- •Берілген есепте ауруды табыңыз. Ауруға анықтама беріңіз. Ауру нышандарын көрсетіңіз.
- •15 Минуттан кейін клиникалық көрінісі берілген жағдайдың қай сатысына сәйкес келеді? Осы сатының даму патогенезін түсіндіріңіз.
- •Патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.
- •Жүрек жеткіліксіздігі
- •Бауыр зақымдануы
- •Есеп № 24.
- •Есеп 25.
- •Патогенездік емдеу тәсілдерін негіздеңіз.
- •Есеп № 27.
- •Есеп № 28
- •Есеп № 29
- •Есеп 30.
- •Есеп 31.
- •Есеп 32
- •Есеп 33.
- •Есеп № 35.
- •Есеп № 36.
- •Есеп № 37.
- •Есеп № 38.
- •Есеп № 39
- •Есеп № 40
- •Есеп № 41
- •Есеп № 42
- •Патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз.
- •Есеп № 43
- •Есеп № 44.
- •Есеп №45.
- •Есеп №46.
- •Есеп №47.
- •Есеп №48.
- •Есеп №49.
- •Есеп №50.
- •Есеп №53.
- •Есеп №54.
- •Есеп №55.
- •Есеп №56.
- •Есеп №57.
- •Есеп №58.
Есеп № 35.
Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.
-
Шеткері қанайналымының қандай бұзылыстары туралы айтылған?
Веналық гиперемия.
-
Берілген бұзылыстың негізгі тізбегін көрсетіңіз.
Жүрек ақауы веналық қанды сору қызметінің әлсіреуі веналық гиперемия ісіну арт-қ қанның азаюы гипоксия жергілікті Т-ң төмендеуі жылдамдықтың баяулауы оттектің толық пай-уы цианоз.
-
Шеткері қанайналымының бұл бұзылысында гипоксияның қай түрі дамиды?
Қанайналымдық гипоксия.
-
Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
Веналық іркілу қ.т.қабырғасының өткізгіштігі артуы ісіну.
Арт-қ қанның азаюы гипоксия жылу өндірілу бұзылысы жергілікті Т-ң төмендеуі.
Жергілікті жылдамдықтың төмендеуі оттектің толық пай-уы веналық қанда окси-Нв-ң азаюы цианоз.
Есеп № 36.
56 жастағы ер адам емханадағы қабылдауда тез уақытта шаршау және жүргенде балтыр бұлшықеті ауыруына, тоқтағанннан кейін – «ауық-ауық ақсау» симптомына, аяқтарының мұздайтындығына, ұйып қалуына, «жыбырлайтындығына» және тыныштықта шаншуына (парестезиялар) шағымданды. Жас кезінен және көп мөлшерде шылым шегеді, мамандығы ұзақ мұздау кезеңдерімен байланысты (күз-қыс мерзімдерінде даладағы жұмыс). Қарау барысында: табаны бозарған, терісі құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш; екі аяқтың табанының сыртқы және балтырының артқы артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Алдын ала диагнозы: «Бітелістік эндоартериит».
-
Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?
Ишемия.
-
Берілген бұзылыстың негізгі тізбегін көрсетіңіз.
Суық темп-а әсерінен қ.т.-ң спазмы шылым уы оның қабырғасын зақымдауы қабынуы қылтамырлардың спазмы қан көл-ң азаюы қ.т.ішілік қысымның төмендеуі жылдамдықтың азаюы гипоксия,дистрофия мет.ацидоз инфракт
-
Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
Терісі құрғақ, тырнағы сынғыш – қанмен қам-сыз етілуінің бұзылысы, тіндік сұйықтықтың азаюы
Суық темп-а мен шылым уының ұзақ әсірінен қ.т. созылмалы қабыну үрдісі болады, ол саңылаудың бітелуімен көрінеді. Сон-тан пульс сезілмейді.
Қалған симптомдар жоғарыда көрсетілген.
-
Науқастағы қанайналым бұзылыстарының мүмкін болатын жағымсыз әсерлері қандай?
Қ.т. саңылауының толық бітелуінен қабыну үрдісі өршуі мүмкін, инфаркт болып, гангрена дамуы мүмкін, гангрена емі – ампутация.
Есеп № 37.
Науқас К, 43 жаста, оң жақ бұғанаасты венасын катетерлеген соң тромбоз дамыды.
-
Тромбоз дегеніміз не?
Тромбоз – тіршілік кезінде тамыр ішінде қан жасушаларынан тұратын қатпарлардың пайда болуы.
-
Науқаста тромбоз дамуына әкелетін жайттарды атаңыз.
Тамыр қабырғасының тұтастығының бұзылуы, тромбоциттердің адгезия-агрегациялық белсенділігінің артуы, ұюға қарсы жүйенің инактивациясы, қан ұю факторларының әсерленуі, фибринолиздің тежелуі, қан ағымының баяулауы.
-
Бұғанасты венасының тромбозын сипаттайтын симптомдарды көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Қолда веналық гиперемия бай-ды, ісіну, жергілікті Т-ң түсуі болады. Жүректің қан лақтырымы азайып ишемияға алып келеді. Өлімге алып келетін жайт – тромбтың венадан үзіліп кіші қ.а.ж.-не түсіп, өкпе капиллярларында тұрып қалуы, өкпе капиллярларының спазмы, рефлексті түрде жүректің коронарлы қ.т. спазмы – пульмокоронарлы рефлекс, ол өлімге алып келеді.
-
Вена тромбозының салдарын көрсетіңіз.
Вена тромбозының салдары – веналық гиперемия, өкпе капиллярларының тромбозы, тромбтың тек ү.қ.а.ж.-де айналып жүруі, осы жерде капиллярда тұрып қалуынан ағзаның инфаркты.