Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.3 Mб
Скачать

87) Прокариоттардағы генетикалық рекомбинациялар, прокариоттардағы трансдукция процесі.

88) сүрлемдер. Сүрлемдерді дайындау әдісі. Сүрлемдердің ауылшаруашылығындағы маңызы. Сүрлем - ауа жібермей консервілеу арқылы дайындалатын ұзақ сақтау үшін ашытылған шырынды жемшөп. Сүрлемге салынатын балауса түріне қарай жүгері, күнбағыс, сұлы, сиыр жоңышқа сүрлемі деп бөлінеді. Сүрлемдерді дайындаудың 2 түрі бар: салқын,ыстық. Салқын әдіспен жемшөпті сүрлеген кездегі ондағы температура 30 35%тен аспайды. Ол үшін көп шөпті шауып турап тез арада сүрленген қоймасындағы алдын ала дайындалған транцеяларға салып нығыздайды. Үстінен ауа өткізбейтіндей етіп пленкамен құлттап қояды. Сонда сүрлемдерден аз уақыттың ішінде органикалық қышқылдардан сүт қышқылы түзіледі. Ыстық әдіспен сүрлемдерді дайындағанда танцеяларда бірден азықтармен толтырылмайды. 1) жемшөпті қалыңдығы 1,5м етіп салады. 1-2 кун бойы шөпті нығыздамайды. Нығыздалмаған жемшөп өздігінен қыза бастайды. Температура 40-45 °С-қа дейін көтеріледі. Осы кезде трансеяға қалыңдығы бастапқы қалыңдықпен сәйкестендіріп жемшөпті жо ғарғы қабаттағы шөп салмағының әсерінен төменгі қабаттағы ыстық ауа жоғарыға көтеріліп жоғары қабаттағы шөпті қыздырады. Бұл сүрлемдерді дайындаудың қабатты және қатпарлы әдісі. Жақсы дайындалған сүрлемнің түсі ашық қоңыр сарғыш болып келеді. Ал қатты күйіп кеткен сүрлемдердің түсі қара қоңыр түсті болады.

89) биопрепараттар. Биопрепараттарды өңдірудің сызбанұсқасы. Сұйық түріндегі биопрепараттарды өндірудің сызбанұсқасын түсіндір. . Биопрепараттар – адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі аураларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б.биологиялық активті заттар жатады.

