Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.3 Mб
Скачать
  1. Микробиологияның әртүрлі салаларының пайда болуы: зерттеу нысандары бойынша(бактериология, микология, паразитология, вирусология).

Халық шаруашылығының түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым: жалпы микробиология, техникалық немесе өндірістік микробиология, тағамдық микробиология, ауылшаруашылық микробиология, геологиялық микробиология, санитариялық микробиология, медициналық микробиология, эпидеминология, мал дәрігерлік миробиология және вирусология сияқты түрлі ғылым салаларына бөлінеді. Жалпы микробиология – микроорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығына, дамуы мен тіршілік етуінің негізгі заңдылықтарына жалпы сипаттама береді, олардың табиғатта зат алмасу процесіндегі ролін және оны адам игілігіне қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді.Техникалық немесе өндірістік микробиология – микроптардың тіршілік нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам үшін ең қажеттілерін іс-жүзінде өндірудің ғылыми негіздерін жасайды, оларды көптеп өндірудің технологиялық жағынан тиімді жолдарын қарастырады. Сонымен қатар ол дайын өнімдерді микроптардан қорғаудың әдістері мен жолдарын белгілейді.Тағам микробиологиясы - әр түрлі микроорганизмдердің көмегімен тағамды өнімдерді алудың әдістерін зерттейді және осы өнімдердің микроптар әсерінен бұзылуын болжаудың шараларын белгілейді. Ауылшаруашылық микробиологиясы - өсімдіктердің қоректенуі мен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролін зерттейді. Топырақтың құнарлығын арттыру мақсатында пайдалы микробтардан тыңайтқыштар жасауды қарастырады. Сонымен бірге мал азықтық ақуыздарды өндіруге басқада өсімдіктер текті азықтарды құнарландырудағы микроорганизмдердің пайдалы топтарын тауып шаруашылыққа ұсынады. Геологиялық микробиология немесе геоморфология – жер қабатындағы микроорганизмдерді зерттейді. Тірі микроорганизмдердің бірнеше километр тереңдікте, жердің мұнай таратқан қабаттарында кездесетіндігі анықталды. Олар 1000 атмосфералық қысымға шыдай алады. Сондықтан олардың жер қабатындағы түрлі заттардың түзілуіндегі ролін геологиялық микробиология зерттеп ашады. Санитарлық микробиология – су, ауа және топырақтағы микроорганизмдердің таралуын, ауру қоздырғыштық қасиеттерін және олардың көмегімен аурулардың таралу жолдарын зерттеп, ақыр аяғында табиғаттағы адам пайдаланатын объектілерді зиянды микроорганизмдерден тазартудың әдісі мен жолдарын белгілейді. Медициналық микробиология – адамда аура қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу, олардан алдын-ала сақтанудың лабораториялық диогностикасы және арнаулы әдістерін жасауды қарастырады.Эпидемиология – адам мен жануарларда кездесетін әртүрлі жұқпалы аурулардың жаппай таралу жолдарын және олардың шығу себептерін анықтайды, олармен күресу шараларын белгілейді.Мал дәрігерлік микробиология малдарда болатын жұқпалы ауруларды, қоздырушы микроорганизмдерді зерттейді, олармен күрес шараларын анықтайды.Вирусология – вирустардың өсімдіктерде, жануарларда, адамда және бактерияларда даму заңдылықтарын зерттейді, вирустық ауруларды табудың әдістері мен жолдарын емдеу, алдын-ала сақтандыру жағдайларын қарастырады. Қазіргі кезде микробиология ғылымы басқа да салалармен тығыз байланыста, олардың әдіс тәсілдері және басқа да жетістіктері микробиологияда кеңінен қолданылады.

3.Микроағзалардың жоғары сатылы организмдермен қарым-қатынас типтері: (нейтрализм, комменсализм, мутуализм, паразитизм). Эволюциялық даму барысында  табиғи ортада микроорганизмдер тобы мен түрлер арасында күрделі әрі алуан түрлі қарым-қатынастар қалыптасады. Табиғи жағдайда кооперативті қарым-қатынастарды жиі кездестіреді. Олардың бірнеше түрлері белгілі:

Метабиоз. Бір организм өзінің тіршілік ету барысында екінші органимге қолайлы жағдай жасайтын қарым-қатынас. Мысалы, аммонийфикациялаушы микроағзалар, органикалық азоты бар қосылыстарды аммиакқа дейін ыдырата отырып, соған орай нитрификаторлардың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Нитрификаторлар аммиакты нитриттер мен нитраттарға дейін ыдыратып, денитрификациялаушы бактериялардың энергетикалық метаболизмі үшін қажетті электрон акцепторы болып табылады.

