Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология полныййй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.3 Mб
Скачать

104) Бактериялардың туыстық белгілерін анықтау. Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттердің маңызы. Төмендегі суреттердегі колониялардың пішініне сипаттама бер.

105) микробиологияның қазақстанда дамуы және даму перспективалары.Қазақстанда миробиологияның дамуы ұлы отан соғысы кезінде және одан кейінгі жылдары дами бастады. Алғашқыда 1946 жылы Қазақ ССР Ғ.А. Президиумында микробиология секторы құрылды, оның құрамында 3 лаборатория болды. Олар: техникалық, ауылшаруашылық микробиологиясы және антибиотиктер. Қазақстандағы микробиологияның негізін қалаған ғалым Ғ.А. ҚазССР мүше-корреспонденті Д. Л. Шамис болды. Соғыс аяқталған жылдары ҚазССР Ғ.А. топырақтану институтында көрнекті топырақтанушы микробиолог Д. М. Новогрудский жұмыс істеді. 1956 жылы сәуір айында вирусалогия лабораториясы патология микробиология секторы бойынша республикада бірінші рет академиялық ғылыми мекеме жалпы және тұрмыстық, ауылшаруашылық микробиологиясы – Қазақ ССР Ғылым Академиясының микробиология және вирусология Институты құрылды. Қазақстанда микробиологияның физилогиялық бағыты Ғ.А. Қаз ССР Д. Л. Шамис басшылығында болды. Қазақстанда микробиология негізінен мал азықтық сүрлем шөп даярлаудың жолдарын қарастырды. Қиын жағдайда сүрлем жасалынатын өсімдіктерге өте күшті микроорганизмдермен гидролитикалық ферменттермен (амилаза, целлюлоза) полисахаридтер арқылы қант концентрациясын ұлғайтуды көздеді. С:N сүрлемдегі ерітіндіде мол мөлшерде болуын қамтамасыз етеді. Академик Шамис Д. Л. пен П. И. Соколов сүрлемдеуге бұршақ тұқымдастарды пайдалану жолдарын тапты. Ол сүрлем малдың сүтін молайтуға ықпал етеді. НАН ҚР профессорлары М. Х. Шиғаева мен Н. Б. Ахматулина химиялық мутагендер туралы, олардың генетикалық микрооганизмдер мен вирустардың жалпы биологиядағы маңызы жайлы зерттеулер жүргізді. Олар өздерінің жұмыстарында мутагеннің систематикасын мутагеннің химиялық құрылымы мен генетикалық активтілігі тұрғысына сүйенеді. Химиялық мутагендер органикалық, бейорганикалық және биогендік табиғатына қарай кластар мен класс тармақтарына жіктелді. НАН ҚР микробиология және вирусалогия Институтының қызметкерлерімен өсімдіктерді зиянкестерден қорғау жолдарында микроорганизмдердің жаңа принциптері табылды (Төлемисов, Мамонов). Өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіретін микроорганиздермен күресу жолдарын тапты.

105.Бактериялардың туыстық белгілері анықтау.Микроағзалардың туыстық белгілерін анықтауда морфологиялық қасиеттерінің маңызы.Төмендегі суреттердің колониялардың көлденең кесіндісіне сипаттама бер

Н. А. Красильниковтың «Бактериялар мен актиномицеттер анықтаушысы» (1949ж.) еңбегінде эубактериялар мен оларға туыс ағзаларды 4 класқа топтастырды:

  • Eubacteriae (нағыз бактериялар).

  • Actinomycetes (актиномицеттер).

  • Myxobacteriae (миксобактериялар).

  • Spirochaetae (спирохеттер).

Eubacteriae (нағыз бактериялар) класына жасушалары бұтақтанбайтын, жасуша қабықшасы қатты, жасуша пішіндері ұсақ жіңішке таяқша, сирек жағдайда коккалар, сонымен қатар жасуша пішіндері жіп тәрізді және спираль тәрізді болып келетін бактериялар жатады. Нағыз бактериялардың бірқатары қозғалғыш, ал бірқатары қозғалмайтын болып келеді. Қозғалу талшықтары арқылы жүзеге асады. Бұл класқа жататын бактериялар жоғары температураға төзімді эндоспоралар түзуге қабілетті, бірақ басым көпшілігі гр (-) спора түзбейтін формалар сипатталады. Көбеюі бөліну арқылы жүзеге асады, ал жіп тәрізді бактерияларда арнаулы жыныс клеткалары – гонидиялар түзіледі. Eubacteriae класы бірнеше қатардан тұрады: Eubacteriales (эубактериялар), Chlamydobacteriales (хламидобактериялар), Ferribacteriales (темірбактериялар), Thiobacteriales (күкірттібактериялар). Осы клас төңірегінде қатар деңгейінде бүршіктенетін бактерияларды Hyphomicrobiales қарастыруға болады.

Actinomycetes (актиномицеттер) класы жасушалары гр (+) болып келетін кокка тәрізді, таяқша тәрізді, жіп тәрізді және мицелиалды болып келеді. Басқа класқа жататын бактериялардан айырмашылығы, актиномицеттер өкілдерінде (жоғары формалары) бөліктерге (септаларға) бөлінген және бөлінбеген бұтақтанатын мицелийден тұрады. Сонымен қатар, ауыспалы формалары да, яғни төменгі формалары - микобактериялар, микококкалар және микрококкалар кездеседі, оларда дамуының алғашқы сатысында бүйірлік өсінділер – бұтақтардың рудименттері қалыптасады. Актиномицеттер класы: Actinomycetales (қозғалғыш жасушаларды түзбейтін актиномицеттер), Actinoplanales (қозғалғыш жасушалары бар актиномицеттер), Мусоbacteriales (микобактериялар) және Coccales (коккалар).

Myxobacteriae (миксобактериялар) класы. Бұл класқа жататын микроағзалардың жасуша қабықшасы жұқа эластинді болып келетін таяқша және шар тәрізді ағзалардан тұрады. Соның салдарынан бактериялардың қозғалысы кезінде олар клетка пішінін өзгерте алады. Талшықтары болмайды. Қозғалуы сырғанай түрінде жүзеге асады. Миксобактериялар микроцисталар және әртүрлі пішінді болып келетін ерекше жемісті денелер түзуге қабілетті. Миксобактериялар класына бір ғана қатар Myxobacteriales жатады.

Spirochaetae (спирохеталылар) класы. Спирохеталылардың жасуша пішіндері ерекше келеді. Клеткалары өте жіңішке (0,1—0,6 мкм), бірақ ұзындығы 500 мкм. Спирохеталылардың жасуша пішіні негізгі 3 құрылымнан тұрады: протоплазматикалық цилиндр (жасушаның негізгі денесі), аксиальды жіп (тірек) және үш қабаттан құралған сыртқы қабықшадан тұрады. Жасушалары ширатылған, иілгіш келеді. Басым көпшілігі паразитті тіршілік етеді. Spirochaetae (спирохеталылар) класы 4 қатардан тұрады: Spirochaetales (спирохеталылар), Mycoplasmatales (микоплазмалар), Rickettsiales (рикетсиялар), Chlamydiales (хламидиялар).