Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.3 Mб
Скачать

119.Микроағзаларға әсер ететін факторлар.Радияцияның микроағзаларға әсері

Радиация немесе жарық. Радиация кезкелген электроника мен технологиялық қоңдырғыларға және тірі жанның жасушаларына әсер етеді. Радиация деп электромагниттік толқын (фотон), бейтарап нейтрон, электр зарядталған энергетикалық бөлшек (электрон, протон,гелий ионы, альфа бөлшек д.а., кез келген химиялық элемент ионыдарын (бұдан былай оларды ауыр иондар д.а.) түсінеміз. Радиацияның әсерінен атмосфера құрамы өзгеруі мүмкін.

Күн жүйесінің басқа жағынан келетін ғарыштық сәлелердің үздіксіз ағымы және өтпелі ағымдар, сондай-ақ Күннен шыққан ағымдар, егер қалың атмосфера мен Жердің магнит өрісі болмаса, технологиялар мен адам өміріне үлкен қауіп төңер еді. Ғарыш райының құбылмалы шарттары, айнымалы радиоактивті қауіп тудырады.

Энергетикалық бөлшектер адам денсаулығына потенциалды қауіп әкеледі, өйткені олар организм жасушаларын бұзуы мүмкін: бөлшек жасушамен әсерлесіп, өзінің энергиясының бір бөлігін береді, жасушаны құрайтын молекула электрондарымен әсерлеседі. Бұл әрекет нәтижесі бөлшектер түрі мен энергиясына байланысты (протон, ион, электрон, нейтрон, фотон). Кез келген моллекуллаға тигізген зияндық, әсіресе ДНК, болашақ ұяшықтарға әсер етуі мүмкін. Ұяшықтың құрылымы мен даму бағытындағы бөлінулеріне де зиянды. Өз кезегінде жасушаның дұрыс функцияламауы мүшелер мен өзі құрайтың тканьдердің өзгеруіне әкелуі ғажап емес.

Егер жасуша толық қалыпқа келе алмаса, санаулы рет қана бөліне алса, онда өзі тудырған зақымдарды жасушаларға беріп жіберуі мүмкін. Тағыда осындай жасушалардын дұрыс жұмыс істемеуінен, ағзаға үлкен зиян келеді. Бұзылған жасушалар, қалайда тірі қалатын, рак жасушаларын көзі болуы әбден мүмкін.

Сондықтанда, ғарыштық радиация өмір сүретін тірі организмдер үшін, екі түрлі қауіп төңдіреді:

1. Жоғары радиациялық доза – денсаулық пен адам өміріне негізгі қауіп төндіруші.

2. Төмен радиациялық доза мүмкін ешқандай жылдам нәтижелі қауіп төндірмеседе, ұзақ сәулеленуге ұшырау қауіпті. Ғарыштық топтар мен ұшақтар, Жердің атмосферасында, радияция аясы жоғары, бірнеше рет ұшып өтетін, осы жағдайда болады.

Спектрдің қысқа толқынды бөлігі микроағзаларға жойқын әсер етеді. Сонымен қатар кейбір бактериялар ультракүлгін және иондаушы сәулелерге төзімді келеді. Радиацияға төзімді бактериялар пигметтелген және олар Deinococcus туысына жатады. Олардың басым көпшілігі жоғары градус температураға төзімді. Радиацияға төзімді бактериялар атом реакторларынан, родонды және ыстық бұлақ көздерінен бөлініп алынған. Олардың барлығының клеткасында қызыл немесе қызыл-қоңыр пигмент бар.

Спектрдің көзге көрінетін бөлігі (380-790нм) мен инфрақызыл сәулелер (700-1000 нм) фотосинтездеуші микроағзаларда энергия көзі ретінде шоғырланады.

Ауыр металлдар қоршаған ортаны ластаушылардың кең тараған түрінің бірі болып табылады. Металлдардың топырақ құрамындағы аз мөлшері өсімдіктердің дамуына ыңғайлы әсер беретіні белгілі, бірақ топырақтың металлдармен орта және жоғарғы деңгейдегі ластануы топырақ ортасынының улануына әкеліп соқтырады. Қазақстан Республикасының топырақ биоценоздарының ауыр металлдармен ауқымды ластануына жедел баға беруге және осы ластанулардың улылығының көлемін анықтау туралы әдістерді зерттеу қажеттілігі туындайды.