Симбиоз. Микроағзалардың бір-бірін күшейтетін және қолдап тұратын ассоциациялық қарым-қатынас түрлері. Симбионттар жекеленген жағдайдан гөрі әрқашанда бірігіп жақсы дамиды. Кей жағдайда симбионттар бір-бірімен өте тығыз байланысқаны сонша, олар жеке өз алдына организм ретінде дами алмайды. Мысалы, қына-саңырауқұлақтар мен фототүзуші организмдердің симбиозы. Симбиоздық қарым-қатынастың қарапайым мысалы, аэробты және анаэробты микроағзалар бірлестігін келтіруге болады, Azotobacter туысына жататын микроағзалар (облигатты аэробтар) мен  Clostridium туысына жататын бактериялар (облигатты анаэробтар).

Комменсализм. Өзара бірігіп тіршілік ететін микроағзалардың біреуі пайда табады, бірақ екінші ағзаға зиян келтірмейді. Сульфаттотықсыздандырушы Desulfovibrio бактериялары судың оттегі жоқ терең қабаттарында тіршілік етеді. Олар энергияны сульфаттарды тотықсыздандыра отырып, анаэробты тыныс алу арқылы энергрия алады. Пайда болған көмірсутек су бетіне көтеріліп, одан соң оны фотосинтездеуші микроағзалар қолданады.

Саттелизм. Бір микроағзаның екінші микроағзаны күшейтетін ассоциациялық қарым-қатынас түрі. Мысалы, ашытқы саңырауқұлақтары мен сарциналар әртүрлі аминқышқылдары мен витеминдерді түзе отырып, сүт қышқыл және сірке қышқыл бактериялардың өсуі мен дамуына өте қажет жағдай жасайды.

Синергизм. Физиологиялық үрдістері бірдей микроб бірлестіктері олардан алынатын соңғы өнімнің шығынын арттырады. Мысалы, азотобактер мен бациллус туысына жататын микроағзаны бірге өсірген жағдайда ортада гетероауксин көп мөлшерде түзіледі.

Өсімдіктер қоршаған ортаға алуан түрлі органикалық  қоысылыстар бөледі, яғни  қанттар, органикалық қышқылдар, нулеотидтер, аминқышықылдар, витаминдер бөле отырып, микроағзлардың қоректенуі үшін жеңіл игерілетін субстрат болады. Өсмідіктердің тамыр жүйесі мен жер бетіндегі мүшелерінде әрдайым микроағзалар қоныстанған. Ризосфера микрфлорасы топырақтағы органикалық заттардың трансформациясына қатыса отырып, өсімдікті қажетті минералды және биологиялық белсенді элементермен қамтамасыз етеді. Сонмен қатар ризосфералы микрофлора өсімдіктер үшін токсинді көптеген қосылыстарды ыдырата отырып, топырақты залалсыздандырады. Тамыр микрофлорасының аймақтарын ризоплан микрофлорасы микроағзалар амырдың бетінде тіршілік етеді, ризосфера микрофлорасы тамырмен жанасатын топрақты мекен ететін микроағзалар деп бөледі. Ризоплан мен ризосферада микроағзалар саны өте көп және қарапайым топырақпен салыстырғанда олардың саны бірнеше есе артық болады. Ризоплан мен ризосферадағы микроағзалардың саны топырақ типіне, клиаттық жағдайларға, өсімдік жамылғысының түріне және олардың даму сатыларына байланысты. 

4.Бактериялардың көбеюі. Бактерия жасушасындағы споралардың орналасуы. Споралар арқылы көбеюі.Бактериялар әдетте жыныссыз, жай бөліну арқылы көбейеді. Әр клеткадан екі клетка, одан әрі олардың әр қайсысы тағы екі клетка, сөйтіп бөліне береді. Бұл процесте алдымен нуклеотид бөлінсе, дәл осы кезде клетка ортасында цитоплазмалық мембрананың екі қабатынаң тұратын қалқанша пайда болады. Осы екі қабаттан клетканың болашақ қабықшасы түзіледі. Клетка қабырғасы ажыраған кезде олар бір-бірінен бөлініп кетеді. Миксобактериялардың кейбіреулерінде бұл құбылыс байқалмайды. Таяқша тәрізде бактериялар бөлінер алдында ұзынынан ұзарады. Клетка диаметрі өзгермейді. Клетка ұзыны екі клетка ұзындығына тең болғанда, таяқша клетканың орта жері жіңішкеріп, екіге бөлініп кетеді. Көптеген бактериялар, ашытқылар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар және басқа да организмдер бөлініп көбейді. Міне микроорганизмдер осылай көбейіп, өскенде микробтар колониясы пайда болады. Осымен қатар таяқша бактериялар бөлінгенде тең екі клетка пайда болса, оны изоморфты ал бір клетка үлкен, екіншісі кішкене болса гетероморфты бөліну деп атайды. Бөлінудің соңғы түрі өскен бактерияларда байқалады. Микроорганизмдер өте тез шапшаңдықпен көбейеді. Бұл үшін ортада қоректік заттардың жеткілікті болуы, жылу, орта реакциясы қолайлы болып, аэропты бактериялар үшін от-тегі мол болса, әрбір клетканың көбеюі 20-30 минут сайын қайталанып отырады. Міне бұдан көбею шапшаңдығы мен сыртқы жағдайларының арасында белгілі бір тәуелділік бар деп айта аламыз. Сөйтіп, азғана уақыт ішінде көлемі 1-2 микрондай клеткадан орасан көп клеткалар пайда болады. Бактериялардың көбею жылдамдығын мынадай бір мысалмен түсіндіруге болады. Егер 20 минут сайын бір клетка бөлінетінін ескерсек ол бір тәулік ішінде 72 рет қайталар бөлінеді. Жіп тәрізді бактериялар бөлінуінің ерекшелігі бар. Бұлардың жіпшелерінен жеке вегетативтік – гонидий немесе конидий деп аталатын арнаулы клеткалар түзіледі. Клеткалардың кейбір трлері қозғала алады. Оны зооспоралар деп атайды. Бактерия жасушасы морфологиясының өзгеруі, олардың тіршілік циклы туралы сөз қозғауға болады. Аэробты және анаэробты микроағзалардың бірқатары спора түзуге қабілетті. Спора түзуге қабілетті таяқша тәрізді бактерияларды бациллалар деп атайды. Егер спора ірі және жасушаның орталығында орналасса, онда жасуша ұршық тәрізді пішінге ие болады (сурет 16,а), споралардың жасушаның ұшында орналасып, түйреуіш немесе барабан таяқшасы түрінде кездеседі Көптеген спора түзуге қабілетті бактериялардың споралары үлкен болмайды, сондықтан да, спора түзу барысында жасуша таяқша пішінін сақтап қаладыСпора пісіп жетілгеннен кейін вегетативті жасуша өзінің тіршілігін жояды, ал спора бос күйінде қалады (сурет 18). Әр жасушадан тек бір ғана спора түзіледі, сол себепті спора түзу процесін көбеюдің бір түрі ретінде қарастыруға болмайды. Бактериялар споралары жоғары температураға және уытты заттарға төзімді келеді. Споралар қолайлы ортада өсіп, жаңа вегетативті жасушаның қалыптасуына мүмкіндік туады.