90) микробиологияның бөлімдері: микроағзалардың мекен ету ортасына қарай (су, топырақ, аэромикробиология).Микробиология бөлімдері. Халық шаруашылығының түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым: жалпы микробиология, техникалық немесе өндірістік микробиология, тағамдық микробиология, ауылшаруашылық микробиология, геологиялық микробиология, санитариялық микробиология, медициналық микробиология, эпидеминология, мал дәрігерлік миробиология және вирусология сияқты түрлі ғылым салаларына бөлінеді. Жалпы микробиология – микроорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығына, дамуы мен тіршілік етуінің негізгі заңдылықтарына жалпы сипаттама береді, олардың табиғатта зат алмасу процесіндегі ролін және оны адам игілігіне қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді.Техникалық немесе өндірістік микробиология – микроптардың тіршілік нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам үшін ең қажеттілерін іс-жүзінде өндірудің ғылыми негіздерін жасайды, оларды көптеп өндірудің технологиялық жағынан тиімді жолдарын қарастырады. Сонымен қатар ол дайын өнімдерді микроптардан қорғаудың әдістері мен жолдарын белгілейді.Тағам микробиологиясы - әр түрлі микроорганизмдердің көмегімен тағамды өнімдерді алудың әдістерін зерттейді және осы өнімдердің микроптар әсерінен бұзылуын болжаудың шараларын белгілейді. Ауылшаруашылық микробиологиясы - өсімдіктердің қоректенуі мен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролін зерттейді. Топырақтың құнарлығын арттыру мақсатында пайдалы микробтардан тыңайтқыштар жасауды қарастырады. Сонымен бірге мал азықтық ақуыздарды өндіруге басқада өсімдіктер текті азықтарды құнарландырудағы микроорганизмдердің пайдалы топтарын тауып шаруашылыққа ұсынады. Геологиялық микробиология немесе геоморфология – жер қабатындағы микроорганизмдерді зерттейді. Тірі микроорганизмдердің бірнеше километр тереңдікте, жердің мұнай таратқан қабаттарында кездесетіндігі анықталды. Олар 1000 атмосфералық қысымға шыдай алады. Сондықтан олардың жер қабатындағы түрлі заттардың түзілуіндегі ролін геологиялық микробиология зерттеп ашады. Санитарлық микробиология – су, ауа және топырақтағы микроорганизмдердің таралуын, ауру қоздырғыштық қасиеттерін және олардың көмегімен аурулардың таралу жолдарын зерттеп, ақыр аяғында табиғаттағы адам пайдаланатын объектілерді зиянды микроорганизмдерден тазартудың әдісі мен жолдарын белгілейді. Медициналық микробиология – адамда аура қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу, олардан алдын-ала сақтанудың лабораториялық диогностикасы және арнаулы әдістерін жасауды қарастырады.Эпидемиология – адам мен жануарларда кездесетін әртүрлі жұқпалы аурулардың жаппай таралу жолдарын және олардың шығу себептерін анықтайды, олармен күресу шараларын белгілейді.Мал дәрігерлік микробиология малдарда болатын жұқпалы ауруларды, қоздырушы микроорганизмдерді зерттейді, олармен күрес шараларын анықтайды.Вирусология – вирустардың өсімдіктерде, жануарларда, адамда және бактерияларда даму заңдылықтарын зерттейді, вирустық ауруларды табудың әдістері мен жолдарын емдеу, алдын-ала сақтандыру жағдайларын қарастырады. Қазіргі кезде микробиология ғылымы басқа да салалармен тығыз байланыста, олардың әдіс тәсілдері және басқа да жетістіктері микробиологияда кеңінен қолданылады.

91) бактериялар морфологиясы. Бактерияларлың өлшемі мен мөлшері.Сыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер – коккалар, таяқша тәрізділер – бактериялар, бацилдар және спираль тәрізділер – вибриондар, спириллалар (сурет 10). Шар тәрізді бактериялардың жеке – жеке түрлері коккалар делінсе, екі – екіден қосақталған түрлері – диплококкалар (сурет 10,а), өзара тіркескен, моншақ тәрізделгендері – стрептококкалар (сурет 10,б), төрт – төрттен тіркескендері – тетракоккалар, сегіз – сегізден текшеленгендері – сарциналар (сурет 10,г) делінеді. Ал олардың стафилакоккалар деп аталатын бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне (сурет 10,в) ұқсайды.Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді (сурет 10,д-е). Спора түзуші топтарын – бациллалар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды жасушаларының орналасу тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі: диплобациллалар немесе диплобактериялар – екі – екіден қосақтала орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Стрептобактериялар – моншақ тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұқсас таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды. Спора түзетін жасушалары тізбектеле орналасқандарын стрептобациллалар деп атайды.Көптеген шар тәрізді бактериялар жасушаларының диаметрі – 1 – 2 микронға тең (микрон – миллиметрдің мыңнан бір бөлігі). Жұмыр жасушалы бактериялардың ұзындығы – 1 – 4 микронға ені 0,5 – 1 микронға дейін барады. Сондықтан да судың бір тамшысында бірнеше жүздеген миллион микробтар кездеседі. Кейбір бактериялар мөлшері едәуір болады дедік. Мәселен, күкірт бактериясы жасушасының көлденең кесіндісінің диаметрі 50 микронға тең. Бактериялардың үш тобының ішінен мөлшері тұрақтысы коккалар, ал таяқша тәрізді бактериялар өзгергіш келеді.

