Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.3 Mб
Скачать

139.Саңырауқұлақтар.Аскомециттер класы саң.На жалпы сип.

Саңырауқұлақтар микроағзалар ішіндегі ең үлкен топ. Олар төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, жасушасында хлорофилл болмайды, дайын органикалық заттармен қоректенеді. Саңырау құлақтар аэробты ағзалар. Сондықтан олар қоректік заттардың бетінде колония құрып тіршілік етеді.

Сыртқы орта жағдайларына саңырау құлақтар төзімді ағзалар. Төменгі температура, тұздың едәуір концентрациясы және ортаның қышқылдығы аса әсер ете қоймайды. Сондықтан саңырауқұлақтар іс жүзінде барлық жерлерде кездеседі (сурет 6).

Саңырауқұлақтардың құрылысы. Саңырауқұлақтардың денесі өте нәзік жіпшелерден, яғни гифтерден тұрады. Бұл гифтердің өз ара шатасып орналасуынан барып мицелий пайда болады. Кейбір саңырауқұлақтардың денесі жіптерден құралмайды. Мұндай саңырауқұлақтардың басым көпшілігі өсімдіктер ауруларын қоздырады. Мәселен, бұларға картоптың рак аурын қоздыратын саңрауқұлақтар жатады. Саңырауқұлақтар бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлнеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтың бұтақталған мицелийі бір ғана жасушадан тұрады. Ал көп жасушалы саңырауқұлақтардың гифінде аралық перделер бар.

Жалпы саңырауқұлақтар жасушаларының құрылысы басқа ағзалардың жасушаларына ұқсас. Жасушалары сыртқы қабықтан, цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан тұрады. Қабық құрамында клетчатка, пектин және азот тектес заттар бар. Цитоплазмада әр түрлі заттармен бірге вакуоля да бар. Қор заттары ретінде жасушада көмірсулар және май заттары кездеседі.

Сурет 6 – Саңырауқұлақтар морфологиясы

1 – Қырыққабат тамырлары ұлпаларындағы Olpidium brassicae, 2 - Claviceps purpurea, 3 - Sphaerostilbe, 4 - Mucor: 4a — спорангиеспоралары бар мицелий,4б — көбеюдің кезеңі, 5 — Monoblepharis: 5a — зооспорангий, 5б — зооспоралар, 6a, 6б, 6в — аскогенді гифалардан қалталардың дамуы, 7 — Eremascus fertilis, қалталардың дамуы, 8 - Podospora,қалталы перитецийдің кесіндісі, 9 - Tremella, фрагмобазидия и базидиоспоралар, 10 - Exobasidium, мицелий, базидия және базидиоспоралар, 11 - Puccinia graminis, телейтоспораның өсуі.

Аскомициттер. Бұлардың көп жасушалы мицелийлері бар.Конидий арқылы көбейеді, жынысты жолмен көбейгенде аскоспоралар түзеді. Бұл кластың 20 мыңнан астам түрі белгілі.Олардың көпшілігі мәдени өсімдіктерді және трлі тағамдарды бүлдіреді. Кейбір аскомициттер техникалық мақсатта қолданылады.

Аскомициттерге аспергиллус, пеницилум, склеротиния т. б. жатады. Ашытқы саңырауқұлақтары да осы кластың өкілі. Бірақ олардың ерекше техникалық маңызы болғандықтан біз оларды жеке қарастырамыз