетін табыстарды бағалау.
- •Кенорынның өнеркәсіптік бағалаудың негізгі факторлары.
- •Кондицияның негізгі көрсеткіштері және бекіту принциптері.
- •Күрделі қаржылардың экономикалық тиімділік бағалау критерийді анықтау әдістемесі.
- •Күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағындары – есептеу әдісі.
- •Тауарлық түсім * 0,12
- •Сальдо –жт-тт
- •Матрицада талдануға кететін ақша ағындары. Олардың ерекшеліктері және экономикалық бағалаудағы рөлі.
- •Минералдық шикізат сапасы.
- •Минералды шикізаттың өлшемдері.
- •Минералдық шикізаттың кондициясы, оларды негіздеу, бекіту және қолдану.
- •Нәтиже мен тиімділік. Айырмашылығы мен ерекшеліктері және анықтау жолдары.
- •Пайдалы қазба кенорындарын бағалаудың принциптері.
- •Пайдалы қазба кенорындарын геолого-экономикалық бағалаудың жетекші материалдары.
- •Пайдалы қазба қасиеттерінің ауытқуын бағалау.
- •Пайдалы қазба қорларының жіктемесі.
- •Пқ кенорынды әзірлеу мен игеруге енгізілген инвестициялардың тиімділігін анықтауда және экономикалық бағалауда сақталатын негізгі ережелер.
- •Тақ және тдқ бағалау критерийлерді анықтау әдістемесі.
- •Инвест жоба тиімділігін негізгі критерийлер арқылы талдау және бағалау
- •Экономика және тау өндірісінің тауарлық өнімдері.
- •Экономикалық бағалауда қолданылатын табыс пен түсімнің түрлері және оларды анықтау жолдары.
- •Эксплуатация мен кәсіпорын құруға кететін шығындарды бағалау.
Барлаудың техникалық құралдары.
Пайдалы қазба кенорындарын зерттеулер, нысана ретінде өнеркәсіптік қолдануға бағытталынған негізгі мәселелерді шешеді.
Барлаудың техникалық құралдары. Барлау мәселелері техникалық құралдар көмегімен шешіледі. Барлау техникалық құралдары үш топқа бөлінеді: барлау кен үңгімелері, барлау бұрғылау ұңғымалары және геофизикалык жұмыстар.
Қазбалардың түрлері мен сипаты бойынша жіктеледі және төмендегі мәселелерді шешеді:
Барлау жұмысы кезінде еңбек шығыны, материалдық қаржы, уақыт шығыны көбінесе тау-кен жұмысын жүргізуге немесе бұрғылау жұмыстарын жүргізуге кетеді. Бірақ олар барлау жұмыстарының міндеттерін шешуде толық немесе дәл ақпарат бере алады. Сондықтан жұмыс түрін таңдар алдында жақсылап ойлана негіздей отырып, қанша бұрғылау жүргізетіндігі, оның тереңдігі және орны анықталуы керек. Барлау жүйесі деп біз барлық жұмыстар түрінің міндеттерін шешетін барлау қазбаның саны, түрі, тереңдігі кеңістікте орналасуы; қазбалардың жүргізілу реті, оны жүргізуге кететін шығын мен уақыт шығынын үнемдеу деп түсінеміз. Осыдан барып барлау жұмысының жүйесінде жеке элементтерді бөлуге болады.
Барлау қазбалары (олардың түрлері мен сипаттамасы);
Қазбаларды орналастыру реті (барлау торының пішіні);
Барлау торының тығыздығы.
Барлау жүйесінің элементінен кешенді қарастыру керек. Барлау жұмыстарының жүйесін тиімді таңдау көп факторларға байланысты. Кенорындардың геологиялық көрсеткіштері өзгермелі болған жағдайда барлау торы тығыз болуы; қазбаның күрделі түрін пайдалану қажет болады. Көптеген кенорындар үшін жетекші фактор олардың құрылымы. Құрылым ерекшеліктеріне байланысты барлау жүйесі таңдалады. Басқа жағдайда мұндай факторларға кенденелерінің тереңде жатуы, ал өте күрделі кенорын үшін жетекші фактор пайдалы қазбаның құндылығы болып табылады. Бұл жағдайда барлау жүйесін таңдау сынаманың қажетті тығыздығы мен типіне байланысты болады. Барлау тығыздығын таңдау кезінде жетекші факторды анықтаудан басқа, жалпы жағдайды да ескеру керек.
1) Егер корреляциялық белгілер байқалса, мысалы, кен денесі қалыңдығы мен пайдалы қазба немесе пайдалы компонент сапасының заңды байланысы байқалса, онда мұндай корреляциялық байланысты барлау торын қарапайымдауға пайдаланады;
2) Жетекші барлау факторы сипатының кенорын бойынша немесе оның бір бөлігінде, тіпті кен денесінде, сонымен қатар қанаттарында, тереңдігінде, тектоникалық зоналарда және т.б. өзгерген жағдайында барлау жүйесін өзгертуге тура келеді. Барлаудың негізгі тектоникалық құралдарына тау-кен қазбалары, бұрғы ұңғымалары жатады. Сонымен қатар іздеу барлау қазбаларын жүргізбей-ақ жердің терең бөлігінде құрылымы мен құрамы жөнінде мәлімет беретін геофизикалық бақылауларда пайдаланады. Оған пайдалы қазбаның химиялық, минералогиялық құрамын, құрылысын зерттейтін ақпараттар жатады.
Болашақтағы ақшаның қазіргі құны. Анықтау әдістемесі.
Болашақтағы ақшаның қазіргі құнын анықтау үрдісі дисконттау(түсіру, төмендету, жеңілдету) деп аталады. Дисконттау үрдісі бойынша пайыз мөлшері дисконт ставкасы деп аталады.