92) прокариоттардағы генетикалық рекомбинациялар, прокариоттардағы трансформация процесі.Бактериаларда генетикалық материалдың алмасуы генетикалық рекомбинациялар жолымен жүзеге асады. Генетикалық рекомбинация – екі геномның әрекеттесуі нәтижесінде ДНК рекомбинациясының түзілуіне және ата-аналарының екеуініңде гендері болатын жаңа геномның түзілуіне алып келеді. Бактериялардағы рекомбинациясы жынысты процестің және мейоздың болмауымен, сонымен қатар гаплоидты гендер жиынтығымен ерекшеленеді. Рекомбинация кезінде бактериялар генетикалық материалды беретін донор-жасушаларына және осы материалды қабылдайтын реципиент-жасушаларына жіктелінеді. Реципиент-жасушасына донор-жасушасы хромосомасының барлығы емес тек бір бөлігі немесе бір ғана ген еніп, генотипынде донор-жасушасы хромосомасының фрагменттері бар басым бөлігі реципиент-жасушалары хромосомалары генотипінен құралған рекомбинант түзіледі.Трансформация – генетикалық хабардың донор-жасушасынан бөлінген ДНК арқылы тасымалдануы. Трансформация құбылысы табиғатта өздігінен болатын құбылыс. Ол грамоң бактерияларында жиі кездеседі. Трансформация кезінде ДНК бір жасушадан бөлініп шығып, екінші бактерия жасушасына енеді. Мұны қолдан жүзеге асыруға да болады. Мәселен, антибиотикке төзімді бактериялардан бөлініп алынған ДНК көмегімен антибиотикке шыдамсыз бактерияларға осы қасиетті беруге болады. Сонда басқа клеткаға енетін ДНК, оның болашақтағы тұқым қуалаушылық қасиетін анықтай алады екен.

93) мутация. Мутация типтері. Спонтанды, индукциялық, радиациялық және химиялық мутагенез.Микроағзалардың тұқым қуалаушылығындағы кенет өзгерісті – мутация деп атайды. Ол латынның Mytatio - өзгеріс деген сөзінен шыққан. Бактериалды геномның өзгерісі мутациялар нәтижесінде өтеді. Мутация – тұқымқуалау барсында ДНК молекуласындағы нуклеотидтердің орналасуындағы жүретін өзгеріс. Өзгерістердің негізіне репликация кезінде тұқымқуалаушылық хабарды көшіру барысында болатын қателіктер жатады. Фенотиптік мутациялар – бактерия жасушасы морфологиясының өзгерісі, өсу факторларына қажеттіліктердің пайда болуы (ауксотрофтылық), антибиотиктерге төзімділік қасиеттерінің пайда болуы, температураға төзімділігінің өзгеруі, вируленттіліктің төмендеуі. Бактериалардағы мутация бағытталмаған сипатта болады. Мутациялар спонтанды, яғни өздігінен туындауы мүмкін, және индуцияланған болады. Спонтанды мутациялар – ДНК молекуласы репликациясы нәтижесінде болған қателіктер нәтижесінде туындайды. Индуциялы мутациялар – сыртқы орта факторларының, мутагендердің әсерінен туындайды.

94) бактерия жасушасы. Бактерия жасушасының қабықшасының құрылысы. Гр (+) және гр (-) жасушаларының ұқсастығы мен айырмашылығы. . Бактерия жасушасы сыртқы жағынан қалың қабатпен қапталған. Ол цитоплазмалық мембрананың сыртынан қаптап жататын жасуша қабықшасы. Жасуша қабықшасы қорғаныштық, тірек қызметін атқарады, сонымен қатар жасушаға белгілі бір пішін беруге қабілетті (мысалы, шар тәрізді, таяқша және т.б) және жасушаның сыртқы қаңқасын құрайды. Қалың жасуша қабатының болуы, оны өсімдік жасушасымен байланыстыруға болады. Жасуша қабықшасының қалыңдығы 0,01 – ден 0,04 мкмге тең және бактерия жасушасының құрғақ салмағының 20 пайызын құрайды. Жасуша қабықшасының негізгі құрылымдық элементтерінің бірі және қабықшаға қаттылық қасиет беретін – муреин (гликопептид, мукопептид). Муреин – күрделі органикалық қосылыстардың бірі, құрамына азотты тасымалдайтын қанттар, - аминоқанттар және 4-5 аминқышқылдары кіреді. Жасуша қабықшасының құрамыа кіретін аминқышқылдарының пішіні табиғатта сирек кездесетін D-стереоизомерлер түрінде болады. Бактерияларды бояу әдісі арқылы оларды екі үлкен топқа топтастыруға болады: грамоң (Гр (+) және грамтеріс (Гр (-) . Бұл әдісті 1884ж. дат ғалымы Кристиан Грам ұсынды. Грамоң бактериялары анилинді бояғыш заттарды байланыстыруға қабілетті, атап айтқанда генцианвиалет бояуы, Люголь ерітіндісімен немесе йодпен өңдеп, сонан соң спирт немесе ацетонмен өңдегеннен кейін, бастапқы боялған жүйені сақтап қалып, күлгін түске боялады. Оларды грамоң бактериялары, ал этил спиртінің әсерінен боялған жүйе түссізденеді, ондай бактерияларды грамтеріс бактериялары деп атаймыз