  5. микробиологияның дамуы. Микробиологияның 20 ғ. Даму тарихы.  Микробиологияның  дамуы көптеген мыңжылдықтармен  байланысты. Біздің эрамызға дейінгі  V-VІ мыңжылдықта адам микроорганизмдердің бар екенін білмей-ақ оларды қолданған. Шарап жасау, нан пісіру, сүт өнімдерін жасау, тері илеу -микроорганизмдердің қатысуымен өтетін процестер. Көне заманда ғалымдар мен ойшылдар көптеген ауруларды тірі табиғаттағы кезге көрінбейтін бөтен себептер тудырады деп есептеген. Бұдан шығатын қорытынды микробиология біздің эрамызға дейін қалыптасқан. Өзінің дамуында хронологиялық емес, негізгі жетістіктер мен ашылуларға байланысты бірнеше кезеңдерден өтті.

    Микробиологияның  даму тарихын бес кезеңге бөлуге болады: эвристикалық, морфологиялық, физиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық.

    .Эмпирикалық білімдердің қалыптасу кезеңі ( микроскопты ойлап тапқанға дейінгі кезең). Бұл кезеңді Дж.Фракасторо (1546г.) ілімдерімен байланыстыруға болады. Адам баласы ұзақ уақыт бойы көрінбейтін түсініксіз ортада өмір сүріп, тіршілігі үшін әртүрлі шикізаттарды пайдаланды (ашылған қамырдан нан пісіріп, жүзімнен шарап жасады), бірақ бұл заттар әртүрлі ауруларға себеп болып, сақтауға қойған тағамдар бүлінді, бұл жайттар белгісіз бір заттардан екенін білмеді. Бұл ауру мен бүлінудің белгісіз бір заттан екенін күдіктенбеудің себебі, ол микроорганизмдер өте ұсақ және көзге көрінбейтін еді. Адамдардың қалыпты көруі (25-30см) қашықтықта 0,07-0,08мм заттарды ажырата алады. Одан ұсағын адам көрмейді.

Адамның жай көзбен көретін бөлшектері көріп байқау үшін ерте кезден бастап әрекет жасалған. Ертедегі Вавилонда жүргізілген зерттеулерде ойыс линза табылды. Бұл линзалар тау жыныстарынан жасалынған. Осыны жасау арқылы адам баласы микроағзалар әлеміне бір қадам жасаған.

Бұдан кейінгі оптикалық техниканың дамуы XVI-XVII ғ. астрономияның дамуымен байланысты болды. Осы заманда голландиялық шыны жасаушылар алғашқы рет үлкейтіп көрсететін түтіктер жасады. Бұл түтіктер өте үсақ заттарды үлкейтіп көрсететін болған. Микроскоптың 1610 ж. Г.Галилей ойлап тапқан (G.Galilei 1564-1642). Микроскоптың пайда болуы табиғаттағы ұсақ заттарды көруге мүмкіндік берді. Ен алғашқы ойыс линзалы микроскоп отыз рет үлкейтіп көрсетін болған. Өсімдіктердің құрылысын зерттеуге арналған микроскопты ағылшын физигі Р.Гук (R.Hooke 1635-1703) ойлап тапқан. Р.Гук осы микроскоп арқылы тапқан затын клетка деп тауып оны «Микрография» 1665 ж. кітабына енгізген.

