Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328.19 Кб
Скачать

Жүгерінің тозаңды қаракүйесі

Қоздырғыш – Sorosporium reilianum (Kuhn) Mc. Alpine f. sp.zeae.

Ауру белгілері: Гүл шоғыры зақымданады.Собық зақымданғанда сырты ақ немесе қызғылт қабықшамен қапталған жиынтығына айналады. Гүл шоғырында жекелеген гүлдер зақымданады. Ауру өсімдіктердің өсу жағдайы нашарлап, көп бұтақтанып кетеді және өнім бермейді.

Аурудың сақталу көзі және таралуы: Телиоспоралар орақ кезінде дәнге,өсімдік қалдықтарына және топыраққа жұғады. Өскіндерді зақымдайды.

Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Ауру қоздырғышының дамуы температурамен тікелей байланысты. Саңырауқұлақтың өсуі мен дамуына қолайлы температура 28-30 0С шамасында.

Қонақ жүгерінің (құмай) тозаңды қара күйесі

Қоздырғыш – Sorosporium reilianum Kuhn.Mc. Alpine f.sp.sorgi.

Ауру белгілері: Өсімдіктің гүлшоғырының шашақгүлі толық сопақ болып жабулы ақ тыспен телиоспор шумағының қара елімен қампаяды. Тамыр талшықты шоқшалар ғана бүлінбей қалады.Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері жүгерінің толарсақ қаракүйе ауруының қоздырғыштарына ұқсас.

Аурудың сақталу көзі және таралуы: Топырақ арқылы таралады, сонымен қатар тұқым арқылы да залалдануы мүмкін.

Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Ауа температура (25-300С) және ауаның жоғары ылғалдылығ саңырауқұлақтардың дамуына қолайлы жағдай туғызуы мүмкін.

Астық тұқымдас дақылдарының қыстауышы

Қоздырғыш – Claviceps purpurea (Fr.) Tul.

Ауру белгілері: Ауру масақта, күлгін үсті қара түске дейін ұзындығы 3-4 см болатындай белгілері пйда болады. Мәдени дақылдардың арасында сирегірек қара бидай, кейін бидай, арпа залалднанады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы: Саңырауқұлақтың склероцийлары топырақтың бетінде сақталады, тұқым сепкен кезде топыраққа енеді. Көктемде сол склероцийлерден қызылдау стромалар диаметрі 3-4 мм, 200-300 ге дейін миуалы денелерге толы перитеций сөмкелерімен, саңырауқұлақтардың аскоспоралары пайда болады. Дәнді дақылдардың гүлдену кезеңінде сөмкелерден саңырауқұлақтар сыртқа лақтырылып, желмен таралады. Масаққа түскен соң аскоспоралар мицелийге айналады, түйін арқылы тұмсыққа кіріп, қалыптасып келе жатқан дәнді жояды. Осылай ауру тез таралып, тұмсықтағы саңырауқұлақтың мицелийі үлкейіп, склероцийға айналады.

Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Ауаның жоғарғы ылғалдылығы аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Көбіне дәнді дақылдар залалдананды.

Дәнді дақылдардың тат аурулары Қоңырқай немесе жапырақ таты.

Қоздырғыш – Puccinia recondita Desm. (синоним Puccinia tritici Eriks.).

Ауру белгілері: Аурудың қоздырғыштары қысқа жолмен дами алады. Масақтану кезінде, кейде оданда ерте, жапырақтарда қоңыр түсті, ретсіз шашырап орналасқан, дөңгелек пішінді, ұсақ, оңай шашылатын урединиялар дамиды. Даму кезеңінің сонына қарай жапырақтардың төменгі бетінде қара телиопустулалар түзеледі.

Аурудың сақталу көзі және таралуы: Аурудың қоздырғыштары күздік дақылдарда мицелий түрінде сақталады. Саңырауқұлақтың споралары шекаралас аймақтардан келуі мүмкін.

Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Бұл ауру тамшылы- суық ылғал мен ауа райы жылы (18-230С) болғанда жылдам дамиды.Ауру жаздық дәнді дақылдарда зақымдалған күздік дақылдармен жақын орналасқанда, егістік тығыз болғанда және кеш егілгенде көп байқалады.Орташа тәуліктік температура 210С құрағанда инкубациялық кезең 6, ал 160С болғанда 10 күнге дейн созылуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]