Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.3 Mб
Скачать

123.Микроағзалардың көбеюі.Баактерия жасушасындағы споралардың орналасуы.Споралар арқылы көбеюі

Бактериялардың өсуі – жасуша ішіндегі химиялық компоненттердің ұлғаюымен байланысты болады. Өсу кезінде жасушаның барлық биосинтетикалық процестері қатаң бақыланып, жасуша салмағының және көлемінің ұлғаюына алып келеді. Өсу шексіз жүрмейді, өсу барысында жасуша белгілі бір пішінге және көлемге жеткенде жасуша бөліне бастайды. Прокариот ағзалардың басым көпшілігі үшін қосжақты тура бинарлы бөліну тән (сурет 14).

1 2 3

4

Сурет 14 – Бактерия жасушасының қосжақты тура бинарлы бөліну

1 – вегетативті жасушаның өсуі; 2 – ЦПМ-ның ішке қарй енуі салдарынан көлденең тосқауылдыр немесе мезосомалардың түзілуі; 3 – мезосомалардың тартылуы; 4 – екі жас жасушаның пайда болуы.

Бөлінудің келесі түрі – бүршіктену, оны бөлінудің біркелкі емес немесе бұрыс бөлінуіне жатқызуға болады. Бүршіктену кезінде жасушаның бір полюсінде кішкентай өскін, бүршік пайда болады. Бүршік өсу процесі кезінде ұлғая бастайды және аналық жасуша көлеміне жеткеннен кейін, жасушадан бөлінеді (сурет 15).

жас

аналық жасуша

Сурет 15 – Бүршіктену процесі

Бактериялардың тіршілік циклы. Бактерия жасушасы морфологиясының өзгеруі, олардың тіршілік циклы туралы сөз қозғауға болады. Аэробты және анаэробты микроағзалардың бірқатары спора түзуге қабілетті. Спора түзуге қабілетті таяқша тәрізді бактерияларды бациллалар деп атайды. Егер спора ірі және жасушаның орталығында орналасса, онда жасуша ұршық тәрізді пішінге ие болады (сурет 16,а), споралардың жасушаның ұшында орналасып, түйреуіш немесе барабан таяқшасы түрінде кездеседі (сурет 16,ә).

А Ә

Сурет 16 – Споралардың орналасуы

А – жасушаның ортасында; Ә - жасушаның ұшында

Көптеген спора түзуге қабілетті бактериялардың споралары үлкен болмайды, сондықтан да, спора түзу барысында жасуша таяқша пішінін сақтап қалады (сурет 17).

Сурет 17 – Эндоспоралар түзуге қабілетті таяқшалар

Спора пісіп жетілгеннен кейін вегетативті жасуша өзінің тіршілігін жояды, ал спора бос күйінде қалады (сурет 18). Әр жасушадан тек бір ғана спора түзіледі, сол себепті спора түзу процесін көбеюдің бір түрі ретінде қарастыруға болмайды. Бактериялар споралары жоғары температураға және уытты заттарға төзімді келеді. Споралар қолайлы ортада өсіп, жаңа вегетативті жасушаның қалыптасуына мүмкіндік туады.

Сурет 18 – Бос күйіндегі спора