Морфологиялық кезең.М и к р о о р г а н и з м д е р д і ң а ш ы л у ы. Бірінші микроорганизмдерді көріп тапқан голландиялық Антони ван Левенгук болған (1675), ал 1683 жылы микроағзаларды сипаттады. Микроскоппен көрген микроорганизмдерді соның ішінде бактерияларды Левенгук «анималькуля» деп атады. Олар ірі организмдерге өте ұқсас, яғни оларда ас қорыту мүшелері, аяқтары және құйрықтары болады деп тапты.

Физиологиялық кезең( 1875ж. басталады)- Л.Пастера мен Р.Кох дәуірі.

Медицинадағы микробиологияның әсерін табушы Л. Пастердің ісін жалғастырушы немістің микробиологы Р. Кох (R. Koch 1843-1910) болды. Ол ауыл дәрігері бола жүріп 1877 жылы сибирь язвасы жайлы өз еңбегін жариялады. Содан соң ол сол кездегі өте ауыр және тез тарайтын туберкулездің микробын тапты. Ол туберкулез таяқшасы соның құрметіне «Кох таяқшасы» деп аталды. (Туберкулез таяқшасын тапқаны үшін 1905 жылы Р. Кохқа Нобель сыйлығы берілді ). Ол және холераның қоздырғыштарын да ашты.

Л.Пастер – ашу және шіру процестерінің микробиологиялық негіздерін, өндірістік микробиологияның дамуын, табиғаттағы зат айналымындағы микроорганизмдердің ролін, анаэробты микроағзалардың ашылуын, залалсыздандыру әдістерін және вакциналарды алу әдістерін зерттеді.

Р.Кох – қатты қоректік орталарда микроағзалардың таза культураларын бөліп алу әдістерін, анилинді бояулар көмегімен микроағзаларды бояу әдісін, туберкулез, сүзек, сибір жарасының қоздырғыштарын, микроскопиялық зерттеу әдістерінің қарқынды дамуын зерттеді.

.Иммунологиялық кезең.

И.И.Мечников - Эмиль Рудың тұжырымдамасы бойынша «микробиологияның ақыны» деп атады. Ол микробиология дамуының «жаңа дәуірін» - фагойитоз теориясын өңдеп, иммунитет туралы ілімді және иммунитеттің жасушалық теориясын қалыптастырды. Сонымен қатар, ағзада уытты заттарға және бактерияларға қарсы тұратын антиденелер жайында мәліметтер қалыптаса бастады. Осыған байланысты П.Эрлих иммунитеттің гуморальдық теориясын тұжырымдады. Фагоцитарлы және гуморалды теорияның жақтаушыларының арасындағы көптеген айтыс-тартыстардан кейін иммунитеттің көптеген механизмдері айқындалып, иммунология ілімі қалыптасты. Соңынан, туа біткен және кейін пайда болған иммунитет 5 негізгі жүйенің, яғни макрофагтар, Т- және В-лимфциттер, интерферондар, иммундық жауаптардың түрлі формаларын қамтамасыз ететін, негізгі гистологиялық жүйелер, үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде туындайтыны анықталды. 1908ж. И.И.Мечников пен П.Эрлихке Нобель сыйлығы тағайындалды. .

1892ж. 12 ақпанында Россияның ғылым академиясының мәжілісінде Д.И.Ивановский, темекі теңбіл ауруының қоздырғышы «сүзгіш вирусы» екендігін атап өтті. Осы күнді вирусология ілімінің қалыптасқан күні деп, ал Д.И.Ивановскийді вирусология ілімінің негізін қалаушы деп тұжырымдауға болады. Соңынан, вирустар тек өсімдіктер ауруларын қоздырып қана қоймай, жануар, адам және бактериялардағы ауру қоздырғыштардың бірі деп қарастыруға болатындығы анықталды. Бірақ, вирустардағы гендер және генетикалық кодтың табиғаты жайлы қалыптасқан тұжырымдардан кейін, вирустарды тірі табиғат қатарына жатқызуға болатындығы анықталды.

5. Микробиология ғылымының негізігі кезеңдерінің бірі – антибиотиктердің ашылуы болып саналады. 1929г. А.Флеминг пенициллинді ашты және осыдан бастап, медицинаның алғ қарай адымдауына негіз болған - антибиотикотерапия дәуірі басталды. Соңынан, микроағзалардың антибиотиктерге төзімділігі анықталып, олардың дәріліерге төзімділігінің механизмдерін зерттеу салдары нәтижесінде бактериялардағы хромосомадан тыс геномның немесе плазмидалардың ашылуына негіз болды.

