Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭБ пәнінен сұрақтар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.94 Кб
Скачать

ГЭБ пәнінен сұрақтар

  1. Ақша ағындардың уақытша құнының теориясы – дисконттау және компаундтау үрдісі.

Қазіргі ақшаның болашақтағы құнын анықтау үрдісі компаундтау(жинақтау, жоғарылату) деп аталады. Компаундтау үрдісі бойынша пайыз мөлшері капиталдың құны немесе бағасы деп аталады.Қазіргі ақшаның болашақтағы құнын анықтау:

FV0 = PV0*(1+i)n

Болашақтағы ақшаның қазіргі құнын анықтау үрдісі дисконттау(түсіру, төмендету, жеңілдету) деп аталады. Дисконттау үрдісі бойынша пайыз мөлшері дисконт ставкасы деп аталады.

  1. Амортизация мен күрделі қаржының байланысы. Экономикалық бағалауда олардың ролі.

Амортизация – негізгі қорлардың тозуына себепті, оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, кешеннің негізгі объектілеріне байланысты құрал-жабдықтардың баланстық құнын есептейді. Амортизация өтеу деген мағынаны білдіреді. Ескірген машиналар мен құрал-жабдықтарды жаңартуға немесе қалпына келтіруге көмектеседі. Амортизация бір қалыпты өткізіледі, сондықтан жыл сайын төленетін амортизациялық төлемдер мөлшері негізгі қорлардың құнына және қызмет ету мерзіміне байланысты болады. Амортизацияны есептеу үшін өндірістік шығындардан 62%-ды шегереміз.

Амортизация = Өндірістік шығын * 62%

Күрделі қаржылар – кейіннен пайда, табыс алу немесе әлеуметтік нәтижеге қол жеткізу мақсатымен экономиканың объектілеріне жұмсалатын мүліктік құндылықтардың барлық түрлері.

  1. Барлау мәліметтерін игеру қорытындысымен салыстыру және олардың айырмашылығының себебін талдау.

Кенорындарды барлау міндеттерін игеру қорытындыларымен салыстыру жұмыстары міндетті түрде осы мәселелер жөніндегі арнайы қабылданған нүсқаулар(нормативтік-құқықтық актілер) талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

Кенорындарды барлау мәліметтерін игеру қорытындыларымен салыстыру жұмыстары келесі мақсаттар үшін жасалады – олардың арасындағы айырмашылықтарды жою мәселелерін шешу.

Егер барлау мәліметтері игеру кезінде дәлденген болса, салыстыру жүргізу жұмысын тек кенорынның бір өкілетті бөлігінде ғана жүргізуге болады.

Салыстыру жұмыстары бүкіл кенорынды, кен денесі және қор есептеу блоктары бойынша, әрбір категориялы қорлар бойынша жүргізілуі тиіс.

  1. Барлау тау-кен үңгімелері.

Барлау тау-кен үңгімелері ең толық және ақиқат ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Өйткені олар зерттеушіге пайдалы қазбаны тікелей көруге мүмкіндік береді, сондықтан зертгеулер максимал көлемде жүргізілуі мүмкін, ал қажет болған жағдайда қайта жүргізуге де болады. Сонымен қатар, кен үңгімелерін кез келген бағытта жалғастыра беру мүмкіндігі де бар. Барлау мақсатында жер беті және жер асты кен үңгімелері пайдаланылады. Жер беті үңгімелері: тазартпа, шұңқыр, ор, шурф пен ұралар. Жер асты кен үңгімелері: шахта, квершлаг, штрек, орт, өрлеме, ылдилама, оқпан мен штольнялар.

Тау-кен үңгімелерін барлау құралдары ретінде пайдалану мынадай жағдайларды шешу үшін жүргізілуі қажет:

- тау-кен үңгімелерін орнату, жете геологиялық барлау мәліметтерінің сүйене отырып орнатылуы немесе барлау бұрғылау мәліметтеріне байланысты болуы қажет.

- тау-кен үңгімелерін жүргізгенде келешекте оларды кенорынды игруде, пайдалана алатын мақсатта орнатылуы тиіс;

- тау-кен үңгімелерін жүргізгенде оның көбісі пайдалы қазба кен денесінің үстімен өткені дұрыс, өйткені ол сынамалау жұмыстарын жүргізуге тиімді деп саналады.

Барлау геологиялық қималары кенорынның пішінін, ішкі құрылысы мен жатыс жағдайларын анықтаудың негізгі тәсілі болып табылады. Қималар.тік және көябеу болуы мүмкін, сондықтан қималар әдісінің үш түрлесі бөлінеді: тік қималар, көлбеу қималар және тік пен көлбеу қималардың бірлесуі.

Соңғы жылдары пайдалы қазба кенорнының морфологиялық ерекшеліктерін таңдаудың және бір әдісі - кенорындарды компьютер көмегімен геометриялау дербес мәнге ие болуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]