
- •Микробиология пәні. Микробиологияның зерттеу әдістері мен міндеттері.
- •Микробиологияның әртүрлі салаларының пайда болуы: зерттеу нысандары бойынша(бактериология, микология, паразитология, вирусология).
- •8. Микроағзалардың көбеюі. Микроағзалардың бөліну арқылы көбеюі
- •11. Микроағзаларға әсер ететін факторлар. Микроағзаларға химиялық факторлардың әсері
- •Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама. Саңырауқұлақтардың классификациясы. Саңырауқұлақтардың көбеюі.
- •14. Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микробиологиялық зертханаларда жұмыс жасау тәртібі.
- •15. Микроағзаларды жүйелеу. Жүйелеу сипаттамасы. Номенклатура. Идентификация.Микроағзаларды жүйелеудегі културалды және цитологиялық белгілердің маңызы.
- •19.Микроағзаларға әсер ететін факторлар: микроағзаларға биологиялық факторлардың әсері.
- •20.Микроскопиялық зерттеу әдістері: қараңғы жазықтықты зерттеу әдісі.
- •27. Микроағзаларға әсер ететін факторлар: радиацияның микроағзаларға әсері
- •29.Микроағзаларды зерттеудегі микроскопиялық әдістер. Микроскоп және оның құрылысы. Микроскоп бөліктерін көрсетіп беріңіз?
- •42. Микроағзалардың көбеюі: микроағзалардың бөліну арқылы көбеюі (сызба нұсқасын көрсету және түсіндіру).
- •56.Микроағзаларды жеке топтарға топтастыру. Н. Красильниковтің «Бактериялар анықтаушысы» еңбегі.
- •60. Эубактериялар (грациликуттер, фирмикуттер) олардың ерекшелігі
- •62. Бактерияларды дифференциялдану типтрі: тыныш күйіндегі формалар (эндоспоралар, цисталар, акинеталар)
- •63. Қоректік орталар. Қоректені және қоректені типтері. Табиғи және жасанды қоректік орталар. Құрамы, қолданылуы және физикалық құрамына қарай негізгі қоректік орта типтері.
- •64. Саңырауқұлақтар. Аскомицеттер класы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •65. Бактериялар морфологиясы. Такша тәрізді бактериялар, бациллалар.
- •66. Архимициттер класы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •68. Ашу. Сүт қышқылдық ашу. Сүтқышқылдық ашу процесін жүзеге асыратын микроорганизмдердің алуантүрлілігі.
- •70. Бактерия жасушасынын курылысы
- •76. Базидиомицеттер классы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •72. Май қышқылдық ашу
- •73. Фикомицеттер классы саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
- •77. Микроорганирзмдердің өсуі. Өсуді анықтиау әдістері. Өсі қисығы. Өсу қисығының фазалары.
- •87) Прокариоттардағы генетикалық рекомбинациялар, прокариоттардағы трансдукция процесі.
- •99) Топырақ микрофлорасы. Топырақ микрофлорасын анықтау. Микроағзаларды бөліп алуда суспензия дайындау. Топырақ суспензиясын дайындау сызбанұсқасын түсіндір.
- •101) Микроағзалардың мекен ету ортасына қарай (су, топырақ, аэромикробиология).
- •104) Бактериялардың туыстық белгілерін анықтау. Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттердің маңызы. Төмендегі суреттердегі колониялардың пішініне сипаттама бер.
- •105.Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •106.Микроскопиялық зерттеу әдістері.Фазала-констратылы микроскопиялық зерттеу әдісі.
- •107.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалар рөлі.Құрамында көміртегі бар заттарды тасымалдау процесстері.
- •108. Микроағзалардың өзара қарым қатынас типтері.Микроағзалардың жоғарғы сатылы ағзаларман қарым-қатынас типтері(нейтрализм,комменсализм,мутуализм,паразитизм)
- •109.Микроағзаларға әсер ететін факторлар.Биологилық факторлардың әсері
- •110.СаңырауқұлақтарүСаңырауқұлақтардың құрылысы.
- •111.Микроскопиялық зерттеу әдістері.Қараңғы жазықтықты зерттеу әдісі
- •112.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалардың ролі.Құрамында азоты бар заттарды тасымалдау процестері.
- •113.Микроағзалардың өзара қарым-қатынас типтері.Ризосфералы және эпифитті микрофлора.Симбиоздық азотфиксция
- •115. СаңырауқұлақтарүСаңырауқұлақтардың құрылысы.
- •116.Микроскопиялық зерттеу әдісі.Люминисценттік зерттеу әдісі.