Плазмидаларды зерттеу барысында, олардың құрылысы вирустарға қарағанда, өте қарапайым құрылысты екендігі анықталып, ал бактериофагтар сияқты микроағзаларға кері әсерін тигізбей, керісінше оларды қосымша биологиялық белгілермен қамтамасыз етеді. Плазмидалардың ашылуы эволюция барысында тіршліктің қалыптасуының негізгі формалары мен жолдары туралы қосымша мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңдағы микробиология, яғни микробиология ғылымы дамуының молекулалы-генетикалық кезеңі. Бұл кезең 20 ғасырдың екінші жартысында генетика және молекулалық биология ілімдерінің қарқынды дамуымен және электронды микроскоптың ашылуымен байланстыруға болады.

6.М.а-дың мекен ету ортасына қарай (су,топырақ, аэромикробиология)Табиғатта кездесетiн сулар - бактериялар мен саңырауқұлақтардың көп тараған екiншi бiр тiршiлiк ортасы болып есептеледi.Суға әрқашан күн сәулесi әсер еткенмен микроағзалардың қалыпты тiршiлiк етуi үшiн,суда қажеттi қоректiк заттар жеткiлiктi мөлшерде болуы керек.Суда органикалық заттар неғұрлым көп болса, бактерияларда соғұрлым көп кездеседi. Мәселен,iрi өнеркәсiптi орталықтардан ағып өтетiн өзен суларында органикалық заттар көп болады.Соған сәйкес бактерияларда көп кездеседi.Ал ондай өзен суларының қалаға дейiнгi жерлерiнде бактериялар өте аз,қала iшiндегi бөлiгiнде бактериялар көп болатындығы анықталған. Қаладан қашықтаған-сайын су тағы да тазара бастайды. Мұндай өзенге жан-жақтан келiп қосылатын сулар таза болса,өзен суы да солғұрлым тазара түседi.Мәселен, Жайық өзенiнiң түрлi селолар орналасқан жерiндегi бiр миллиметр суда 197 мыңдай бактериялар кездессе, сол жергілікті жерден бiраз төменiрек жердегi олардың саны 400 мыңға жетедi.Бұл жергілікті жерде жақын жерден өткен судың белгiлi бiр дәрежеде ластанатынын көрсетедi.Бактериялар санының осылай өзгерiп отыруы судағы органикалық заттардың мөлшерiне,су реакциясына (рН) және басқа да жағдайларға байланысты. Едiл өзенiнiң түрлi өнеркәсiп қалдықтарымен ластануын зерттегенде Р.Павлинова осындай жағдайды байқаған болатын.Өзеннiң оң жақ жағасынан 15м қашықтықта судың бiр миллилитрiнде1810 мың бактерия кездессе, сол жағадан 140м жердегi олардың саны 1711-ге тең болған.

Өзен суына қарағанда оның түбiндегi балшықтар бактерияларға байырақ келедi.Өзеннiң жай ағатын жерiндегi бiр грам құрғақ балшықта 2250 миллиондай бактерия кездеседi,ал суы ағынды жердiң балшығында олардың саны 470 миллионға жетедi.Өзеннiң ескi арналарында,өсiмдiктер көп өсетiн жерлердегi бiр грам балшықтағы бактериялардың саны 2830 миллиондай болады. Кейбiр ақпайтын суларда да бактериялар белгiлi бiр заңдылықпен таралады. Көлдер немесе тоған сулардың жиектерiнде бактериялар саны оның ортасына қарағанда көбiрек.

Жауыннан кейiн бактериялар саны көбейiп кетедi. Егерде жауынға дейiн судың бiр миллиметрiнде 8 бактерия кездессе, жауыннан кейiн оның саны 1223-ке жетедi. Күн ашық кезде бұған керiсiнше болады.Жағадан 1000 метрдей қашықтықта ашық күндерi бiр мл суда 28 бактериядай кездессе, бұлыңғыр,бұлтты күндерi олардың саны 1229-ға жетедi.

Бактериялар саны судың беткi қабатынан түбiне дейiнгi тереңдiкте бiрдей болмай,өзгерiп отырады.Әдетте судың бетiнен есептегендегi 5-20см-лiк тереңдiгiнде бактериялар саны аса көп болады.

Сөйтiп су неғұрлым тереңнен алынса, соғұрлым бактериялар саны да аз болады.Сонымен қатар жыл маусымдары да бактериялардың суларда таралуына едәуiр әсер етедi. Көл түбiндегi балшық бетiнде бактериялардың көп болуы, оның құрамында едәуiр мөлшерде өсiмдiктер мен жануарлар қалдықтарының болуынан.Олар бактериялардың тiршiлiгiне қолайлы жағдай жасайды. Егер бұл жерде ауа болса, бактериялар бұдан да көп болар едi. Ауаның тапшылығы бұл жерде анаэробты бактериялардың өнiп-өсуiне мәжбүр етедi.Сонымен қатар көбiнесе метан мен сутегiн түзетiн клетчатка ыдыратушы бактериялар көп кездеседi.Оларды өсiмдiктер қалдықтары мол кез-келген сулардан кездестiруге болады.Сол сияқты бұл жерде нитраттарды және сульфаттарды тотықсыздандыратын бактериялар да тiршiлiк етедi.