95) кіріспе. Микробиология пәні. Микробиологияның зерттеу әдістері мен міндеттері.Микробиология ( грек тілінен аударғанда micros – кішкентай, bios – тіршілік, logos - ілім) – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін және табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Микробиологияның мақсаты – микроорганизмдердің физиологиясын, генетикасын, экологиясын және биохимиясын зерттеу. Микроорганизмдерге әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдылар жатады. Микроб әлемінің ауқымдылығы соншалықты, онда көптеген және әртүрлі пайдылы және жарамсыз микроскопиялық организмдер кездеседі. Олар табиғатта, өндірістің әртүрлі саласында, ауыл шаруашылығында, адам өмірінде, жануарлар ағзасында және т.б. жағдайларда үлкен роль атқарады. Микроорганизмдердің бір түрлері табиғаттағы зат және энергия айналымының негізі болып саналады. Микроорганизмдердің көптеген түрлері эволюция барысында тірі организмдерге бейімделіп, паразиттік қасиетке ие болған. Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты.Микробиологиялық зерттеу әдістері:Микроскопиялық – микроағзалардан түрлі препараттар дайындап, бактерия жасушасының өлшемін, жасуша пішінін, олардың қозғалғыштығын жарық және электрондық микроскоптар көмегімен зерттеу. Бактериологиялық – жасанды және табиғи қоректік орталарда микроағзаларды өсіру, олардың таза культураларын бөліп алу, микроағзалардың өсуін, олардың биохимиялық, физиологиялық және т.б. дақылдық қасиеттерін зерттеу. Биологиялық – белгілі ауру қоздырғыштарын бөліп алу үшін жануарларды індетті нысандармен залалдау, індетті нысандардың вируленттілігін және уытты заттардың болуын зерттеу. Серологиялық – иммундық антиденелер реакциялары көмегімен диагноз қою. Аллергиялық – ағзаға енгізілген аллерген көмегімен ағзаның жоғарғы сезімталдылығының жағдайын анықтау.

