Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз есептер отв.docx
Скачиваний:
92
Добавлен:
09.04.2020
Размер:
128.27 Кб
Скачать

Есеп №47.

Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин кейін мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозу, басының қатты ауырғаны, терісінің қышынуы, бетінің қызаруы, тершеңдік байқалды; АҚ — 180/90 мм сын.бағ., тамыр соғысы 120 рет. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберіп, төсекке жатуын ұсынды. 20 минуттан соң науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен күшейген тұншығу сезімі, есінің жоғалуы, тырыспа-селкілдек байқалды, АҚ — 75/55 мм с.б. бірден төмендеді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

  1. Науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай дамыды?

Аллергия – анафилаксиялық түрі.

  1. Осы дерттік жағдайдың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.

Этиологиясы – аллерген – антибиотик.

Патогенезі : аллерген мен макрофагтың қосылуы, одан Тх2 жас-алр акти-п, В-жас-ды плазмоцитттерге айналдыру, IgЕ мен IgG4 түзілуі, оның аллергенмен қайта бай-сы, лаброциттер(тін базофиль-ң) дегрануляциясы, гистамин, гепарин, эозинофилдер мен нейтрофиль-ң хемотаксис факторы, фосфолипидтерден простогландин, лейкотриендердің син-і, осыдан тамыр соғысы жиілейді, әлсіз болады, бронхоспазм болады, жөтел, ОЖЖ бұзылысы, естен тану, теріде бөртпе, ісіну, ринит, конъюктивит, гиперсаливация(сілекей), шеткері қан тамыры кеңейеді, өткізгіштігі артады, АҚ төмендеп кетеді, маңызды орталықтар(тыныс, жүрек-қ.т.) тежелуден өлім болуы мүмкін.

  1. Туындаған жағдай науқастың өміріне қауіпті ме?

Тыныс, жүрек-қ.т. орт-ң тежелуінен, тыныс алу жол-ң тегіс б.е. спазмынан, тұншығудан өліп кету мүмкін.

  1. Бұл жағдайдың патогенездік емдеу ұстанымын түсіндіріңіз.

Аллергеннің енгізілуін тоқтату, бөлмеде ауаның жоғары мөлшерін қам-сыз ету, аллергеннің орнына адреналин енгізу, тегіс салалы б.е.-ң спазмын, гиперсаливацияны тоқтату үшін холиноблокаторларды енгізу(М – атропин ж/е оның туындылары).

Есеп №48.

Манго сусынын ішкен 7 жасар балада 40 мин соң жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну тез дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әпкесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.

  1. Науқаста қабынулық ісіну дамыды деп ойлауға бола ма? Егер жоқ болса, ісіну дамуы неге байланысты, және ол қалай аталады? Жоқ, атопиялық ауру дамыған(квинке ісінуі). Атопилық ауруларға тұқымқуалаушылық бейімділік тән. Әпкесінде бронх демікпесінің ұстамалры бар болса, ол інісінде де бар, тек оның дамуы үшін өолайлы жағдай керек. Манго сусыны осы қолайлы жағдай ж/е аллерген болып тұр.

  2. Осы дерттің патогенезін құрастырыңыз.

Патогенезі алдындағы аурудағыдай, бірақ бұл жерде тек IgЕ-ң син-і жүреді, содан симптомдар дамиды, парасимпатикалық жүйке жүйесі қозады, қанда эозмнофильдер көбейіп, олар шырышты қабаттарда жиналады, лаброциттер мен базолфильдер ешқандай түрткісіз-ақ түйіршіксіздене алады.

  1. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Қызару мен ісіну – гистамин мен гепарин қ.т. өткізгіштігін арттырады, сұйық бөлігі тінге өтеді, содан ісіну, қызару болады.

  1. Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?

Гиперсаливацияның, ісінудің әсерінен жоғары тыныс жолы бітеліп жан тапсыруы мүмкін.