Бiр грамм балшықта 100 мыңнан бiр миллионға дейiн сульфаттарды тотықсыздандыратын,10-нан 100 мыңға дейiн тион бактериялары, 10-нан 100 мыңға дейiн шiрiту бактериялары, 1000 шамасында нитрификациялаушы бактериялар, 10-нан 100 мыңға дейiн денитрификациялаушы бактериялар, 100 шамасында клетчатка ыдыратушылар кездеседi.

Микроағзалар теңiздер мен мұхит суларында, әсiресе олардың жағалауларында көп кездеседi.Жағадан қашықтаған сайын олардың саны азая бередi.Шамамен бiр миллилитр суда 1000 бактерия бар деп есептегенде бiр шаршы километр суда бiр тоннадай бактерия кездеседi.Олар судағы басқа тiрi организмдерге әсерiн тигiзбей қоймайды.

Суда бактериялар тек ондағы органикалық және минералды заттарды өзгерiске түсiрiп қана қоймайды,сонымен қатар балықтарға қажеттi қоректiк заттар қорының аралық звеносы болып есептеледi.

Жайдақ жерлерде кездесетiн суларға қарағанда, артезиан және грунт (жер асты), қайнар суларында бактериялар аз болады. Бұлай болатын себебi су топырақ арқылы өткенде, яғни сүзiлгенде бактериялардан бiршама тазарады. Ал топырақ суына бiрлi-жарымды өткен бактериялар онда тiршiлiк ете алмайды.Себебi мұндай суларда микроағзаларға қорек болатын органикалық заттар болмайды. Кохтың әдiсiмен зерттегенде,бiр мл осындай судан небәрi он шақты бактерия табылған.

Сонымен қатар ауасы шаң-тозаңсыз жерде жауған жауын суында және қарда бактериялар өте аз болады. Бұлардың бiр мл-де бар- жоғы он шақты бактерия кездеседi. Ал ауасы лас,шаңды-тозаңды қалаларға жауған жауын суында немесе қарда бактериялар көп болады. Бұлардың бiр мл-де оннан бiрнеше жүзге дейiн бактериялар кездеседi.

Тұрмыста қолданылып жүрген құбыр суында да бактериялар кездеседi. Егер артезиан суы пайдаланылса, оны сүзбеседе бактериялар өте аз болады. Мәселен, ауыз-су түрлi өзендерден алынатын болса,ондай суды алдын ала арнаулы сүзгiден өткiзу керек. Сүзгiден өткен суда бактериялар саны азда болса кемидi. Қабылданған шама бойынша 1мл-де жүзге жуық бактериялар бар су жақсы, iшуге жарамды су болып есептеледi. Ал бактериялар саны 500-ге дейiн жетсе, күдiктi су болып есептеледi. Ағын сулардағы бактериялар саны да өзгерiп отырады. Алғашында судың өздiгiнен тазаруын оқымыстылар күн сәулесiнiң әсерiмен байланыстырған болатын. Бұл болжам дұрыс болмай шықты.Өйткенi күн сәулесi тек ақпайтын тұнық суларда ғана күштi әсер ететiнi анықталды. Ал бактерияларға және органикалық қалдықтарға бай сулар әдетте лай болады. Мұндай суларға күн сәулесi өтпейдi. Әсiресе бетiнен тереңiрек қабаттағы бактерияларға күн сәулесi мүлде әсер етпейдi. Жалпы өзендердiң өздiгiнен тазаруы толып жатқан жағдайларға байланысты.Солардың iшiнде ең маңыздылары: 1) келiп қосылатын жылға сулары мен өзен суының сұйылуы; 2) микроағзалардың қоректенуi нәтижесiнде органикалық заттардың қауырт азаюы; 3) кейбiр қарапайымдардың бактериялармен қоректенуi. Мiне,бұл жағдайлардың барлығы өзендегi бактериялар санының азаюына, яғни судың өздiгiнен тазаруына әкеп соқтырады.

Топырақ – жер бетіндегі тіршіліктің тірегі, ұясы, асыраушы анамыз, халық қазынасы. Қазіргі күнде адамзатқа белгілі планеталардың ішінде тек Жерде ғана тіршіліктің дамуына мүмкіншілік бар. Сондықтан адамзаттың жерді бағалаудағы көзқарасы тіпті өзгеше болуы заңды. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дегендей, жерде жүргенде оның қадірін бірі біле бермейді. Топырақ құнарлы қабаттары бұзылып, астындағы құнарсыз қабаттары – минералдар, тау жыныстары бір орыннан екінші орынға қозғалып, жер бетіне көптеген «жарақаттар» әкеледі. Ғылыми техникалық прогрестің жылдам дамуымен кен, қазба – байлық өндіру тез дамуда. Осыған орай «жарақаттанған» жер көлемі де көбеюде, соның бірі қоршаған ортаның мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы мәселесі қарыштап тұр. Сондықтан өз қолымызбен жарақаттап, бұзылған жерлер, өз қолымызбен «емделіп», қайта қалпына келуі тиіс.

