Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.3 Mб
Скачать

109.Микроағзаларға әсер ететін факторлар.Биологилық факторлардың әсері

Микроағзалардың қарқындап кебеюі өзі тіршілік ететін ортасына тығыз байланысты. Микроағзалардың осы қасиеттері негізінде оларға әсер етіп белгілі бір пайдалы жағын дамытуға, зиянды жағын жоюға мүмкіндік болады. Микроағзаларға әсер ететін жағдайлар (факторлар) үш топқа жіктеледі, олар: физикалық, химиялық және биологиялык факторлар.

Микроағзаларға биологиялық факторлардың әсері. Табиғат жағдайыңда микроағзалар тек ортаға әсер етіп қоймай ортамен өзара белгілі бір қарым-қатынаста болады. Кейде бір микроб екінші микробтың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай қүбылысты симбиоз деп атайды. Кейде осы құбылыс микроағзалар үшін қажет те. Мәселен, май кышкылы ашу процесін қоздырушы анаэробты микроб — клострядиум пастеурианум аэробты бактериялармен өте жақсы симбиозда болады. Аэробты микроағзалар мұңда ортадағы оттегін қабылдайды және анаэробты микроағзалардың тіршілігі нәтижесінде пайда болған зиянды заттарды ыдыратуға көмектеседі. Сөйтіп, олардың дамуьна қолайлы жағдай туғызады.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнек бактериялары көміртекті және минералдық заттармен қоректендірсе, олар ауадан азотты сіңіре отырып, өсімдіктерді азотпен камтамасыз етеді. Осындай жағдайды біз осімдіктер мен саңырауқұлақтар арасынан кездестіреміз. Мұны микориза деп атайды.

Табиғатта микроағзалардың бір тобы екінші тобына қорғаныш болу арқылы тіршілік етеді. Бұған көптеген сап­рофит микроағзалардың, жануарлар мен адамдардың ішектерінде (ішек таяқшасы) және терісінің сыртында (коккобактериялар) тіршілік ететіні мысал бола алады. Осындай тіршілік иесін комменсализм деп атайды.

Табиғатта кейде микроағзаның бір түрі өздерінің тіршілігі барысьнда микроағзаның екінші түрінің дамуына аса қолайлы жағдай жасайды. Мәселен, көптеген сапрофит микроағзалар ақуызды пептонға, амин қышқылдарына және басқа жай қосылыстарға ажыратады.

Бұл заттарды нитрлендіруші бактериялар пайдалана отырып, азот қышқыл аммоний тұздарына айналдырады. Бүл өсімдіктер үшін өте қажетті қоректік зат болып табылады. Дәл осыңдай құбылыс азотобактер мен клетчатка ыдыратушы микроағзалар арасында да болады. Азото­бактер ауадағы атмосфера азотын байланыстыру үшін азотсыз органикалық заттарды кажет етеді. Ал олар клетчатканы ыдырата алмайды. Клетчатка ыдыратушы бакте­риялар клетчаткадан түрлі органикалық қышқылдар түзеді. Азотобактер бұл қышқылдарды одан әрі тотықтыра отырып, өз денесіне азот жинайды. Осымен бірге клетчат­ка ыдыратушы микроағзалардың одан әрі тіршілік ете беруіне қолайлы жағдай жасайды. Міне, мұны метабиоздың қарым-қатнасы немесе тіршіліктің мұндай түрін муту­ализм деп атайды.

Микробтың бір немесе бірнеше түрлерінің ынтымақтасып тіршілік етуін синергизм деп атайды. Бұган азо­тобактер мен Вас. mycoides микробтарыньң бірлесіп, өсімдік тіршілігіне кажетті өсуін жеделдетуші заттарды түзуі мысал бола алады: азотобактер жеке өзі тіршілік еткенде қоректіқ ортада 173 мт-ға дейін гетероауксин түзсе, Вас. mycoides пен біріккенде оның мөлшері —220 мг-ға жетеді.

Кейбір жағдайда микробтардың бір тобының тіршілік әрекеті барысында пайда болған заттар екінші тобына қолайсыз әсер етеді, кейде оларды қырып та жібереді. Мұндай қүбылысты антагонизм деп атайды. Анагонизм құбылысын 1887 жылы Л. Пастер ашқан болатын. Ол мұндай құбылысты толалаң таяқтасы мен шіріту бактериялары арасынан байқады. XIX ғасырдың аяғьнда атақты орыс ғалымы И. И. Мечников сүт қышқылы бактериялары мен шіріту бактерияларының арасында осындай құбылыстың болатыньн тапты. Сондықтан ол сүт қышқылы бакте­риялары қатысуымен жасалатын сүт тағамдарын тұрмыста кеңінен қолдануды насихаттады.

Антагонизм баска бактериялардың арасында да кездеседі. Мұны биология тұрғысынан қарағанда, табиғаттағы сұрыптау процесін реттеуді факторлардың біреуі деп қарауға болады. Антагонизм құблысын зерттеу барысында көптеген бактерияларды жойып жіберетін заттар алынды. Оларды антибиотиктер (гректің "анти"— қарсы, биос"— тіршілік деген сөзінен шыққан, яғни тіршілікке, өмірге карсы заттар) деп атайды. Антибиотиктерді көптеген актиномицеттер, бактериялар және саңырауқұлақтар да бөледі. Антибиотиктердің микробтардың тіршілігін тежейтін әрекеті бар. Бүл жағдайда олар бактериостатикалык әсер етеді, кейде антибиотиктер микробтарды қырып жібереді. Оны бактерицидтік әсер деп атайды.

Антибиотиктер әр қайсысы жеке микробтарга ғана әсер етеді. Бактерияларға қарсы антибиотиктер ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға әсер ете алмайды. Бірақ мұндай антибиотиктер керек.