96) микробиологияның әртүрлі салаларының пайда болуы зерттеу нысандары бойынша (бактеорология, микология, паразитология, вирусология). Микробиология бөлімдері. Халық шаруашылығының түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым: жалпы микробиология, техникалық немесе өндірістік микробиология, тағамдық микробиология, ауылшаруашылық микробиология, геологиялық микробиология, санитариялық микробиология, медициналық микробиология, эпидеминология, мал дәрігерлік миробиология және вирусология сияқты түрлі ғылым салаларына бөлінеді. Жалпы микробиология – микроорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығына, дамуы мен тіршілік етуінің негізгі заңдылықтарына жалпы сипаттама береді, олардың табиғатта зат алмасу процесіндегі ролін және оны адам игілігіне қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді.Техникалық немесе өндірістік микробиология – микроптардың тіршілік нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам үшін ең қажеттілерін іс-жүзінде өндірудің ғылыми негіздерін жасайды, оларды көптеп өндірудің технологиялық жағынан тиімді жолдарын қарастырады. Сонымен қатар ол дайын өнімдерді микроптардан қорғаудың әдістері мен жолдарын белгілейді.Тағам микробиологиясы - әр түрлі микроорганизмдердің көмегімен тағамды өнімдерді алудың әдістерін зерттейді және осы өнімдердің микроптар әсерінен бұзылуын болжаудың шараларын белгілейді. Ауылшаруашылық микробиологиясы - өсімдіктердің қоректенуі мен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролін зерттейді. Топырақтың құнарлығын арттыру мақсатында пайдалы микробтардан тыңайтқыштар жасауды қарастырады. Сонымен бірге мал азықтық ақуыздарды өндіруге басқада өсімдіктер текті азықтарды құнарландырудағы микроорганизмдердің пайдалы топтарын тауып шаруашылыққа ұсынады. Геологиялық микробиология немесе геоморфология – жер қабатындағы микроорганизмдерді зерттейді. Тірі микроорганизмдердің бірнеше километр тереңдікте, жердің мұнай таратқан қабаттарында кездесетіндігі анықталды. Олар 1000 атмосфералық қысымға шыдай алады. Сондықтан олардың жер қабатындағы түрлі заттардың түзілуіндегі ролін геологиялық микробиология зерттеп ашады. Санитарлық микробиология – су, ауа және топырақтағы микроорганизмдердің таралуын, ауру қоздырғыштық қасиеттерін және олардың көмегімен аурулардың таралу жолдарын зерттеп, ақыр аяғында табиғаттағы адам пайдаланатын объектілерді зиянды микроорганизмдерден тазартудың әдісі мен жолдарын белгілейді. Медициналық микробиология – адамда аура қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу, олардан алдын-ала сақтанудың лабораториялық диогностикасы және арнаулы әдістерін жасауды қарастырады.Эпидемиология – адам мен жануарларда кездесетін әртүрлі жұқпалы аурулардың жаппай таралу жолдарын және олардың шығу себептерін анықтайды, олармен күресу шараларын белгілейді.Мал дәрігерлік микробиология малдарда болатын жұқпалы ауруларды, қоздырушы микроорганизмдерді зерттейді, олармен күрес шараларын анықтайды.Вирусология – вирустардың өсімдіктерде, жануарларда, адамда және бактерияларда даму заңдылықтарын зерттейді, вирустық ауруларды табудың әдістері мен жолдарын емдеу, алдын-ала сақтандыру жағдайларын қарастырады. Қазіргі кезде микробиология ғылымы басқа да салалармен тығыз байланыста, олардың әдіс тәсілдері және басқа да жетістіктері микробиологияда кеңінен қолданылады. Микробиологиялық зерттеу әдістері:Микроскопиялық – микроағзалардан түрлі препараттар дайындап, бактерия жасушасының өлшемін, жасуша пішінін, олардың қозғалғыштығын жарық және электрондық микроскоптар көмегімен зерттеу. Бактериологиялық – жасанды және табиғи қоректік орталарда микроағзаларды өсіру, олардың таза культураларын бөліп алу, микроағзалардың өсуін, олардың биохимиялық, физиологиялық және т.б. дақылдық қасиеттерін зерттеу. Биологиялық – белгілі ауру қоздырғыштарын бөліп алу үшін жануарларды індетті нысандармен залалдау, індетті нысандардың вируленттілігін және уытты заттардың болуын зерттеу. Серологиялық – иммундық антиденелер реакциялары көмегімен диагноз қою. Аллергиялық – ағзаға енгізілген аллерген көмегімен ағзаның жоғарғы сезімталдылығының жағдайын анықтау.