- •117.Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалардың ролі.Құрамында фосфоры бар заттарды тасымалдау процестері
- •118.Микроағзалардың өзара қарықатынас типтері:микоризалар,фитопатогенді микроағзалар
- •119.Микроағзаларға әсер ететін факторлар.Радияцияның микроағзаларға әсері
- •120. Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •121.Микроағзалар әлемі,жалпы тән белгілері мен алуан түрлілігі.Прокариот және эукариот микроағзалар , олардың айырмашылығы.
- •123.Микроағзалардың көбеюі.Баактерия жасушасындағы споралардың орналасуы.Споралар арқылы көбеюі
- •124.Микроағзалар экологиясы:топырақтардағы микроағзалардың қызметі мен таралуы
- •125. Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер
- •126.Микробиологияның бөлімдері.Қолдану сфералары бойынша мик.Бөл.Мед.Қ ауылшар.Қ ветер.Қ....
- •127.Тбиғаттағы заттар айналымындағы мик.Ағ.Ң ролі: құрамында күкірті бар заттарды тасымалдау процестері.
- •128.Микроағзалардың көбеюі,бөліну арқылы көбеюі
- •129.Микроағзалар генетикасы.Мутация жиілігі,олардың алуан түрлілігі.Мутация типтері.Спонтанды,индукциялық, радияциялық, химиялық мутагенез
- •129.Микроскоп.Микроскоп құрылысы.
- •130.Бактерия жасушаларының пішіндерінің алуан түрлілігі. Шар тәрізді немесе коккалардың алуан түрлілігі.
- •131.Микроағзалардың көбеюі:бүршіктену процесі
- •132.Ашу.Ашу процесі туралы жалпы түсінік.Спирттік ашу.Спирттік ашу процесін жүзеге асыратын микроағзалардың алуан түрлілігі
- •134.Топырақ микрофлорасы.Топырақ мирофлорасын анықтау.Микроағзаларды бөліп алуда суспензиясын дайындау
- •135.Бактерия жасушаларының пішіндерінің алуан түрлілігі таяқша тәрізді бакт.Бацииллалар
- •136.Микроағзалардың көбеюі:бүршіктену процестері
- •137. Ашу.Ашу процесі туралы жалпы түсінік.Сүтқышқылдық ашу.Сүтқышқылдық ашу процесін жүзеге асыратын микроағзалардың алуантүрлігі.
- •138.Микроорганизмдер генетикасы:плазмидалардың биологиялық қызметі,хромосомалардағы интеграция
- •139.Саңырауқұлақтар.Аскомециттер класы саң.На жалпы сип.
8. Микроағзалардың көбеюі. Микроағзалардың бөліну арқылы көбеюі
Бактериялардың өсуі – жасуша ішіндегі химиялық компоненттердің ұлғаюымен байланысты болады. Өсу кезінде жасушаның барлық биосинтетикалық процестері қатаң бақыланып, жасуша салмағының және көлемінің ұлғаюына алып келеді. Өсу шексіз жүрмейді, өсу барысында жасуша белгілі бір пішінге және көлемге жеткенде жасуша бөліне бастайды. Прокариот ағзалардың басым көпшілігі үшін қосжақты тура бинарлы бөліну тәнБөлінудің келесі түрі – бүршіктену, оны бөлінудің біркелкі емес немесе бұрыс бөлінуіне жатқызуға болады. Бүршіктену кезінде жасушаның бір полюсінде кішкентай өскін, бүршік пайда болады. Бүршік өсу процесі кезінде ұлғая бастайды және аналық жасуша көлеміне жеткеннен кейін, жасушадан бөлінедіБактериялардың тіршілік циклы. Бактерия жасушасы морфологиясының өзгеруі, олардың тіршілік циклы туралы сөз қозғауға болады. Аэробты және анаэробты микроағзалардың бірқатары спора түзуге қабілетті. Спора түзуге қабілетті таяқша тәрізді бактерияларды бациллалар деп атайды. Егер спора ірі және жасушаның орталығында орналасса, онда жасуша ұршық тәрізді пішінге ие болады (сурет 16,а), споралардыңжасушаның ұшында орналасып, түйреуіш немесе барабан таяқшасы түрінде кездеседіКөптеген спора түзуге қабілетті бактериялардың споралары үлкен болмайды, сондықтан да, спора түзу барысында жасуша таяқша пішінін сақтап қаладыСпора пісіп жетілгеннен кейін вегетативті жасуша өзінің тіршілігін жояды, ал спора бос күйінде қалады (сурет 18). Әр жасушадан тек бір ғана спора түзіледі, сол себепті спора түзу процесін көбеюдің бір түрі ретінде қарастыруға болмайды. Бактериялар споралары жоғары температураға және уытты заттарға төзімді келеді. Споралар қолайлы ортада өсіп, жаңа вегетативті жасушаның қалыптасуына мүмкіндік туады
9.Микробиологияның Қазақстанда дамуы және даму перспективаларыҚазақстанда миробиологияның дамуы ұлы отан соғысы кезінде және одан кейінгі жылдары дами бастады. Алғашқыда 1946 жылы Қазақ ССР Ғ.А. Президиумында микробиология секторы құрылды, оның құрамында 3 лаборатория болды. Олар: техникалық, ауылшаруашылық микробиологиясы және антибиотиктер. Қазақстандағы микробиологияның негізін қалаған ғалым Ғ.А. ҚазССР мүше-корреспонденті Д. Л. Шамис болды. Соғыс аяқталған жылдары ҚазССР Ғ.А. топырақтану институтында көрнекті топырақтанушы микробиолог Д. М. Новогрудский жұмыс істеді.