Топырақ жоғарғы буферлік қабілеттілікке ие, яғни ұзақ уақыт бойы құрамын ластаушылар ықпалымен өзгертпейді. Соған қарамастан, қалада бұл ең ластаулы орта. Қала топырағының экожүйесі әралуан улы заттармен ластануда. Қала топырағында микрофлора сапалық құрамының ерекшілігі осы кезге дейін санитарлық көрсеткішті микробтар болуы тұрғысынан зерттелді. Топырақта кездесетін микроағзалар кез-келген биогеожүйенің және экологиялық жүйенің, өлі және тірі заттардың елеулі бөлігін құрайды. Топырақ микроағзалары антропогенді факторларға сезімтал және қала жағдайларында олардың құрамы өзгереді. Сондықтан олар қоршаған ортаның ластануының жақсы индикаторы.

7. Микроағзаларға әсер ететін факторлар. Микроағзаларға физикалық факторлардың әсері. Микроорганизмдердің қарқындап  кебеюі өзі тіршілік ететін ортасына тығыз байланысты. Микроорганизмдердің осы қасиеттері негізінде оларға әсер етіп белгілі бір пайдалы жағын дамытуға, зиянды жағын жоюға мүмкіндік болады. Микроорганизмдерге әсер ететін жағдайлар (факторлар) үш топқа жіктеледі, олар: физикалық, химиялық және биологиялык факторлар.

1. Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері. Микроорганизмдерге ылғалдың әсері. Микроорганизмдер клеткаларының 85%-тейі су. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті ылғалды жерде ғана жүреді. Көптеген қоректік заттарды микробтар клеткасы тек ертінді күйінде ғана сіңіре алады. Ылғал әсіресе, микроорганизмдер клеткасы бөлінгенде және көбейгенде қажет. Кейбір микроорганизмдер ылғалдың тапшылығына қарамастан тіршілік ете береді. Ал микроорганизмдердің қайсыбір топтары құрғақ жерде бірнеше жылдар бойы тіршілік қабілетін жоймайды. Бактериялар және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар спораларының тіршілігі ұзақ уақыт бойы сақталады. Бірақ құрғақ жерде өніп-өсе алмайды. Бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтардың тіршілігі ортаның ылғалдылығы 20—30%, зең санырауқұлақтарының тіршілігі —15—20% болғанда тоқталады. Бұл олардың клеткаларының copy күшінің көптігін көрсетеді.

Микроорганизмдерге температураның әсері. Орта температурасы — микроорганизмдерге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Өсімдіктер мен жануарлардан микроорганизмдердің айырмашылығы — микроорганизмдер температураның өзгеруіне төзімді келеді. Мәселен, пішен таяқшасы +5 — 57° көптеген сапрофит бактериялар +20 -35° арасында тіршілік етуге бейімделген. Бірақ ауру қоздырушы паразит микроорганизмдердің басым көпшілігі тірі организмдер, солардың дене қызуының шамасында, яғни +35 — 36°-та тіршілік етеді. Әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктесі бар. Олар: оптималь, максималь және минималь температуралар. Оптималь температурада микроорганизмдерге ең қолайлы жағдай туады. Бірақ көптеген спора түзуші микроорганизмдердің өніп-өсуі мен олардың споралар түзуі қажетті бұл температураға үнемі сәйкес келмейді. Мәселен, өсіп дамуы ушін +37° керек болса, олардың спора түзуге қажетті температурасы + ЗГ. Сүт қышқылы бактерияларьшың оптималь температурасы + 25° — 30°, ал темофильді микроорганизмдер үшін ол + 45° шамасында болады.

Әр түрлі температураға  бейімделулеріне байланысты барлық микроорганизмдерді психрофильді, мезофильді және термофильді деп үш топқа  бөледі.

 Төменгі температурада  микроорганизмдер өлмейді, бірақ олардың  тіршілігі тежеледі, ашу, шіру процестері тоқтайды. Ет, балық, май, сүт және оңай бұзылатын тағамдарды сақтау үшін төменгі температураның қажеттігі осыдан. Зерттеулерге қарағаңда, бірнеше он мыңдаған жылдар бойына мәңгі мұз сақталған жерлерде қалған мамонттардың қалдықтарынан тіршілікке қабілеті бар шіріту бактериялары мен олардың споралары табылған. Микроорганизмдерге, әсіресе салқын мен жылы жиі алмасып отырса, өте қолайсыз әсер етеді.

Жоғары температурада  бактериялардың цитоплазмасы ұйып, тіршілік қабілеті жойылады. Бірақ, олардың барлық топтары бірдей бір мезгілде қырылмайды. Мұнда жоғары температураның әсер ету ұзақтығы, микроор-ганизмдердің түрі мен ортаның химиялық құрамын ескерудің зор маңызы бар.