97) микроағзалардың жоғары сатылы органзимдермен қарым-қатынас типтері (нейтрализм, комменсализм, мутуализм, паразитизм).Эволюциялық даму барысында табиғи ортада микроағзалар тобы мен түрлер арасында күрделі әрі алуан түрлі қарым-қатынастар қалыптасады. Табиғи жағдайда кооперативті қарым-қатынастарды жиі кездестіреді. Олардың бірнеше түрлері белгілі:Метабиоз. Бір ағза өзінің тіршілік ету барысында екінші ағзаға қолайлы жағдай жасайтын қарым-қатынас. Мысалы, аммоний фикациялаушы микроағзалар, органикалық азоты бар қосылыстарды аммиакқа дейін ыдырата отырып, соған орай нитрификаторлардың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Нитрификаторлар аммиакты нитриттер мен нитраттарға дейін ыдыратып, денитрификациялаушы бактериялардың энергетикалық метаболизмі үшін қажетті электрон акцепторы болып табылады. Симбиоз. Микроағзалардың бір-бірін күшейтетін және қолдап тұратын ассоциациялық қарым-қатынас түрлері. Симбионттар жекеленген жағдайдан гөрі әрқашанда бірігіп жақсы дамиды. Кей жағдайда симбионттар бір-бірімен өте тығыз байланысқаны сонша, олар жеке өз алдына ағза ретінде дами алмайды. Мысалы, қына-саңырауқұлақтар мен фототүзуші ағзалардың симбиозы. Симбиоздық қарым-қатынастың қарапайым мысалы, аэробты және анаэробты микроағзалар бірлестігін келтіруге болады, Azotobacter туысына жататын микроағзалар (облигатты аэробтар) мен Clostridium туысына жататын бактериялар (облигатты анаэробтар).Комменсализм. Өзара бірігіп тіршілік ететін микроағзалардың біреуі пайда табады, бірақ екінші ағзаға зиян келтірмейді. Сульфаттотықсыздандырушы Desulfovibrio бактериялары судың оттегі жоқ терең қабаттарында тіршілік етеді. Олар энергияны сульфаттарды тотықсыздандыра отырып, анаэробты тыныс алу арқылы энергрия алады. Пайда болған көмірсутек су бетіне көтеріліп, одан соң оны фотосинтездеуші микроағзалар қолданады. Саттелизм. Бір микроағзаның екінші микроағзаны күшейтетін ассоциациялық қарым-қатынас түрі. Мысалы, ашытқы саңырауқұлақтары мен сарциналар әртүрлі аминқышқылдары мен витеминдерді түзе отырып, сүт қышқыл және сірке қышқыл бактериялардың өсуі мен дамуына өте қажет жағдай жасайды. Синергизм. Физиологиялық үрдістері бірдей микроб бірлестіктері олардан алынатын соңғы өнімнің шығынын арттырады. Мысалы, азотобактер мен бациллус туысына жататын микроағзаны бірге өсірген жағдайда ортада гетероауксин көп мөлшерде түзіледі.

98) бактериялардың көбеюі. Бактерия жасушасындағы споралардың орналасуы. Споралар арқылы көбеюі.Бактериялардың өсуі – жасуша ішіндегі химиялық компоненттердің ұлғаюымен байланысты болады. Өсу кезінде жасушаның барлық биосинтетикалық процестері қатаң бақыланып, жасуша салмағының және көлемінің ұлғаюына алып келеді. Өсу шексіз жүрмейді, өсу барысында жасуша белгілі бір пішінге және көлемге жеткенде жасуша бөліне бастайды. Прокариот ағзалардың басым көпшілігі үшін қосжақты тура бинарлы бөліну тән. Бөлінудің келесі түрі – бүршіктену, оны бөлінудің біркелкі емес немесе бұрыс бөлінуіне жатқызуға болады. Бүршіктену кезінде жасушаның бір полюсінде кішкентай өскін, бүршік пайда болады. Бүршік өсу процесі кезінде ұлғая бастайды және аналық жасуша көлеміне жеткеннен кейін, жасушадан бөлінеді. Аэробты және анаэробты микроағзалардың бірқатары спора түзуге қабілетті. Спора түзуге қабілетті таяқша тәрізді бактерияларды бациллалар деп атайды. Егер спора ірі және жасушаның орталығында орналасса, онда жасуша ұршық тәрізді пішінге ие болады, споралардың жасушаның ұшында орналасып, түйреуіш немесе барабан таяқшасы түрінде кездеседі. Көптеген спора түзуге қабілетті бактериялардың споралары үлкен болмайды, сондықтан да, спора түзу барысында жасуша таяқша пішінін сақтап қалады Спора пісіп жетілгеннен кейін вегетативті жасуша өзінің тіршілігін жояды, ал спора бос күйінде қалады. Әр жасушадан тек бір ғана спора түзіледі, сол себепті спора түзу процесін көбеюдің бір түрі ретінде қарастыруға болмайды. Бактериялар споралары жоғары температураға және уытты заттарға төзімді келеді. Споралар қолайлы ортада өсіп, жаңа вегетативті жасушаның қалыптасуына мүмкіндік туады.