1956 жылы сәуір айында вирусалогия лабораториясы патология микробиология секторы бойынша республикада бірінші рет академиялық ғылыми мекеме жалпы және тұрмыстық, ауылшаруашылық микробиологиясы – Қазақ ССР Ғылым Академиясының микробиология және вирусология Институты құрылды.
Қазақстанда микробиологияның физилогиялық бағыты Ғ.А. Қаз ССР Д. Л. Шамис басшылығында болды. Қазақстанда микробиология негізінен мал азықтық сүрлем шөп даярлаудың жолдарын қарастырды. Қиын жағдайда сүрлем жасалынатын өсімдіктерге өте күшті микроорганизмдермен гидролитикалық ферменттермен (амилаза, целлюлоза) полисахаридтер арқылы қант концентрациясын ұлғайтуды көздеді. С:N сүрлемдегі ерітіндіде мол мөлшерде болуын қамтамасыз етеді. Академик Шамис Д. Л. пен П. И. Соколов сүрлемдеуге бұршақ тұқымдастарды пайдалану жолдарын тапты. Ол сүрлем малдың сүтін молайтуға ықпал етеді.
НАН ҚР профессорлары М. Х. Шиғаева мен Н. Б. Ахматулина химиялық мутагендер туралы, олардың генетикалық микрооганизмдер мен вирустардың жалпы биологиядағы маңызы жайлы зерттеулер жүргізді. Олар өздерінің жұмыстарында мутагеннің систематикасын мутагеннің химиялық құрылымы мен генетикалық активтілігі тұрғысына сүйенеді. Химиялық мутагендер органикалық, бейорганикалық және биогендік табиғатына қарай кластар мен класс тармақтарына жіктелді.
НАН ҚР микробиология және вирусалогия Институтының қызметкерлерімен өсімдіктерді зиянкестерден қорғау жолдарында микроорганизмдердің жаңа принциптері табылды (Төлемисов, Мамонов). Өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіретін микроорганиздермен күресу жолдарын тапты.
Микроорганизмдер экологиясы. Мироорганизмдер экологиясына микроорганизмдердің табиғаттағы өніп-өсу процесі жатады (суда, топырақта, тау жыныстарында). Және микроорганиздердің қоршаған ортаны ластанудан қорғауы да жатады. Су қоймаларындағы микроорганизмдердің өніп-өсуі мен көбею жолдарын ғалымдар зерттеді. Зерттеу жұмыстары Балқаш көлі, Арал мен Каспий теңіздерінде, Өскемен, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара суқоймаларында жүргізілді. Арал теңізіндегі көп жылдық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей Арал суының тартылуы тұз басу мен микроорганизмдердің санының азаюы деп көрсетеді.
Қазақстандағы топырақ микроорганизмдерінің зерттеулері 40 жылдың аяғында ҚазССР Ғ. А. топырақтану Институтында әйгілі микробиолог Д. М. Новогрудскийдің басшылығымен жүргізілді. Және де ары қарай республикадағы топырақ микробиологиясы үлкен үлес қосқан А. Н. Илялетдинов, Ш. А. Чулаков, З. Ф. Теплякова, Ш. З. Мамилов, Д. К. Карагуйшиева. Топырақтың таксономиялық жағдайына қарай вертикалдық табиғат зоналарының бағытымен тың және тыңайған жерлерді игеруге байқалды. Микробиологтардың айтуы бойынша егістік жерлерді өңдеудің топырақтың терең қабаттарын қопарудың бидай өніміне тигізер пайдасы атап көрсетілді. Жерді өңдеу әдістері микробиолог З. П. Керамщуктың еңбектерінде анық айтылды. Орталық Қазақстандағы химиялық, коксохимиялық, металлургиялық өнеркәсіптер жоғарғы дәрежеде дамыған, міне сол өнеркәсіптен шыққан улы қалдықтар бұрын Нұра өзеніне барып құйылып жататын, кейіннен микробиологияның жетістіктерінің арқасында қазір улы заттардың құрамы азайды.