Көпшілік спора түзбейтін  бактериялар 60°-тық жылылықта 30—60 минут  ішінде тіршілігін жояды. Ал температура жоғарылған сайын олар тез өледі. 160 — 170° құрғақ ыстықпен 1—1,5 сағаттай және осымен қатар 120° ыстықпен екі атмосферадай қысыммен қоса әсер еткенде микроорганизм-дердің тек вегетативтік клеткалары емес, спораларының барлығы түгелдей қырылады. Ашытқы және зең саңырауқұлақтар қыздыруға тым төзімсіз. Олардың көпшілігі 65 — 80° ыстыкқа төзбейді. Бірақ зең саңырауқұлақтарының 100° ыстықта аз уақытқа шыдайтын түрлері де кездеседі.

Микроорганизмдерге  құрғатудың әсері. Микроорганизмдер спорасы денесінде ылғал кем болғандықтан, ұзақ жылдар бойына тіршілігін жоймай сақталады. Құрғату, әсіресе микроорганизмдердін вегетативтік клеткасына күшті әсер етеді. Әр түрлі микроорганизмдердің құрғақшылыққа қатысы да түрліше. Мәселен, сүт қышқылы бактериялары тіршілігін құрғақшылық жағдайда 10 жылдай жоймайды, туберкулез таяқшасы 3—9 айдай сақтайды. Құрғатқанда микроорганизмдердің тіршілік процесі өте баяулайды, көбеюі тоқталады. Сондықтан ет, балық, сүт, түрлі овощ және басқа да тағамдарды құрғату арқылы сақтайды. Тіпті шөпті шауып кептіру де микроорганизм-дердің осы қасиеттеріне негізделген.

Оттегінің әсері. Тірі организмдердің тыныс-тіршілігіне оттегі қажет. Облигатты аэробты микроорганизмдер тек оттегінің қатысуымен өніп өседі. Бұларға — кейбір бактериялар мен саңырауқұлақтар жатады. Оттегін пайдаланбайтын микроорганизмдерді анаэробтар деп атайды. Олар екі үлкен топқа бөлінеді:  облигатты анаэробтарға оттегі улы болады, ал оттегінің қатысуымен тіршілік ететін бактерияларды аэротолерантты анаэробтар дейді. Облигатты анаэорбтардың құрамында тотықтырушы ферменттердің болмауынан оттегі у ретінде әсер етеді. Бұл ферменттер каталаза және дегидрогеназа.

Микроорганизмдерге жарықтың әсері. Жарық, негізінен зат алмасу процесінде жарық энергиясын пайдаланатын микроорганизмдер үшін ғана қажет, ал басқа микроорганизмдерге тікелей әсер ететін сәуле аса зиянды. Паразит бактериялардан гөрі сапрофит микроорганизмдер күн сәулесіне төзімді келеді. Туберкулез таяқшалары, сүзек және топалаң микробтары күн сәулесінен тез қырылады. Шашырап түскен күн сәулесінің күші, тікелей түскен сәулеге қарағанда, әлсіздеу болатыны белгілі. Дегенмен, шашырай түскен сәуле ұзақ әсер етсе, микроорганизмдер тіршшігі тежеледі. Сондықтан да лаборатория жағдайында микроорганизмдерді қараңғы жерде сақтаған жөн.

Күн сәулесінің осы қасиетінің гигиеналык маңызы бар. Сондықтан үй, мектеп салғанда жарықтын жақсы түсуін еске алады. Қараңғы бөлмелерге қарағанда, жарык бөлмелерде микробтар анағұрлым аз болады. Күн сәулесінің ультракүлгін, күлгін және көк құрам беліктерінің әсері күшті. Ультракүлгін сәуле тура түскенде микроорганизмдер тез қырылады. Бұл сәуленің осындай әсері суды, сүтті, тағамдық басқа да заттарды және аздап бөлмелерді зарарсыздандыруда (стерелизация) тұрмыста кеңінен қолданылады. Ультракүлгін сәуле микроорганизмдердің тек вегетативтік клеткаларын ғана емес, спораларын да қырады.

Ультракүлгін  сәуленің мұнымен қатар кемшілігі де бар. Ол зарарсыздаңдырылатын заттардың терең қабатына өте алмайды. Олардың беткі жағындағы микробтарды және олардың спораларын ғана жоя алады.

Микроорганизмдерге  радиоактивті сәулелердің де әсері зор. Оларға атомдар мен молекулалардың иондануы тән. Сонда клетканың молекулалық құрылымы бүлініп, ол тіршілігін жояды. Бұл сәулелердің азғана мелшері әсер етсе, микроорганизмдер клеткасындағы тұқым қуалаушылық қасиеті атқаратын ДНҚ молекулаларын кейбір өзгеріске ұшыратады. Ал сәулелердің мөлшері арта бастаса, клеткадағы зат алмасуы бұзылып, яғни клетка ауруға шалдығады да, ақыр аяғында тіршілігі жойылады. Радиоактивті сәулелердің белгілі бір мөлшерімен әсер ете отырып, микроорганизмдер клеткасын-дағы майдың, нуклеин кышқылдарының немесе олар түзетін антибиотиктер мен витаминдердің мөлшерін арттыруға болады. Бұл қазіргі кезде микробиологиялық өнеркәсіпте кеңінен қолданылып келеді.