Қарағандының металлургия комбинатында өндірілетін фенолдар мен шайырлы улы заттар ағынды суларды ластаса, ал қазір коксохимиялық смола мен майды ажырататын микроорганизмдер табылды. Осы микроорганизмдердің көмегімен олардың құрамындағы улы заттар 70-80% төмендеді (Р.М.Алиева).
Қоршаған ортаны қорғаудың ең бір өзекті мәселесі ол топырақ пен суды мұнай мен мұнай өнімдерінен тазарту болып табылады. Ешбір техногенді ластануды мұнай өнімдерімен ластанумен салыстыруға болмайды. Мұнай ең қауіптісі. Топырақ пен суды мұнай және мұнай өнімдерінен тазарту қазіргі таңдағы қиын жағдайлардың бірі. Қазақстан республикасындағы микробиология мен вирусология Институтында жаңадан «Мұнайбак», Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде -«Перойл» - атты препараттар ойлап табылды (Бишимбаев В.К., Илялетдинов А.Н., Исаева А.У.). Су мен ластанған топырақтың беткі қабатындағы мұнай және мұнай өнімдерін пайдалануға қабілетті. Препараттардың құрамында мұнайлы көмірсуларды қышқылдандыратын қабілетті флора мен фаунаға зиянын әсерін тигізбейтін көмірсуды қышқылдандыратын микроорганизмдерден тұрады.
Биотехнологияның дамуы.Соғыстан кейінгі жылдары Д. Л. Шамистің басшылығымен Қазақстанда өнеркәсіптік микробиология дамыды. Өнеркәсіпке қажетті микробиологияда нан өнімдеріне ашытқылар даярлау мен шарап жасау заводтарына керек шикізаттың құрамын көтерді. Ашытқылардың жаңа түрлерін ұсынды, яғни нан ашытудағы ашытқылардың аралас культураларын қолдануды ұсынылды. 60-70жылдары Р. Д. Зубковтың Қазақстан аудандарында шарап өндірісінің ашытқы микрофлорасында елеулі жұмыс атқарды.
НАН ҚР микробиология және вирусалогия Институтында жеңіл өнеркәсіпті дамытуға да өз үлесін қосты. Алматы мех комбинатында тері өңдеу жолдары ұсынылды. Пектиназа препаратымен теріні өңдеуде оның салмағының жеңілдеуі; созылмалылығы; терінің көлемінің ұлғаюы; терінің басқа түстерге оңай боялуы артты. Бұл дайын өнімдердің бағасын арттырып қана қоймай сұранысында арттырды.
10.Прокариот қозғалысы. Талшықтардың орналасуы, құрамы және ұйымдасуыСыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер – коккалар, таяқша тәрізділер – бактериялар, бацилдар және спираль тәрізділер – вибриондар, спириллалар (сурет 10). Шар тәрізді бактериялардың жеке – жеке түрлері коккалар делінсе, екі – екіден қосақталған түрлері – диплококкалар (сурет 10,а), өзара тіркескен, моншақ тәрізделгендері – стрептококкалар (сурет 10,б), төрт – төрттен тіркескендері – тетракоккалар, сегіз – сегізден текшеленгендері – сарциналар (сурет 10,г) делінеді. Ал олардың стафилакоккалар деп аталатын бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне (сурет 10,в) ұқсайды.
Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді (сурет 10,д-е). Спора түзуші топтарын – бациллалар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды жасушаларының орналасу тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі: диплобациллалар немесе диплобактериялар – екі – екіден қосақтала орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Стрептобактериялар – моншақ тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұқсас таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды. Спора түзетін жасушалары тізбектеле орналасқандарын стрептобациллалар деп атайды.
Талшықтар.Бактерия жасушаларында қосымша құрылымдар болады, олар бактериялардың қозғалысын қамтамасыз ететін – талшықтар. Талшықтар ЦПМ астына екі жұп дискі арқылы бекінеді. Талшықтар бір, екі, бірнеше немесе жасушаны бойлай орналасады. Бактериялар талшықтарының диаметрі 0,01-0,03 мкм, ал ұзындығы бірнеше есе ұзын болуы мүмкін. Талшықтар – флагеллин ақуызынан тұрады және ширатылған ұршық тәрізді жіпшелер түрінде кездеседі (). Кейбір бактериялар жасушаларының беткейінде ұсақ жіпшелер – фимбриялар болады.